Тірек білім, білік, дағдылар
|
2-7 сандарына көбейту және бөлу кестесі
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған іс-әрекет
|
Қоры
|
0-3
|
Ынталандыру.
Оқытушы мақалдарды оқиды.
Ешкімге жақсылық жасай алмайтындар жамандыққа жолығады.
Кімде-кім жасаған жақсылығын бұлданса, оның бағасы көк тиын.
Жақсылықты оны түсіне алатын адамға жасау керек.
Жақсылық бірден емес, баяу жасалады.
- Бұл мақалдар несімен ұқсас? Олар не туралы?
Өздеріңе ұнаған мақалдардың мағынасын түсіндіріңдер.
Қандай халықтық шығармалар жақсылыққа үндейді.
|
|
4-6
|
Өзектендіру.
Бұл кезеңде оқытушы бір ойын ойнатуы мүмкін. Мысалы, «Бөлісу – бөліспеу».
Оқытушы балаларды топтарға бөледі. Әрбір топ көбейту кестесінің (3, 4, 5, 6, 7 сандарына) біреуіне жауап береді. Содан кейін оқытушы әртүрлі сандарды көрсетеді, ал оқушылар бұл сандар өздерінің сандарына еселі болса, қолдарын көтереді.
Көбейту кестесін кімнің ойлап тапқаны нақ айқын емес. Тек оның 2200 жыл бұрын Қытайда пайда болғаны ғана белгілі. Бұл игілікті іс адамзатқа мыңдаған жылдар бойы қызмет етіп келеді.
|
Сандар жазылған қима қағаздар
|
7-11
|
Мақсат қою (мәселелі жағдаят)
Тақтаға қарайық. Бізге 8 · 8 және 9 · 9 мысалдарынан басталатын көбейту кестесін құру керек.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай? 8 және 9 сандарына көбейту кестесі қалай құрылатынына бақылау жасау.
|
Оқулық
|
12-29
|
Жаңаны ашу.
Оқулықтағы 1- тапсырма. 8 және 9 сандарына көбейту және бөлу кестесін құрыңдар. Жұппен жұмыс істеңдер.
Кестені құруды қандай мысалдан бастауға болады? (Кестені 8-ді 8-ге көбейту мысалынан бастаймыз, 8-ден санап, ережені қолдана отырып, жолдар бойынша толтырамыз.)
Екінші бағанды құру кезінде қандай ережесін қолдандыңдар? Үшінші бағанды құру кезінде қандай ережесін қолдандыңдар? Төртінші бағанды құру кезінде қандай ережесін қолдандыңдар? Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті, көбейту амалы компоненттерінің өзара қатынасы.)
Тапсырманың орындалу дұрыстығын қалай тексереміз?
(Көбейту кестесін қарау керек.)
|