Двигательдiң жұмыс iстеу кезiнде оның қозғалатын бөлшектерi өте күрделi қозғалыстар жасайды. Сол кезде олар әрi қозғалмайтын бөлшектерге жанасып үйкелiседi, әрi өзара жанасып үйкелiседi



бет3/4
Дата17.10.2023
өлшемі2.74 Mb.
#480906
1   2   3   4
Лекция7 Майлау және салқындату жүйесі

Iрi сүзгi үшiн көбiнесе металл сымнан жасалған торлар немесе араларында саңылау қалатын металл пластинкалар қолданылады. Сонда тордан немесе өте тар саңылаудан май насос қысымымен өткен кезде, оның iшiнде iрi механикалық қоспалар сүзiлiп, май тазартылады.
  • Майда сүзгi есебiнде көбiнесе реактивтi центрифуга пайдаланылады. Оның жұмыс принципi ортадан тепкiш күшке негiзделген. Сол үшiн оның айналатын бөлiгi болады. Оны ротор деп атайды
  • Трактор двигателдерiнiң майлау жүйесiне май насосы, iшiнара және мұқият тазарту сүзгiлерi және сол сияқты қысым реттеуiш, қайта жiберетiн, төгетiн клапандар мен радиатор клапандары кiредi. Май насосы майлау жүйесiне қысым мен майды берiп тұру қызметiн атқарады. Майлау жүйесiне өтетiн майлар iшiнара және мұқият тазартатын сүзгiлер арқылы толық тазаланып берiледi
  • Мотор детальдарының қажалатын беттерi қаншама жақсы өңделгенiмен бұдыры болады. Құрғақ үйкелiс бөлшектердi тез қыздырып, олардың ерте тоздырады. Үйкелiс күшiн азайту, бөлшектi салқындату мақсатында қажалатын беттердiң арасын майлау қажет. Сұйықтық үйкелiс құрғақ үйкелiске қарағанда он еседей кем.
    • Суыту жүйесi
    • Двигатель жұмыс істеген кезде цилиндр ішінде жанған жанармай және осыдан 1800-3000 градусқа дейін қызған газ цилиндрлер кенересiн, поршень мен блок қалпақшасын қыздырады. Суыту жүйесi қызған бөлшектердi суыту үшiн қажет.
    • Двигатель бөлшектерiне берiлген жылу, олардың температураларын бiртiндеп көтере бередi. Егер сол жылуды бөлшектерден алып кетпесе, онда олар өте жоғарғы температураға дейiн қызып, өздерiнiң физикалық, механикалық қасиеттерiн нашарлатады, яғни олардың қаттылығы, берiктiгi, тозуға төзiмдiлiгi нашарлап, өте ұлғаюдың салдарынан алғашқы дәлдiкпен қойылған мөлшерлерi өзгерiп кетедi. Оның үстiне, оларға жағылатын май қабаттары күйiп, олардың беттерiнде күйе түзедi де барлық жұмыс процесстерiнiң бұзылуына себебiн тигiзедi.
    • Сонымен суыту жүйесiнiң негiзгi қызметi, ол двигательдiң қызған бөлшектерiндегi артық жылуды сыртқа шығарып, қоршаған ортаға таратып жiберу болып табылады, яғни двигательдiң қызған бөлшектерiнен сыртқа жылу тасымалдайтын қондырғы болуы қажет. Осы тұрғыдан қарағанда двигательдердiң суыту жүйесi осы жылуды тасымалдайтын материалдың түрiне қарай екi түрге бөлiнедi. Оның бiрiншiсi ауа болса, екiншiсi сұйық болады. Олай болса двигательдер ауамен суытылатын немесе сұйықпен суытылатын болып екi түрге бөлiнедi және олардың құрылысы да әртүрлi болады
    1   2   3   4




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет