Дөңгелек үстел Тақырыбы: «Көшбасшы. Мемлекеттіліктің негізін қалаушы. Реформатор»



бет5/11
Дата23.02.2022
өлшемі55.11 Kb.
#455688
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
«Көшбасшы.Мемлекеттіліктің негізін қалаушы. Реформатор»

I.Жүргізуші-
Қазір «Семей полигоны: 30 жыл:» туралы 11 «А» сыныбының оқушысы Шамильева Балжан баяндайды.
Биыл – Семей полигонының жабылғанына 30 жыл. Осы жылдар бойы еліміз жаппай қырып-жоятын ядролық қаруды таратпау және бас тарту бойынша бейбітшілік миссиясын паш етіп келеді.
Осыдан 30жыл бұрын Қазақстан өзінің ядролық потенциалынан бас тартты. Осылайша, Қазақстан дүние жүзілік ядроға қарсы қозғалыстың лидері атанды. Сонысымен біздің еліміз өзін бейбітшілікті қалайтын және жер планетасының экологиялық жағдайына жаны ашитын мемлекет ретінде көрсетіп отыр. Бұл бүгінде Қазақстанның халықаралық аренадағы өзінің дұрыс орнын қалыптастыруға әсер етті. Сондықтан да Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сол кездегі шешімі өте дұрыс шешім болды деп бағалаймын.

Расында да, ядролық қаруды сақтап қалудың жоқ еді. Өйткені қазіргі дүние жүзіндегі ядролық потенциалдың кез келген мемлекетті жер бетінен жойып жіберу қабілеті бар. Ал одан бас тартқан тарихи батыл қадамның арқасында Қазақстанның тәуелсіздігіне ұлы державалардың барлығы өзінің кепілдігін берген болатын. Сондықтан осы ұлы державалардың кепілдігін алу – ол біздің еліміздің тәуелсіздігін нығайтуға, еліміздің кедергісіз дамуына өзінің үлесін қосуда.


Қазақстанның миссиясы – ядролық қаруға ие мемлекеттерді бейбіт өмірге шақырып, оларды өздерінің ядролық потенциалын азайтуға әрқашан да шақырып отыру. Сонымен бірге Біріккен Ұлттар Ұйымының әртүрлі құрылымдары арқылы осы дүниежүзілік ядролық қарудан бас тартудың идеясын әрдайым қолдап, соны ілгері жүргізіп отыру. Бұл – үлкен тарихи миссия. Қазақстан мемлекеті ядролық қарудан өз еркімен бас тарт­қандықтан, осындай миссияны атқаруға моральдық құқы бар деп ойлаймын.
Жалпы, ядролық қарудан бас тарту жөнінде Қазақстанның шешімі – еліміздің негізгі миссиясына айналды. Ядролық клубтағы мемлекеттер мен әлем қауымдас­тығы алдындағы БҰҰ трибунасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Әлемдік ХХІ ғасыр манифесін» ұсынған болатын. Бүгін осы айтылған халықаралық атом жобасы аясында әлем бойынша арнайы көрмелер, арнайы кездесулер өткізіп, Қазақстан ядролық қаруларды таратуды тоқтату, жаппай қырып-жою қару-жарағынан бас тарту мәселесін күн тәртібінен түсірмей келе жатыр.

Әлем таныған Елбасымыздың биік беделі – еліміздің де үлкен мерейі әрі мәртебесі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет