Айырбас резонансты әсерлесу - Энергия тасымалдау үдерісінде донор мен акцептордың мультиплетті күйі бір уақытта өзгеруі мүмкін.
- Спиндік іріктеу ережесін донор мен акцептордың қозған және негізгі күйінің спиндік шамаларының еркін шамалары жағдайларына жалпылауға болады. Энергия тасымалдау тек жүйелердің толық спиннің сақталуы мен рұқсат етіледі (Вигнер ережесі)
- Моменттерді қосу ережесінен, жүйенің бастапқы күйінің қосындысының спині (донор қозған күйде, ал акцептор негізгі күйде) келесі мәнге ие:
- Сәулеленусіз энергия тасымалдануының мысалы айырбас – резонансты механизм және рұқсат етілетін спиндік іріктеу ережесі бойынша триплет - триплетті энергия тасымалы мен триплет - триплетті аннигиляция болып табылады.
- Тәжиребеде энергия тасымалдау үдерісінің келесі сипаттамасын өлшеуге болады.
- 1. Акцепторлар молекуласы бар немесе жоқ кезінде энергия доноры люминесценциясының кинетикасы
- а) қатты не сұйық ерітіндіде жарқырау өшуінің пішіні
- б) импульсті қоздыруы кезінде акцептор молекуласының әсері болған жағдайда донор молекуласының люминесценция ұзақтылығы.
- Люминесценция өшуінің орташа уақыты :
- Акцептор молекулалары бар кезіндегі донор люминесценциясының кванттық шығуының азаюы.
- Интенсивтілігі Jv(t) жарықпен қоздыру нәтижесінде люминесценцияның интенсивтілігі Iv(t), уақытқа байланысты өзгереді, ол мынаған пропорционал
- Бұл теңдеу дұрыс егер люминесценция жарығын шығыратың жүйе қанықпаған, яғни егер донордың қозған молекулалар саны қозбаған молекулалар санынан аз болса. Ұзақ тұрақты қоздыруда Jv(t)=const. Бұл жағдайда кванттық шығу тең
- Сәулеленусіз энергия тасымалдануының мысалы айырбас – резонансты механизм және рұқсат етілетін спиндік іріктеу ережесі бойынша триплет - триплетті энергия тасымалы мен триплет - триплетті аннигиляция болып табылады.
- Егер спиндік іріктеу ережесі сәулеленусіз энергия тасымалына рұқсат етпесе, онда ол бірқатар жағдайда аз ықтималдылықпен пайда болуы мүмкін. Спин күйі дәл кванттық сан емес, спин - орбитальды әсерлесу үшін дәл толқынды функцияда әрқашан басқа спинмен қоспа күйі болады. Сондықтан бұл жағдайдағы энергия тасымалының ықтималдылығы спин - орбитальды әсерлесуінің факторының квадратына пропорционал. Энергия тасымалының рұқсат етілмеген үдерісінің мысалы ретінде сұйық ерітінділеріндегі синглет триплетті және триплет синглетті үдерістері болып табылады.
|