Двигательдiң жұмыс iстеу кезiнде оның қозғалатын бөлшектерi өте күрделi қозғалыстар жасайды. Сол кезде олар әрi қозғалмайтын бөлшектерге жанасып үйкелiседi, әрi өзара жанасып үйкелiседi



бет2/4
Дата17.10.2023
өлшемі2.74 Mb.
#480906
1   2   3   4
Лекция7 Майлау және салқындату жүйесі

Мотор бөлшектерiн майлау үшiн арнайы жоғары сапалы мотор майы қолданылады. Iштен жанатын моторларға қолданылатын майдың қолайлы тұтқырлық, жақсы майлай алатын, тоттануға қарсы қасиетi болуы тиiс. Майдың пайдаланылу қасиетiн жақсарту мақсатында оған арнайы тұнба қосады.
  • Қазақстанда мотор майлары мұнай өңдейтiн заводтардан, Ресейден және алыс шет елден алынып келедң. әлiде А, Б, В, Г, Д, Е жiктеулi мотор майлары қолданылады. Жазда 10 ммг/с (сСт), қыста 8 мм2/с (сСт). Кинематикалық тұрақтылығы 100 град.сел. анықталады. М-10Г2 - мотор майы, 10 - кинематикалық тұрақтылық, Г - май тобы, 2-дизель моторына арналған.
  • Мотор майларын Castzol, ELF, Shell, Esso, AGIP т.б. шетел фирмалары шығарады. Мысалы 15W-40, 10W-30, 10W-40 майлары.
  • Мотордың сенiмдi жұмыс iстеуi көп жағдайда мотор майының тазалығына байланысты. Майда механикалық қоспалар мен су болмауы тиiс.
    • Майлайтын сұйық (көбiнесе двигательлық майлар) картер түбiне құйылып қойылады. Оның деңгейi белгiлi бiр мөлшерде болуға тиiс және оны арнаулы көрсеткiшпен (16) үнемi бақылап отырады. Ендi осы картер түбiндегi май арнаулы сүзгiмен жабдықталған қабылдағыш (6) арқылы май насосымен (7) сорылып алынады да қысыммен әрi қарай сүзгiлерге (1,10) жiберiледi.
    • Сүзгiлер екi түрлi болады: бiреуi iрi тазартқыш (10), екiншiсi майда тазартқыш (1). Сондықтанда олардың бір жүйеге қосылу тәсiлiне қарай толық немесе жартылай ағынды сүзгiлер деп түрлендiредi. Толық ағынды сүзгiлер жүйедегi насос (7) айдап шығарғын майды тұтас тазалайды, ал жартылай ағынды сүзгiлер түгел емес, бiр бөлiгiн ғана тазалап тұрады. Көбiнесе қазiргi двигательдерде iрi тазалағыштар (10) тұтас ағынды, ал майда сүзгiлер (1) жартылай ағынды болады.
    • Сүзгiден шыққан таза май бөлшектердi майлауға жiберiледi. Ол үшiн двигатель блогында магистралдық тесiк (12) жасалады. Сол магистралдық тесiктерден майланатын бөлшектерге де тесiктер жасалады. Сонда ондай бөлшектер қысыммен берiлген май арқылы майланады. Көбiнесе қысыммен майланатын бөлшектерге иiндi бiлiктiң тiрек және шатун мойындары (13),жұдырықша бiлiктердiң тiрек мойындары (14), күйентелердiң осьтерi (15) жатады. Одан басқа поршень мен цилиндр, клапандар, жұдырықшалар, поршень саусақтары сияқты бөлшектер шашыраған май тамшыларымен майланады. Иiндi бiлiк және тағы басқа айналатын бөлшектер майды шашып, картер iшiнде ұсақ май тамшыларынан тұман түзедi де, олар барып шашылып майланатын бөлшек беттерiне қонады.
    • Май насосы (7) үшiн көбiнесе шестернялы насос қойылады. Себебi ол сенiмдi жұмыс iстейдi және аз ғана айналыста жоғарғы қысым жасай алатын мүмкiндiгi бар.


    • Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет