Долинка кенті әкімінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы өтетін Долинка және Северо-Западный кенттері тұрғындарымен есеп беру кездесуіне баяндама



Дата23.02.2016
өлшемі159.72 Kb.
#4649
Долинка кенті әкімінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы өтетін Долинка және Северо-Западный кенттері тұрғындарымен есеп беру кездесуіне баяндама
Құрметті кент тұрғындары, құрметті шақырылғандар!
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығына сәйкес есеп беру кездесулерін өткізу әкімдердің халық алдындағы жауапкершілігін арттыратын жаңа тиімді үлгі болып табылады. Жергілікті атқарушы орган жұмысы туралы өз ойын, ескертулер, ұсыныстар, сың айтуға әр қайсысының мүмкіндігі пайда болады. Биліктің халыққа есебі – деморатияның маңызды атрибуты. Осы көзқарастан, әкімдер есептері – қоғамды одан әрі демократизациялауға маңызды қадам.

Сізге, Долинка кенті әкімі аппаратының 2014 жылы атқарған жұмысы туралы есепті ұсынамын.

2014 жылы кенттерді дамытуға 22,913 млн. теңге бөлінді, осы қаражаттар есебінен келесі іс – шаралар атқарылды:
Абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық жағдай

Туристтік кластерді дамыту және сәулеттік келбетті жақсарту мақсатында, Садовая көшесі, Клубный және Андрейкина өткелдері бойынша ұзындығы 2170 метр болатын, екі түсті полимер жабындысынан тұратын профильденген парақтардан қоршау орнатылды. Осы бағыттағы жұмыс одан әрі жалғастырылады. Шағын сәулет түрлерін сақтау жүргізілді, нақтырақ, сегіз – күту павильондарын, шағын бақ, үш – балалар ойын аулансын, футбол, волейбол алаңдарын, іс – шаралар өткізілетін сахна, әлеуметтік ақпарат және кент паспорты билборды.

Екі балалар ойын аулансын сақтау, істен шыққан шамдарды ауыстыру және көше жарығының тіреуіштерін бояу бойынша жұмыстар жүргізілді.

Жылдың басынан бастап кент аумағында 29 «таза бейсенбілік» және 10 сенбілік өткізілді, оған кент тұрғындары, кәсіпкерлері, меншіктің барлық түріндегі ұйымдары және кәсіпорындары қатысты. Абаттандыру және санитарлық тазалау жөніндегі іс – шаралар өткізу уақытында бюджеттік ұйымдар күштерімен кент көшелеріндегі ағаштардың жандарындағы өркендерді кесу, қоқыс және жапырақтарды жинау, шөптерді шабу жүргізілді, 1190 ағаш әктелді.

Иттерді және мысықтарды асырау туралы бекітілген ережеге сәйкес, ағымдағы жылы 37 қаңғыбас ит ұсталды.

Жаңа жылды мерекелеу қарсаңында Долинка кентінің орталығында иллюминациясы бар Жаңа жыл шыршасы, қарлы пішіндер, құттықтау баннерлері орнатылды.


Елді мекендердің жолдары және көшелерін жарықтандыру

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және есеп беру кездесуі барысында кент тұрғындары берген ұсыныстарды орындау шеңберінде, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын орындау үшін облыстық бюджет қаражаты есебінен жалпы ұзындығы 3930 ш.м. болатын Джамбула көшесі бойынша автомобиль жолына орташа жөндеу жұмысы жүргізілді, сонымен қатар кент аумағында 40 жол белгілері орнатылған. 2014 жылы жолды сақтауды «Улан» ӨК және «Умерханов» ЖК қамтамасыз етті, 143 сағаттан артық жұмыс істелді, қысқы және жазғы уақытта жоларды тазалау және жоспарлау жүргізілді.

Кенттердің көше жарығын сақтауға қатысты 30 дана көлменде істен шыққан шамдар, 30 дана дросселдер, 7 шамы бар шырақтар, созындылар және құбырлар ауыстырылды, 3 тірекішке жөндеу жүргізілді. Көше жарығына пайдаланған электр энергиясына төлем жүргізілді. Қазіргі уақытта кентте көше жарығының 223 жарық нүктелері қызмет етеді, 12 объект жарықпен қамтылған.
Санитарлық тазалау

Санитарлық – эпидемиологиялық жағдайа оңтайлық сақтау мақсатында кенттерде бюджет есебінен 1355,7 м³ қоқыс шығарылды. Сонымен қатар Долинка кенті әкімінің аппараты тұрындармен 27 жиын өткізді, қатты – тұрмыстық қалдықтарды шығару үшін қаражат жинауды ұйымдастыру мәселесі бойынша жауапты тұлғалар тағайындалды. Тұрғындар күшімен 33 ауладан қатты – тұрмыстық қалдықтар 1140 м³ шығарылды, онда кенттердің белсенді тұрғындарының Г.М. Рахлееваның, Б.П. Жуковтың Н.Н. Квасованың, Н.Н. Богданованың, М.В. Хаткевичтің, Н.А. Вайцеховичтің, Н. Хакимованың, Н.Г. Коваленконың, В. Дадабаеваның, С. Захаровтың, Г.Г. Рабизаның, Н.В. Сырициннің белсенді қатысқандарын атап өткен жөн. Кент әкімінің аппараты учаскелік полициямен және тұтынушылар құқықтарын қорғау жөніндегі басқарма өкілдерімен бірлесіп санитарлық рейдтар өкізді, елді мекен аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзғандары үшін 17 заң бұзушыға әкімшілік айыппұл салынды, қаңтар айынан бастап желтоқсан айында дейінгі кезеңде 91 ескерту берілді.

Қазіргі уақытта ҚТҚ жинақтау нормалары және шығару тарифтері бекіту үрдісінде. Бүгінгі күні кенттерде ҚТҚ шығару бойынша қызмет берушімен келіссөз жүргізілуде. Одан әрі онымен кент тұрғындарымен жеке шарт жасау қажеттілігі туралы мәселе өңделетін болады.
Электрмен жабдықтау

Кенттерге электр энергиясын жеткізумен бірнеше ұйым айналысады:

Кенттерде энергиямен жабдықтаушы ұйымдар «Расчетный Сервисный Центр» ЖШС және «Жезказганэнергосбыт» ЖШС болып табылады, желілерге қызмет көрсетумен «Мусаева» ЖК және «КРЭК Абайский РЭС» ЖШС айналысады.

Электр желілерінің ескіруіне байланысты, авариялық жағдайлар орын алады. Кентті электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында «Т.С. Мусаева» ЖК басты кабельді ауыстыруды, әуе желілерін 0,4 кВ бөлекштеп тарту және ауыстыруды ұзындығы 4,5 км, 6 дана көлемінде тіреуішті, 40 дана көлемінде изоляторлар ауыстыруды жүргізді.

«КРЭК» ЖШС — Абай ауданы, ұзындығы 2,6 км. әуе желісіне 0,4 кВ жөндеу, 5 дана көлемінде тіреуіштерді ауыстыруды жүргізді.

Жоғарыда көрсетілген ескірулер және қаражаттың жоқтығына байланысты қылмыстық – атқару мекемесіне тиесілі желілерді қайта құру және оңтайландыру, Долинка кентінің Советская дәне Степная көшелерінің иесіз электр желілері және оларды тиімді иегерге беру мәселелері ашық күйінде қалуда.


Телефон байланысы, интернет.

Телефон байланысы және интернетпен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсетеді:



  • «Казахтелеком» АҚ, барлық абоненттері -337 (2014 жылы тағы 3 абонент қосылды);

- «Ремстройсервис» ЖШС — барлық абоненттері -536. Өткен жылы телефон желісіне қосымша 14 абонент қосылды. «Казахтелеком» АҚ желісіне Интернет-Мегалайн — 2014 жылы 32 абонент қосылды. «Ремстройсервис» ЖШС желілеріне қосымша 34 абонент қосылды.
Долинка кентінің және Северо – Западный кентінің бас жоспарын дайындау

Кенттердің басты жоспарының әлеуметтік және мәдени – тұрмыстық бағыттағы объектілердің құрылсының белгіленген перспективаларымен дайындау аяқталды, оған монша, пошта бөлімшесі, қонақ үй, әкімдіктің жаң ғимараты, өрт депосы, мәдениет үйі, стадион, спорт залдары, қоғамдық тамақтану пункттері, әкімшілік – тұрмыстық кешен, оның ішінде ХҚО, интернет – орталық және банк бөлімшесі кіреді.


Халқытың жұмыспен қамтылуы және әлеуметтік қорғау.

Мемлекет басшысының Жолдауында "Қазақстан-2050" Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты айтылған негізгі аспектілерінің бірі Қазақстандықтардың жұмыспен қамтылулары болып табылады. Кенттерде халықты жұмыспен қамтуды ұйымдастыру жөніндегі іс – шаралар іске асырылуда.

Жұмыссыздық деңгейінің төмендеу үрдісі байқалады, ол кенттегі экономикалық жағдайдың жақсаруына байланысты. Осы жылы Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 88 адам жүгінген, оның 75 жұмысқа орналастырылды немесе жүгінгендердің 85%. Жұмыссыздар саны осы жылы 9 адамды құрайды, өткен жылы 12 адамды құраған, бұл өз кезегінде жұмыссыздар саны өткен жылмен салыстырғанда 25 % азайғанын көрсетеді. Шахтинск аймағында әрекет ететін кәсіпорындарды дамыту немесе жаңа кәсіпорыдар құру үшін білікті кадрлар санын арттыруды қажет етеді. Осы мақсатта еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес, жұмыссыздарды оқыту және қайта даярлау бағдарламасы дайындалған. 2014 жылы кәсіптік оқуға 5 адам жолданды. Қайта оқыту сұранысқа ие мамандықтар бойынша жүргізілді, оқудан өткен барлық азаматтар тұрақты жұмыс орнына орналастырылды.

Халықты қоғамдық – ақылы жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс жүргізілуде. 2014 жылдың басынан бастап 19 адам жұмысқа жіберілді және 1 жас маман жастар практикасын өтті. Негізгі назар еңбек ресурстарын жұмылдыру мәселелеріне бөлінді. Қолданыстағы заңнмаға сәйкес кентте тұратын әр санаттағы азаматтардың әлеуметтік шараларын қорғауды көрсету бойынша жұмыс ұйымдастырылды. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын орындау шеңберінде Джамбула көшесі бойынша орташа жөндеуге 5 адам қатысты. Садовая көшесі бойынша профильденген парақтан қоршау орнату жөніндегі жұмысқа 2 адам тартылды, кенттегі көше жарығын сақтауда 4 адам жұмыс істеді.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға қатысты ағымдағы жылы 8 өтініш берушіге 137,6 мың теңге көлемінде қаражат төленді, 18 жасқа дейінгі балалары бар 14 отбасына 79,3 мың теңге көлемінде жәрдемақы төленді. Жәрдемақы тағайындау барысында негізгі назар асыраушылық жағдайды болдырмауға бөлінеді, жұмысқа орналастыруға басымдылық болады. Осы санаттағы адамдар жұмысқа қабілетті болған жағдайда қысқа мерзімді ақысыз курстар одан кейін жұмысқа орналастырумен ұсынылады. Жергілікті атқарушы органдардың мүгедектерді және әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды әлеуметтік қорғау мәселесі жеке бақылауында. 2014 жылы біз Ауғаныстандағы әскери іс – қимылдар қатысушысына көмек көрсетілді (жылу беру жүйесіне жөндеу жүргізу, көмір жеткізу, азық – түлік), зейнеткерге бюджеттен тыс қаражт есебінен шатырды жөндеуге, жалғыз басты - анаға көмір жеткізу, азық – түлік, киім және аяқ - киім беру ұйымдастырылды, бала кезінен мүгедекке өз ісін ашу үшін микро несие алуға және тұрғын жай алу үшін кезекке қоюға көмек көрсетілді. Сангородок кентіде тұратын, белгілі тұрғылықты жері жоқ екі тұлғаға құжаттандыруға көмек көрсетіліп жатыр.

Жаңа жылға бюджеттен тыс қаражаттар есебінен Біз халықтың әлеуметтік – осал тобының балаларына әкімнің қайырымдылық шыршасын өткіздік, Долинка, Северо – Западнвй, Сангородок кенттерінің аз қамтылған отбасыларының 38 балаларына тәттілер, ойыншықтар, жаңа киімдер және аяқ киімдер түріндегі көмек көрсетілді. 2 отбасына (жалғыс басты - аналарға) демеушілік көмек көрсетілді (көмір, қысқы киім, азық – түлік жиыны, тәттілер және жемістер). Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҰОС 2 қатысушыларына құттықтау жиындары берілді.

Әр түрлі мәселелерді шешуде Бізге жан - жақты көмекті біздің депутаттар Максат Секеновна Муратбекова, Маршида Раисовна Кадырова, Анатолий Федорович Степанович, сонымен қатар кәсіпкер Хандаш Калби – оглы Исмаилов көрсетеді, осы оларға ерекше алғыс білдіреміз.
Білім беру және спорт

Білім берудің қол жетімділігнің маңызды аспектірелінің бірі оқушыларды әлеуметтік қолдау болып табылады. Бюджеттік қаражат есебінен «Жалпы оқу» бағдарламасы бойынша 215 мың теңге соммасында 25 адам қамтылды. Ол аз қамтылған отбасыларының оқушыларын киіммен және кеңселік қажеттіліктермен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Меншіктің барлық түріндегі басшылары «Мектепке жол» акциясына белсенді қатысты, оның қорытындысы бойынша 45 оқушы 85 мың теңге соммасына материалдық көмек алды. Білім беруді дамытудың негізгі индикаторларының бірі балаларды мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларымен қамту болып табылады. Кентте балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамту саны 69 адамды құрады, ол балалардың жалпы санының 21%. Кенттер аумағында 3 спорт ғимараты, балалар аулалары қызмет етеді, Біз олардың санын болашақта арттыруға тырысамыз. Спортты дамыту, әр түрлі спорттық бұқаралық іс – шараларды ұйымдастыру және саламатты өмір салтын қолдау үшін кенттерде спорттан нұсқаушы және әдіскер қызмет етеді.

2014 жылғы 6 қыркүйекте Денсаулық күніне орайластырылған фестиваль өтті, оған кенттердің тұрғындары, барлық ұйымдар мен мекемелер қызметкерлері, сонымен қатар №4 ЖМ және №8 ЖМ оқушылары қатысты.

Тұңғыш президент күні және Новодолинский кентінің мерейтойы қарсаңында Долинка кенттік округі халқының қатысуымен спартакиада ұйымдастырылды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Тәуелсізідігі күнінде Долинка кентінің футбол тобы жергілікті тұрғын Александр Алексеевич Денисовтың басшылығымен футболдан өткен қалалық жарыста бірінші орынға ие болды. Сондай – ақ көше күш тренажерлерімен, Street Workout турниктерімен, сонымен қатар Северо – Западный кентінде ағымдағы жылы өндеуге жоспарланған барлық қажетті өлшемдер мен стандарттарға сәйкес келетін жасыл жабындысы бар футбол алаңымен абаттандыру мәселесі ашық күйінде қалуда.


Денсаулық сақтау.

Халықтың денсаулығын сақтау мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып табылады. Халық денсаулығы жағдайының деңгейі еліміздің әлеуметтік – экономикалық, мәдени және индустриалды дамуын анықтайды. Кенттердің денсаулық сақтау жүйесі «Долинка кентінің емханасы» КМҚК және «Северо – Западный кентінің емханасы» КМҚК берілген. Қабылдауды дәрігер - терапевт, дәрігер – педиатр, дәрігер – гинеколог жүргізеді. Қызмет көрсетілетін халық саны - 5406 адам, оның ішінде ересек халық - 4247 адам; жасөспірімдер мен балар — 1159 адам.

Денсаулық сақтау «Саламаттық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында, туберкулезді, қан айналымы жүйесінің ауруларын, қант диабетін, глаукома және қатерлі ісікті алдын – ала анықтау үшін халыққа медициналық алдын – алу тексерістері, сонымен қатар балаларды да тексеру жүргізіледі. 2014 жылы әлеуметтік – маңызды аурулармен ауыруды немесе олардан қайтыс болуды төмендету мақсатында халық тұрғындары 130 мыңнан астам соммаға ақысыз дәрі – дәрмек алды. 2014 жылы өткен жылмен салыстырғанда демографиялық көрсеткіштердің оң динамикасы байқалады: туу деңгейі 3 жағдайға артқан, жалпы өлім жағдайы 16- ға азайған. Бір қатар жылдан бері кенттерде ана өлімі тіркелген жоқ, бала өлімінің деңгейі облыстық деңгейден төмен.
Мәдениет

Мәдени демалысты ұйымдастыру және халықтың мәдени құндылықтарға тосқаусыз қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін Мәдениет үйінің филилалы, орталық кітапхана жүйесінің филилалы, сонымен қатар саяси қуған – сүргін құрбандарын еске алу мұражайы қымет етеді. Өткен жылы маңыдзы қоғамдық – саяси іс – шаралар Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне, Елорда күніне, Тәуелсіздік күніне, Конституция күніне, көктемгі мейрам Наурыз – мейрамына, ҰОС жеңісінің 69 жылдығына, Қазақстан халқының бірлігі күніне арналды. Кент тұрғындары осы іс – шараларға белсенді қатыстыса отырып бейбітшілік және саламаттылықты сақтады.

«Наурыз мейрамы» мерекелеу жеке кәсіпкерлердің және түзету мекемелерінің демеушілік қаражаттары есебінен халыққа сый беру арқылы мерекелік концерт ұйымдастырылды, сонымен қатар сыйлықтар бере отырып спорттық жарыстар өткізілді.

Жеңістің 69 жылдығына орай Ұлы Отан соғысы қатысушыларына және тыл еңбеккерлеріне естелік сылықтар, азық – түлік жиындары берілді, салтанатты концерт және мерекелік түстіктер өткізілді. Қарттар күнінде де мерекелік түстік ұйымдастырылды, онда №4 ЖМ – бақша және №8 ЖМ – бақша оқушылары, Шахтинск қ. МС филиалының шығармашылық тобы және №6505 әскери бөлімінің «Сарбаз квартеті» концерттік бағдарлама көрсетті. Долинка және Северо - Западный кенттерінің аумағында Ұлы Отан соғысының 2 қатысушысы тұрады - Чирышев Николай Ионович, Аюханова Надежда Калашвильевна және 87 тыл еңбеккерлері, оларға салтанатқа қатысу үшін шақыру билеттері берілді.

2014 жылы Долинка кентінің кітапхана филиалының барушылары 9,5 мың адам, кітап қоры 14,800 кітап.

Долинка кенттік МҮ филиалында халықты мәдени шараларға тарту бойынша жұмыс жүргізілуде. Вокалдық, хорегорафиялық, шығармашылық үйірмелер қызмет етеді, оның қатысушылары кенттің барлық мерекелік іс – шараларына белсенді қатысады.


Азаматтық сектор

Өткен жылдың маңызды оқиғаларының бірі, ел тарихының шежіресіне ерекше жазылған оқиға Мемлекет басшысының ағымдағы жылдың 11 қарашасындағы - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Нұрлы Жол – Путь в будущее!» атты Қазақстан халқына Жолдауы болды.

Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру бойынша есеп кезеңіде ақпараттық – идеологиялық жұмыс шеңберінде 10 «дөңгелек үстел» және 1 «тақырыптық көрме» өтті. Республикалық ақпараттық – насихаттау тобы мүшелерімен 2 кездесу өтті.
Құқықтық тәртіп

Кенттік полиция қызметкерлері жыл бойы қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету, қылмысты ашу және тергеу бойынша мақсатты жұмыс жүргізілді. Соның қорытындысында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қылмысты ашу 14,7% өскен. Әкімшілік құқық бұзушылықты ашуға ерекше көңіл бөлінеді әкімшілік жолмен қамауға 197 адам алынды, ұсақ бұзақылық үшін – 114 адам жауапкершілікке тартылды. Елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзғандары үшін 17 заң бұзушыға әкімшілік айыппұл салынды. Қылмыс және құқық бұзушылықтың өсуіне жол бермеу мақсатында полиция қызметкерлері алдын – алу жұмыстарын жүргізеді. Қоғамдық резонанста орын алған оқиғалар БАҚ жарияланды. Тұрғылықты мекенжайлары бойынша халықпен жиын өткізу уақытында, сонымен қатар «Қауіпсіз аула» жедел алдын – алу іс – шарасын өткізу барысында, телефон алаяқтығын, пәтердегі ұрлықты және басқа да қылмыстарды алдын – алу мақсатында кент тұрғындарына учаскелік инспекторлардың байланыс деректері берілді. Кәмелетке толмағандар арасында нашақорлықтың өсуін алдын – алу мақсатында ағымдағы жылы кенттегі оқу орындарында жастармен кездесулер өтті. Жыл бойы кенттің криминогендік учаскелерінде жергілікті ұмыстар жүргізілді. Осы бағыттағы мақсатты алдын – алу жұмыстары одан әрі жалғастырылады.


Ауыл шаруашылығы

Агроөнеркәсіп кешенінің маңызды салаларының бірі мал шаруашылығы болып табылады, оның оң дамуы халықты азық – түлікпен қамтамасыз етеді.

Долинка кенттік округінде қазіргі уақытта 2 шаруа қожалықтары қызмет етеді, олар өсімдік шаруашылығымен, мал шаруашылығымен, құс шаруашылығымен айналысады. Кенттер халқының жеке қожалықтарында ірі қара мал және қой ешкі асырайды. 2013-2014 жылдар кезеңінде мал басы санының және мал шаруашылығы өнімдерінің негзгі түрлерін шығарудың оң динамикасы байқалады, ол өткізілген бірдейлендіру есебінен, сонымен қатар ауыл шаруашылық өнімдерін шығарушыларды үнемі қолдау қорытындысынан құрылды. Шаруашылық жүргізу есебінің қорытындысы бойынша кенттерде: ІҚМ – 674 бас, ҚЕ – 1105 бас, жылқы – 115 бас, шошқа – 430 бас, құс – 3770 дана бар. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша 2014 жылы 8 өтініш беруші микрокредиттер алды, оның ішінде 5 адам ауыл шаруашылық жануарларын алды және 2 адам алған қаржыны көкеніс өсіру үшін пайдаланды. Өткен жылы жануарлардың 15 иелері әлеуметтік азықты (бидайдың ұнтақталған жармасын) 1 кг. 15 теңгеден алды. Азық – түлік бағдарламасын қолдау үшін кенттер тұрғындары көкеніс, жеміс өсіреді, ет, сүт өнімдерін өндіреді,кейін оны Шахтинск қаласында «Ауыл берке» атты ауыл шаруашылық жәрмеңкесінде іске асырады.
Шағын және орта бизнесті дамыту

Долинка кенттік округіндегі орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 4.

Оның ішінде:

- әрекет ететін – 2 («Енбек-Караганда» АМК 41 филиалы және «Енбек-Караганда» АМК 40 филиалы);

- әрекет етпейтін - 2 («Долинский сыр» ЖШС, «AIST» ЖШС).

Долинка кенттік округіндегі шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны – 63. Оның ішіндегі әрекет ететін – 61.

Кент аумағында 24 дүкен орналасқан, олар өнеркәсiп және азық-түлiк тауарларын іске асырумен айналысады.

Кенттерде 3 дәріхана, 2 шаштараз, 1 автотехникалық қзмет көрсету станциясы, 2 автожанармай құю станциялары, 1 қоғамдық асхана әрекет етеді. Газ баллондарын іске асыру және жеткізуге «Хантер АГЗС» ЖШС Қарағанды филиалы жүзеге асырады.

Біздің жұмыстағы негізгі орын инфляциялық процесстерді сақтауға бөлінеді.

Шахтинск қаласының кәсіпкерлік бөлімі және біздің кәсіпкерлер арасында 24 дүкенде «Әлеуметтік – маңызды азық – түліктерге 10% аспайтын үстеме баға туралы» меморандум, сонымен қатар 3 дәріханадағы дәрілерге – Рябченко ЖК және Виноградов ЖК меморандум 2014 жылға арналған жасалды.

Қалыптасқан жағдайға байланысты, жоспар дайындалды және келесі іс – шаралар өткізіледі:

1. Әлеуметтік - маңызды азық түлік, ЖЖМ бағаларын бақлау бойынша жұмыс тобы құрылды, оның құрамына Шахтинск қаласы бойынша тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі басқарма маманы, Долинка кенті әкімі аппаратының маманы, Долинка КПБ учаскелік инспекторы, белсенді тұрғындар, жеке кәсіпкерлер кіреді.

2. Шахтинск қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөліміне апта сайын азық – түлік бағаларының мониторингі салыстыру талдауы үшін ұсынылады.

Қазіргі уақытта «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын түсіндіру бойынша жұмыс жалғастырылуда, сонымен қатар шағын және орта бизнес ашу және кеңйтуге жаңа жобаларды іздеу жүргізілуде, кәсіпкерлер арасында өз ісін ашу немесе кеңейту үшін кредиттеу мәселелері бойынша түсіндіру жұмысы жүргізіледі.

Шағын және орта бизнесті одан әрі дамытуға үлкен көңіл бөлінеді. Кенттің кәсіпкерлері өз бизнесін кеңейтумен белсенді айналысуда, банктер және микрокредиттік ұйымдар арқылы кредиттеу жолымен өз бизнестерін инвестициялайды. 2014 жылы Шахтинск қаласының жұмыспен қамту орталағына 20 адам өз ісін ашуға өтінім берді, оның ішінде 8 адам жалпы соммасы 13 млн. 600 мың теңге болатын кредит алды (мал шаруашылығы – 5 адам, өсімдік шаруашылығы – 2 адам, азық – түлік өндірісі – 1 адам), 12 адамға әр түрлі себеп бойынша кредит беруден бас тартты.

2014 жылғы қазанда Л.М. Тотских ЖК Северо – Западный кентінде «Натали» шаштаразын ашты, 5 – жұмыс орыны құрылды. Долинка кентіндегі «Салем» дүкенінде косметикалық салон ашылды, 3 – жұмыс орыны құрылды. 2014 жылғы қарашада Виноградов ЖК Северо – Западный кентінде дәріхана филиалын ашты, 2 – жұмыс орыны құрылды.

2015 жылдың екінші жартысында балмұздақ шығару бойынша цех ашу жоспарлануда, жоба жетекшісі: «АIST» ЖШС – директоры Олег Николаевич Омельницкий, соның нәтижесінде кентте қосымша 20 адамға жұмыс орыны құрылады.

«Хамзиной Д.А.» ЖК 2015 жылы 10 орындық кенттік монша ашуды жоспарланған.


Мемлекеттік қызмет көрсету

2014 жылы берілді:

- жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтамалар – 48;

- ветеринарлық анықтамалар – 34;

- жануарларға ветеринарлық паспорттар – 14.

902 ауыл шаруашылық жануарларына бірдейлендіру жүргізілді.

18 жасқа дейінгі балаларға 14 мемлекеттік жәрдемақы және 8 мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды және төленді.

Барлық мемлекеттік қызметтер Заңда белгіленген мерзімде көрсетілді.



Азаматтардың өтініштерін қарастыру

Долинка кенті әкімі аппараты қызметінің маңызды бөлігі азаматтардың өтініштерімен жұмыс және азаматтарды жеке қабылдау болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы» Заңын орындау үшін өтініштер есебі және қарастыруды бақылау бойынша жұмыс, азаматтарды өтінуге итермелейтін себептерге үнемі талдау жүргізіледі, оларды жою бойынша шаралар қабылданады. Долинка кенті әкімі аппаратының ғимаратында азаматтардың өтініштерін жинау жәшігі орналастырылған.

2014 жылы әкім аппаратына жеке тұлғалардан 643 жазбаша және ауызша өтінім келіп түсті, 13 адам жеке қабылданды, келіп түскен өтініштердің ішінде 184 – халыққа нотариалдық қызмет көрсету мәселесі бойынша, 1 өтініш жер пайдалану мәселесі бойынша, 1 өтініш агроөнеркәсіп кешені мәселесі бойынша, 8 өтініш еңбек және халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша, 447 өтініш тұрғын үй – коммуналдық мәселелері бойынша және мемлекеттік қызмет көрсетуге 2 шағым түсті. Келіп түскен 20 өтініш бойынша түсіндіру түріндегі жауаптар берілді, 623 өтініш қанағаттандырылды.

Бір өтініштің қараусыз қалдырылмайтынын атап өткен жөн, ал олардың орындалуы бақылауда болады.

Кент әкімі аппараты қызметінің басым бағыттарының бірі сыбайлас жемқорлықтық құқық бұзушылықты туындататын себептер мен жағдайларды алдын – алу және жою, әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің және кент халқының білім деңгейлерін арттыру, мемлекет саясатын нәсихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізілетін іс – шарлардың жариялығы және ашықтығы болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы туралы ақпаратқа жедел әрекет ету үшін кент әкімі аппаратында сенім телефоны орнатылған, оның нөмірі ай сайын «Шахтинский вестник» газетіне жарияланады.
Жоспарланған жұмыс

2015 жылы абаттандыру бойынша жұмыс жалғастырылатын болады. Долинка кентінде балалар ауласын жайластыру бойынша жұмыс қарастырылған, баннерлер және созындыларды жаңарту, шағын сәулет түрлерін, қоқыс алаңдарын, көше жарығын және энергиямен жабдықтауды сақтау жүргізіледі. Сонымен қатар Джамбула көшесі бойынша жолға орташа жөндеуді аяқтау және кент жолдарының шұңқырларын жөндеу бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Северо – Западный кентінде спорттық – демалыс модулін футбол ауласымен жайластыру, баннерлер және созындыларды жаңарту, шағын сәулет түрлерін, қоқыс алаңдарын, көше жарығын және энергиямен жабдықтауды сақтау бойынша жұмыстар қарастырылған.
Құрметті Долинка және Северо - Западный кенттерінің тұрғындары!

Біз сіздермен бірге, жоспарланған іс – шараларды орындауға және қойылған мақсаттарға жетуге бір – бірімізге көмек бере отырып, өзіміздің әл – ауқатымыздың оң қорытындысына жете аламыз. Осының барлығы кенттердің әлеуметтік мәртебесін, оның экономикасын жақсарту үшін жағымды жағдай жасайды, оның қорытындысы алға жылжуға көмектеседі.



Баяндаманы қорытындылай келе сіздерге бүгінгі кездесуге келгендеріңізге алғысымды білдіремін, сіздермен барлық мәселелерді талқылауға және сіздердің ұсыныстарыңызды тыңдауға дайынмын, олардың барлығы мүмндік бойынша шешілетін болады.
Назарларыңызға рахмет!
Долинка кенті әкімі

М.-С.И. Бдуов

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет