Досанова м. М


Пайдаланған әдебиеттер тізімі



бет18/36
Дата12.07.2023
өлшемі291.24 Kb.
#475640
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   36
ОФПД лекция жинағы

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.Алдамұратов Ә. Жалпы психология . - Алматы:Білім, 1996
2.Жарықбаев Қ.Б. Психология. Алматы: Мектеп, 1982
3.Жарықбаев Қ.Б. Жантану негіздері: оқулық. - Алматы, 2002
4.Намазбаева Ж.И. Психология: оқулық. - Алматы 2005

9-лекция

Лекция сабағының тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының танымдық процестерінің дамуы

Сабақ жоспары:

  1. Когнитивті даму: қабылдау және ес

  2. Когнитивті даму: ойлау мен қиял

Сабақтың мақсаты: Бастауыш сынып оқышыларының танымдық процестерінің дамуын қарастырып, талқылау

Когнитивті даму дегеніміз - адам баласы оған шындықты түсіндіруге мүмкіндік беретін дағдыларды игеретін барлық процестер және онымен тиімді қарым-қатынас жасау. Сондықтан когнитивті немесе когнитивті даму интеллектуалды қабілеттер эволюциясы ретінде түсініледі, оның ішінде интеллект ең маңыздыларының бірі болып табылады.
1. Дамудың когнитивті теориясы (Ж.Пиаже)
Жан Пиаже адам бірнеше негізгі кезеңдерді басынан өткеретін когнитивтік даму теориясын тұжырды.
Сенсомоторлық интеллект кезеңі (туған кезден бастап екі жасқа дейін). Бұл жаста баланың айналасымен қозғалыс және перцептивтік тұрғыдағы әрекеттестігі дамиды. Бұл кезеңде оның қабылеті заттармен тікелей қарым-қатынасқа түсуге ғана жетеді және символдармен немесе ішкі ойымен әрекеттесе алмайды.
Бұл кезең алты сатыға бөлінеді:
1. Туған сәттен бастап бір айға дейін. Бала туа біткен рефлекстерімен толықтай дерлік шектеліп тұрады.
2. Бір айдан төрт айға дейін. Рефлекстері өзгеріп, оларды көрген-білгені негізінде үйлестіріп отырады. Бала алғашқы дағдыларына машықтана бастайды.
3. Төрт айдан сегіз айға дейін. Бұрын кездейсоқ істеліп келген, бірақ енді балаға қажет әрі қызық болатын қимыл-қозғалыстар қайталау арқылы ширай түседі. Іс-әрекеті сыртқы нысандарға көбірек бағытталады.
4. Сегіз айдан бір жасқа дейін. Әдейілеп істелетін әрекеттерінің пайда болуы, оларды координациялау және біріктіру. Мысалы, бала мақсатты әрекет ету үшін кедергіні жоюға қабылетті.
5. Бір жастан бір жарым жасқа дейін. Бала әрекеттерін әр түрлендіріп, олардың бір бірінен айырмашылығын бағамдайды. Былайша айтқанда, ол сынақтар жасап, жаңа әрекеттер мен құралдарды іздей бастайды.
6. Бір жарым жастан екі жасқа дейін. Бала сынақ-тәжірибелер арқылы ғана емес, сондай-ақ ойлану операциялары арқылы да жаңа әрекеттер мен құралдарды табады. Яғни, оның әрекет етуінен әрекетті ойша елестеткені көбірек.
Операционалдыға дейінгі елестету кезеңі (екі жастан жеті жасқа дейін). Бұл сенсомоторлық функиялардан елестету жұмысына өту. Бала белгіленетін заттан белгілеуді айыруды біледі және бұны пайдалана алады.
Бұл жаста балалардың эгоцентризмі дамып кетеді. Олар өз пікіріне сырттан көз сала алмайды, пайымдарын дәйектеуге, кереғарлықты іздеп, оларды жоюға тырыспайды. Бұл жастағы балалардың рефлексияға бейімділігі жоқ және өз ойлары жайында ойланып жатпайды. Сонымен қатар, осы жастағы балалар мінезіне центрация, яғни заттың ең көрнекті бір белгісіне сәп салып, басқа белгілерін елемей қою тән.
Нақты операциялар кезеңі (жеті жастан он бір жасқа дейін). Бала кейбір елестету әрекеттерін атқара алады, бірақ тек осы жаста оларды біріктіре, өзара үйлестіре, жүйелерді кұра бастайды. Бұл жай ғана ассоциативтік тұрғыда байланыстырудан гөрі көбірек мүмкіндіктер ашатын жаңа деңгей.
Бұл жастағы бала заттарды бірнеше белгісі бойынша топтастыруды және жіктемелеуді үйренеді.
Формалды операциялар кезеңі (он бір жастан он бес жасқа дейін). Бұл жастың негізгі ерекшелігі баланың гипотетикалық тұрғыда ойлап үйренетіндігінде, ол шынайы болмысты болуы мүмкін нәрсенің ішіндегі дербес жағдай деп қабылдайды.
Бала гипотетикалық-дедуктивтік тұрғыда ойлай бастайды. Басқаша айтқанда, ол бірқатар гипотезаларды тұжырымдап, алынған кері байланыс негізінде қалыптасып отырған шынайы жағдай туралы ой түйеді. Жасы кішірек балаларға қарағанда формалды операциялар кезеңінде жүрген баланың комбинацияларды жүйелі түрде тексеріп көріп отыруға қабылеті жетеді (кіші балалар бірнеше комбинациямен тоқтайды). Дарынды балалар формалды операциялар кезеңіне ертерек жетуі мүмкін.
Когнитивтік процестер әлемнен ақпараттарды алуға, қабылдауға, есте сақтауға, оны білімге айналдыруға көмектеседі. Сонымен қатар осы алынған ақпараттардың зейін мен мінез-құлыққа әсерін түсінуге ықпал жасайды. Қазіргі кездегі ақпарат легі толассыз ағылып жатқан уақытта дүниетанымы ғылыми сипатта қалыптаса бастаған балалардың когнитивтік процестерінің ерекшеліктерін зерттеу және оны дамыту өзекті мәселелердің бірі.
Зерттеулерді талдай келе, когнитивтік процестердің төмендегідей түрлерін көрсетеміз:

Когнитивтік әлеуеті жоғары тұлғаны қалыптастыру мектеп кезеңінен бастау алатыны белгілі. Психологиялық-педагогикалық зерттеулерді талдайтын болсақ, когнитивтік даму ең алдымен оқу пәндерінің мазмұны мен баяндалу қисынына тәуелді болып келеді. Мектептегі педагогикалық үдеріс білім жүйесін берумен және ғылыми таным әдістерімен қаруландырумен сипатталатын танымдықпен қатар, дамытушылық функцияны да жүзеге асыруы тиіс. Оқу әрекеті жетекші іс-әрекетке айналудың қарқынды кезеңі болып саналатын бастауыш сынып жасындағы балалардың когнитивтік дамуын қарастыратын зерттеулер баршылық. Зерттеулерде көрсетілгендей когнитивтік, яғни танымдық процестер баланың психикалық дамуының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Сонымен қатар ақыл-ой қабілеті қалыптасуының негізі ретінде алға шығады. Бастауыш сынып жасындағы балалардың жетекші оқу әрекеті арқылы теориялық ойлау және әрекеттің ішкі жоспары қалыптасады. Осы жас кезеңінің соңына қарай шындыққа теориялық, когнитивтік қатынас танытатын, танымдық міндеттерді шешетін, ең болмағанда білгіліден белгісізді ажырата алатын жеке оқу әрекеті қалыптасуы тиіс. Жалпы бастауыш сынып жасындағы балаларды жаппай оқыту оқу әрекетін қалыптастыруға бағытталады, ал когнитивтік даму өз деңгейіне жетпей қалып жататыны белгілі. Бүгінгі білім беру мазмұнының басты сипаттарының бірі баланы оқыту арқылы өзбетінше оқу әрекетіне қарай бағыттау болып табылады. Айта кететін жайт, дәстүрлі білім беру жүйесінде мұғалім оқушы әрекетінің жалпы тәсілдерінде қалыптасатын жеке оқу әрекетін орындауға жиі назар аударады.
Бастауыш сынып жасындағы балалардыңпсихикалық процестерінің жоғары деңгейге өтуімен когнитивтік аймақ дамуының ерекшеліктері байланысты болып табылады. Бұл ең алдымен көптеген психикалық процестер (қабылдау, зейін, ес) өтуінде, сонымен қатар ойлаудың абстрактілі-логикалық формасы мен оны жазу тіліне үйретуде көрінеді. Бастауыш сынып жасындағы балалардың когнитивтік процестерінің даму ерекшеліктеріне қысқаша тоқталып өтеміз. Көптеген зерттеулерде көрсетілгендей алғашындабастауыш сынып жасындағы балаларда көрнекі-әрекеттік, кейіннен (2,3 сыныптарда) абстрактілі-логикалық ойлауы басым болады. Осы жас кезеңінде баланың ырықсыз есте сақтау естің негізгі түріне айналады, мнемикалық процестердің құрылымы өзгереді.
Баланың интеллектік дамуындағы бетбұрысты кезең психологиялық мазмұны бойынша бастауыш сынып жасы болып табылады. Бұл жас кезеңінде логикалық ойлау дамиды. Баланың ақыл операциялары дамуға қол жеткізеді, яғни түрлі ұғымдарды қалыптастыра бастайды. Когнитивтік процестердің ішінде қабылдаудың дамуы білім қорын жинақтаудың қайнар көздерінің бірі болып табылады. Бастауыш сынып жасында бала әріптерді, олардан күрделі құрылымдарды біріктіретін сөзді, сөйлемнен нақты мағыналарды қабылдайды. Бастауыш сынып жасындағы балалардың зейінінің дамуы ырықты бола бастайды. Дегенмен әсіресе, бастауыш сынып жасындағы балалар зейінінің ырықтыға ұзақ уақыт бойы ырықсыз түрі бәсекелес болып қала береді. Бала зейінінің белгілі бір қасиеттері, ауыспалылығы және шоғырлануы, сонымен қатар ырықты түрінің дамуы жүзеге асады. Бастауыш сынып жасындағы балалардың ырықты зейінінің дамуында мектеп пен оқу үдерісі маңызды рөлге ие. Ерекше айта кететін жайттардың бірі баланың жаңа білімді игеруінде естің рөлі зор. Мектепке келгеннен кейін бала тек өзі есте сақтағысы келетіні мен қызығатындарын ғана емес, мектеп бағдарламасы талап ететіндерді жадта ұстауына тура келеді.
Бастауыш сынып жасындағы балалардың когнитивтікерекшеліктерінің бірі механикалық ес тез, ал сөздік-логикалық баяу дамитындығы болып табылады. Бастауыш сынып жасындағы балалардың когнитивті аймағының негізгі ерекшелігі психикалық танымдық процестерінің жоғары деңгейге өтуі болып табылады. Бұл ең алдымен жоғарыда атап кеткендей көптеген психикалық процестер (қабылдау, зейін, ес, елестету) ағымының еріктілік сипатында, сонымен қатар ойлаудың абстрактілік логикалық формасы мен жазбаша сөйлеу қалыптасуында көрініс береді. Бұл жас кезеңінде балалар біршама қарапайым ой қорытындысын жасай алады. Дегенмен бастауыш сынып жасындағы балалардың қолданатын ақыл операциялары ересектердің формальді тәсілдерінен әлдеқайда алыс болары сөзсіз. Айта кететін жайт бастауыш сынып жасындағы балалар әрекеттің ішкі жоспары, «ақыл» әрекетіне бағдарлана алу қабілетіне ие.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет