Дєріс тезистері



Pdf көрінісі
бет85/217
Дата04.10.2023
өлшемі2.95 Mb.
#479808
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   217
ДШТӘ лекция

Кӛрнекі ықпал ету әдісі. Бұл әдістер жиынтығы кӛру, есту және үйренетін 
жаттығудың қимылын қабылдауды қамтамасыз етеді де, үш топқа:
а) кӛру кӛрнекілігі әдістеріне;
ә) есту кӛрнекілігі әдістеріне;
б) қимыл кӛрнекілігі әдістеріне бӛледі. 
Кӛру кӛрнекілігі әдістеріне жататындар: үйренетін қозғалысты баланың
(немесе педагогтың тапсырмасымен) кӛрсетуі. Кӛрсету кезінде педагог 
мынадай әдістемелік талаптарды басшылыкқа алуы керек: 
1.Кӛрсетудің мазмұны сӛз қолдану әдісімен қатар жүруі тиіс. 
2.Кӛрсетудің мазмұны, үйретудің мақсатына сәйкес келуі қажет: 
а)бірінші рет жаттығу тәсілін кӛрсеткенде ол стандартты түрде, балаларға 
түсінікті деңгейде толық орыңдалуы керек;
ә)үйрету кезінде балалар қиын элементерді жақсы игеруі үшін қозғалыс толық 
немесе бӛлшектеліп, жай ӛз қарқынында немесе баяу қарқында кӛрсетіледі;
б)жетілдіру кезеңінде педагог жаттығуды жоғары дәрежедегі спорт шеберлері 
орындағандай кӛрсетуі керек, ол балаларды сол деңгейде орындауға 
ұмтылдырады. 
3.Педагог жаттығуды кӛрсеткенде спорт залының, алаңның ең қолайлы, бәріне 
кӛрінетін, ӛзі де жаттығудың орыңдалуын бақылай алатын жерді таңдап алуы 
керек. 
4.Қарапайым, жалпы жетілдіру жаттығуларын кӛрсеткенде "айна тәсілін" 
қолданған жӛн. 
5.Педагог кӛрсетуді ӛзі орыңдай алмайтын жағдайларда:
а)денсаулығына байланысты;
ә) кӛрсету кезінде дене қалпы жаттығуды түсіндіруге ыңғайсыз болса; 
б) жаттығуды орыңдағанда мүмкін болатын қателіктерді баланың ӛзі арқылы 
кӛрсету керек болса, кӛрсетуді жақсы дайындығы бар балаға тапсыруына 
болады. 
Кӛрнекі құралдарды кӛрсету. Жаттығуларды бӛлшектеп қарауда оның 
орындалу тәсілін түсіндіруде кӛрнекі кұралдар, суреттер, плакаттар, фото, 
кино, бейне кӛріністер үлкен рӛл атқарады. Мысалы, тақтаға немесе қағазға 
жаттығудың орындалу сызбасын түсіру. Педагог сол суреттеме арқылы 
жаттығуды орындауды түсіндіреді. Сонымен қатар, кино және бейне 
магнитофон таспаларына жазып алынған жаттығуды кӛрсету арқылы үлкен 
жетістікке қол жеткізуге болады. Ӛйткені ол қозғалысты әр қырынан кӛрсетіп, 
тәсілдің барлық бӛлшектерін анықтап түсінуге мүмкіндік береді. Балаларды 
қимыл-қозғалыстарға үйрету кезінде кӛрнекіліктің әртүрлі тәсілдері 
қолданылады. Кӛрнекілік-кӛру тәсілдерінің мәні тәрбиешінің қимыл-қозғалыс 
бейнесін немесе оның кимыл-қозғалыстық жеке элементтерін дұрыс, айқын 
етіп кӛрсетуінде, айнала қоршаған ӛмірдегі бейнелерге еліктеуде, кеңістіктен 
ӛту кезінде кӛру бағдарлағыштарын пайдалануда, кӛрнекі құралдарды – 
кинофильмдерді, кинограммаларды, теледидар хабарларын, фотосуреттерді


140 
суреттерді, т. б. пайдалануда. Т а к т и л ь д і


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет