Документ: ҚР 2011. 20. 07 №463-iv заңЫ


-бап. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берумен байланысты қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама



бет2/2
Дата29.02.2016
өлшемі205 Kb.
#29686
1   2

17-бап. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берумен байланысты қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берумен байланысты қызметті жүзеге асыру басталғанға немесе тоқтатылғанға дейін бұл жөнінде мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органды «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен хабардар етуге міндетті.

2. Мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы берушiлер мынадай талаптарға сай болуға:



1) меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде мұнай өнiмдерiнiң базасына немесе резервуарға иелiк етуге;

2) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді



2) орнатылған есепке алатын бақылау аспаптары болуға тиiс.

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



3. Резервуарды немесе мұнай өнімдерінің базасын иелену және (немесе) пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы беруші мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берумен байланысты қызметті жүзеге асырудың тоқтатылғаны туралы хабарлама береді.

4. Уәкілетті орган мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы берушiлердің тізілімін жүргізеді және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

5. Осы баптың талаптары:

1) мұнай өнімдерін өндірушілерге;

2) өз бетінше өндiрген және (немесе) импортталған шикi мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеу нәтижесiнде өндiрiлген мұнай өнiмдерiн өткiзетiн мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы берушiлерге қолданылмайды.

6. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берумен байланысты қызметтің басталғандығы туралы хабарлама берместен, мұндай қызметті жүзеге асыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

 

18-бап. Шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеуді және мұнай өнімдерін беруді мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері



1. Мұнай өнімдерін өндірушілер қуаттарының барынша жүктелуін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының ішкі нарығының мұнай өнімдеріне қажетін қанағаттандыру мақсатында жыл сайын, 15 желтоқсаннан кешіктірмей, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган алдағы күнтізбелік жылға, қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда, мұнай өнімдерін өндірушілер үшін мұнай өңдеу жоспарын бекітеді.

2. Мұнай өңдеу жоспары шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының көлемін айқындайды, оны мұнай өнімдерін өндіруші Қазақстан Республикасының ішкі нарығында мұнай өнімдерінің болжалды тұтынылуын ескере отырып, күнтізбелік жыл ішінде мұнай өнімдерінің тиісті түрлерін өндіру үшін ай сайын өңдеуге міндетті.

3. Мұнай өңдеу жоспары көктемгі егіс-дала және жиын-терін жұмыстары кезеңінде - ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерді, сондай-ақ жылу беру маусымы кезеңінде - жылумен жабдықтаушы ұйымдарды мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуді есепке ала отырып жасалады.

4. Мұнай берушілер жыл сайын, 30 қарашадан кешіктірмей, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға алдағы күнтізбелік жылға облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының жоспарланған көлемін, берілу мерзімдерін және өндірілген мұнай өнімдерін беру бағыттарын көрсете отырып, шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын беруге өтінімдер жібереді.

5. Мұнай өнімдерін өндіруші мынадай:

1) мұнай берушіде сатып алынатын (қабылданатын) шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының шыққан жерін растайтын құжаттың болуы;

2) мұнай берушіде берілетін шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының сапасын растайтын құжаттың болуы;

3) өзіне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі автожанармай құю станциялары немесе резервуарлар арқылы өңдеу нәтижесінде алынған мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізуді жүзеге асыратын мұнай берушіні қоспағанда, мұнай өнімдерін беру жоспарына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумағына өндірілген мұнай өнімдерін беруді көздейтін мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушімен және (немесе) бөлшек сауда арқылы өткізушімен мұнай өнімдерін беруге жасалған шарттың болуы талаптары сақталған жағдайда мұнай берушілерге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндетті.

2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген өтінімдер ескеріле отырып, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган мұнай берушілерге арнап шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын жеткізіп беру кестесін бекітеді, онда мұнайды өңдеу жоспарын қамтамасыз ету мақсатында мұнай өнімдерін өндірушілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауыттарына шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын беру көлемдері мен мерзімдері көрсетіледі. Шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын жеткізіп берудің алдағы күнтізбелік жылға арналған кестесін мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган жыл сайын 15 желтоқсанға дейін бекітеді және бекітілген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны мұнай берушілер мен мұнай өнімдерін өндірушілердің назарына жеткізеді. Мұнай берушілер шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын беруді шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын жеткізіп берудің бекітілген кестесіне сәйкес жүзеге асыруға міндетті.

7. Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары ұсынатын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтарына бөлшек сауда арқылы өткізу бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын беру кестесінің және мұнай өнімдерін тұтыну болжамының негізінде жыл сайын, 15 желтоқсанға дейін алдағы күнтізбелік жылға мұнай өнімдерін беру жоспарын бекітеді.

8. Мұнай берушілер мұнай өнімдерін берудің бекітілген жоспарына сәйкес шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының көлемінен өндірілген, бөлшек сауда арқылы өткізу бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін беруді жүзеге асыруға міндетті.

2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 8-1-тармақпен толықтырылды; 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 8-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 8-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



8-1. Мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператор мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерін беру қағидаларына, соның ішінде баға белгілеу тәртібін қамтитын қағидаларына сәйкес, мұнай өнімдерін беруді жүзеге асыруға міндетті.

9. Осы баптың 5-тармағының 3) тармақшасында аталған шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесінің берілуі мұнай өнімдерін өндірушінің мұнай берушілермен шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеу туралы шарт жасасуының талабы болып табылады.

10. Мұнай берушілер мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға бөлшек сауда арқылы өткізу бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген, Қазақстан Республикасында өндірілетін шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын беру кестесінің және мұнай өнімдерін беру жоспарының орындалуы туралы есеп береді.

11. Мұнай өнімдерін өндірушілер мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға әкімшілік есепке алу нысаны бойынша, мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингі үшін қажетті мәліметтер ұсынуға міндетті.

2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 12-тармақпен толықтырылды (2011 ж. 10 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

12. Мұнай жеткізуші, егер осындай өтеу жеткізуші мен өндірушінің арасындағы шарт талаптарында көзделген болса, өндірушінің алыс-беріс шикізатынан қайта өңделген өнімдер бойынша Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептелген акцизді төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындауы бойынша шығыстар сомасын өндірушіге өтеуге құқылы.

 

19-бап. Мұнай өнімдерін өткізу шарттары



1. Қазақстан Республикасының аумағында құрамында металл қосындылары бар (дизель отыны үшін статикаға қарсы қосындылардан басқа, темір, марганец, қорғасын және басқалары) бензин мен дизель отынын және қанықпаған мұнай өнімдерін әкелуге және өткізуге, оның ішінде оларды одан әрі өңдемей сақтауға тыйым салынады.

2. Осы Заңның талаптарын ескере отырып, мұнай өнімдерін өткізуге, тек қана:

1) мұнай өнімдерін өндірушілерге;

2) мұнай өнімдерін берушілерге;

3) мұнай өнімдері базаларынан мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерге;

4) мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға жол беріледі.

3. Мұнай өнімдерін өткізуді және (немесе) жөнелтуді:

1) тармақшасы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді



1) мұнай өнімдерін өндiрушiлер, мұнай берушілер, мұнай өнімдері базасынан немесе резервуарлардан мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер немесе мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілер;

2) тармақшасы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі



2) мұнай өнімдерін жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларында бөлшек сауда арқылы өткізуді қоспағанда, мұнай өнiмдерiн автожанармай құю станцияларында бөлшек сауда арқылы өткізушілер мұнай өнiмдерiн міндетті түрде есепке алатын бақылау аспаптары арқылы өткізе отырып, жүзеге асырады.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2015 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



4. Мұнай өнімдерін көтерме және бөлшек сауда арқылы өткізу кезінде, сондай-ақ мұнай өнiмдерiнің экспорты кезінде мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті орган бекітетін қағидаларға сәйкес ілеспе жүкқұжаттар ресімделеді.

 Мұнай өнімдерін автожанармай құю станцияларында бөлшек саудада өткізу кезінде ілеспе жүкқұжаттар ресімделмейді.



Импорттаушылардың өз мұнай өнімдерін сақтау жағдайларын қоспағанда, мұнай өнімдерін ілеспе жүкқұжаттарынсыз сатып алуға және (немесе) сақтауға тыйым салынады.

5. Екі және одан да көп жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мұнай өнiмдерiн кейіннен өткізу мақсатында резервуарды өткізу, сондай-ақ сақтау үшін пайдалануына тыйым салынады.

 

20-бап. Шикі мұнайды, газ конденсатын және мұнай өнімдерін темір жол, автомобиль, теңіз, ішкі су және әуе көлігімен тасымалдау шарттары



1. Қауіпті жүктерді тасымалдауға Қазақстан Республикасының заңнамасында қойылатын талаптарға сәйкес арнайы жабдықталған және тасымалдауға рұқсат етілген көлік арқылы шикі мұнайды, газ конденсатын және мұнай өнімдерін темір жол, автомобиль, теңіз, ішкі су және әуе көлігімен тасымалдауға жол беріледі.

2. Мұнай өнімдерін өткізу және (немесе) жөнелту кезінде, сондай-ақ темір жол, автомобиль, теңіз, ішкі су және әуе көлігімен тасымалдау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру кезінде міндетті түрде ілеспе жүкқұжаттар ресімделеді.



Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер, мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілер, мұнай өнімдерінің ішкі тасымалдануын жүзеге асыратын тұлғалар алушыларға мұнай өнімдерімен бірге ілеспе жүкқұжаттарын көлік арқылы беріп жіберуге міндетті.

Осы тармақтың мақсаты үшін:

1) мұнай өнімдерін сатып алушы болып табылатын заңды тұлға, ол алушы ретінде көрсеткен осы заңды тұлғаның филиалы;

2) ішкі тасымалдау кезінде мұнай өнімдерін алушылар болып табылатын заңды тұлға, оның филиалы;

3) мұнай өнімдерін, сондай-ақ ішкі тасымалдау кезінде мұнай өнімдерін сатып алушы болып табылатын жеке тұлға алушы болып танылады.



Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бір жеке тұлға немесе заңды тұлға ішінде мұнай өнімдерін тасымалдауға байланысты тасымалдау ішкі тасымалдау болып танылады.

Ілеспе жүкқұжаты интернет-ресурс арқылы электронды түрде ресімделеді.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер ішкі тасымалдауды жүзеге асырған кезде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу талап етілмейді.

3. Шикі мұнайды, газ конденсатын және мұнай өнімдерін темір жол, автомобиль, теңіз, ішкі су және әуе көлігімен тасымалдауға байланысты құжаттар қауіпті жүктерді тасымалдау үшін көліктің әрбір түріне белгіленген талаптарға сай болуға тиіс.

4. Темір жол, автомобиль, теңіз, ішкі су және әуе көлігімен шикі мұнайды, газ конденсатын және мұнай өнімдерін сақтау және тасымалдау құралдарының конструкциясы және пайдалану шарттары техникалық регламенттердің талаптарына сай болуға тиіс.

 

21-бап. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы өткізу



21-бабының 1-тармағының бірінші бөлігі алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы өткiзуді мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы берушiлердiң тізіліміне енгізілген өнім берушілер ғана жүзеге асырады. Осы тармақтың күші осы Заңның 17-бабының 5-тармағында аталған мұнай өнiмдерiн көтерме сауда арқылы берушiлерге қолданылмайды.

Осы тармақтың үшінші бөлігінің талаптарын сақтаған кезде мұнай берушілер мен мұнай өнімдерін өндірушілердің, сондай-ақ мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілердің мұнай өнімдерін өткізуін қоспағанда, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер басқа мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерге мұнай өнімдерін өткізуді жүзеге асыруға құқылы емес.

Басқа мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерден мұнай өнімдерін сатып алатын мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер тек мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілерге ғана мұнай өнімдерін өткізуге құқылы.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



2. Мұнай өнімдерінің импортын жүзеге асыратын мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер мұнай өнімдерінің импортын жүзеге асыру басталғанға дейін мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесіне мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті орган бекітетін қағидаларға сәйкес дербес сәйкестендіру нөмір-кодын беруге өтінім жіберуге тиіс.

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



3. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер мұнай өнiмдерiн тек мұнай өнiмдерiнің базаларында және (немесе) резервуарларда сақтауды жүзеге асыруға міндетті.

Мұнай өнімдерін сақтау және көтерме сауда арқылы өткізу осы Заңның 19-бабының 5-тармағы сақталған жағдайда жүзеге асырылуға тиіс.

 

22-бап. Мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізу



1. Осы баптың 2-тармағының талаптарын ескере отырып, жеке және заңды тұлғалардың өздері меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде иеленетін автожанармай құю станциялары және (немесе) резервуарлар арқылы мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізуіне жол беріледі.

2. Тұрғындарының саны он мың адамға дейінгі елді мекендерде контейнерлік үлгідегі автожанармай құю станцияларынан мұнай өнiмдерiн бөлшек сауда арқылы өткізуге жол беріледі.



Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде дала жұмыстарындағы ауыл шаруашылығы техникалары жинақталған орындарда жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан мұнай өнiмдерiн бөлшек сауда арқылы өткізуге жол беріледі.

3. Бір мезгілде екі және одан да көп мұнай өнiмдерiн бөлшек сауда арқылы өткізушілердің мұнай өнiмдерiн сақтау және бөлшек сауда арқылы өткізу үшін автожанармай құю станцияларын пайдалануына тыйым салынады.

2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Адам саны он мыңнан асатын елді мекеннің немесе әкімшілік ауданның аумағында мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы бір өткізушінің не Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасына сәйкес адамдар тобы деп танылған мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілердің нарықтық үлесі осы нарықтың жалпы көлемінің отыз бес пайызынан аспауы керек.

 

23-бап. Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингі



1. Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган мынадай мониторингті жүзеге асырады, оған:

1) Қазақстан Республикасында өндірілетін мұнай өнімдері көлемінің, олардың түрлері бойынша мониторингі;

2) Қазақстан Республикасында мұнай өнімдерін өткізудің, оның ішінде мұнай өнімдерінің экспорты мен импортының мониторингі;

3) Қазақстан Республикасында өндірілетін мұнай өнімдерінің көтерме саудадағы және бөлшек саудадағы бағаларының мониторингі;

4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мұнай өнімдерін қажетсінуінің мониторингі кіреді.

2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары жыл сайын мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға:

1) көтерме сауда арқылы өткізу бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген;

2) жылу беру кезеңінде жылумен қамтамасыз ететін ұйымдардың мұнай өнімдерін тұтыну жөніндегі болжамды ұсынады.

3. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерін, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағына импортталған мұнай өнімдерін өткізу туралы мәліметтерді ұсынады.

4. Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингі деректерінің негізінде:

1) алдағы күнтізбелік жылға Қазақстан Республикасының аумағында мұнай өнімдерін тұтыну, өндіру және өткізу балансының болжамын жасайды;

2) мұнай өңдеу жоспарларын бекітеді;

3) Қазақстан Республикасы ішкі нарығының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жер қойнауын пайдаланушыларға арналған мұнай өнімдерін өндірушілерге шикі мұнай және (немесе) газ конденсатын беру кестелерін бекітеді;

4) мұнай өнімдерін беру жоспарларын бекітеді;

5) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

6) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

24-бап. Көктемгі егіс және жиын-терін жұмыстары кезеңдерінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді және жылу беру кезеңінде жылумен жабдықтау ұйымдарын мұнай өнiмдерiмен қамтамасыз етуге байланысты мұнай өнiмдерiнің айналымын мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері



1. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган жыл сайын облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, ауыл шаруашылығы жұмыстарының межелі көлемдерін ескере отырып, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға мұндай көлемдерді мұнай өңдеу жоспарларында ескеру үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге мұнай өнімдерін беру көлемі туралы ұсыныс енгізеді.

2. Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган мұнай өңдеу жоспарларында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге беру үшін қажетті мұнай өнімдерінің көлемін ескереді.

3. Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган мұнай өңдеу жоспарларында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары ұсынған, алдағы жылғы жылу беру кезеңіне жылумен жабдықтау ұйымдарына беру үшін қажетті мұнай өнімдерінің көлемін ескереді.

4. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер және мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілер жыл сайын, мұнай өнімдерін өткізу кезінде 1 наурыз - 31 мамыр және 1 тамыз - 31 қазан аралығы кезеңінде - ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге, ал 31 қазан - 1 наурыз аралығы кезеңінде - жылумен жабдықтау ұйымдарына басымдық беруге міндетті.

 

2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 25-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



25-бап. Қазақстан Республикасының мұнай өнiмдерiнің жекелеген түрлерін өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

Қазақстан Республикасының мұнай өнiмдерiнің жекелеген түрлерін өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

 

26-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі



1. Осы Заң мыналарды:

1) алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 17-бабының 1-тармағын, 2-тармағының 1) тармақшасын, 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9-тармақтарын және 21-бабының 1-тармағының бірінші бөлігін;

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 12-баптың 3-тармағының 6) және 7) тармақшаларын, 17-баптың 2-тармағының 2) тармақшасын және 19-баптың 3-тармағының 1) тармақшасын;

3) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 19-бабының 3-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

2. 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін осы Заңның 1-бабының 26) тармақшасындағы «есепке алатын бақылау аспаптарымен» деген сөздер «мұнай өнімдерін есепке алуды қамтамасыз ететін өлшеу құралдарымен» деген сөздер болып есептелсін.

2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Осы Заңның 16-бабы 3-тармағының екінші бөлігіндегі «сәйкестендіру нөмірі» деген сөздер 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін «салық төлеушінің тіркеу нөмірі» деген сөздер деп есептелсін.

4. «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2003 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 6, 33-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2010 ж., № 20-21, 119-құжат; № 22, 128-құжат) күші жойылды деп танылсын.

 

 



Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. НАЗАРБАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2011 жылғы шілденің 20-ы.

463-IV



 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет