Дөңгелек үстел Тақырыбы: «Көшбасшы. Мемлекеттіліктің негізін қалаушы. Реформатор»



бет11/11
Дата23.02.2022
өлшемі55.11 Kb.
#455688
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
«Көшбасшы.Мемлекеттіліктің негізін қалаушы. Реформатор»

I. Жүргізуші-оқытушы: Мұсабай Д.
Қортынды.
Тәуелсіздігімізге 30 жыл ғана болғанымен, біз, қазақ, тарихы тереңнен тартатын байырғы халықпыз! Ұлы даланың лайықты ұрпағымыз! Ата –бабаларымыздың «Алтын адам» болғанын ардақ тұтуға тиіспіз! Тарихи тамыры тереңде, мәдениеттің мәйегі, өркениеттің құт мекені болған, Алтайдан Атырауға, Алатаудан Арқаға дейін көсіліп жатқан кең өлкені жайлаған, мыңғыртып мал айдаған, мәрттігі мен уәдесінен таймаған, алты Алаш ханын сайлаған, шаршы топқа түскенде, шешен болып сайраған, қылышын тасқа қайраған, найзасын үкі байлаған ұлы бабалардың ұрпағы болғаны бақыт екенін ұмытпағанымыз абзал.
Амандық болса, бұл ғасыр қазақтың алдына қара салмайтын «Алтын ғасыры» болады.
Ұлылығын емес, ұлтын ойлайтын, руын емес, рухын ойлайтын Қазақ елінің әрбір азаматы өз мойнына ел үшін жауапкершілік алатын заман. Өткенге – бабаларымыз, бүгінгі – біз, келешекке – жастар жауапты екендігін естен шығармайық!
Осынау мерекелі күні барлық шымкенттіктерге мықты денсаулық, отбасылық бақ - береке, ынтымақ пен мейірім тілеймін.
Бізді біріктіретін бір Отан, бір тағдыр және бір Көшбасшы!

Алдымыздағы ұлан асуға – Тәуелсіздігіміздің отыз жылдық торқалы тойына жарқын жүзбен, көтеріңкі көңілмен жетейік. Қазақстан Тәуелсіздігі жасасын! Мереке құтты болсын! – деп аяқтай отырып, сөз кезегі --------беріледі.


(интерактивті тақтадан «Кешую тобы» «Туған жер» атты әні бейне ролик көрсетіледі.)

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет