289
береді. Стандартты кӛрсеткіштермен бірге осы зерттеулерді салыстыру
нәтижесінде осы топтағы балалар үшін дене тәрбиесін жоспарлауда ескеріледі.
Дәрігерлік тексеру, антропометрикалық ӛлшеуді дәрігер тәрбиешімен
бірлесе отырып жүргізеді. Балалар туралы қосымша
мәліметтерді хабарлай
отырып, тәрбиеші балалардың денсаулығы мен дамуындағы ауытқушылық
себебін ашып дәрігерге кӛмектеседі. Ал, дәрігер ӛз кезегінде тәрбиешіге
балалардың мінез-құлқындағы кейбір жағымсыз ӛзгерістердің
себептерін
түсінуге кӛмектеседі.
Бақылауға ата-аналар да қатыстырылады. Осы мақсатпен арнаулы
әңгімелер ӛткізіліп, онда балалардың денсаулығын, дамуын, бақылауға алудың
жолдары түсіндіріледі. Ата-аналарды да балалардың бойын,
салмағын, табан,
кеуде қуысының аумағын ӛлшеуге және т.б. үйрету керек. Осы қосымша
кӛрсеткіштердің бәрі қосыла келе балалардың денсаулығы мен дамуы жайлы
дәрігерге толық түсініктеме алуға мүмкіндік береді.
Келесі беттерде дене
дайындығының кӛрсеткіштері белгіленеді (дене қасиеттері мен қозғалыс
дамуының дағдысы, мӛлшері) де, бұларға екі беттен қою қажет. Мынадай
қозғалыстарға ғана есеп жүргізуге болады: жүру, жүгіру, секіру, лақтыру,
ӛрмелеу-бұлар негізінен балалардың дене дайындығының мӛлшерін
бейнелейді. Қозғалыс дағдысымен дене шынықтыру қабілетінің даму деңгейін
жылына екі рет (күзде және кӛктемде) есепке алып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: