Дєріс тезистері


Жаратылыстың табиғи күштері



Pdf көрінісі
бет30/217
Дата04.10.2023
өлшемі2.95 Mb.
#479808
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   217
ДШТӘ лекция

Жаратылыстың табиғи күштері (метеорологиялык факторлар) әсер ету 
заңдылықтарын біле отырып, дене жаттығуларының жоғары тиімділігіне 
жетудің қолайлы жағдайларын анықтауға мүмкіндік беретін факторлар тобын 
құрайды. Адам тұрақты түрде қоршаған ортамен ӛзара байланыста болып, сол 
ортаға бейімделіп ӛз әсерін тигізеді. Күннің сәулесі, ауа мен су температурасы, 
ылғалдылық, ауаның тазалығы, атмосфералық қысымның үнемі ӛзгеріп отыруы 
организмді физиологиялық және психологиялық ӛзгерістерге әкеледі. Осы 
айтылған жағдайлардың барлығы дене жаттығуларының тиімді жасалуына
адамның жұмыс кабілеті мен денсаулық жағдайының жақсаруына немесе 
тӛмендеуіне тікелей байланысты. Сол себептен де дене жаттығуларын 
орындаған кезде сыртқы факторлардың әсерін есепке алып отыру қажет. Дене 
тәрбиесі процесінде табиғаттың жаратылыс күшін (метеорологиялык 
факторлар) пайдалану екі бағытта жүзеге асырылады: а) табиғаттың жаратылыс 
күшін дене жаттығулары үшін қолайлы жағдайлар жасайтын кӛмекші фактор 
есебінде пайдалану. Оның себебі, олар адам организіміне әсер ететін қозғалыс 
тиімділігін күшейтеді және толықтырып отырады; ә) табиғаттың жаратылыстық 
әсері-ауа және су ваннасы, күн сәулесі арқылы шынығу және сауықтырудың 
тиісінше жеке дара кұралы есебінде пайдаланады. Еңбек және оқу қызметінің 
күн тәртібіне енгізілген бұл процедуралардың қолайлы әсері белсенді түрде 
демалу формасына жатады және қайта қалыпқа келу тиімділігін арттырады. 
Табиғаттың жаратылыс күшін тиімді пайдалану – басты талаптардың бірі, оны 


47 
жүйелі кешенді түрде дене жаттығуларымен байланыстыра отырып қолдану 
керек. Жаратылыстың табиғи күштері (күн, ауа, су) дене жаттығуларының 
организмге жағымды әсерін күшейтеді, адамның жұмыс қабілетін арттырады. 
Ауада немесе суда (жүзу) дене жаттығуларымен айналысу процесінде жеке 
органдар мен организм жүйелерінің қызмет ету мүмкіндіктері артады (оттегі 
кӛп сіңіріледі, зат алмасу күшейеді т. б.). Күн, ауа және су организмді 
шынықтыру үшін пайдаланылады, соның нәтижесінде адам организмі әртүрлі 
метеорологиялық ӛзгерістерді дер кезінде қиналмай қабылдау қабілетіне ие 
болады. Оның үстіне жаратылыстың табиғи күштерін дене жаттығуларымен 
үйлестіру шынығу тиімділігін арттырады. Жаратылыстың табиғи күштері 
дербес құрал ретінде де пайдаланыла береді, Су денені кірден тазалауға, қан 
тамырларын кеңейтуге және тарылтуға, адам денесіне механикалық әсер етуге 
пайдаланылады. Орман, бау парктердің құрамында ерекше заттары 
(фитонцидтер) бар ауасы микробтарды жоюға кемектеседі, қанды оттегімен 
байытады, адамның организміне жақсы әсерін тигізеді. Күн сәулесі тері астында 
Д витаминінің жиналуына себепші болады, әртүрлі микробтарды ӛлтіреді, 
адамды аурудан (рахит т. б.) сақтайды. Жаратылыстың табиғи күштерін 
пайдалану балаларда жағымды эмоциялар туғызады. Организмге жан-жақты 
әсері тиюі үшін мектеп жасына дейінгі балаларда жаратылыстың табиғи 
күштерін мейлінше орынды пайдалана отырып қолдану керек. Материалдық 
факторлар (спорттық құрылыстар, құралдар, киім және т.б.) кӛп жағдайларда 
спорттық міндеттерді (шапшаңдықпен жүгіріп ӛту, биікке секіру, т.б.) шешуге 
және кейде жалпы білімділік, сауықтыру міндеттерін арттыруға әсер етеді. 
Жоғарыдағы айтылған талаптар ескерілген кезде денені шынықтыру, еңбек, оқу 
қызметтері артады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет