Дюсупова А. А., Еспенбетова М. Ж



Pdf көрінісі
бет69/79
Дата04.09.2023
өлшемі4.88 Mb.
#476469
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   79
Гериатриянын манызды сурактары Еспенбетова 2013-01-01

 
 


133 
Қарт адамдарда ЖИА-ның өту 
ағымы мен емінің ерекшеліктері 
31-кесте 

ауырсынусыз стенокардияның жиілігі жоғарлайды (60-69 
жастағыларда 25%-дан бастап, 80-89 жаста 45% ) 

жиі жүрек ырғағының бұзылысы (40% науқастарда аурудың
ауырсынусыз өтетін түрінде жүрек ырғағының бұзылысы
анықталады) 

ауырсыну интенсивті емес болуы мүмкін және белгілі ор-
наласуы мен иррадиациясы жоқ 

қартайған сайын тәждік қан айналым жетіспеушілігінің
атипиялық көрінісі 60-69 жаста 30%-дан 80-890 жаста 67%-
ға дейін жиілейді (гастралгиялық, демікпелік, аритмиялық, 
церебральдік, абдоминальды және т.б.) 

жиі кардиогенді шок 

температура болмауы мүмкін 

егде және қартайған шақта спонтантты стенокардия өте
сирек кездеседі 

физикалық зорығу факторы өте маңызды болады 

ферменттер белсенділігінің өзгерісі маңызды емес, тіпті
кең көлемде болса да 

негізгі диагностикалық әдіс-ЭКГ 

нитраттарды нашар көтереді (АҚҚ төмендейді, бас ауырады ) 

таңдау препараттары – В-блокаторлары, кальций 
антагонисттері 

АҚҚ төмендететін болғандықтан, ЖИА бар науқастар
нитроглицериннің қарапайым дозасын нашар көтереді 

Сирек жағдайларда нитроглицериннің жарты дозасы 
ұстамалардан алшақтатады. 
 

Әртүрлі бақылау зерттемелерінде, егде жастағы ерлер мен әйел-
дерде диуретиктер 46-88 % жағдайда, β-адреноблокаторлардың 
22-48% жағдайында ғана нәтижелі. 

β-адреноблокаторларды (атенолол) егде жастағы адамдардың АГ-
да бастапқы терапиясында қолдану тек диуретиктерді тағайында-
ғандағы қарсы көрсеткіштер кезінде немесе гипертензиямен КБС-


134 
тің қосарлануы кезінде, әсіресе бастан өткізген миокард инфарк-
тісі кезінде қолдану расталған. 

α1-адреноблокаторлар және орталық α2-адренергиялық рецептор-
лардың агонистері егде жастағы ақ нәсілді науқастарда жоғарғы 
антигипертензивті нәтижеге ие, бірақ жиі жанама әсерлердің 
дамуынан қолданылмайды. 

Орталық α2-адренергиялық рецепторлардың агонистері (метил-
допа, клонидин, гуанфацин) егде жастағы адамдарда жиі ауызда 
құрғақтық, әлсіздік, седативті эффект (ұйқышылдық), психика-
лық депрессия және жыныс функциясының бұзылысын шақы-
рады. Клонидинмен емдеуде «рикошетті» гипертензия байқалады. 

Кардиоселективті β-адреноблокаторлар, кальций антагонистері, 
АПФ ингибиторлары, ангиотензин рецепторларының блокатор-
лары және α-адреноблокаторлар, бастапқы ем үшін олар АГ мен 
КБС қосарлануында, сол жақ қарынша дисфункциясымен, қант 
диабетімен, қуықасты безінің қатерсіз гипертрофиясымен қосар-
ласқанда, сонымен қатар диуретиктер және кальций антагонис-
терін тағайындауда қарсы көрсеткіштер болғанда жақсы әсер 
көрсетеді. 

ВОЗ сарапшылары егде жастағы науқастарда АҚ-ды 140/90 мм. 
с.б. төмен ұстауға кеңес береді, бірақ бас миы және миокард 
ишемиясының көріністерін мұқият бақылап отырып, біртіндеп 
түсіру керек. Ренальді дисфункциясы бар науқастарда бүйректер-
дің бақылауын жүргізу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет