Диагностика
Симптоматикалық артериялық гипертензия диагнозы науқас үш
рет келгенде систолалық артериялық қысым деңгейі > 140 мм.с.б., ал
диастолалық артериялық қысым < 90 мм.с.б. болғанда қойылады.
Қарт адамдардың артериялық қан қысымын өлшеген кезде
мына жағдайларды ескеру қажет:
АҚҚ өлшеген кезде ауаны 250 мм.с.б. дейін көтеріп, өте баяу
төмендету қажет.
АҚҚ өлшеген кезде вертикалды қалыпқа келгеннен кейін 1-5
мин кейін тұрып немесе отырған қалыпта өлшеу керек, қант
диабетімен ауыратын науқастарда 2, 4, 6, 8 және 10 мин кейін
өлшеу керек.
Алғашқыда АҚҚ екі қолда да өлшенеді.
23
Псевдогипертонияны теріске шығару үшін Ослер белгісі қолда-
нылады: манжетаны қысқанда систолалық артериялық қысым-
ның жоғарлауы кезінде иық артериясында немесе білезік
артериясында пульс анықталады.
Егде және қарт жастағы науқастардағы пневмонияның
диагностикасы
Егде жастағы науқастарда пневмонияға күдіктенгенде диагнос-
тикалық іздеу бірнеше сатыдан тұрады, әр сатыда дәрігерге соңғы
мақсатқа жету үшін – пневмонияның нозологиялық диагностика-
сының мүмкін деген этиологиялық нұсқасын, ауырлығын, асқынуын,
көрініске сай патологияның болуын және т.б. нақты есептерді
шешуге тура келеді. Пневмонияның уақтылы және дұрыс диагнос-
тикасы көбінесе ауруды дұрыс түсінуге тәуелді, ол пневмонияның
анықтамасында көрсетілуі мүмкін. Қазіргі анықтама бойынша
пневмония – бұрындары болмаған клиникалық және жергілікті
зақымданудың рентгенологиялық көріністерінің болуымен альвео-
лалардың жедел инфекционды қабынуы, басқа себептерге байла-
ныссыз. Берілген анықтама дәрігерге науқастағы ауруды пневмония
ретінде квалифицирлеуге көмектеседі, тек альвеолалардың инфек-
ционды сипаттағы қабынулы зақымдануының симптоматикасы
болғанда (өкпе тінінің жергілікті тығыздалуы көрінісі, крепитирлеуші
сырылдар, вентиляционды- перфузионды бұзылыстар, өкпе тіні
инфильтрациясының рентгенологиялық көріністері). Гериатриялық
контингенттің науқастарында бұл ерекше мағыналы болып келеді,
өйткені қабынусыз (гемодинамикалық бұзылыстар, ісіктер), сондай-
ақ қабынулық сипаттағы (пневмониттер және басқа) синдром ұқсас
өкпе ауруларын жоққа шығару қажет.
Өкпелік қабынудың диагностикасы. Бұл сатыда синдром ұқсас
патологияны жоққа шығару туралы айтылады, жиі осы егде жастағы
науқастарда кездесуінен бұл топтағы науқастарда пневмонияны тану
және дифференциалды диагностиканы жүргізуге қиындық тудырады.
Жиі біріншілік клинико-рентгенологиялық зерттеудің мәліметтері
бойынша дифференциалды диагностиканы жүргізуге және келесі
ауруларды жоққа шығаруға тура келеді:
- Өкпенің интерстициальді ісінуі;
- Өкпе инфарктінің дамуымен өкпе эмболиясы;
24
- Ателектаз;
- Өкпе ісіктері (біріншілік және метастатикалық);
- Пневмониямен байланыссыз плевральді құйылу;
- Өкпенің кисталары (ретенционды, паразитарлы);
- Жергілікті өкпелік фиброз;
- Өкпенің жарақаты.
Инфекционды сипаттағы өкпелік қабынудың диагностикасы,
пневмониттерді, инфекционды емес сипаттағы өкпенің қабынуын
(иммунды, аллергиялық, токсикалық, соның ішінде медикаментозды
және басқа) жоққа шығару болып табылдаы. Егде және қарт жастағы
науқастарда келесідей инфекционды емес сипаттағы өкпелік қабыну-
дың дамуы шынайы:
- Жүйелі аурулар кезіндегі пневмониттер, соның ішінде ревма-
тоидты артритте, склеродермияда, геморрагиялық васкулитте,
Вегенер синдромында;
- Инфаркттан кейіңгі Дресслер синдромы кезіндегі пневмониттер;
- Дәрілік пневмониттер, цитостатиктермен, амиодарон, нитрофу-
ран, алтын препараттарымен және басқа дәрілік заттармен емдеу
кезінде дамитын;
- Сәулеленуден кейіңгі пневмонит, өкпе, өңеш, сүт безі обырында
сәулелік терапиядан кейін пайда болатын;
- Көп мөлшердегі асқазан сөлімен аспирация кезіндегі пневмо-
ниттер (операциядан кейіңгі кезең).
Туберкулезді емес сипаттағы өкпенің инфекционды қабынуының
диагностикасы. Егде жастағыларда туберкулездің анықталу жиілігі
жоғарылауы есебінен осы жас тобындағы туберкулездің атипті
ағымымен қатар өкпелік инфильтраттың болуы әрқашан қабынудың
туберкулезді этиологиясының мүмкіндігін ескеру қажет. Қауіп қатері
бар (алкоголизм, стероидты терапия, әлеуметтік жағдайлар) нау-
қастарда өкпелік инфекцияның жекеленген ыдырауы туберкулезға
күдіктенуді жоғарлатуы қажет. Әдеттегі диагностикалық белгілер
(туберкулинді сынамалар, анамнез, рентгенологиялық көрінісінің
патогномдылығы) жиі өз мағынасын жоғалтатынын ескеру қажет.
Соңғы уақыттарда әдіс сезімталдығы полимеразды тізбекті реак-
цияны қолдануды жоғарлатады.
Пневмонияның этиологиялық түрін бағдарлы анықтау. Клинико-
рентгенологиялық көріністің, фондық патологияның сипаты және
25
болуы, эпидемиологиялық жағдайдың ерекшелігі негізінде пневмо-
нияның этиологиясын бағдарлы анықтауға болады. Диагностиканың
ұсынылған сатысы, пневмонияның нозологиялық диагностикасына
қарағанда аз маңызды болып табылмайды, себебі пневмонияның
этиологиялық верификациясысыз жүзеге асатын біріншілік бастауыш
антимикробты препаратты дұрыс негіздеуге және логикалық,
мағыналы таңдауға мүмкіндік береді. Пневмонияның бағдарлы этио-
логиялық диагностикасының пинципиальді мүмкіндігі аурудың
кейбір қоздырғышының белгілі бір клинико-патогенетикалық жағ-
дайларға «жақындығынан» шығады. Ең бастысы клинико-эпидемио-
логиялық жағдайларға негізделген барлық пневмонияларды осы
ұстанымдармен топтастыру дұрыс болып саналады, әртүрлі қауіп
факторларының есебімен: тығыз қатынастағы коллективтердегі пнев-
мониялар (жайылған, ауруханадан тыс); ауыр соматикалық аурулар-
дағы пневмониялар; нозокомиальді (госпитальді) пневмониялар,
аспирационды пневмониялар; ауыр иммунды жетіспеушілік жағдай-
лардағы пневмониялар.
Жайылған (үй) пневмониялардың арасында аурудың басты
қоздырғыштары болып: пневмококктар, гемофильді таяқша, сирек
алтын стафилококк, хламидиялар, микоплазма, вирустар, легионелла
саналады.
Әртүрлі соматикалық аурулар (егде және қарт жастағы науқас-
тардағы пневмония нұсқасының бірі) негізінде пайда болатын
пневмонияның негізгі қоздырғыштары гемофильді таяқша, сирек
пневмококк және стафилококк болып табылады. Нозокомиальді
(госпитальді) пневмониялардың микробтық спектрі негізінен грам
теріс флорамен, стафилококк, легионелламен көрінеді. Сондай-ақ,
интернаттарда пневмонияның басты қоздырғыштары стафилококк
саналса, стационарларда грам теріс флора, соның ішінде көкірің
таяқшасы, легионелла.
Аспирационды пневмониялар анаэробты флорамен (ауыз жұт-
қыншақтың басты микрофлорасы) және грам теріс микроағзалармен
шақырылады. Сирек аспирация кезіндегі пневмония қоздырғыштары
егде жастағылардың тыныс жолдарының шырышын колонизирлеуші
клебсиелла, гемофильді таяқша, пневмококк болуы мүмкін. Ауыр
иммунтапшылық жағдайларда пайда болатын пневмониялардың
26
өзіндік микробтық спектрі бар: грам теріс флора, саңырауқұлақтар,
цитомегаловирус, пневмоциста.
Қосалқы аурудың диагностикасы. Егде жаста қосалқы ауру-
лардың жиі кездесуі, бір жағынан қауіп факторларымен бірге кейбір
қоздырғыштардың бірлестігі есебінен пневмонияның белгілі бір
нұсқасына дәрігерді бағдарлайды. Мысал ретінде: ӨСОА негізінде
пайда болатын пневмониялар гемофильді таяқшамен, қант
диабетінде- клебсиелламен шақырылады, созылмалы алкоголизммен
науқастарда жиі пневмония қоздырғышы стафилококк болып
табылады және т.б. Екінші жағынан, пневмонияның дамуында қосал-
қы аурудың уақтылы диагностикасы және осы аурулардың деком-
пенсациясы жекеленген емдік-реабилитациялық бағдарламаны таң-
дау, терапияның көлемін және сипатын анықтау, интенсивті емнің
өткізу қажеттігі үшін маңызды, себебі пневмониялардың көбі егде
жастағыларда әртүрлі соматикалық патология негізінде өтіп, асқын-
ған және созылыңқы ағымға ие болады.
Асқынулардың диагностикасы. Өкпелік асқынулар: парапневмо-
ниялық плеврит, плевра эмпиемасы, өкпе абсцессі және гангренасы,
өкпенің көптеген деструкциясы, бронхообструктивті синдром, консо-
лидационды нұсқа (бөліктік пневмониялар кезінде өкпе тінінің
жаппай зақымдануы есебінен) және өкпелік нұсқа (өкпе ісінуі)
түрінде жедел тыныс жетіспеушілігі.
Өкпеден тыс асқынуларға жатады: жедел өкпетекті жүрек (жап-
пай зақымданулар кезінде), инфекционды токсикалық шок, специфи-
калық емес миокардит, эндокардит, перикардит, сепсис (жиі пнев-
мококкты пневмония кезінде), менингит, менингоэнцефалит, ТШҰ-
синдромы, психоздар (ауыр ағым кезінде), анемиялар (гемолити-
калық микоплазмалық және вирустық пневмонияларда, темірдің
қайта бөлінуі іріңді асқынуларда).
Егде жастағы науқастарда пневмония бар қосалқы патологияның
негізінде асқынулар дамитындықтан, олар ауыр ағыммен сипаттала-
ды және толықтай аурудың болжамын анықтайды.
Пневмонияның таралуы кеңейтілген диагнозда (сегментарлы,
бөліктік, бір немесе екі бөлік, тотальді екі жақты) көрсетілуі қажет.
Бұл түсініктер келесілерге сәйкес: «крупозды», ошақты, бронхопнев-
мония, интерстициальді және т.б. Пневмонияның таралуын бағалауда
негізгі әдіс болып рентгенологиялық зерттеу табылады.
27
Пневмонияның ауырлығы. Пневмонияның ауырлық дәрежесін
бір жағынан, микробқа қарсы терапия сипатымен, екінші жағынан,
ауру болжамы және симптоматикалық емнің сипатымен анықтайды.
Пневмонияның ауырлығын анықтауда басты критерийлер келе-
сілер: таралуы, симптоматиканың айқындылығы, тыныс жетіспеуші-
лік дәрежесі, асқынулардың болуы және сипаты, қосалқы аурулар-
дың декомпенсация дәрежесі.
Сөйтіп, пневмонияның толық диагнозы нозологиялық форманы,
болжама этиологиялық нұсқаны, фондық патологияның болуы (жоқ
болса көрсетілмейді), пневмонияның орналасуын және таралуын,
ауырлық дәрежесін, асқынулардың болуын және сипатын, кезеңін
(өршу, разрешение, реконвалесценция) және динамиканы (нәтиже)
қамтуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |