Тақырып: Ежелгі уақыттағы өлшеуіш құралдары.
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып:
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Оқу мақсаттары
|
3.3.1.5 берілген ауданы бойынша торкөзді қағазға жазық фигуралар салу, олардың пішіндері өзгеруіне қарай ауданының қалай өзгеретінін түсіндіру
3.5.2.3 бұрыштарды, көпбұрыштарды латын әліпбиінің бас әріптерімен таңбалау, оларды таңбалануы бойынша оқу
|
Күтілетін нәтижелер
|
Барлық оқушылар үшін:
|
Торкөз дәптерге жазық фигуралар салу.
|
Бірқатар оқушылар үшін:
|
Берілген параметрлер бойынша фигура салу.
|
Кейбір оқушылар үшін:
Фигураның пішіні өзгергенде оның ауданы қалай өзгеретінін түсіндіру.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар:
Тіктөртбұрышты, параллель түзулерді қалай салуды түсіндіру.
Пәндік лексика және терминология:
Фигуралар, салу
|
Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.
Талқылау:
|
Тіктөртбұрышты қалай салу керек?
Тіктөртбұрыштың ауданын қалай табу керек?
|
Жазу:
|
Есептердің шешуін жазу.
|
Тірек білім, білік, дағдылар
|
Фигуралар салу.
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
0–3
|
Ынталандыру.
Мұғалім адамдар бұрынғы кезден өлшейтін және сызатын құралдарды қолданғаны туралы әңгімелейді.
Біздің кезімізге дейін жеткен құралдар бар ма? Олар қандай деп ойлайсыздар?
|
|
4–6
|
Өзектендіру.
Суреттерді қараңыздар. Параллель және параллель емес түзулерді атаңыздар. Мұны қалай дәлелдеуге болады?
|
Қаланың, шағын жерлер мен баулардың планы.
|
7–11
|
Мақсат қою (мәселелі жағдаят)
Бүгін біз өз білімімізді нақтылаймыз, әрқайсыңыздың басыңызда туындаған қандай да бір қиындықты тауып, оны түзейміз.
|
|
12–29
|
Өзіндік жұмыс
Оқушылар 2-ші мен 3-ші тапсырманы орындап, нәтижесін эталонмен салыстырады.
Қиындықтарды түзету
Мұғалім орындалу барысының дұрыстығын тексереді.
– Кімде қиындық туындады?
– Сіз қай жерде қате жібердіңіз?
– Қате кетудің себебі неде?
– Егер өзіндік жұмыста ешқандай қиындық туындамаса, өз іс-әрекетіңіздің мақсатын құрастырыңыз. (Қосымша тапсырма орындау).
– Қиындық туындаған балалардың әрі қарайғы мақсаты қандай? (Қатені түзету).
– Қателерді түзету алгоритмін қолданамыз.
– Әркім өз оқу мақсатын айтады.
Мұғалім бағалау критерийлері бар тапсырманы орындауды ұсынады.
Мен:
– параллель және қиылысатын түзулер сызуды,
– тіктөртбұрыш және шаршы (берілген қабырғалары бойынша) салуды;
– циркульдің көмегімен шеңбер сызуды;
– нүктелі қағазда қиылысатын жазық фигуралар сызуды және олардың қиылысуы мен бірігу нүктелерінің ауданын табуды білемін.
|
Дәптер, оқулық.
|
30–40
|
Өткенмен жұмыс.
Баланың білім деңгейіне қарай мұғалім жеке-жеке тапсырма береді.
Өзіндік жұмыс.
Балалар тапсырманы таңдау бойынша орындайды: симметриялы фигуралар, дөңгелектен жасалған өрнектер салады және дайындайды.
|
Дәптер, оқулық.
|
41–45
|
Рефлексия.
– Сабақтың басында алдымызға қандай мақсат қойдық?
– Осы мақсаттарға жете алдық па?
– Сіздерде қиындық туындаған ба еді?
– Сіз оларды өте алдыңыз ба?
– Бүгінгі сабақ несімен қызықты болды?
Өз жұмысын жетістік сызғышының көмегімен бағалауды ұсынады.
|
Жетістік сызғышы.
|