62
сіптік статусын қалпында ұстау, оларды аурудың бастапқы кезінен
қолдану біріктіретін шаралар жүйесі.
Ауруханалық реабилитация мақсаты – МИ жедел көріністе-
рін жою, асқынуларды алдын-алу және науқастың жағдайын тұрақ-
тандыру, физикалық және психологиялық жағдайын қалпына келтіру.
Реабилитациялық шаралар комплексінде науқастар артынан күту
маңызды орын алады.
Өкпеде тоқырау белгілерін, пневмонияның
алдын-алу үшін тыныс жаттығуларын,
кеуде қуысының массажы,
физкультураны қолданған жөн. Физикалық реабилитация міндетті
түрде ЭКГ- және гемодинамикалық бақылаумен жүргізілуі керек.
Реабилитацияның
санаторлы (екінші) кезеңі арнайы
реабилита-
циялық қаланың шетіндегі кардиологиялық санаторийлерінің бөлім-
дерінде жүргізіледі. Содан кейін науқас
өзіндік қиындықтарымен
тұрмыстық және өндірістік ортаға оралады. Және де ол өзін толық
күтуге дайын болуы керек.
Санаторлы реабилитацияның мақсаты –
науқасты белсенді
өмірге дайындау – жанұясына, тұрмыстық пен өндірістік ортаға ора-
луын және екіншілік алдын-алуды өткізу. Егде жастағы науқастарда
мүмкіндігінше жағдайының тұрақтылығына, өзін-өзі күте
алатын
жағдайға жеткізуге қол жеткізу керек. Санаторияда қол жеткізген фи-
зикалық жұмысқа қабілеттілік деңгейін сақтап қалуға тырысу керек.
Достарыңызбен бөлісу: