Документ: ҚР 2010. 24. 06 №291-іv заңЫ


-бап. Жер қойнауын пайдаланушының құқықтары



бет10/14
Дата17.07.2016
өлшемі1.26 Mb.
#206008
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

75-бап. Жер қойнауын пайдаланушының құқықтары

Жер қойнауын пайдаланушының:

1) келісімшартта көзделген талаптарға сәйкес өзіне берілген келісімшарттық аумақ шегінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі іс-әрекетті дербес жасауға;

2) егер келісімшартта не Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, өз қызметінің нәтижелерін, оның ішінде минералдық шикізатты өз қалауынша пайдалануға;

3) келісімшарттық аумақта, ал қажет болған жағдайда жер қойнауын пайдаланушыға белгіленген тәртіппен берілген өзге де жер учаскелерінде жұмыстарды жүзеге асыру үшін қажетті өндірістік және әлеуметтік сала объектілерін салуға, сондай-ақ шарттар негізінде келісімшарттық аумақта да, одан тысқары жерлерде де жалпыға ортақ объектілер мен коммуникацияларды пайдалануға;

4) келісімшарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы келіссөздерге бастамашылық жасауға;

5) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге байланысты жұмыстардың жекелеген түрлерін орындау үшін мердігерлерді тартуға;

6) осы Заңда белгіленген талаптарды сақтай отырып, құқықтарды немесе олардың бір бөлігін басқа тұлғаларға беруге;

7) осы Заңда немесе келісімшартта айқындалған жағдайларда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтатуға құқығы бар.

 

76-бап. Жер қойнауын пайдаланушының міндеттері



1. Жер қойнауын пайдаланушы:

1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды келісімшартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізуге, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға қойылатын талаптарды сақтауға;

2) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде адам өмірінің, денсаулығының және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;

3) келісімшарттық аумақты тек қана келісімшартта көзделген мақсаттарда пайдалануға;

4) жер қойнауын пайдаланудың оң тәжірибесіне негізделген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізудің неғұрлым тиімді әдістері мен технологияларын таңдауға;

5) егер келісімшартта өзге мерзім көзделмесе, келісімшарт тіркелген күннен бастап барлауды немесе өндіруді жүргізуге кірісуге;

6) жерасты сулары мен кең таралған пайдалы қазбалар жөніндегі келісімшарттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы Өндіруші салалар қызметі ашықтығының бастамасын іске асыруға қатысты Өзара түсіністік туралы меморандумның талаптарын сақтауға;

7) персоналдың және халықтың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігін, жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалануды және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келісілген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған жобалау құжаттары мен технологиялық схемалардың ережелерін сақтауға;

8) егер бұл қауіпсіздіктің ерекше жағдайларымен байланысты болмаса және мұндай қызмет жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге кедергі келтірмесе, келісімшарттық аумақ шегінде басқа адамдардың еркін жүруіне, жалпыға ортақ объектілер мен коммуникацияларды пайдалануына кедергі жасамауға;

2015.27.10. № 365-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9) тармақша өзгертілді

9) Қазақстан Республикасында өндірілген жабдықтарды, материалдарды және дайын өнімді, олар конкурстың және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келген жағдайда, міндетті түрде пайдалануға міндетті.

Осы тармақтың ережелері 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты жасасқан жер қойнауын пайдаланушыларға ғана осы Заңның 69-бабы 4-тармағының ережелері ескеріле отырып, көрсетілген келісімшарттардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін немесе 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін, оқиғаның қайсысы бұрын басталатынына қарай қолданылады;

10) егер осы көрсетілетін қызметтер Қазақстан Республикасының резидент еместері орындайтын біртектес жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің стандарттарына, бағалық және сапалық сипаттамаларына сәйкес келсе, әуе, темір жол, су және басқа да көлік түрлерін пайдалануды қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндірушілерді міндетті түрде тартуға;

2015.27.10. № 365-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

11) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы және халықтың көші-қоны туралы заңнамасына сәйкес корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартылуы кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарының саны әрбір тиісті санат бойынша жұмыскерлердің жалпы санының елу пайызынан кем болмауға тиіс менеджерлер мен мамандарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде қазақстандық кадрларға артықшылық беруге;

2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



12) Қазақстан Республикасының азаматтарын даярлауды және қайта даярлауды қаржыландыруды келісімшартқа сәйкес жүзеге асыруға міндетті.

Осы тармақшада көрсетілген міндетті орындау жер қойнауын пайдаланушының Қазақстан Республикасының азаматтарын даярлауды және қайта даярлауды қаржыландыру бойынша, оның ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы ұсынған және құзыретті органмен келісілген тізбе бойынша тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында жер қойнауын пайдалану саласымен тікелей байланысты мамандықтар бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін қажет тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер сатып алуға нақты жұмсаған шығыстары, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлға жанындағы өзінің оқу (оқыту) орталықтарында кадрларды кәсіптік даярлауды және қайта даярлауды қаржыландыру жөніндегі шығыстар болып табылады;

2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды; ҚР 2014.29.12. № 269-V Заңымен (2015 ж. 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 12-1) тармақша жаңа редакцияда; 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 12-1) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



12-1) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндірушілер көрсететін ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруды өткен жылдың қорытындылары бойынша келісімшарттық қызмет бойынша жылдық жиынтық табыстың кемінде бір пайызы мөлшерінде жыл сайын жүзеге асыруға міндетті.

Ағымдағы жылдың қорытындылары бойынша ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру жөніндегі міндеттемелердің көлемі асыра орындалған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы асыра орындалған міндеттемелердің көлемдерін келесі есепті кезеңдерге түзетуді (есепке жатқызуды) жүзеге асырады.

Ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың қазақстандық өндірушілері болмаған жағдайда, шетелдік өндірушілер көрсететін осы жұмыстарды қаржыландыру құзыретті органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.

Жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберіндегі қызметке, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартпен байланысты емес, қосылған құны жоғары (қайта жасалуы жоғары) өнім алуға, экология, еңбекті қорғау, өндірістік қызмет шеңберінде жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді, энергия үнемдеуді (технологиялық циклді) қамтамасыз ету саласындағы зерттеулерге бағытталған қызметке байланысты ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға нақты жұмсаған шығыстары және «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері жүзеге асыратын ғылыми зерттеулерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес индустриялық-инновациялық инфрақұрылым элементтерін қаржыландыруға арналған шығыстары аталған жұмыстарды қаржыландыру жөніндегі міндеттемені орындау болып табылады. «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес кластерлік қорға ақша жіберу де «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері қатысушыларының жобаларын қаржыландыру жөніндегі міндеттемелерді орындау деп танылады.



Осы тармақшаның ережелері келісімшарттардың мынадай:

кеңінен таралған пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге арналған;

жерасты суларын барлауға және (немесе) өндіруге арналған;

емдік балшықтарды барлауға және (немесе) өндіруге арналған;

барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған түрлеріне қолданылмайды;

13) құзыретті органға немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына жұмыс бағдарламасын іске асыру туралы ақпарат беруге;

14) Қазақстан Республикасының бақылаушы органдары лауазымды адамдарының қызметтік міндеттерін атқаруы кезінде оларға қажетті құжаттарды, ақпаратты беруге және жұмыс орындарына оларды кедергісіз өткізуге және олар анықтаған бұзушылықтарды уақтылы жоюға;

15) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға келісімшарттық аумақтағы қызмет нәтижелері бойынша геологиялық есептілікті ұсынуға;

16) салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді уақтылы және толық көлемде төлеуге;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 17) тармақша жаңа редакцияда



17) жыл сайын сатып алуды жүргізу жоспарланып отырған жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей не жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт тіркелген күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей құзыретті органға тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді алдағы жылға сатып алудың жылдық бағдарламасын ұсынуға;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 18) тармақша жаңа редакцияда



18) жыл сайын 1 ақпаннан кешіктірмей не жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт тіркелген күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей құзыретті органға тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді алдағы кезеңдерге сатып алудың орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағдарламаларын ұсынуға;

2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 19) тармақша жаңа редакцияда



19) тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей құзыретті органға сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы және кадрлардағы жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептерді ұсынуға;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 20) тармақша жаңа редакцияда



20) тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей құзыретті органға Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған жұмыскерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және оларды қайта даярлауға және (немесе) Қазақстан Республикасының азаматтарын құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша оқытуға жіберілетін шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептер ұсынуға;

2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 21) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



21) есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей, жыл сайын құзыретті органға кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есепті ұсынуға;

2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 21-1) тармақшамен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 21-1) тармақша жаңа редакцияда



21-1) тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей құзыретті органға ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептерді ол бекіткен нысандар бойынша және тәртіппен ұсынуға;

22) 2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

23) егер мұндай қажеттілік туындаса, осы Заңның 78-бабының 3-тармағында көрсетілген ақпаратты қоспағанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың мазмұны туралы ақпаратты үшінші тұлғаларға, егер келісімшартта өзгеше белгіленбесе, тараптардың ортақ келісімімен ғана беруге;

2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 24) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)



24) тарихи-мәдени мұра объектілерін бүлдірмеуге;

25) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу салдарынан бүлінген жер учаскелерін және басқа да табиғи объектілерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес одан әрі пайдалануға жарамды қалыпқа келтіруге;

26) өз қызметінің экологиялық салдарын жобалау сатысында болжауға;

27) міндетті экологиялық сақтандыру туралы шарт жасасуға;

28) келісімшарттық аумақтағы бұрын бұрғыланған барлық ұңғымаларды балансқа қабылдауға, олар бойынша мониторинг жүргізуге;

29) жер қойнауының жай-күйіне мониторинг жүргізуді және кен орындарын игеруге бақылауды ұйымдастыруды қамтамасыз етуге;

30) аффилиирленген және өзге де тұлғаларға жер қойнауын пайдалану құқығын, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының жарғылық капиталындағы қатысу үлесін немесе акциялар пакетін иеліктен шығару жөніндегі жасалған мәмілелер туралы мәміле жасалған күннен бастап бес күн мерзімде құзыретті органға хабарлауға;

31) осы Заңның 77-бабының 7-тармағында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілер тізілімінде тіркелуге;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 32) тармақша жаңа редакцияда

32) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде бес жұмыс күні ішінде құзыретті органға осы өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат беруге;

33) құзыретті органның сұрау салуы бойынша ол белгілеген мерзімдерде жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық міндеттемелерді орындауына қатысты мәліметтерді, ақпаратты және құжаттаманы ұсынуға;

2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 34) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

34) ішкі құжаттаманы қоса алғанда, іс-қағаздарын жүргізуге, сондай-ақ қажет болған жағдайларда басқа тілдердегі аудармасын қоса бере отырып, жазбаша түрде жасалатын мәмілелерді қазақ және орыс тілдерінде жазуға;

2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 35) тармақшамен толықтырылды



35) Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою үшін тарату қорын қалыптастыруға, сондай-ақ оған тиісті аударымдар жүргізуге міндетті.

2. Келісімшартта жер қойнауын пайдаланушының Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да міндеттері көзделуі мүмкін.

 

77-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді иелену



1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу, оның ішінде мердігерлердің иеленуі мынадай тәсілдердің бірімен:

1) ашық конкурс;

2) бір көзден иелену;

3) баға ұсыныстарын сұрату;

4) электрондық сатып алу жүйесі арқылы;

5) тауар биржалары арқылы жүзеге асырылады.

2. 2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3-тармақ 2010 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі міндетті түрде пайдаланылып немесе жер қойнауын пайдаланушы, Интернет желісінің қазақстандық сегментінде орналастырылған, жұмысы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілер тізілімінің жұмысымен үндестірілген электрондық сатып алудың өзге де жүйелерін пайдаланып, осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген тәсілдермен жүргізіледі.

2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



4. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген тәсілдермен сатып алу кезінде сатып алуды жүргізу туралы хабарландыру, конкурстық өтінімдерді ашу, конкурсқа қатысуға жіберу, қорытындыларды шығару хаттамалары жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімінде міндетті түрде орналастырылуға тиіс.

Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді осы баптың 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген тәсілдермен сатып алу кезінде сатып алуды жүргізу туралы және олардың қорытындылары туралы хабарландырулар мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде міндетті түрде жариялануға тиіс.

5. Жер қойнауын пайдаланушылар және олардың мердігерлері, сондай-ақ Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға жер қойнауын пайдаланушылар уәкілеттік берген тұлғалар тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді иеленумен байланысты рәсімдерді осы баптың 1-тармағында көрсетілген тәсілдердің кез келгенімен, Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыруға міндетті.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өткізілген конкурс нәтижелері бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын немесе жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың тәртібі бұзыла отырып сатып алынған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі шығыстар құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық міндеттемелерді орындауы ретінде есепке алатын шығыстардан алып тасталады.

7. Осы баптың талаптары:

2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықтарды барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға;

2) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес иеленетін жер қойнауын пайдаланушыларға;

2012.01.02. № 551-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызын тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдинг иеленетін жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаларға қолданылмайды.

 

2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 78-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.27.10. № 365-V ҚР Заңымен 78-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



78-бап. Қазақстандық өндірушілерді қолдауды қамтамасыз ету

1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы және халықтың көші-қоны туралы заңнамасына сәйкес корпоративішілік ауыстыру шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын менеджерлер мен мамандар санын есепке алмағанда, қызметкерлердің жалпы санында Қазақстан Республикасы азаматтарының кемінде тоқсан бес пайызын пайдаланатын дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қазақстандық өндірушілері деп танылады.



Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы және халықтың көші-қоны туралы заңнамасына сәйкес корпоративішілік ауыстыру шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын менеджерлер мен мамандардың саны әрбір тиісті санат бойынша менеджерлер мен мамандардың жалпы санының жиырма бес пайызынан көп болмауға, ал 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап әрбір тиісті санат бойынша елу пайызынан көп болмауға тиіс.

2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2. Жер қойнауын пайдаланушы мен оның мердігерлерінің осы Заңның талаптарына сәйкес жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндірушілерден, олар жобалау құжатының және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сай келген жағдайда сатып алуы жер қойнауын пайдалану құқығын жүзеге асырудың міндетті шарты болып табылады.

2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



3. Құзыретті органмен 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты жасасқан жер қойнауын пайдаланушы, сондай-ақ оның мердігерлері Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде осы Заңның талаптарына сәйкес тауарларды қазақстандық тауар өндірушілерден, олар жобалау құжатының және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сай келген жағдайда сатып алуға міндетті.

4. Жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі конкурсты ұйымдастырушы конкурс жеңімпазын анықтау кезінде конкурсқа қатысушылардың - қазақстандық өндірушілердің конкурстық өтінімінің бағасын шартты түрде жиырма пайызға азайтады.

5. 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде тауарларды сатып алу кезінде конкурсты ұйымдастырушы жеңімпазды анықтау кезінде конкурсқа қатысушылардың - қазақстандық тауар өндірушілердің конкурстық өтінімінің бағасын шартты түрде жиырма пайызға азайтады.

6. Келісімшарттық міндеттемелерді жергілікті қамту бөлігінде орындауға қатысты, жер қойнауын пайдаланушының тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер сатып алуды жоспарлауы және жүргізуі, сондай-ақ қазақстандық мамандарды оқытуға арналған шығындар және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстар туралы ақпарат құпия болып табылмайды.

7. Осы баптың 3 және 5-тармақтарының ережелері осы Заңның 69-бабы 4-тармағының ережелері ескеріле отырып, көрсетілген келісімшарттардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін немесе 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін, оқиғаның қайсысы бұрын басталатынына қарай қолданылады.

 

79-бап. Жоғары технологияларды, жаңа және өңдейтін өндірістерді, магистральдық және өзге де құбырларды дамыту мен пайдалану, инфрақұрылымдық және өзге де объектілерді тұрғызу мен бірлесіп пайдалану жөніндегі міндеттемелерді іске асыру



Жоғары технологияларды, жаңа және өңдейтін өндірістерді, магистральдық және өзге де құбырларды дамыту мен пайдалану, инфрақұрылымдық және өзге де объектілерді тұрғызу мен бірлесіп пайдалану жөніндегі міндеттемелерді жер қойнауын пайдаланушының іске асыруы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

 

80-бап. Жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтатқан кездегі міндеттері



1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтатқан кезде жер қойнауын пайдаланушының барлық өндірістік объектілері мен жер учаскелері халық өмірінің, денсаулығының қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін жағдайға келтірілуге тиіс, ал жер қойнауын пайдаланушылар жұмысының зардаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылуға тиіс.

2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



2. Барлауды немесе өндіруді, сондай-ақ барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды тоқтатқан кезде жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға барлық құжаттарды және геологиялық ақпараттың өзге де материалдық жеткізгіштерін өтеусіз беруге міндетті.

 

81-бап. Жер қойнауын пайдаланушының жабдық пен өзге де мүлікке меншігі



1. Егер осы Заңда өзгеше белгіленбесе, ақшаны, бағалы қағаздарды және өндірістік емес мүлікті қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушы барлауды немесе өндіруді жүргізу үшін пайдаланатын жабдық пен өзге де мүлікке меншік құқықтарының ауысу мәселелері келісімшартта айқындалады.

2. Жабдыққа және өзге де мүлікке меншік құқығының Қазақстан Республикасына ауысуына қарамастан, келісімшарттың қолданылу мерзімі ішінде, сондай-ақ мұндай жабдықты және өзге де мүлікті құзыретті органның жазбаша хабарламасына сәйкес басқа тұлғаға беру жағдайларын қоспағанда, келісімшарттың қолданылу мерзімі өткен кезден бастап бір жыл ішінде не келісімшартта өзгеше белгіленген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушыда мұндай жабдық пен өзге де мүлікті өз есебінен демонтаждау не келісімшарттық аумақтан әкету міндеті сақталады.

3. Жабдықтың және өзге де мүліктің тиесілігіне қарамастан, мұндай жабдық пен өзге де мүлікті демонтаждауды және келісімшарттық аумақтан әкетуді жер қойнауын пайдаланушы адам өміріне, денсаулығына және қоршаған ортаға қауіпсіз тәсілмен, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға тиіс.

 

 



8-тарау. МҰНАЙ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет