Дєріс тезистері



Pdf көрінісі
бет33/217
Дата04.10.2023
өлшемі2.95 Mb.
#479808
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   217
ДШТӘ лекция

Техника бӛлшектері - бұл жаттығудың екінші дәрежелі ерекшеліктері, олар 
техника негізін бұзбай ӛзгеріп отыру мүмкін. Мысалы, допты лақтырған соң 
теңдік сақтап қалу үшін дене тәрбиесімен айналысушылардың кейбіреулері 
аттап барып тоқтайды, ал енді біреулері артқы аяқты алдыңғы аяқ жанына 
қояды да екпінін тоқтатады. Техника бӛлшектері адамның морфологиялық 
индивидуалды және функционалды ерекшеліктеріне және жаттығудың қандай 
жағдайда орындалатындығына тәуелді болады. 
Дене жаттығулары бірінен соң бірі белгілі сәтте келіп отыратын 
фазалардан (немесе бӛліктерден) тұрады. Белгілі бір қимылды құрайтын 
қозғалыс тиісті ретпен орналасады. Олай дейтін себебіміз, қай бір жаттығу 
болмасын, белгілі бір қозғалыспен басталып, екінші бір қозғалыспен 
аяқталады. Танымдылық және дидактикалық мақсаттар кӛзделген жағдайда 
дене жаттығуларын үш фазаға бӛліп қарау орынды. Дайындық фазасы негізгі 
фазаны орындау үшін мейлінше жақсы жағдай болуды қамтамасыз етеді. 
Мысалы, допты алысқа лақтыруда құлаш сермеу кезінде қол мен кеуденің 
қозғалуы лақтырған кездегіге (негізгі фаза) қарама-қарсы болады. Жүгіріп 
келіп қарғуда - аяқты бүгу және серпілудің алдындағы қолдың сермелуі де осы 
фазаға жатады. Мұның ӛзінде негізгі фазада күрт және қатты жиырылатын 


50 
бұлшық еттер созылады. Қолдың қозғалыс жолын ұзарту доптың алысқа 
лақтырылуын қамтамасыз етеді. Биіктікке секіру кезінде адам негізгі фаза 
орындалатын бағытқа қарай жүгіреді, бұл жоғары қарай серпілу күшін 
арттырады және биік кедергіден асып түсуге мүмкіндік береді. Негізгі фаза 
басты қимыл-қозғалыстық міндеттерді шешуге бағытталған. Мәселен, 
лақтырғанда допты қолдан шығаруға, секіргенде қатты серпілуге, кедергіні 
алуға бағытталады. Сол сияқты, бір орында тұрып, қос аяқтап секірген кезде
аяқпен итерілгеннен кейін - ұшу негізгі фазаға жатады. Бұл фазада қозғалыс 
күштерін тиісті жерінде, бағытында және қажетті сәтінде орынды жұмсау 
маңызды. Соңғы фазаның міндеті - қозғалысты тежеу және тепе-теңдік 
сақтап қалу, алысқа лақтырудан соң сызықтан асып кетпеу, жүгіріп келіп 
ұзындыққа секірген соң құламау. Жаттығу элементтерге бӛлінеді, мысалы, 
нысананы кӛздеп лақтыруда: бастапқы жағдайда кӛздеу, құлаштау, лақтыру.
Қорытынды фаза бейнелеп айтқанда жұмыс жағдайынан шығуға мүмкіндік 
беретін қимылмен аяқталады. Секіруде бұл фаза жерге аяқтың тиюінде, ал 
жүгіруде-инерция бойынша фиништен (мәреден) кейінде жүгіріп ӛту. 
Қорытынды фазаның тиімділігі кейде негізгі фазада қимылды орындаудың 
дұрыстығына байланысты болмақ. Негізгі фаза техниканың негізін құрайтын 
қозғалыстардың кӛмегімен, ал қалған екі фаза - техниканың бӛліктерін 
кұрайтын қозғалыстың кӛмегімен жүзеге асырылады.
Циклсіз жаттығулар (лақтыру, секіру т.б.) үш фазаға бӛлінеді: дайындық, 
негізгі (басты), соңғы фазалар. Бұл фазалардың бәрі ӛзара байланысты
біртұтас ӛтеді, бір-бірімен шарттас келеді, бірақ олардың әрқайсысының тұтас 
жаттығуда атқаратын қызметіне байланысты ерекше орны бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет