Дєріс тезистері


Дене жаттығуларына сипаттама



Pdf көрінісі
бет31/217
Дата04.10.2023
өлшемі2.95 Mb.
#479808
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   217
ДШТӘ лекция

Дене жаттығуларына сипаттама. Дене жаттығулары адам алдағы тұрған
еңбек әрекеттеріне (аң аулау, еңбектің пайда болуы, әртүрлі құралдарын жасау 
т. б.) алдын ала дене әзірлігі қажет екендігін ұғынған кезеңде пайда болады. 
Тәжірибе адамға аң аулауға денені алдын ала әзірлеу мен оның нәтижелерінің 
арасындағы байланысты анықтауға және жиналған қимыл-қозғалыстық 
тәжірибені бір-біріне берудің маңыздылығын бағалауға мүмкіндік жасайды. 
Мәселен, адам аң аулауға шығудан кӛп бұрын алдағы атқарылатын әрекетке 
машықтанады: аңның бейнесін (сурет, тұлып т. б.) жасап соған дәл тигізуге 
талпынды. Осындай әрекеттерді кӛп рет қайталау процесінде адамда нысанаға 
дәл тигізе білушілік қалыптасып, кӛзбен шамалау, күш, басқа да дене 
қасиеттері дамиды. Сӛйтіп дене жаттығулары алғашында еңбекте 
қолданылатын қимыл-қозғалыстардан тұрды. Кейін дене жаттығуларының 
дамуына әскери істер, ғылым мен ӛнер елеулі әсерін тигізді. Қоғамның және 
дене тәрбиесінің ӛзінің дамуымен бірге еңбек әрекеттері формалары мен дене 
жаттығулары формалары арасындағы ұқсастықтар жойылып кетті. Бұл қимыл-
қозғалыстық күрделі әрекеттен жеке жаттығуларды бӛліп алуға (әр түрлі 
қашықтыққа жүгіру, алысқа лақтыру, ұзындыққа секіру т. б.) және оларды дене 
тәрбиесі мақсатында қолдануға мүмкіндік берді. Дене тәрбиесі теориясы мен 
практикасының дамуы процесінде аналитикалық жаттығулар деп аталатын 
жаттығулар (бұлшық еттердің жеке топтары үшін затсыз және затпен, зат 


48 
үстінде, гимнастикалық снарядтар, т. б. үстінде жалпылай жетілдіру 
жаттығулары), сондай-ақ ойындар (волейбол, баскетбол, футбол, хоккей т. б.) 
арнайы жасалды. Қазіргі кезде сан алуан дене жаттығулары бар және олардың 
дамуы жалғаса бермек. 
Дене жаттығуларының мазмұны мен формасы 
Дене жаттығулары мазмұны жағынан да, формасы жағынан да бір-бірінен 
ерекшеленеді. Мазмұнға дене жаттығуларына енетін әрекеттерді, сондай-ақ 
жаттығулардың барысында организмге тарайтын және оның дене тәрбиесімен 
айналысушыларға тигізетін әсерін анықтайтын процестерді (психикалық, 
физиологиялық, биохимиялық, биомеханикалық т.б.) жатқызады. Дене 
жаттығуларын орындау (еркін қозғалыстарды) қимыл-қозғалыстардың қандай 
болатындығын шамалаумен, кӛңіл аударумен, ойланумен, ерік күштерімен, 
эмоциямен, тағы басқа да психикалық процестермен байланысты. Түрлі дене 
жаттығуларын орындау кезінде организмнің жүрек-қан тамырлары, тыныс алу 
және басқа жүйелерінің жұмысында әртүрлі ӛзгерістер болады. Осындай 
ілгерілеушіліктер организмінің қызмет ету мүмкіндіктерін тиісті дәрежеде 
ӛзгертеді және массаның ұлғаюы мен органдар құрылымының дамуына алып 
келеді. Дене жаттығулары мазмұнын педагогикалық кӛзқарас тұрғысынан 
қарай отырып, олардың білім беру-тәрбиелеу міндеттерін іске асыру үшін 
маңызын анықтау (қимыл-қозғалыстық іскерліктер мен дағдылар, дене 
қасиеттерін дамыту т. б.) маңызды. Дене жаттығуларының формасы оның ішкі 
және сыртқы құрылымын кӛрсетеді. Ішкі құрылым белгілі бір жаттығуды 
орындап жатқан кезде организмдегі әртүрлі процестердің ӛзара байланысымен 
сипатталады. Сыртқы құрылым - форма кӛрінісі, ол қозғалыстың кеңістіктік
мезгілдік, динамикалық параметрлерінің арақатынасымен сипатталады. Дене 
жаттығуларының мазмұны мен формасы ӛзара байланысты. Мазмұн формаға 
қатысты жетекші рӛл атқарады, мысалы, жүгіру шапшаңдығы артқанда 
адамның ұзындығы және дененің еңкею бұрышы ӛзгереді. Бірақ форма да 
мазмұнға әсер етеді: мәселен, алысқа лақтыруда құлаш сермеуді дұрыс орындау 
дене қасиеттерінің кӛрініс беруіне әсерін тигізеді (лақтыру қашықтығы артады, 
мұның ӛзі бұлшық ет күшінің ӛзгергендігін дәлелдейді). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет