Дөңгелек үстел Тақырыбы: «Көшбасшы. Мемлекеттіліктің негізін қалаушы. Реформатор»



бет9/11
Дата23.02.2022
өлшемі55.11 Kb.
#455688
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
«Көшбасшы.Мемлекеттіліктің негізін қалаушы. Реформатор»

I.Жүргізуші-оқытушы: Мұсабай Д.
Келесі кезекте «Елге, Елбасына алғыс айтамыз» 10 «А» сыныбының оқушысы Тұрсын Айтолқын баяндайды.

Біз, тәуелсіздік бесігінде тербеліп өскен бақытты қазақ елінің ұландарымыз. Мемлекетіміздің қазіргі жетістіктері – бұл, елбасы, әлем таныған көшбасшымыз, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастауымен жүргізіліп жатқан сан алуан реформалардың заңды нәтижесі екенін мақтан тұтамыз.
«Қазақтың жайнар даласы, жетілер оқып баласы»,- демекші жастардың алаңсыз білім алып, еңбек етіп жатқаны ата-бабаларымыздың бірнеше ғасырлар бойы аңсап өткен тәуелсіздіктің арқасы екенін ешқашан да ұмытпаймыз. Қазақ – еркіндікті сүйген, еркіндіктің қадірін білген ұлы халық. Сонау Тоныкөк пен Күлтегіннен басталған ерлік рухтың өшпегені хақ. Біз әріде айбынды Абылай, беріде ер Исатай мен өр Махамбет аңсаған еркіндіктің мәңгілік жасауына қызмет етуді мақсат тұтып, ұлтымыздың ұлы мұраттары мен асқақ армандарын, ұлттық құнды­лықтарымызды қастерлеу, келешек ұрпаққа толығымен аманаттауды іске асыруымыз керектігін білеміз. Сол себептен, осынау асыл мұратты Қазақстан жастары, әсіресе, қазақтың әр баласы толық сезінеді деп ойлаймын.
Тәуелсіздіктің тірегі бұл, әрине, жастар. Елбасымыз еліміздің талантты да алғыр жастарын «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде оқытып алуға жол ашты. Нәтижеде қазір менталитеттік технолоияның құлағында ойнайтын ойы оралымды, ақылы зерек жастар елдің басқару жүйесінде, ғылыми зерттеу институттарында, өндіріс ошақтарында білек түріп жұмыс жасауда. Жастар елі мен жерін сүйсе ғана, халқына жаны ашып, аянбай тер төксе, еліміздің дамуына үлес қосса – мәңгілік ел боламыз. Ол үшін біз ұлттық құндылықтарымызды дәріптей білуіміз керек. Оны жаңғыртып, жанымыздай жақсы көруіміз, сүюіміз керек. Сонда ғана біз ұлттық ерекшелігімізді сақтай аламыз. Біз – сан ғасырлардан бері аңсаған тәуелсіздігімізді бекем қылуға талпынып, сол жолда көптеген ауқымды істерді атқарып келе жатқан айбынды елдің ұрпағымыз. Біздің мақсатымыз –Тәуелсіз Қазақстанның егемендігін сақтау, еліміздегі ішкі бірлікті нығайтып, ұлттар татулығына селкеу түсірмеу. Жаһандану заманында өз елінің тарихын, мәдениеті мен дәстүрін, ана тілін жетік меңгеріп, оның қасиетін түсіне білген халық қана мәңгі жасай алады және өркендеудің даңғыл жолынан адаспайды. Біздің басты құндылығымыз – төл тарихымыз, мә­дениетіміз, тіліміз, дәстүрлі дініміз.
Жастар – еліміздің қазіргі әлемдегі бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы.
Өйткені біз ақпараттық-технологияларды игерген, жаңа заманмен тете өскен жастармыз. Біздің үлкен мүмкіндіктеріміз бар деуімнің де өзіндік себептері болып тұр.
Әр секунд сайын біздер жаңа ақпараттар, яки мол білімдерді санаға сіңіріп отырамыз. Осы шақ жақсы жетістіктерге жетуге мүмкіндік мол кез. Дегенмен де жастарымыз нарықтағы қызып тұрған бәсекелестікке де даяр болуы қажет. Жастар қай кезде де білімдерін, дағдыларын жетілдіріп отырулары керек. Олар бірнеше тілді игеріп, музыкалық аспаптарда да ойнап, спортпен де шұғылданып, волонтерлық кәсіппен айналысуға да уақыт таба білсе нұр үстіне нұр болар еді. Мұның барлығын меңгеру үшін әрине ең бірінші еңбекқорлық, ізденімпаздық, жауаптылық сынды қасиеттер рөл атқарады.
Біз еліміздің дамып –өркендеп келе жатқанының куәсіміз және біз осындай мемлектте өмір сүріп жатқандығымызға бақыттымыз!
«Бағалай білгенге бақ тұрақтайды,қадірлей білгенге құт тұрақтайды», дейді дана халқымыз. Мың алғыс, Сізге ,Елбасы!
Ықыласты тыңдағандарыңызға рахмет)
(Экранда Н.Назарбаевтың жастармен түскен суреттері көрсетіледі)
(


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет