Дюсупова А. А., Еспенбетова М. Ж


Егде жастағы 2-типті қант диабетінің диагностика және



Pdf көрінісі
бет54/79
Дата04.09.2023
өлшемі4.88 Mb.
#476469
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   79
Гериатриянын манызды сурактары Еспенбетова 2013-01-01

Егде жастағы 2-типті қант диабетінің диагностика және
скринингі.  
Егде жас арасындағы қант диабетінің диагностикалық крите-
риилері БДҰ (1999 ж.) бүкіл популяцияға арналған критериилерден 
ерекшеленбейді.  
Қант диабетінің диагностикалық критериилері: аш қарын-
дағы қан сарысуындағы глюкоза  > 7,0 ммоль/л (126 мг%).  
Аш қарынға капиллярдағы глюкоза > 6,1 ммоль/л (110 мг%)
Тамақтан 2 сағ өткеннен кейін немесе (75 г глюкоза жүктемесі 
кезінде) қан сарысуындағы (капиллярдағы қанда глюкоза) >11,1 
ммоль/л (200 мг%)
Қант диабеті диагнозы көрсетілген сандардың екі ретті негіз-
делуінен кейін қойылады.
Аш қарында қан сарысуында глюкоза мөлшері 6,1 және 6,9 
ммоль/л аралығында анықталса, аш қарындағы гипергликемияны 
анықтайды. 2 сағ өткеннен соң глюкозамен жүктеме жасағанда гли-
кемия 7,8 және 11,1 ммоль/л анықталса глюкозаға толеранттылық-
тың бұзылысын анықтаймыз.
Қант диабеті егде жаста айқын клиникалық симптоматиканы 
(полиурия, полидипсия және т.б). көрсетпейді. Бұл ауру жиі жасы-
рын, латентті түрде өтеді, кейін клиникалық көрінісінде бірінші 
болып қант диабетінің кеш асқынулары – көрудің бұзылыстары
(ретинопатия), бүйректің патологиясы (нефропатия), трофикалық 
жаралар және аяқтардың гангренасы (диабетикалық табан син-
дромы), инфаркт және инсульт пайда болғаннан кейін қант диабеті 
анықталады. Сондықтан 2-типті қант диабетін егде жаста белсенді 
анықтау керек,яғни жоғары қауіп тобындағы қант диабетін анықтау 
скринингтерін жүргізу.


111 
Американдық диабеттік ассоциация (АДА) ҚД 2 дамуында-
ғы қауіп дәрежесін анықтау үшін тест-сұрақт құрастырды. Әр сұ-
раққа дұрыс жауап баллмен бағаланады.
ҚД 2 дамуындағы қауіп дәрежесін анықтауға арналған
АДА тесті.
– мен бала тапқан әйелмін – 1 балл; 

Салмағы 4,5-нан артық 
– менің апайым/ ағам ҚД 2-мен ауырады – 1 балл; 
– менің ата-анамның біреуі ҚД 2-мен ауырады – 1 балл;
– менің дене салмағым қалыптыдан жоғары -5 балл; 
– мен аз қозғаламын – 5 балл; 
– менің жасым 45-65 аралығында – 5 балл; 
– менің жасым 65-тен жоғары – 9 балл.
Егер сұрастырушы кем дегенде 3 балл жинаса, дәл қазіргі
уақытта ҚД даму қаупі төмен болып бағаланады. Егер 3-тен 9
балл аралығында болса ҚД даму қаупі шамалы болып саналады.
Және де 10 балл немесе одан жрғары балл жинаса, онда бұндай
науқас ҚД 2 дамуына жоғары қауіп болып табылады. Сұрастыр-
ғандардың ішінен 65 жастан асқандардың өзі ҚД 2 дамуыда мак-
симальды қауіп болып табылады.
ҚД 2 дамуына жоғары қауіп анықталса мүмкін болатын ҚД
диагностикалау үшін міндетті түрде скрининг тестін жүргізу
керек. ҚД 2 скринингі үшін тесттердің қай түрінің тиімділігі жо-
ғары екенін анықтауда осы күнге дейін бір ортақ шешім табыл-
мады: ашқарында гликемия? Тамақтанудан кейінгі гликемия? Глю-
козаға деген толеранттылық тесті? Глюкозурия? НВА1 с? ҚД 2
дамуында жоғары қаупі бар науқастардың скринингі ашқарында
гликемияға ғана негізделіп науқастардың постпрондиальды гипер-
гликемиясын үнемі анықтай алмайды (ал, ол аяққы жылдары
анықталғандай, жүрек-қантамыр жүйесі бойынша өлімділіктің 
максимальды қаупі болып табылады). Сондықтан ҚД 2 ерте 
анықтауда скрининг тесттің сапасы ретінде тек ашқарында гли-
кемияны анықтау айқын жеткіліксіз. Бұл тестті міндетті түрде
тамақтан кейін 2 сағаттан соң гликемия деңгейін анықтап толық-
тыру керек.


112 
Сонымен, диабеттің дамуындағы шамалы және жоғары қауіп
топтарында ҚД 2 белсенді диагностикалау үшін жылына 1 рет
гликемияны ашқарында және тамақтан кейін 2 сағаттан соң теек-
серу міндетті болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет