САЛҚЫНДАТУ ЖҮЙЕСІ - Салқындату жүйесі жану камерасының кенересін қатты қызудан қорғайды және цилиндрлерде қалыпты жылу режимін сақтайды.
- Двигательді ауамен салқындату
- Ауамен суыту жүйесінің жұмысы:
- 1-жағар май радиаторы; 2,3,4-ауа бағыттағыш қораптар; 5-цилиндрлер; 6-цилиндрлердің қосалқы қабырғалары; 7-ауа сыртқа шығатын каналдар; 8- термореттегіш; 9-желдеткіш; 10-бағыттағыш қалақшалар; 11-сору каналы.
- Ауамен суытылатын двигательдерде двигательдiң қызатын негiзгi бөлшегi цилиндр блогы мен оның басына арнаулы аралықтарынан ауа жүретiн етiп қабырғалар жасалады. Ол қабырғалар әрi суытылатын бөлшектiң ауамен жанасатын ауданын көбейтедi. Ендi сол қабырғалардың аралықтарынан сыртқы қоршаған ортадан арнаулы желдеткiш арқылы ауа үрлейдi. Үрленген ауа сол қабырғалардың аралап өткен кезде бөлшектерде артық жылуды өзiне қабылдап, әрi қарай сыртқы қоршаған ортаға шығып кетедi. Мұндай суыту жүйесi құрылысы жағынан өте қарапайым бола тұрса да, оның негiзгi кемшiлiгi сырттағы қоршаған ортаға тәуелдi жұмыс iстейдi. Көбiнесе жазғы ыстық кездерде двигательдi қалыпты жағдайға дейiн суыта алмайды. Сондықтанда мұндай суыту жүйелерi, қуаты аз кiшi-гiрiм двигательдерде қолданылады.
- Двигательдерде көбiне жабық суыту жүйесi қолданылады. Радиатор нығыз жабылады да, тек қысым өте жоғары немесе өте төмен болғанда ғана бу клапаны арқылы сыртқы атмосферамен қатысады. Оларда сұйықтықтың булануы шамалы ғана болады және судың температурасы жоғары болады. Сұйықтықтың жоғарғы температурасы двигательдің жұмысына қолайлы әсер етедi.
- Автомобильдердiң двигательдерiнде көпшiлiк жағдайда сұйықпен салқындататын жүйе қолданылады. Олардың да атқаратын қызметi жоғарғыдай бiрақ жылу тасымалдау үшiн арнаулы сұйық (су, антифриз, тосол) қолданылады.
- Сұйықпен суыту жүйесінің жұмыс схемасы:
- 1-төгу краны; 2-радиатор; 3-қосалқы қабырғалар; 4-бу түтігі; 5-радиатор қақпағы; 6-желдеткіш; 7-шкив; 8, 9, 15-жеңшелер; 10-термостат; 11, 12-су көйлегі; 13-термометр; 14- су насосы.
- Желдеткiш электродвигатель арқылы немесе муфта (ажыратқыш) арқылы айналатын двигательларда үш түрлi әдiспен суытылады.
- 1. Кiшi айналым - сұйық суық кезiнде (87градусқа дейін) термостат сұйықты радиаторға жiберетiн түтiктi жауып қалады .
- 2. Екiншiсi үлкен айналым - термостат сұйықты (87-102град) радиатор арқылы өткiзедi, желдеткiш айналмайды .
- 3. Үшiншi жағдайда (102град. жоғары) сұйық үлкен айналым арқылы суыйды, термостат желдеткiштi қосады .
- Ауамен салқындатылатын двигательдың қызып кетуi – желдеткiш ременiнiң бос керiлуiнен, майлануынан немесе тозуынан, желдеткiштiң қорғаныш торының, цилиндрлер аралығының және оның қалпақшасының бiтелуiнен болады.
- Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
- Майлау жүйесi қандай қызмет атқарады?
- Майлау жүйесiнiң жалпы құрылысын түсiндiрiңiз!
- Майлау жүйесiне қандай клапандар қойылған және олар қандай қызмет атқарады?
- Суыту жүйесi қандай қызмет атқарады?
- Суыту жүйесiнiң қандай түрлерi болады және олардың кемшiлiктерiн айтып берiңiз?
- Ауамен суыту жүйесi қалай жұмыс iстейдi?
Достарыңызбен бөлісу: |