Домна өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары Жалпы талаптар



бет4/5
Дата12.06.2016
өлшемі403.5 Kb.
#130645
1   2   3   4   5

12. Қожды түйіршіктеу
128. Цех шеңберінде қожды түйіршіктеу арнайы саңылаусыз қондырғыларда жүргізіледі.

129. Қожды шөміштердің кантовкасын, түйіршектеу аппараттардағы суды жіберуді және шөміштегі ұнтақтардың өтуі дистанционды және жылудан оқшауландырылған және таза ауамен желдетіліп тұратын басқару пультімен жүргізіледі.

130. Шөміштің жылжытулары механизміне электр энергиясын беру осы Талаптың 126 тармағының 8 тармақшасы талаптарына сәйкес келеді.

131. Түйіршіктегіш бассейндер 1,2 м кем емес биіктіктегі перилалармен қоршалады.

132. Түйіршіктерді шығару үшін орнатылған жолдар түйіршіктегіш бассейннен немесе осы жолдардың бойында жасалған суағар арықтарынан қайта граншлакпен төгілген судың ағынын қамтамасыз ететін қайықтармен жабдықталады. Түйіршіктегіш бассейн бойындағы түйіршіктерді тиеу үшін теміржол вагондарының ауысуы механикаландырылған.

133. Грейферлік қож жинағыш крандар олардың ауысу уақытында дабыл беру үшін автоматтандырылған қондырғылармен жабдықталады.

134. Қож жинағыш крандар дистанциондық басқарулармен жабдықталады.

135. Түйіршіктегіш бассейіндер канализацияға түйіршіктелген қождардың түсуін болдырмайтын құралдармен жабдықталады.

136. Құрамында шойыны бар қожды түйіршіктеуге жол берілмейді. Қождың түйіршіктеуге жарамдылығын пеш мастері анықтайды.

137. Қызметкерлерді қожды төгу алдында ескерту үшін түйіршіктегіш қондырғылар жарықтық-дыбыстық дабыл бергіштермен жабдықталады.

138. Түйіршіктегіш құрылғыларда қызмет көрсетумен байланысты қождарды төгу уақытында, оған қатысы жоқ адамдардың жақын тұруына жол берілмейді.

139. Қождарды төгу алдында ванналармен түйіршіктегіш гидро науалар тазартылады және судың жоғарғы қысымы беріледі. Шөміштен қож балқымасы бірқалыпты ағынмен ағызылады.

140. Түйіршіктенген қождар шығару үшін жол бойынша құрамдардың жүруі және осы жолдарда шөміштен қождарды төгу уақытында маневрлеуге жол берілмейді.

141. Қождарды түйіршіктеу уақытында қож жинағыш крандар отырғызу алаңдарынан қайтарылады. Қож жинау крандарын жөндеу көтеру механизмдерімен жабдықталған арнайы бөлінген орындарда жүргізіледі.

142. Түйіршіктендіргіш қондырғылар телімінде жұмыс істейтіндерді жылынуы және демалуы үшін сәйкестендірілген бөлмелер салынады.

143. Түйіршіктендіргіш қондырғыларды басқарудың пульті кілт-құлыппен жабдықталады.



13. Құю машиналарында шойынды құю
144. Құю машиналарынды басқарудың пультінің орналасуы машинистке барлық жұмыс алаңының жақсы көрінуі қамтамасыз етеледі (шөміштен төгілетін шойын және ағызылатын науалардың шүмегі).

Басқару пульті отқа төзімді материалдардан жасалған, оның жылу сәулесінен сақтандырылуы және жылумен, желдеткішпен және телефон байланысымен (домна цехының жөндеу бөлімдерімен, диспетчерімен және тағы басқалар) қаралады.

Басқару пультінің терезесі отқа төзімді шынылармен қапталынады. Құю машинасының басқару пульті кем дегенде екі кіру (шығу) есігімен жабдықталады, олардың біреуі конвейер таспасының қарама-қарсы жағында орналастырылады.

145. Машиналар таспасының астына жобамен қаралған бөлмелерді сепкіштер мен жабдықтарды орналастыруға рұқсат беріледі. Таспалар астына бекіту және реттеу арматураларын орналастыруға жол берілмейді.

146. Құюшы машиналары үшін науалардың екі жағынан орналасқан жұмыс алаңының ені 5 м жоғары етіп қабылданады. Жұмыс алаңына шығу үшін сатылар екі жағынан орнатылады. Құю машиналарының таспаларынан өту үшін өтетін көпірлер қарастырылады. Көпірлер 1 м кем емес биіктікте екі бүйірінен қалқандармен қоршалады және жылудан оқшауландырылады.

147. Құю машиналарын жұмыс алаңдарында жұмыс орындарындағы бүрку үшін желдеткіштер қарастырылады. Құю машиналарының жұмыс алаңдарының едені отқа төзімді кірпіштермен салынады. Орнатылған теміржол жолдарындағы стендтер мен жұмыс алаңдары құрғақ күйде сақталады.

148. Құю машиналарының металл конструкциясы антикоррозиялық жапқыштармен қорғалады.

149. Аудару науаларының күйін өзгертуі механикаландыру қарастырылады.

150. Құю машинасының басты бөліктерін қамтамасыз ету үшін жүк көтеру құрылғылары қарастырылады. Құю машиналарының конустарының астынан және науалардан жиынды алып тастауды механикаландыру қарастырылады.

151. Құю машиналарының таспаларының үстінде олардың барлық ұзындығында отқа төзімді материалдардан аспалар орнатылады.

Металл конструкцияларына будың коррозияға ұшырату әсерінен бәсеңдету үшін және теміржол жолдарында еңбек жағдайларын жақсарту үшін құю машиналарының суық бөліктерінің үстінде тарту шахталары орнатылады.

152. Құю машиналар таспаларының астындағы телім барлық жағынан перилалармен жабдықталған есіктермен қоршалады. Құю машиналары астындағы қоршауларда өткелдер орнатылады.

153. Мульда конструкциясы шойының төгілуін және кесектерінің тұрып қалуын болдырмайды. Құю машиналарының түсіру бөлімдерінде мульда болат астауларынан кесектерді механикаландырып түсіру үшін бұйымдар қарастырылады. Құю машиналарының шынжырларының буындарында болат астаулардың бекітулері оларды қауіпсіз және тез ауыстыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

154. Жұмыс алаңдарының астынан теміржол жолдарының жанынан жолға тігінен шығуға кедергі жасайтын перилалар орнатылады.

155. Құю машиналарында шойынды құю дистанционалдық басқаруы бар стендтерден аударғыш лебедкалар қолданумен жүргізіледі. Аударғыш лебедка көтеру шектегішімен жабдықталады.

156. Пайдаланылған ерітінділерді ағызуға арналған арықтар плиталармен жабылады, ал тұндырғыштар қоршалады. Тұндырғыштардан шламдарды жинау, қождардан бактарды тазалауды механикаландыру қаралады.

157. Ерітінділер және оның дайындау үшін материалдарды әкелу бойынша барлық операциялар механикаландырылуы қаралады. Салқын уақытта ерітінділерді беру құбырлары жылытылады.

158. Құю машиналарындағы шойынды суыту үшін құрылғылар оларға ыңғайлы қызмет көрсету және жөндеу үшін баспалдақтары бар аулалармен жабдықталады. Әрбір алаңда кем дегенде екі шығу есігі болады.

159. Плиталар астындағы судың ағуын тоқтату үшін қызметкерлермен таспадан ағып келе жатқан шойынды қағып алу үшін бетондалған науалар, торлар орнатылады. Науашалар құрылғысы таспаның төменгі бөлігіне судың құйылу мүмкіндігін жол бермейді.

160. Тиеу жолдарының бойында шойының сынықтарын ұстау үшін құю машинасынан қарама-қарсы сақтандырғыш қалқандар орнатылады.

161. Теміржол платформаларындағы қайтадан салынған құю машиналарында бөлшектерді суытулар өндірістік кәрізге судың ағыны үшін науалары бар жолды арнайы қондырғылардың көмегімен жүргізіледі. Ашық науалар торлы плиталармен қалқаланады.

162. Құю машиналарында жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін көтергіш құралдар қарастырылады.

163. Сұйық шойындарды қабылдау үшін дайындалған науалар құрғақ күйде сақталады.

164. Металл конструкциялардың, бұрандалы жалғағыштар мен құю машиналарының жіктерін пісірудің жағдайы акт толтырумен жылына кем дегенде бір рет тексеріліп және жүйелі бақыланады.

165. Конвейерлер тармағының астында адамдардың болуына машиналары тоқтатқаннан кейін және таспаның төменгі бөлігінде шойынмен құйылған астауларда түйірлер болмауы кезінде рұқсат етіледі. Конвейерлердің төменгі тармақтарының астында сенімсіз бекітілген, жарылып қалған немесе шойынмен жабылған астауларға кіруге жол берілмейді.

166. Құю машиналарының таспаларын жұмысқа қосу дыбыстық жарықтармен жүргізіледі. Құю машиналарының басқару пульті кілт-құлыппен жабдықталады.

167. Астаулардың ішкі беті раковиналар мен қабыршақтануына жол берілмейді. Жарылып қалған астаулар дереу жаңаларымен ауыстырылады.

168. Құю машиналарының жұмысы уақытында адамдардың галереяларда болуына, шойын таситын шөміштердің құю машиналары ғимараттарында маневрлеу уақытында болуына жол берілмейді.

169. Шөміш шүмегінде шойынның тегіс беті қалыптасқан шөміштерді жылжытуға жол берілмейді. Шөміште шойын қыртысын ою механикаландырылады және құю машинасында шөміштерді жөндеу депосында немесе арнайы бөлінген орындарда орындауға болады. Қыртысы оттегімен күйдіруге рұқсат етіледі.

170. Ағызу алдында шөміш тасуын толтыруда металл қабылдағыш орталықтарға оның бағыталуы мен шашылуы болмаған кезде шойын ағыншалары бір қалыпты қамтамасыз етіледі. Құю машиналарымен шойынды құю кезінде қызмет көрсетуге байланысты емес адамдардың алаңда болуына жол берілмейді.

171. Құю машиналарының астауларына шойынды ағызу үшін шөмішті аудару баяу және бір қалыпты жүргізіледі. Шойынды мульдаларға құюға жол берілмейді.

172. Шойындарды ерітінділермен жабылған құрғақ астауларға ағызу жүргізіледі. Шойындарды шойынмен пісірілген жарылған және әктасты ерітіндімен толық жабылмаған астауларға құюға жол берілмейді.

173. Шашырағыш бүйірлердің форсункаларын ауыстыру немесе тазалау оларға бу мен ауаны жіберуді тоқтатқаннан кейін жүргізіледі.

174. Құйымдарды суыту олардың толық қатуын қамтамасыз етеді. Астаулардағы құйымдарды суыту үшін берілген су механикалық қоспалардан тазартылады.

Машиналар таспасына судың ағынын реттеу және жабу үшін бұрандаларды орнатуға жол берілмейді. Олардың орналасуы қызмет көрсететін қызметкерлердің ыстық сумен немесе бумен күйіп қалуы мүмкіншілігін болдырмайды.

175. Лақтыратын науаларда тұрып қалған құйымдарды төменнен тазарту жүргізуге жол берілмейді.

176. Жолдарды оларға құлап қалған құйымдардан жинау құю машиналарын тоқтатқаннан кейін жүргізіледі.

Құю машиналарын машина астынан металл қалдықтарынан тазарту механикаландырылады. Қалдықтарды қолмен жинауға машинаны тоқтатқан кезде рұқсат етіледі. Жинау алдында барлық астаулардан тұрып қалған құйымдар соққылап түсіріледі.

177. Платформаларда қалдықтарды контейнерлерге тиеу үшін орнатылған немесе 400 мм биіктіктен кем емес бүйірлі теміржол платформаларында жүргізіледі.

Платформаларды ауыстыру уақытында оларды құйымдармен толтыру үшін құю машиналары тоқтатылады. Толтырылған платформаларды қозғалту локомотивпен немесе дистанциондық басқарылатын механикалық құралдарының көмегімен жүргізіледі. Тиелетін вагондардың жанында, құю машиналарының жұмыс уақытында адамдардың болуына жол берілмейді.

178. Құю машинасында қызмет көрсететін құюшылар беттерін жылу сәулесіне және металл ұшқынынан қорғау үшін көрінетін қалқандармен қамтамасыз етіледі.

179. Құю машиналарының жұмысының уақытында оларды қарау және жөндеуге, таспа бойынша адамдардың қозғалуына жол берілмейді.



14. Суық шойын қоймалары
180. Құйымдарды тиеу, түсіру және жинастыру бойынша жұмыстар механикаландырылады. Электромагнит крандары зонасына кіруге жол берілмейді. Чушкалар штабельдерінен теміржол рельстері аралықтарындағы арақашықтық құрамдардың жақындау ауқымдарынан кем болмайды.

181. Қоймалар қозғалмалы кабиналары бар крандармен жабдықталады. Жылдың суық мерзімінде крандар кабиналары жылытылады. Қоймада контейнерлер бар болған жағдайда олардың ашылуы механикаландырылуы қарастырылады.

182. Суық шойынның кран астындағы жолдары өту галереяларымен жабдықталады.

183. Шойын қоймасы аумағында маневрлеу жұмыстарын жүргізу кезінде жүк көтеру крандарымен жұмыс істеуге жол берілмейді.



16. Көмекші нысандар
184. Отқа төзімді массалар дайындау бөлімшесі:

1) барлық агрегаттардың қырық аяқтарын, мойынтіректерін және басқа да бөлшектерін майлау орталықтандырылып жүргізіледі немесе бүршіктері оңай алынатын және қауіпсіз жерге шығарылған майлағыштар көмегімен жүзеге асырылады. Белдікті берілістер, қырық аяқтар, агрегаттардың жалғағыш муфталары (жүгіргіштер, элеваторлар, араластырғыштар, тағы сол сияқты) қоршалады.

2) жүгіргіштер сырғанағыштардың үстіне дейін қоршалады. Жүгіргіштерге материалдарды тиеу және одан түсірудің механикаландырылуы қарастырылады. Шнекті және білікті типті араластырғыштарда тиеу воронкасының үстінде сақтандыру торымен жабдықталады;

3) жүгіргіштерді, тостағандарды тазалау, жүгіргіштер жұмыс істеп тұрған кезде сынамаға масса алуға жол берілмейді;

4) пештерге отқа төзімді масса жеткізу контейнерлерде немесе қорапшаларда жүргізіледі. Оларды тиеу және түсірудің механикаландырылуы қаралады.

Домна пештеріне отқа төзімді массаны жеткізу кезінде оған атмосфералық жауын-шашынның тиюіне жол берілмейді;

5) отқа төзімді массаны дайындау бөлімінің жұмыскерлері қорғаныш көзілдіріктерімен және дененің ашық бөлігін қорғау үшін және ішкі органдарды улы заттар ықпалынан қорғау үшін арнайы құралдармен қамтамасыз етіледі;

Шаң түзілу орындарынан сорылып алынған ауаны тазалаумен аспирация қарастырылады. Ауа алмастырғыш жұмыс істемей тұрған кезде төрт білікті ұсатқыштың және сусыз лента массалы араластырғышпен жұмыс істеуге жол берілмейді;

6) құрамында концерогені бар шикізаттар мен материалдарды бөлімше ғимаратында сақтауға жол берілмейді;

7) таскөмірлі буланған шайырды қыздыру арнайы жабдықталған ыдыста дайындау ғимаратының сыртында жүргізіледі. Дайындау ғимаратына шайыр өткізгіш арқылы шайыр беру булы спутникпен жабдықталады.

185. Жөндеу және шөміштерді астарлау депосы:

1) шөміштерді жөндеу арнайы ғимаратта жүргізіледі. Кірпіш, ерітінді және басқа да материалдарды шөміштерді жөндеу ғимаратына және жұмыс орындарына беру механикаландырылуы қаралады. Ғимараттың жанына бөлшектерді скрапты және қоқыстарды үйіп қоюға жол берілмейді;

2) қож тасымалдағыштарды жөндеу депосы болмаған кезде оларды жөндеу арнайы бөлінген теміржол тупиктерінде жүргізуге рұқсат етіледі. Бұл тупиктер жүк көтеру механизмдерімен және шөміштерді жылжыту механизмдерімен жабдықталады. Жылжыту механизмдерінің электр қозғалтқыштары желіге иілгіш шлангылы кабель көмегімен жалғанады. Шөміштерді жөндеу орыны теміржолдарда жөнделетін шөміштерден 15 м артық орналасқан дабыл бергіш қалқандармен қоршалады. Жөнделетін шөміштердің автожалғауыштары аралығындағы арақашықтық 2 м кем емес болады;

3) шойын тасымалдау шөміштерін ыстықтай жөндеу бөлімінде жұмыс алаңы қарастырылады;

4) депо бөлмелерінде шөміштерді жөндеу үшін, стендтер немесе биіктігі 0,8 м кем емес тегіс баръерлермен қоршалған орлар қарастырылады. Шөміштің және шұңқыр қабырғаларының арасындағы кеңістік берік және орнықты төсеулермен жабылады;

5) жөндеу алдында шөміш жиындардан тазартылады және суытылады. Шөміштегі ауаның температурасы 400 С артық емес. Астарды сындыру қолмен үстінен астына қарай жүргізіледі. Шөміштерден астар және скрапты жоюдың механикаландырылуы қарастырылады Шөміштерді жиындар мен қоқыстан тазарту арнайы стендтерде жүргізіледі;

6) шаңның түзілуін азайту үшін ұрылған астар сумен шайылады;

7) шөміш шөгіндерін 1,5 м жоғарыда қалау рештовкаларымен орындалады. Шөмішке жұмысшыларды жіберу үшін шөміштің төбесіне іліну үшін ілгіші бар баспалдақтар қолданылады. Шөміштерге зиянды материалдармен жұмыс кезінде, астарды қалау кезінде шөмішке суық уақытта жылытатын таза ауа жіберіледі.

186. Шөміштерді жөндегеннен кейін мұқият кептіріледі. Шөмішті кептіру ережеге сай бөлмеден тыс жүргізіледі. Шөміштерді кептіру кезінде бөлмелер қабырғалары сорғыш желдеткіштермен жабдықталады.

187. Шойын таситын шөміштердің лафеттері жиындардан және қоқыстардан жүйелі тазартылып тұрады.

188. Шаң шығаратын орындар жабық және олардың тазартылуымен ауаны сору қамтамасыз етіледі.

189. Отқа төзімді массаны дайындау бойынша жұмысшы бөлімдер дененің ашық телімдеріне улы шайырдың жерінен қорғау үшін арнайы құралдармен және қорғағыш көзілдіріктермен қамтамасыз етіледі.

190. Шойын таситын шөміштердің тас көмірлі шайырды сіңдіріп алуы бөлмеден тыс жүргізіледі. Шойын таситын шөміштерге тас көмір шайырларын құю 1500С кем емес астар температурасы кезінде жүргізілуге рұқсат етіледі. Шайырды қотару кезінде шөміштерге 15 м жақын тұруға жол берілмейді.


16. Байланыс, дабыл беру және бақылау-өлшеу аспаптары
191. Жұмыс істеп тұрған пешті басқарудың бөлмесі телефон байланысымен, алға және кері жарық-дыбыстық дабыл бергіштермен, ауалық станциялардан, сонымен бірге газ шаруашылығының орталық диспетчерлік пунктімен (ОДП) тікелей телефон байланысы, газдан қорғайтын ұйымдардың, домна цехын диспетчермен және сумен қамтамасыз ету цехтарымен байланысатын телефон байланысымен жабдықталады.

Домна пештерінің басқару бөлмелері, келесі пунктерден тұратын екі жақты дыбыс күшейткіш байланысымен жабдықталады:

1) электр пушкаларын басқару пульттері, домна цехы диспетчерімен;

2) ауа жылытқыштардың жұмыс алаңдарымен;

3) домна пешін құю ауласымен;

4) шихта берудің Б постымен;

5) скипті лебедканы басқару пультімен;

6) ішкі құрам жіберудің конвейерлерінің, домна цехының барлық телімдеріне телефон арқылы қосылған іздеуші дыбыс күшейткіш байланысын басқару пульті.

192. Айырғыш-барабандардың арматурасы галереялары мен ғимараттарында бумен суыту жүйелерінде пешті басқару бөлмесімен тікелей байланыс аппараты және автоматтандырылған телефон байланысы (АТБ) орнатылады.

193. Домна пешін басқару бөлмесіндегі микроклимат санитарлық нормалардың талабына сай болады.

194. Пештер үшін пешті басқару бөлмесіне газ өткізгіш құбырларды кіргізу қажеттілігіне электрлік датчикті газ өлшегіш аспаптар қолданылады.

195. Электр датчиктері арнайы бөлмелерде немесе тығыздалған шкафтарда орналастырылады. Датчиктердің бөлмесі бөлек тұруы мүмкін. Сонымен қатар ғимараттарға қосып салынған ғимарат тәрізді, құю ауданы, ауа қыздырғыштары сияқты болады.

196. Пештерді басқару, пушкаларды және қалқаншаны «снорт» басқару бөлмесі және екеуден кем емес шығу есігімен жабдықталады.

197. Домна цехтарының диспетчерлік пункттері өндірістік теледидармен, домна пешінің нысандары мен байланыс құралдарымен және дабыл бергіштермен жабдықталады.

198. Домна пешінің басқада ғимараттары және ауа қыздырғыштары, домна пештері технологиялық үрдістерді қауіпсіз кіргізуді қамтамасыз ететін дабыл бергіштермен және блокировкалармен, бақылау-өлшеу құралдармен жабдықталады.

199. Блокировкалар, бақылау-өлшеу құралдар және дабыл бергіштер техникалық басшы бекіткен кесте бойынша тексеріледі.



17. Аспаптар және автоматика
200. Пайдаланатын барлық өлшегіштер және дабыл беру құралдары ұйымның техникалық басшысы бекіткен кестеге сай нормативтік-техникалық құжаттарының кестесіне сәйкес ведомствалық және мемлекеттік тексерулерге жатады.

201. Домна пеші технологиялық үрдістерді бақылау, басқару және диагностикалаудың автоматтандырылған жүйесімен (ТҮ АБЖ) жабдықталады.

ТҮ АБЖ-не заманауи дисплейлік микропроцессорлық техника базасында келесі кішігірім жүйелер енеді:

1) шихталар қорын басқару және бақылау;

2) шихтаның салмағын мөлшерлеуіш;

3) шихтаны беру және тиеу құрылғысының механизмдерін бағдарламалық басқару;

4) аралық бункерлерде және тиегіш құрылғылардың қысымының түсуін реттейтін шихта массасын бақылау;

5) пешке шихтаны салу деңгейін реттеу және бақылау;

6) колошник газдардың жоғарғы және төменгі қысымын реттеу және бақылау;

7) колошник газдарының шығуын және температурасын, құрамын бақылау;

8) пештегі қысымның статикалық төмендеуін бақылау;

9) суытылатын судың параметрінің диагностикалары;

10) бүркеніштердің және көріктік қалауда және пештабандарының температурасының диагностикалары;

11) ауа үргіштердің жанып кетуінің диагностикасы;

12) көрікте сұйық өнімдердің жиналуын және олардың шығуының кестесінің деңгейінің диагностикасы;

13) ағын өзектерінің жағдайының диагностикасы және оларды балшықпен толтыру;

14) пештердің тиегіш құрылғыларынан лақтырылатын колошник газдарды тазалау құралдарын басқару және бақылау;

15) суық үрудің шығынын реттеу және бақылау;

16) үрлегіштер бойынша табиғи газдардың мазуты, имульсияларды және көмір шаңдарын реттеу және бақылау;

17) үрлеудің ылғалдылығын және ондағы оттегінің мөлшерінің температурасын реттеу және бақылау;

18) күмбездер астының зонасының және жану камерасының ауа қыздырғыштардың температурасын реттеу және бақылау;

19) жылу газдарының және ауаның жануының параметрлерін реттеу және басқару;

20) қыздырғыштарда ұшқынның болуының диагностикасы;

21) ауа қыздырғыштарының кететін газдарының температурасын және құрамын бақылау;

22) домна пешінің түйіршіктеу кезінде параметрлерді орнатуды реттеу және бақылау;

23) пештердің жұмыс орындарындағы экологиялық жағдайлардың диагностикасы.

202. Домна пештерін басқару бөлмесіндегі микроклиматтары, шихта жіберулері ауа қыздырғыштардың және ЭЕМ техникалық және санитарлық нормаларға сәйкес сақталып тұрады. Бұл бөлмелерге газ келтіруші құбырларды кіргізуге жол берілмейді. Алғашқы газ өлшегіш құралдар бақылау - өлшеу аспаптары (бұдан әрі-БӨА) ғимаратында орнатылады. Бұл аспаптарда электрондық есептеу машинасына (ЭЕМ) ақпараттарды кіргізудің сандық немесе электрлік аналогін немесе екінші рет реттеу құралдарын көрсететін арнайы құралдары болады. Бірінші реттік датчиктердің ғимараты бөлек тұруы мүмкін, сонымен қатар поддоменниктер ғимаратына, құю аулаларына, ауа қыздырғыштар тағы сол сияқты қатарынан орнатылуы мүмкін. Басқару пульті және БӨА газ қауіпті ғимараттары оттегі оксиді құрамына газ талдағыштармен жабдықталады.

203. Пешті басқару бөлмелері ЭЕМ, шойын леткасын түсіру машинасымен (ШЛТМ) қожды домналық түйіршіктеу кезінде қондырғымен және «снорт» клапанымен басқару орнында кем дегенде екі шығу есігімен жабдықталады.



18. Механикаландыру
204. Домна пештері мынадай механикаландыру құралдарымен жабдықталады:

1) құю ауаларындағы жұмыс үшін қосымша құралдары бар крандармен;

2) жоғары қуатты кіші ауқымды пушкалар гидрожетектері;

3) шойын ағынөзектерін толтыру және ашу үшін кіші ауқымды машиналар кешенімен;

4) науаларды жөндеу үшін ауыстырылатын кешенді қондырғылары бар машиналар;

5) шойын ағынөзектерінің қораптарын жөндеу және тығыздау, толтыру типті машиналары;

6) үрлеуіш құралдарының жігін ауыстыру үшін машинлармен;

7) қалдықтарды жинау үшін өзі тиегіш бір арқанды грейфермен;

8) кіші жүктерді ауыстыру үшін құю ауаларында толтырылған көліктік құралдармен;

9) бөлмелердегі шаңдарды және шихта жіберу галереяларындағы құмдарды жинау үшін өндірістік сорғыштармен;

10) конвейерлік таспалардағы тазалау және шаңдарды сүрту механизмдерімен.

19. Домна цехтарының электр жабдықтары
205. Электрқұрылғылары және оны пайдалану сәйкестендірілу қажет.

206. Домна цехтарын электрмен жабдықтау бірінші санат бойынша ЭБЕ талаптарына сәйкес орындалады.

207. Сымдармен және қапталмаған кабельдерге өндірістік бөлмелерде болат құбырлар орнатылады.

208. Пештердің жұмыс алаңдарының ішкі қабырғаларына тартылған кабель трассалары металдар мен газдардың тікелей шашырауынан қорғалады.

209. Машиналар залдарының және тарату құрылғылар бөлмесіне таза ауа жіберетін ауа алмастырғыштар және суық уақытта қыздыратын жабдықтармен жарақтанады. Бұл бөлмелердегі ауа алмастырғыштар ауаның қысымын қажетінше қамтамасыз етеді.

210. Құю машиналары құрылғыларының бөлу бөлмелерінің және ауа қыздырғыштарының қабырғалары жылудан оқшауландырылған.

211. Пештердің машиналар залы электр жабдықтары және лебедкалар қондырғылар орындары шынылы қалқандармен бөлінеді.

212. Электрлік жабдықтарының барлық оқшауланбаған тоқ жетегінің бөлімдері, электрлік техникалық бөлмелерден тыс орнатылған бөлмелер арнайы кілтпен немесе құралдардың көмегімен ашатын және жабатын қоршаулармен жабдықталады.

213. Қызметкерлердің ауысымдағы қызметтегілері үшін (электриктер, механиктер) желдетумен, жылумен, цех диспетчерімен байланысу және АТЖ байланысуға тікелей телефон байланысымен жабдықталған ғимарат қарастырылады.

214. Пештерде тельферлер және ауа жылытқыштардың кран-балкаларында қауіпсіз қызмет көрсету алаңдар орнатылады.

215. Массасы 80 кг асатын электр қозғалтқыштарды ауыстыру және жөндеу үшін жүк көтергіш құралдар қарастырылады.

216. Пештер шахтасында орналасқан алаңдарда зерттеу жұмыстары үшін электр жабдықтары оларға судың және шихта материалдарының тиюінен қорғалады.

217. Домна цехтарының ғимараттары және үймереттері найзағайдан қорғағыштармен жабдықталады.
20. Радиоактивті заттарды қолдану
218. Домна өндірісінде радиоактивті заттарды қолдану технологиялық регламент бойынша жүзеге асырылады.

219. Радиоактивті заттары бар жұмыстар тасымалдау, сақтау және есепке алу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылы 31 қаңтарда № 97 бұйрығымен бекітілген радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша Санитарлық ережелер және нормалар талаптарын сақтаумен жүргізіледі.

220. Радиоактивті заттарды таңдау және салу зерттелетін нысан қызметінің уақытын жөндеуді бастаумен салынған заттар активтігі нормадан асып кетпейтіндей есептеумен жүргізіледі.

Зерттелініп жатқан нысанды радиоактивті заттардың жартылай ыдырау уақытынан бұрын жөндеу жүргізілсе арнайы құралдар (қорғаушы экрандар, материалдарды алу үшін манипуляторлар) және қорғау шараларын қолданылады.

Радиоактивті препараттарды салудың реттері мен әдістері санитарлық бақылау органдарының келісуі бойынша ұйымның техникалық басшысымен әзірленеді және бекітіледі.

221. Пешті радиоактивті заттар түскен астарын оның күйігін бақылау үшін бөлшектегенде қопару жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді. Астарлардан ластанған радиоактивті заттарды тазалау шабу жолымен ауаны радиоактивті шаңмен ластануынан сақтау шараларымен жүргізіледі.

Радиоактивті шаңмен ластанған алынып тасталған астарды радиоактивтік қалдықтарға арналған конвейерлерге жинайды да көму пункттеріне жөнелтеді.

222. Пеш қаламаларына радиоактивтікті өлшеуге арналған есептегіштерді енгізумен шойындардың қождардың бұзуын немесе газдардың шығуына жол берілмейді. Радиоактивті препараттар пеш қаламасына сұйық шойынмен жанасқанда балқитын металл қаптамада пеш қаламасына салынады.

223. Балқыту өнімдеріндегі радиоактивті заттардың ерітілуімен байланысты жұмыстарды жүргізу кезінде адамдардың радиоактивті металдармен және қож дозаларымен сәулеге тиіспеуге қарсы шаралар қолданылады. Бұл үшін радиоактивті заттарды балқыту өнімдеріне еңдіруге олардың қосындылары және максималды белсенділігі есептеліп анықталады.

224. Балқыту өнімдерін еріту үшін зауыттан шығатын дайын өнімнің өнімге қарағанда жартылай бұзылатын заттардың тез бұзылуының есебінен қолданылады. Сәуле түсіру түрлеріне байланысты бөлшектерінің үлкен энергиясы бар бета-активті заттарға үлкен көңіл бөлінеді.

225. Зауыттан шығатын құрамында радиоактивті заттары бар металдар мен қождар дозиметрлік құралдарымен бақыланады. Бұл материалдардың радиоактивті заттарының қоспасын табу кезінде оларды радиоактивті қалдықтар сияқты көмуге дайындайды.

226. Радиоактивті заттарды бақылаушы құраладрды орнату кезінде жұмыс орындарында санитарлық норма жіберген радиация деңгейін қамтамасыз етуіне сәйкес қоғаныстар қарастырылады.

227. Сыртқы радиоактивті сәулелендірудің мүмкін болатын барлық түрлері радиоактивтік препаратты салуорнынан дозиметрлік аспаптармен бақыланады.

228. Радиоактивті изатоптармен жұмыс істейтін қызметкерлер жұмысқа арнайы оқудан өткеннен кейін жіберіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет