Оқыту әдістері және тәсілдері. Әдіс (методос деген грек сӛзінен туады-
зерттеу немесе таным жолы) – тәсілдер жиынтығы. Әдіс педагогикалық
әдебиеттерде тәсіл деп түсіндіріледі. Мысалы, швейцар энциклопедиясында
әдіс ұғымын тәсіл деп түсінеді. Педагогикалық энциклопедияда "Оқыту
әдістері" - мұғалім мен оқушылар жұмысының тәсілдері, солардың кӛмегімен
білімді, іскерлікті және дағдыны игереді, оқушылардың дүниетанымы
қалыптасады, қабілеттер дамиды, - деп жазылған. Демек, оқыту әдістері бұл
педагог пен оқушылардың оқу-тәрбие жұмысының міндеттерін ойдағыдай
шешуге бағытталған ӛзара байланысты іс-әрекетінің тәсілдері. Оқыту әдісін
осылай дидактика тұрғысынан түсіндіру жалпы философиялық анықтамаға
сай келеді. Әдіс дәл жалпы мағынасында мақсатқа жету іс-әрекетін нақты
ретке келтіру тәсілдері. Оқу әдістері оқушылардың танымдық қабілеттерінің
дамуына мүмкіндік туғызуы тиіс, яғни, оқушылардың ойын дамытады, ӛз
бетінше ізденіп жаңа білімді игеруге ықпал жасайды. Оқыту әдістері ғылыми
таным әдістеріне байланысты, ӛйткені, оқытуда ең бастысы оқушылардың
танымдық іс-әрекеті. Ғылыми танымға қатысты бірсыпыра ережелер
оқушылардың танымдық іс-әрекетінде қолданылатын оқыту әдістерінің
ерекшелігін анықтайды. Бұл ережелер: оқыту әдістері ең анық фактілерді
білуді қамтамасыз етеді; оқыту әдістері практика мен теорияны
жақындастырады; оқыту әдістері шындықты тануға әрекет жасайды; идея
нақты ӛмір мәліметтерінен қорытылады. Осы ережелердің бәрі оқушылар
кӛзқарасының қалыптасуының, таным қабілеттерінің дамуының негізі болады.
Оқыту әдісі– мақсатқа жетудің саналы түрде қолданылатын тәсілі, ал мақсатқа
жету педагогтың шеберлігіне, оның оқыту процесін тиімді ұйымдастыра
білуіне, оқушылардың даярлық дәрежесіне, педагог пен оқушылардың
белсенділік педагогикалық ынтымақтастығына байланысты.
"Оқыту әдісі" және "әдістемелік тәсіл" ұғымдары бір-бірімен тікелей
байланысты. Әдістемелік тәсіл оқыту әдісінің элементі (компоненті, құрамды
бӛлімдер). Мысалы, жеке сӛздерді түсіндіру, суреттерді демонстрациялау т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |