Дєріс тезистері



Pdf көрінісі
бет70/217
Дата04.10.2023
өлшемі2.95 Mb.
#479808
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   217
ДШТӘ лекция

 
 
8-тақырып. Екі жастағы балалардың дене дамуындағы ерекшеліктері 
1.Негізгі қимыл-қозғалыстарын дамыту 
2.Күн тәртібі 
3.Шынықтыру 
4.Қимыл-қозғалыс ойындарын ұйымдастырудың ерекшеліктері 
5.Қимыл-қозғалыс моторикасын дамыту жолдары. 
6.Дене шынықтыру сабақтарын енгізу. 


114 
Ата-аналарға, олардың 1-ден 3 жас аралығындағы балаларына дене 
жаттығуларымен шұғылдану ауадай қажет екендігін айтып кӛріңізші. Кӛп 
жағдайда: "Қандай дене шынықтыру. Біздің баламыз бір минут те бір орында 
отырмайды. Барлық уақытта да қозғалыс-қимыл үстінде..." деген жауапты 
естисіз. Бұл жеткілікті физиологиялық тиімділікке қол жеткізбейді. Ӛйткені, 
тіпті, қозғалыс-қимыл кӛп болғанмен де, балалардың қозғалысы бірыңғай 
болатындығын, жұмысқа еттердің барлығы бірдей қосылмайтындығын, тек 
қана оның бір бӛлігі, әдетте, бір және сол топтағы еттер ғана жұмысқа 
қосылатындығын мамандар байқаған. Оның үстіне, қозғалысты осы жаста 
дұрыс орындамау балада берік және ұзақ уақыт сақталады да бұлшық еттердің 
бірқалыпты дамымауы мен тұлғаның бұзылуына себепші болады. Сәбилер, 
сырт қарағанда басқарылмайтын ойындарда, бәрінен бұрын ӛздеріне белгілі 
әрекеттерді дербес қайталайтындығы, басқаша айтқанда, ересектердің, 
құрдастарының 
кӛмегімен 
немесе 
бастамасымен 
игерілгендерді 
орындайтындығы байқалды. Сондықтан да мектеп жасына дейінгі балалардың 
жеке және жасқа байланысты психологиялық-физиологиялық ерекшеліктерін 
ескере отырып, дербес қозғалыс белсенділігінің мазмұнын бірте-бірте 
қалыптастыруға болады. Осы жаста, сезімтал тізе буындарын шамадан тыс 
ауырлататын, тіземен еңбектеудін орнына, балалар қол басы мен табанға 
сүйене, тӛрт тағандап жорғалауды жылдам бастауына ұмтылу кажет. Егер бір 
жастағы сәбилермен жұмыс жасауда, козғалысты дамытуда негізгі 
жаттығуларды орындау әдісі қолданылса, екі жастағы балалардың қозғалыс 
дайындығында айтып тапсырма беру және жаттығуды кӛрсету әдістеріне 
сүйенеді. Бұл сӛйлей білудің қарқынды дамуымен және еліктеу қабілетімен 
түсіндіріледі. Балалардың сӛйлеуі маңындағылармен қатынас жасау құралына 
айналады және олардың дамуы үшін шешуші мәнге ие болады. Еліктеу 
қабілетінің дамуы сӛйлеуді меңгеру және мінез-құлықты жетілдіру үшін ғана 
емес, сондай-ақ қозғалыс қызметін жоғарырақ деңгейде күшейту үшін де 
ерекше маңызға ие. Сондықтан да жаңа қозғалыс-қимылдарды кӛрсете отырып 
балаларға арналған кітапшалардағы таныс кейіпкерлермен, жануарлар 
бейнесімен салыстыруды қатар жүргізу қажет. Екі жасқа аяқ басқан балалар 
дене тәрбиесіндегі басты міндет негізгі қимыл-қозғалыстарды (жүру, жүгіру, 
ӛрмелеу, лақтыру) дамыту, жетілдіру, теңдік сақтауды қимыл-қозғалыс 
үйлесімділігін дамыту болып табылады. Екі жасқа аяқ басқанда күн тәртібі дене 
тәрбиесінің басты құралы болып қалады. Күні бойы балалардың іс-әрекетін 
(ұйқы, сергектік, тамақтану) дәлме-дәл алмастырып отыру олардың 4-5 сағат 
бойғы белсенді іс-әрекеттік жағдайын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 
Мұның ӛзінде баланың таза ауада болуы 5 сағаттан кем түспеуі тиіс. 
Ұйықтауды верандаларда, егер ондай мүмкіндік жоқ болса, терезені немесе 
есік, форточканы ашып ұйымдастырған жақсы. Қыста, баланы ұзақ киіндіріп-
шешіндіруге тура келетін кезде мұндай серуенді үй ішінде ұйымдастыруга 
болады. Балалаларға спорттық немесе жүн костюм кигізеді, топ бӛлмесінің 
температурасын есікті, форточкаларды ашып +14
0
-қа дейін тӛмендетеді. 
Балалардың қимыл-қозғалыс ойындарын ұйымдастырады немесе ӛз беттерімен 
жеткілікті түрде іс-әрекет етуін қамтамасыз етеді. Сӛйтіп таза ауада болу 


115 
уақыты кемімейді. Күн тәртібінде шынықтыру мақсатымен ауаны, суды, күнді 
пайдаланады. Екі жасқа аяқ басқан балалардың қимыл-қозғалыстарының дамуы 
ойындық іс-әрекеттерді дұрыс ұйымдастыру кезеңінде, ӛз бетімен қимыл-
қозғалыстық әрекет етуде, дене шынықтырумен айналысу кезінде ӛтеді. Екі 
жасқа аяқ басқан шақта жүрудің дұрыс автоматтануын теңдік сақтауды сезінуді 
нығайтудың, қимыл-қозғалысты үйлестіруді, тұлғаны дұрыс ұстауды 
тәрбиелеудің, аяқты дұрыс ұстауды қалыптастырудың маңызы зор. Бұл үшін 
топ бӛлмесінде және учаскеде балалардың еркін қимылдауына жағдай 
жасаудың маңызы үлкен. Бӛлме іші кең болуы тиіс, бұған балалардың 
бойларына сәйкес іріктеліп алынатын жиһазды дұрыс орналастыру арқылы қол 
жетеді. Топ бӛлмесінде әртүрлі қимыл-қозғалыстарды дамыту үшін арнаулы 
дене шынықтыру жабдықтары болуы тиіс: тӛбешікке, сатыға шығу, сырғанақ 
үстіне шығу және одан түсу, ӛз жүрісіңді айнала қоршаған заттармен 
сәйкестендіру, т. б. Топ бӛлмесінде балаларды әртүрлі қимыл-қозғалыстарға 
итермелейтін ойыншықтар жиынтығы болуы қажет: доптар, шығырлар, 
секірмектер т. б. Балабақша жер телімі мен ойын алаңы арнаулы құралдармен 
(ұзын орындық,басқыш, бӛрене т. б.) жабдықталуы керек. Балаларды тек тегіс 
жермен ғана емес, кедір-бұдыр жермен, кӛгалмен, құмның үстімен жүруге де 
үйрету керек. Тәрбиешінің балалардағы қимыл-қозғалысқа қажеттілікті белсене 
ынталандырып отыруының маңызы үлкен: оларды қимыл-қозғалысты 
ойындарға тарту, дұрыс қимыл-қозғалысқа үйрете отырып, ӛз бетімен әрекет 
жасауға итермелеу (сатыға қалайша дұрыс шығу және түсу, доп лақтыру т. б.), 
еліктеу жаттығуларын пайдалана отырып («қоянша орғиды», «құстай ұшады», 
т. б.) балалардың қимыл-қозғалыстарын жетілдіру. Балалардың неғұрлым еркін 
қимылдап-қозғалуын қамтасыз ету үшін оларға комбинезон немесе кӛйлек пен 
шалбар (ұлдарға да, қыздарға да) кигізген жақсы. Аяқ киімі аяққа шақ, 0,5 см 
ӛкшесі болуы қажет. Қимыл-қозғалыс ойындары дене тәрбиесінің маңызды 
құралы болып табылады. 1,5 жасқа дейін ойындар негізінен балалардың 
әрқайсысымен екі немесе шағын топ болып (3-4 адам) ӛткізіледі. Ойындар 
балалардың 
ӛз 
беттерімен 
іс-әрекет 
жасап 
жүрген 
сағаттарында 
ұйымдастырылады және тәрбиеші әр баланың күні бойы ойынға қатысуын («Ит 
қуалау», «Жасырынбақ», «Tӛбешіктен домалату») қадағалап отыруы тиіс. Бір 
жарым жастан кейін қимыл-қозғалысты ойынға 8-10 бала қатыстырылуы 
мүмкін. Қимыл-қозғалыс ойындарды ӛткізу кезінде балалар ұжым ішінде 
әрекет етуге, белгілі бір тапсырманы орындауға талпынуға тәрбиеленеді, 
қимыл-қозғалыстарды үйлестіру, еліктеу сезімі дамиды, қимыл-қозғалыстардың 
негізгі түрлері қалыптасады. Тәрбиеші кӛрсету, түсіндіру жолымен балаларды 
жаңа қимыл-қозғалыстарға баулиды. Қайталау санын реттей, белгілі бір 
қозғалысты орындауға қиындығы әркелкі ойындарды іріктей отырып, тәрбиеші 
денеге жүктің белгіленген мӛлшерде түсуін қамтамасыз етеді. Бір жарым 
жастан асқан балалар бірқатар ойын тәртібін орындаулары тиіс: белгілі 
бағытпен жүгіру, сигнал бойынша топтау. Балаларды ойын кезінде бір-біріне 
кедергі жасамауға топырласпауға үйрету керек. Бұл шақта балаларды ойнар 
алдында арнайы сапқа тұрғызудың қажеті жоқ, бірден ойындық іс-әрекетке 
қосу керек. Тәрбиешінің ӛзі ойынға араласып, ӛзі жетекшілік рӛлді алуы, нені 


116 
қалай жасауды кӛрсетуі қажет. Оның кӛңілді де белсенді күйі балаларға 
беріледі. Қимыл-қозғалыстық ойындар ӛзінше ӛткізіліп қана қоймай, бір жарым 
жастан екі жасқа дейінгі балалардың дене шынықтыру сабақтарына да 
ендіріледі. 
Дене шынықтыру сабақтары екі жасқа аяқ басқан балалар дене 
тәрбиесінің маңызды формасы болып табылады. Ұйымдастырылған сабақтарда 
балаларды қимыл-қозғалыстарға үйретудің мақсатты бағыттағы міндеттері 
шешімін табады. Бұл орайда сабақтарға негізгі қимыл-қозғалыстарды дамыту 
мен жетілдіруге, олардың сапасын арттыруға тұлғаны және аяқ басып тұруды 
дұрыс қалыптастыруға кӛмектесетін жаттығулар, бұлшық еттердің барлық 
топтарын нығайтатын жаттығулар енгізіледі. Баланың осы шағында жүру және 
теңдік сақтауға кӛп орын беріледі. Осы мақсатпен сабақтарға кәдімгіше тік 
жүріс, ені жаттығу барысына қарай 30-дан 10 сантиметрге дейін азайтылатын 
ұзын орындық бойынша күрделенген жүріс, ойлы-қырлы тақтай бойынша 
жүріс т. б. жаттығулары енгізіліп отырады. Теңдік сақтау сезімі күрделенген 
жүріс кезінде, сондай-ақ кедергі арқылы (таяқтар, текшелер т.б.) аттап ӛту 
кезінде тәрбиеленеді. Сабақтар кезінде еңбектеу (шығыр ішінен еңбектеп ӛту, 
керілген жіптің астынан еңбектеп ӛту), ӛрмелеу (басқышқа шығу және түсу), 
лақтыру (кішкене және үлкен доптарды алысқа лақтыру) жаттығулары 
пайдаланылады. Балалардың шамасы келерліктей бұлшық еттерінің барлық 
топтарын жалпы жетілдіретін жаттығулар да міндетті түрде қарастырылады 
(қол және иық, аяқ және табан, кеуде бұлшық еттерін жаттықтыру). Бұл 
жаттығулар әртүрлі қалыпта - тұрып, отырып (еденде, ұзын орындық, кішкене 
орындық үстінде), еденде етпетінен, шалқасынан жатып ӛткізіледі. Бұл 
жаттығуларды балалардың дұрыс орындауы үшін тәрбиеші тұру қалпын 
тексеруі, егер қажет болса, қимыл-қозғалысты орындауға кӛмектесуі керек. 
Сабақтарға бір немесе екі негізгі қимыл-қозғалысты және жалпы жетілдіру 
жаттығуын ендіреді. Сабақтарды топтанып жүру мен жүгіруден бастайды, 
содан соң 2-3 жалпы жетілдіретін жаттығу және негізгі қимыл-қозғалысқа 
үйрету ӛткізіледі де сабақ жүрумен аяқталады. Бір жарым жастан 2 жасқа 
дейінгі балалармен сабақтар жалпы қабылданған кесте бойынша (кіріспе, 
негізгі және қорытынды бӛлім) ӛткізіледі. 
Сабақтың кіріспе бӛлімінің (мотивациялық кезең) мақсаты - балаларды 
ұйымдастыру және оларды негізгі бӛлімде жаттығуларды орындауға әзірлеу, 
оған жалпы жетілдіру жаттығулары, негізгі қимыл-қозғалыстарды, қимыл-
қозғалыс ойындарын дамыту жаттығулары енеді. Қорытынды бӛлімінде тыныс 
алуды тереңдететін жаттығулар және жүріс беріледі, олар түскен салмақты 
бәсеңдету үшін қажет. Бұл шақта балалар қимыл-қозғалысты дәлме-дәл 
шығара алмайды, сондықтан сабақтарда жеке құралдарды (таяқтар, шығырлар, 
кегельдер т. б.) пайдалануы керек. Құралдар балаларға қимыл-қозғалыстарды 
әлдеқайда дұрыс және кең құлашты орындауға кӛмегін тигізеді (мысалы: 
кегельді жоғары кӛтеру — оған қарап, еденге аяқтың жанына қою). Сабақтарда 
дене 
шынықтыру 
құралдары: 
тақтайлар, 
жәшіктер, 
гимнастикалық 
орындықтар, басқыш-үзеңгі, үсті ойлы-қырлы тақтай қолданылады. Бұлар 


117 
қимыл-қозғалыстарды мақсатты бағытта орындауды қамтамасыз етеді, 
балаларға жаттығуларды саналы түрде жасауға жәрдем етеді және баланың 
сабаққа деген ынтасын кӛтереді. Тәрбиеші қозғалыстарды қалай орындау 
керек екенін ұғындырады, қажеті болса кӛмектеседі, баланың ӛз қатесін 
түсінуіне және қозғалысты орындап шығуына күш салады. Ол балалардың 
табысына қуанады, қимыл-қозғалысты орындап шықса кӛтермелеп 
қошеметтейді, ӛз күшіне деген сенімділікке баулиды. Балалардың белгілі бір 
қимыл-қозғалысты игеруіне қарай оны едәуір қиын қимыл-қозғалыспен 
алмастырады немесе күрделендіре түседі. Мысалы, балалар еденде жатқан 
таяқтан аттап ӛтуге үйренген соң оларға еденнен 5 см, бұдан кейін 10 см 
жоғары кӛтерілген таяқтан аттап ӛту ұсынылады. Бұл шақтағы балалардың 
ерекшеліктерін - тез шаршайтындығын, сонымен қатар тез күш жинап алуға 
қабілеттілігін ескеру керек. Сондықтан сабақтарға демалыс элементтерін енгізу 
керек: балалардың бәрі орындайтын жаттығуларды басқа балалар тұрған 
немесе отырған күйінде, дем алатын кезде жеке тапсырмалармен алмастыру 
керек. Балалардың сабаққа деген ынтасы басылмауы үшін дем алу 1 минуттан 
аспауы тиіс. Демалыс ретінде балаларды орындық үстінде ұзақ отырғызуға 
болмайды, ӛйткені отырған кездегі статикалық шымырқану балаларды 
шаршатып тастайды. Сабақта денеге жүк түсіру оның ұзақтығымен, әр 
жаттығуды қайталау жиілігімен және олардың қиындығы дәрежесімен реттеліп 
отырады. Жүк түсіру сабақтың бастапқы жағынан ортасына таман артады да 
соңында бәсеңдетіледі. Дене шынықтыру сабақтары ерте жастағы (1 жастан 3 
жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам» 
бағдарламасының базистік оқу жоспарында (Астана, 2009) 2 жастағы балалар 
үшін (1 жастан 2 жасқа дейін–ерте жас тобы) «Денсаулық» білім саласы 
бойынша аптасына 2 рет, ұзақтығы 7-10 минут, 2 ден 3 жасқа дейінгі 1 кіші 
топта аптасына 2 сағат, ұзақтығы 10-15 минут болып жоспарланған. Бір 
жарым жастағы балалармен түскі астан екінші ұйқыға дейінгі кезеңде, бір 
жарым жастан екі жасқа дейінгі балалармен ертеңгі астан соң 30 минут 
ӛткеннен кейін ӛткізіледі. Бір жарым жасқа дейінгі балаларды жыл басында 2-3 
адамнан тұратын топтарға, содан кейін 5-6 адамға дейін біріктіреді, бір жарым 
жастан 2 жасқа дейінгі балаларды 6-8 адамнан біріктіреді. Балаларды қосымша 
топтарға бӛлген кезде тек жас шамасын ғана емес, қимыл-қозғалыстардың да-
му деңгейін де ескеру керек (мысалы, қимыл-қозғалыстарының дамуы артта 
қалған балалар жасы едәуір кіші балалардың шағын топтарына қосылуы тиіс). 
Балалардың бір шағын тобымен сабақ ӛткізе отырып, тәрбиеші басқалардың ӛз 
беттерімен ойнауы үшін жағдай туғызады. Бұл үшін ол бӛлменің екінші 
жағында байсалды ойындар ұйымдастыруы және балаларды ойыншықтармен 
жабдықтауы, ал күтуші тәрбиешінің тапсырмасы бойынша олардың ойнына 
бағыт беруі тиіс. Сабақтар гигиеналық талаптарға сай келетін топ бӛлмесінде 
ӛткізіледі, сабақ басталар алдында еден жуылуы, бӛлме желдетілуі, ауаның 
температурасы 18-20
о
-қа жеткізілуі қажет. Жазғы уақыттарда сабақ ашық 
ауада, ауаның температурасы 20
о
C-ден кем емес кезде ӛткізілуі тиіс. Балалар 
труси мен майка киіп, жазда - трусимен, аяғына тапочка (немесе жалаң аяқ) 
киіп айналысулары тиіс. 


118 
2 жастағы балалардың дене жаттығуымен шұғылдануын ӛткізудегі 
әдістемелік ұсыныстар: 
1. Балаларды қозғалыс-кимылға үйретуде ойындық тәсілдер (қозғалысқа 
ұқсас кимылдар, олардың бейнелілігі, тапсырманың мазмұны және басқалар) 
үлкен орынға ие болады. Бала кішкентай болған сайын "ойнау" мен "үйренудің" 
арасы соншалықты аз болмақ. 
2. Осы жастағы баланың 15-30 секундтан артық бір нәрсеге кӛңіл аударуы 
қиынға соғады, әрбір 10-15 секунд сайын жаттығуды алмастырып отыру қажет. 
Бұл үйлесімділік қабілеттерін дамытып қана қоймайды, сондай-ақ жаттығудағы 
кауіпсіздіктің де кепілі болады (дененің бір мүшесі жұмыс жасағанда, екіншісі 
демалады). 
3. 
Жанама кұралдарды, мысалы, басқышты, кішкентай тақтайшаларды, ауа 
толтырылған шарларды барынша кӛбірек пайдалану керек.
4. 
Сәбилер музыкалық сүйемелдеумен шұғылданғаны жақсы. 
5. Жаңа қимыл-қозғалыстарды үйрететін сабақты ұзағырақ ӛткізген жӛн 
болмайды. Ептілікке арналған жаттығуларды орындауда сәбилер жылдам 
шаршайды. Сондықтан да мұндай сабақтардың уақытын 10-15 минутпен 
шектеу керек. 
6. 
3 жасқа дейінгі сәбилерге секіру жаттығуларын орындауға болмайтындығы 
міндетті түрде есте болсын (бір заттан секіріп түсу, секіріп шығу), ӛйткені 
табанның дӛңесі (свод) әлі қалыптасуда және артық жүктеме түскенде ол 
тегістеліп, жазылып кетуі мүмкін. 
7. Дененің ең әлсіз дамитын бӛлігі -іштің кӛк еттері, сондықтан да осы 
еттерді нығайтатын жаттығуларды күн сайын жасау ұсынылады. 
8. 
Жүру дағдыларын жетілдіру үшін далалықтың кедергілері жоқ тегіс, баяу 
кӛтеріліп, түсетін, ойлы-қырлы жерлер бойынша серуендеу ұсынылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет