Дюсупова А. А., Еспенбетова М. Ж



Pdf көрінісі
бет16/79
Дата04.09.2023
өлшемі4.88 Mb.
#476469
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   79
Гериатриянын манызды сурактары Еспенбетова 2013-01-01

 
 
 


38 
ЕГДЕ ЖӘНЕ ҚАРТ ЖАСТАҒЫ БРОНХ ДЕМІКПЕСІ 
Бронх демікпесі (БД) әлемнің әртүрлі мемлекеттерінде 300 млн-ға
жуық адам зардап шегетін ауру болып табылады. Оның егде (65-74 
жас) және қарт (75 жас және жоғары) жастағылардың арасында 
таралуы 2,5- тен 8,4%-ті құрайды. Көп жағдайларда БД балалық, 
жастық немесе орташа жаста басталады, кіші санында науқастарда 
БД-нің симптомдары егде (3% жағдайларда) және қарт (1%) жастағы 
науқастарда пайда болады (кеш демікпе). 
Егде жастағы демікпесі бар науқастардың жастарға қарағанда 
өлім қаупі жоғарырақ. Әлемде БД-нен жыл сайын өлетін 180 000 
науқастың арасында 65 жастан жоғары адамддар саны басым. Әдет-
тегiдей, өлiмдер көбiнесе демiкпенi ұзақ сәйкес емес емдеумен және 
аурудың өршуі кезіндегі шұғыл көмек көрсетудің қателіктеріне 
негізделген. 
Жасқа байланысты бронхөкпелік жүйе әртүрлі функционалды 
және морфологиялық ерекшеліктерді өткеруіне байланысты, бұл 
өзгерістер БД клиникалық ағымының ерекшелігін және диагности-
каның қиындығын анықтайды, олар сондай-ақ ем әдісін таңдауға 
және дәрілік препараттардың жеткізуінің әдістеріне әсер етеді. 
Егде және қарт жастағы науқастардағы БД диагностикасы жиі 
қиындау болып келеді. Науқастардың жартысынан астамында бұл 
ауру кеш немесе мүлдем диагностирленбейді (4-кесте), 
Науқастардың әлеуметтік жекешеленуі жабығуға және меди-
циналық көмектен бас тартуға алып келеді. Егде жастағы науқастарда 
БД симптомдарын қабылдауы жиі төмендеген, бұл өкпе көлемінің 
өзгерісіне инспираторлы проприорецепторлардың (негізінен диафраг-
малық), гипоксияға хеморецепторлардың сезімталдығының төмен-
деуімен, сонымен қатар жоғарылаған респираторлы жүктемені 
сезінудің бұзылысымен байланысты болуы мүмкін. Пароксизмальді 
ентігу, ұстама тәрізді жөтел, кеуде клеткасының тарылуы, ысқы-
рықты тыныс кей кездері науқастың өзімен және емдеуші дәрігермен 
қартаюдың көріністері немесе басқа ауру деп қабылданады (5-кесте). 
60%-тен астам науқастарда классикалық экспираторлы тұншығу 
ұстамалары болмайды. 
Дәрігер күнделікті клиникалық тәжірибеде егде жастағы БД 
ауыратын екі топпен кез болады: бұл ауру алғаш анықталған нау-
қастар және ұзақ ауыратындар. Егде жаста алғаш анықталған БД жиі 


39 
диагностирлеу қиын, бұл осы жастағы аурудың басталуының салыс-
тырмалы сирек болуымен, оның көріністерінің жасырын және 
ерекшелігінің болмауымен, сәйкес клиникалық көрінісі бар (ентігу, 
жөтел, физикалық жүктемеге толеранттылықтың төмендеуі) қосалқы 
аурулардың болуымен байланысты. Науқастардың екінші тобына БД 
көп жылдар зардап шегетіндер жатады, және егде жаста БД жиі 
екінші ауру қосылады- өкпенің созылмалы обструктивті аурулары 
(ӨСОА). БД және ӨСОА- респираторлы жүйенің екі жеке созылмалы 
ауруы, бірақ БД науқастарында бронхтық обструкцияның қайтымсыз 
компонеті пайда болған кезде осы екі ауру арасындағы ажырату 
дигнозы маңызын жоғалтады. БД-не ӨСОА қосылды деп БД тұ-
рақты жағдайында (бақыланатын симптомдар, тыныс шығару жыл-
дамдығының шыңының аз ваиабельділігі – ПСВ) 1 секунд ішінде 
төмендеген форсирленген тыныс шығару көлемі (ОФВ) сақталынған, 
β
2
-агонистпен сынама кезінде жоғары өсу болсадағы жағдайды 
санауға болады. Бұл науқастарды ұзақ бақылаған кезде көнбейтін 
тыныс жетіспеушілігінің үдеуі, бұрындары жоғары нәтижелі болған 
кортикостероидтардың нәтижесінің төмендеуі байқалады. Астасатын 
БД және ӨСОА аурудың симптоматикасын айтарлықтай түрлен-
діретін, салмақ салатын факторлар болып табылады. Егде жастағы 
науқастардағы ӨСОА-ның ағымының өзіндік ерекшеліктері бар. Егде 
жастағы науқастарда ӨСОАның үдеуіне әсер ететін факторлар дене 
салмағының төмен болуымен, алиментарлы жетіспеушілікпен, инво-
лютивті остеопороз және иммунтапшылық, инфекционды процес-
тердің дамуының жоғарылау қаупімен, әлеуметтік-психологиялық 
дезадаптация және науқастарды үйретудегі қиыншылықтармен, со-
ның ішінде мөлшерленген ингаляторларды қолданумен анықталады. 
Егде және қарт жастағы адамдарда БД және ӨСОА-ның клини-
калық көріністерінің маңызды бір ерекшелігі мультиморбидтілік деп 
аталатын, науқастарда төрттен алтыға дейін аурулардың болуы 
саналады. БД-мен ауыратын егде жастағылардың 75% шамасында 
бір қосалқы ауруы бар. Жиі бұл жүек-қан тамыр патологиясы, қант 
диабеті, остеопороз, асқазан-ішек жолының аурулары, урологиялық 
патология. Бұның бәрі БД-нің ағымын қиындатады және емдеу 
шараларын түзетуді қажет етеді.
Жиі гериатриялық жас шамасындағы науқастарда БД және 
ӨСОАның тез асқынуында жүрек қызметінің декомпенсациясы 


40 
дамып, ол өз кезегінде сыртқы тыныс қызметінің (СТҚ) бұзылысын 
қиындатады, аурудың ауыр ағымын ұстап тұрады және өзара салмақ 
салу синдромын қалыптастырады. ЖИА өршуі немесе артериальді 
гипертензия фонында депрессияның айқын күшеюі немесе манифес-
тациясын ерекше атап өту керек. 
Егде және қарт жастағы науқастарда БД және ӨСОА-ның ағымының 
көрсетілген ерекшеліктері емдік шараларды түзетуді қажет етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет