Дюсупова А. А., Еспенбетова М. Ж



Pdf көрінісі
бет17/79
Дата04.09.2023
өлшемі4.88 Mb.
#476469
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   79
Гериатриянын манызды сурактары Еспенбетова 2013-01-01

Диагностикасы 
Егде жастағы науқастарда БД-нің диагнозын қою тек қиын емес, 
сондай-ақ аурудың ауырлық дәрежесін анықтау қиын, себебі бұл 
жаста (жастармен салыстырғанда) симптомдарды сезіну өткірлігі 
және егде жастағы адамның белгілі бір өмір салтына бейімделуі 
нәтижесінде олардың ауырлығы төмендейді. Тағы бір қиындататаын 
фактор ол егде жастағы науқастардың әсіресе тыныс шығару жыл-
дамдығының шыңын анықтауда өкпелік сынамаларды орындауының 
қиындығы. 
Дұрыс диагнозды қою үшін тиянақты жиналған ауру анамнезі 
мен өмір анамнезі аса маңызды. Аурудың басталу жасы, оның ал-
ғашқы симптомдарының пайда болу себебін, ағымының сипатын, 
ауырланған тұқымқуалаушылық, кәсіптік және аллергологиялық 
анамнез, шылым шегу, қосалқы ауруы бойынша дәрілік препарат-
тарды қабылдауы туралы мәліметтерге назар аудару қажет. (6-кесте) 
Диагнозды қою кезіндегі клиникалық симптомдардың интерпрета-
циясының қиындығына байланысты бронх обструкциясының, өкпе 
гиперинфляциясының көріністерінің барын анықтауға көмектесетін 
объективті қараудың нәтижелері, қосалқы аурулар және олардың 
айқындылығын бағалау өте маңызды болып табылады.
Зерттеудің қажетті әдісіне обструкцияның қайтымдылығы сы-
намасымен спирография жатады. Бронзхтық өткізгіштіктің бұзылы-
сының көрінісіне 1 секунд ішіндегі форсирленген тыныс шығару 
көлемінің (ОФВ

< 80% болуы мүмкіннен) және форсирленген тыныс 
шығару көлемінің форсирленген өкпенің тіршілік сыйымдылы-
ғына(ФЖЕЛ) қатынсының 70% аз төмендеуі жатады. Обструкция 
қайтымды деп саналады, егер бронхолитикпен ингаляциядан кейін 
15-45 мин аралығында ОФВ

12%- ке (немесе 200 мл және одан 
жоғары) өсуі бастапқымен салыстырғанда жоғарыласа. Жасқа байла-


41 
нысты науқастарда тыныс жолдарының β
2
-рецепторларының саны 
және сезімталдығы төмендеуіне байланысты егде жастағыларда 
бронхолитик ретінде β
2
-агонист және холинолитик (беродуал) ком-
бинациясын қолданған тиімді.Обструкцияның қайтымдылығы болма-
ғанда қайталамалы зерттеуді науқастың келесі қарауында жүргізеді. 
Егде жастағы науқастарда жас науқастарға қарағанда бронх 
обструк-циясының айқын және бронхолиткпен ингаляциядан кейін 
қайтымдылығы шамалы. Көп жағдайларда бұл БД және ӨСОА-ның 
ажырату диагнозын қиындатады. Бронхтық өткізгіштіктің бұзылы-
сын вариабельді бағалау үшін пикфлоуметрия қолданылады. Егде 
және қарт жастағы науқастарда көру өткірлігінің төмендеуі және 
есте сақтаудың бұзылуына байланысты оның орындалуы қиын болуы 
мүмкін. 
БД және ӨСОА-ның ажырату диагнозы кезінде брох обструк-
циясының қайтымдылығынан басқа қосымша тесттерге өкпенің 
диффузионды қабілетін анықтау жатады. БД науқастарынан ерек-
шелігі сол ӨСОА науқастарында оның төмендеуі көрсетілген.
Науқастарда сәйкес клиникалық симптомдардың және өкпенің 
қалыпты қызметі бронхтардың гиперреактивтілігінің спецификалық 
еместігі анықталуы (метахолинге, гистаминге, мөлшерленген физи-
калық жүктемеге жән басқа) БД диагнозын нақтылауға көмектеседі. 
Брохтарды қоздыру тесттерінің ннәтижесін талдау кезінде жоғары 
сезімталдылықпен бірге, олар шектелген спецификалық тән екенін 
есте сақтау қажет. Бронхтардың гиперреактивтілігі тек БД ауыратын 
науқастарда ғана кездеспейтінін есепке алу керек, себебі егде 
жастағы сау адамдарда, шылым шегетіндерде, ӨСОА-мен және 
аллергиялық ринитпен ауыратындарда да кездеседі, оның болуы 
демікпені және басқа тыныс алу ауруларын ажыратуға мүмкіндік 
бермейді.
Кейбір жағдайларда БД диагнозын нақтылау үшін спонтанды 
бөлінген немесе қақырықтың гипертониялық ерітіндінінің ингаля-
цияларымен индуцирленген және шығарылған ауадағы (азот оксиді 
және басқа) қабынудың инвазивті емес маркерлерінің концентра-
циясынның цитологиялық талдауын қолданады. Қақырықтың эозино-
фиоиясы және азот оксидінің деңгейі БД науқастарында терапияны 
таңдауда қолданылуы мүмкін деген, бірақ олардың диагностика үшін 
маңыздылығы одан ары зерттеуді қажет етеді. Демікпенің дамуында


42 
экзогенді аллергендердің орнын бағалау үшін аллергологиялық 
зерттеу қажет. Олар егде жастағыларда жастарға қарағанда аса 
маңызды емес делінеді. Сонымен қатар қан сары суының имму-
ноглобулин Е (IgЕ) және 60 жастан асқан адамдарда БД таралуы 
арасында тығыз байланыс бар екені анықталған. 65 жастан жоғары 
51-57% науқастарда аз дегенде бір аллергенге гиперсезімталдылық 
бар. Жиі үй шаңының кенелеріне, мысықтар мен тарақандар аллер-
гендеріне сенсибилизация анықталады. Егде жастағы науқастарда бұл 
мәліметтер аллергологиялық зерттеудің (анамнез, терілік сынамалар, 
қандағы аллерген- спецификалық IgЕ анықтау, араңдатушы тесттер) 
маңыздылығын көрсетеді, ол демікпенің өршуінің триггерлерін және 
олардың элиминациясын анықтау үшін. 
Егде және қарт жастағы науқастардың қосалқы ауруларының 
диагностикасы үшін (5-кестені қара) қанның клиникалық талдауы, 
кеуде қуысының және мұрынның қосалқы қуыстарының рентгено-
логиялық зерттеуі, электрокардиограмма, көрсеткіш бойынша – эхо-
кардиография орындалуы қажет.
ӨСОА және БД бар егде жастағы науқастарды жүргізу тактикасы 
бронхтық обструкцияны мұқият бақылау, бұл топ науқастарына 
комплекстік емге реабилитациялық және білім беретін бағдарлама-
ларды міндетті түрде қосу, медикаментозды емнің мониторингі
уақтылы диагностика, өршуді басу және алдын алу жатады.
Егде жастағыларда демікпенің емінің мақсаты симптомдарды, 
белсенділіктің қалыпты деңгейін, физикалық жүктемені қосқанда, 
өкпе қызметінің қалыпты көрсеткіштерін бақылауға жету және ұстап 
тұру, асқынуларды, дәрілік препараттардың жағымсыз әсерін және 
летальділікті алдын-алу. Фармакотерапия демікпені ұзақ бақылау 
үшін және оның симптомдарын тез купирлеу үшін дәрілік заттарды 
қолдануды ескереді. 
Егде жастағыларды емдегенде бірінші топ препараттарының 
ішінде ингаляционды глюкокортикоидтарға (ИГКС) бастаушы орын 
беріледі, кромон және антилейкотриенді препараттармен салыстыр-
ғанда оларға деген сезімталдық жасқа байланысты төмендемейді. 


43 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет