Дюсупова А. А., Еспенбетова М. Ж


Егде жастағы адамдардағы созылмалы қанайналым



Pdf көрінісі
бет70/79
Дата04.09.2023
өлшемі4.88 Mb.
#476469
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   79
Гериатриянын манызды сурактары Еспенбетова 2013-01-01

 
Егде жастағы адамдардағы созылмалы қанайналым 
жетіспеушілігі 
32-кесте 

Айқын көріністерінің болмауы – ентігу, тахикардия – жалпы 
әлсіздікпен, тірек-қимыл жүйесі аппаратының өзгерістерімен 
көрінуі мүмкін.

Жүрек декомпенсациясының дамуының бастапқы көріністе-
ріне сөйлеген кездегі жөтелу, жүрек қызметі ритмінің парок-
сизмальді бұзылыстары, акроцианоз, ми гипоксиясының көрі-
ністері. 

Ентігу де жүрек жетіспеушілігінің ерте көрінісі, бірақ бұл 
декомпенсация дәрежесін анық көрсетпейді. 


135 

Тахикардия жастарға қарағанда жоғарғы деңгейге жетпейді, 
жүрек ритмінің бұзылыстары жиі кездеседі. 

Перифериялық ісінулер ерте көрінеді. 

Толық декомпенсацияның жеделдетілген прогрессирленуі, 
басқа ағзалар жақтан ерте дамитын асқынулар. 

Аяулы қозғалыс тәртібі, науқастың қозғалыс белсенділігін 
күштеп шектемеуі керек. 

Жүрек гликозидтері «аз доза» принципімен. 

Жүрек гликозидтерін баяу темпте (5-8 күннен жоғары) 
қолдану. 

Гериатрияда венозды вазодилататорлар, иАПФ қолдануға 
кеңес беріледі. Мақсатты түрде вазодилататорларды 
диуретиктер мен жүрек гликозидтерін қосарластырып 
қолдану. Бір реттік және тәуліктік диуретиктің дозасы орташа 
терапевтикалық дозаның жартысына тең. 

Үлкен жастағы науқастарда диуретиктер электролит 
алмасуының бұзылуына әкеледі, сонымен қатар 
тромбэмболиялық бұзылыстар туады. 
 
Егде жастағы адамдардағы пиелонефрит 
33-кесте 

Егде жастағы адамдарда пиелонефрит жиілігі өмірінің әрбір 
он жылы сайын өсіп отырады, 100 жсата 45% ерлерде және 
40% әйелдерде. 

Жасына қарай пиелонефриттің біржақты түрінің жиілігі 
төмендейді және өмірінің 80 жылдығының аяғында, әсіресе 
ерлерде, біржақты прцесстер тәжірибелі түрде кездеспейді. 

Қатерлі іріңді формалары өседі, ерлерде жиілігі 25%-ға, әйел-
дерде 15%-ға таяу. 

Пиелонефрит гиподиагностикасы ерлердің 70 жасында (13%), 
әсіресе онкологиялық патология жағдайында. Гипердиагнос-
тика көбінесе әйелдердің 80-90 жастарында (10%) рұқсат 
етіледі. Егде жастағылардағы жиі кездесетін бүйрек аурула-
рына ангионефросклероз, паранеопластикалық нефропатия, 
қант диабеті кезіндегі бүйректердің зақымдануы, зәр-тас ау-
руы, гломерулонефрит, туберкулез, подагралық нефропатия. 


136 

Ағымы атипиялық. 

Кахексия фонында іріңді және апостематозды пиелонефриттің 
клиникалық көрінісі әлсіз болады, тек зәр анализінде айқын 
емес өзгерістер болады. 

Кәрі кезде пиелонефрит классикалық вариантта қалтыраумен, 
тершеңдікпен, ауырсыну синдромымен, қызбамен, бүйрек 
функциясының төмендеуімен өтеді. 

Ми симптоматикасымен өтетін спецификалық интоксикация 
синдром көріністері байқалады: кеңістікте және уақытта 
ориентировканың аяқ астынан жоғалуы (41%), тепе-теңдік 
бұзылысы (84%), нәжіс пен зәрді ұстай алмау (30%). 

Интоксикация әлсіздікпен, апатиямен, адинамиямен, жүрек 
айнумен көрінеді. 

Температура субфебрильді санға дейін көтеріледі немесе 
қалыпты көрсеткіште қалады. 

Жергілікті симптомдар – бел аймағындағы ауырсыну, 
дизурия, Пастернацкий симптомы аз ақпарат береді. 

Грамтеріс флорамен шақырылатын пиелонефрит өршуі, бак-
териемиялық шок дамуының себебі болуы мүмкін және жедел 
бүйрек жетіспеушілігін тудырады, кейде егде жастағы және 
кәрі науқастарда септицемия дамуын шақырады. Бактерие-
миялық шок «созылған» көрініс алуы мүмкін, айқын арте-
риялды гипотензиямен көрінеді. 

Лейкоцитурия, бактериурия тән. 

Радионуклидті, ультрадыбыстық зерттеулердің бағалануы 
жастық өзгерістер есебінде жүргізілуі тиіс. 

Латентті ағымда – жиі артериялды гипертензия, анемия, бүй-
рек жетіспеушілігі, кейдк кахексия пайда болғанда диагнос-
тирленеді. 

Кейде айқын уродианамика бұзылысымен қатарласатын 
«агрессивті» жағдайларда науқас жағдайы «қанағаттанарлық» 
болады, басқа жағдайларда ағым фетальдығы байқалады 
(мысалы, бір уақыттағы іш қатуда), гемодинамиканың айқын 
емес бұзылыстарының фонында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет