Досаева Б. Т., Койшыбаев Н., Жаугашева С. А


Пысықтауға арналған сұрақтар



бет91/137
Дата08.12.2023
өлшемі4.06 Mb.
#485902
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   137
annotation81765

Пысықтауға арналған сұрақтар:

  1. Ішкі энергия. Жылу мөлшері жəне термодинамикалық жұмыс.

  2. Идеал газдың жылусыйымдылығы. Карно циклі. Карно теоремасы

  3. Пайдалы əсер коэффициенті. Термодинамиканың екінші бастамасы.

  4. Изопроцесстер жəне олардың графиктері.

  5. Термодинамиканың бірінші бастамасы.

3. Электродинамика




3.1. Электростатика
3.1.1.Электр өрісі




Электр зарядтарының екі түрі болады. Бұған мынандай тәжірибемен көз жеткізуге болады. Пластмассадан жасалған сызғышты алып, оны ортасынан жіпке іліп қояйық та, жақсылап матамен ысқылайық. Осыдан оған электрленген басқа сызғышты жақындатсақ, онда олардың бір-бірімен тебілетіндігін байқаймыз (3.1, а-сурет). Дәл осылай электрленген шыны таяқшаға екінші таяқшаны жақындатсақ та, олардың бір-бірімен тебілгенін байқар едік. (3.1, б-сурет). Егерде зарядталған шыны таяқты электрленген пластмасса сызғышқа жақындатсақ, онда олар тартылады (3.1,в-сурет). Сызғыштың зарядының таяқ зарядынан басқа болатындығы анық. Тәжірибе көрсеткендей, электрленген денелер екі категорияға бөлінеді: олар пластмассаға тартылып, шыныдан тебіледі, не пластмассадан тебіліп, шыныға тартылады. Зарядтардың тек екі түрінің болуы ғана анық, тектес зарядтар тебіледі де, әртекті зарядтар тартылады. Б. Франклин (1706–1790) оларды оң және теріс заряд деп атады. Келісім бойынша зарядталған шыны таяқтың зарядын оң деп санайды. Міне сонда пластмасса сызғышта пайда болатын заряд теріс болады.
Электр зарядтарының арасындағы өзара әрекеттесу күшін, сол тәрізді зарядталған денелердің арасындағы өзара әрекеттесу күштерін электр күштері деп атайды. Шамасы жағынан бірдей, бірақ түрліше зарядтармен зарядталған денелер жанасқанда екі дененің де электрлік қасиеттерінің жоғалуы нейтралдану деп аталады. Тәжірибе көрсеткендей, нейтралдану процесі кезінде зарядтар жоғалып кетпейді екен, олар тек денелердің арасында бар жоғын байқалтпайтын түрде таралады. Осы кезде денелерде оң және теріс зарядтардың бірдей саны болады деп ұйғару табиғи нәрсе.
Егер жанасатын денелерде әртекті зарядтардың бірдей саны болса, онда олардың өзара электр нейтралданатынын айттық. Ал егер жанасатын денелерде басында шама жағынан түрліше зарядтар болған болса, онда олардың жанасуы кезінде қарама-қарсы таңбалы зарядтардың бірдей саны нейтралданады да, қалған бас артық заряд екі дененің арасында бөлініп, олар бір-бірінен тебіле бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет