Дюсупова А. А., Еспенбетова М. Ж


Жүрек ақаулары кезіндегі СЖЖ



Pdf көрінісі
бет50/79
Дата04.09.2023
өлшемі4.88 Mb.
#476469
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   79
Гериатриянын манызды сурактары Еспенбетова 2013-01-01

Жүрек ақаулары кезіндегі СЖЖ. 
Хирургиялық араласулар оң әсер көрсетуі мүмкін. Негізгі үрдіс 
белсенділігін (ревматизм, инфекционды эндокардит, дәнекер тінінің 
диффузды аурулары) тежеу қажет. 
Кейбір ақаулар кезіндегі СЖЖ фармакотерапия ерекшелік-
тері: 
Қолқа тарылуы – диуретиктер көрсетілген, (гидрохлоротиазид, 
триампур, фуросемид), спиронолактон. Қолқа өзегінің айқын та-
рылуы кезінде жүрек гликозидтерін қолдану қауіпсіз емес. Стено-
кардияның ұстамаларының болуы кезінде в-адреноблокаторларының 
аз мөлшерін тағайындауға болады. ИАПФ, нитраттарды, дигидро-
пиридин тобындағы кальций антагонистерін және басқа вазодилята-
торларды тағайындауға болмайды. 


106 

митральды стеноз – диуретиктер, спиронолактон (гидрохлоро-
тиазид немесе фуросемидті спиронолактонмен немесе триам-
пурмен комбинациялау) көрсетілген. Өкпелік гипертензия ке-
зінде нитраттар, ал жыпылық тахиаритмиясы кезінде жүрек 
гликозидтері көрсетілген. В-блокаторлар мен верапамилдың 
аздаған мөлшерін тағайындауға болады. 

Қолқа жетіспеушілігі – ИАПФ (эналаприл до 40 мг/тәу), гидра-
лазин немесе нифедипин 40 мг/тәу. Ісіну синдромы кезінде 
диуретиктерді қосуға болады; митральды жетіспеушілік – 
ИАПФ көрсетілген. Жыпылық тахиаритмиясы кезінде жүрек 
гликозидтерін в-адреноблокаторлармен қосып беруге болады. 
Ісіну синдромы кезінде диуретиктерді қосуға болады;
Перикард және эндокард аурулары жиі хирургиялық арала-
суларды қажет етеді.
Екіншілік өкпелік гипртензия фонындағы (созылмалы обструк-
тивті өкпе аурулары, кифосколиоз, өкпе артерияларының за-
қымдалуы т.б.) СЖЖ терапиясын этиологиясын ескере отырып 
жүргіземіз. ИАПФ және кальций анагонистерін ұзақ оксигенотерапия 
(12-14 сағ тәулігіне) комплексінде қолдану өкпенің созылмалы об-
структивті ауруы бар науқастарда екіншілік өкпе гипертензиясын 
емдеуде перспективті болып табылады, ал жүрек гликозидтері жыпы-
лық тахиаритмиясы бар науқастарды санамағанда көрсетілмейді. 
Электролитті дисбаланс салдарынан дамитын қарыншалық аритмия-
ның қаупін ескере отырып диуретиктерді де байқап беру керек. 
СЖЖ иррационалды фармакотерапиясының себептері: 
Препараттарды жиі, негіздеусіз алмастыру 

Мөлшерді титрлеу режимінің болмауы 

Полипрагмазия; 

Емдеу профилактикалық амбулаторлы поликлиникалық орын-
дарда және стационарлық жұмыстарының жеткіліксіз болуы. 
Сондықтан егде науқастарда СЖЖ медикаментозды терапиясы 
салыстырмалы түрде және сол жақ қарынша систолалық қызметінің 
ескерумен таңдалу керек, қосымша ауруларды емдеуге арналған 
заттарды және егде адамдарда қолданылатын дәрілік заттардың фар-
макокинетикасы мен фармакодинамикасының ерекшеліктерін ескеру 
керек. 


107 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет