Дєріс тезистері



Pdf көрінісі
бет35/217
Дата04.10.2023
өлшемі2.95 Mb.
#479808
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   217
ДШТӘ лекция

Қозғалыс траекториясы. Қозғалыстағы дене мүшесінің (немесе заттың) 
жолын траектория дейді. Траекторияның формасы, бағыты және қозғалу 
амплитудасы болады. Формасы жӛнінен траектория түзу сызықты және қисық 
сызықты болады. Түзу сызықты қозғалыстар дененің белгілі бір мүшесіне қысқа 
жолда (қылыш шаншу) мейлінше, жоғары жылдамдық ӛрбіту қажет болғанда 
қолданылады. Қисық сызықты қозғалыстар жиірек қолданылады, ӛйткені 
қозғалыс инерциясын жеңу үшін қосымша бұлшық ет күші жұмсалынбайды 
(теннис добын соққан кездегі ракетканың ілмек тәріздес қозғалысы). 
Траектория формасының күрделілігі дененің қозғалыстағы массасына тәуелді 
болады: ол үлкен болған сайын форма қарапайымданады. Мысалы, қолдың 
қозғалысы аяққа қарағанда сан алуан. 
Қозғалыс бaғыты. Дене жаттығуларының жеке бұлшық еттердің дамуына 
және қимыл-қозғалыс міндеттерінің ойдағыдай орындалуына тигізетін әсерінің 
тиімділігі қозғалыстағы денеге, оның мүшелеріне немесе затқа берілетін 
бағытқа тәуелді. Қозғалыс бағыты адамның ӛлі тұлғасына қатысы бойынша 
(қолды алға созу) немесе сыртқы бағдар тұтатын нәрселермен (жіптен асыра 
лақтыру) анықталады. Мына тӛменгі бағыттар адам денесі қозғалысының 
негізгі бағыттары болып аталады: жоғары-тӛмен, алға-артқа, оңға, солға. 
Айналмалы қозғалыстардың бағытын дененің жазықтары бойынша, бүйірлік 
(алғы-артқы) жазықтықпен қозғалғанда (аяқ-қолды бауырға бүгіп алға, артқа 
домалағанда («алға», «артқа» терминдерін қолдана отырып), беттік 
жазықтықпен қозғалғанда (мысалы, бір жағына қарай тӛңкеріліп түсу) - «оңға 
қарай», «солға қарай», горизонтальдық жазықтықпен қозғалғанда (мысалы, 
оңға, солға бұрылу) «оңға», «солға» терминдерін қолдана отырып анықтайды. 
Coндай-ақ екіаралық бағыттарда (мысалы, жартылай солға т.б.) қолданылады. 
Козғалыс бағытын бақылауда, кеңістікті бағдарлауда кӛру жетекші рӛл 
атқарады. Осыған байланысты, бағыт тез және қатты ӛзгерген кезде, бас 
дененің басқа мүшелерінен гӛрі біршама бұрын қозғалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет