345
жалпы білім беретін мектептерге спорт түрлері бойынша оқыту күні
ұзартылған және оқу-жаттығу процесі тереңдетілген
мамандандырылған
сыныптар ашуды ұсыну қажет.
5.5.2. Жоғары және арнаулы орта оқу орындарындағы студенттер
мен оқушылардың дене тәрбиесi
Елдің оқу орындарындағы студенттер мен оқушылардың дене тәрбиесі
процесі мынадай міндеттерді шешуді кӛздейді:
дене шынықтыру саласында теориялық білім мен практикалық ілім
жүйесін қалыптастыру;
болашақ мамандардың
дене тәрбиесі даярлығын, жаттығуын, жұмыс
қабілетін, кәсіби мәні бар табиғи қасиеттері мен жүйке-қозғалыс
қабілетін
қамтитын, кейіннен оларды күнделікті ӛмірде пайдалану үшін кәсіби
даярлығының қажетті деңгейін қамтамасыз ету;
сырқаттың
алдын алу, денсаулықты сақтау мен бекемдеу, дене тәрбиесі
процесінде ӛзін-ӛзі бақылаудың дағдылары мен машықтарын меңгеру үшін
дене шынықтыру құралдарын толық
пайдалану;
елімізде студенттер спортын дамыту және спортшы студенттердің
дүниежүзілік қысқы және жазғы универсиадаларды қоса алғанда, халықаралық
студенттік жарыстарға лайықты қатысуы;
денсаулығына байланысты арнайы медициналық
топтарға жатқызылған
студенттер мен оқушыларға дене тәрбиесі сабақтарын ӛткізуге жағдай жасау;
студенттердің «Сұңқар» спорт қоғамын құру.
Достарыңызбен бөлісу: