Ә. Е. Жұмабаева, Г. И. Уайсова, А. Т. Тұралбаева Қазақ тілі диктанттар жинағЫ 1-бөлім



Pdf көрінісі
бет2/18
Дата19.04.2023
өлшемі215.29 Kb.
#472463
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
ДИКТАНТТАР ЖИНАҒЫ.2 сыныпpdf

Шығармашылық диктант – үйрету диктанттарының 
ішін де мазмұн, құрылым, әдістәсіл жағынан ең күрделісі, 
оқушы лардың ойлау қабілетін, сөздік қорын, білім деңгейі мен 
өздігінен жұмыс істеудегі шеберліктерін арттыру көрсеткіші. 
Бұл диктанттың көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қою
сөздерді дұрыс орналастыру арқылы сөйлем құрау, басы 
жазылған мәтінді аяқтау сияқты басқа диктанттарға ұқсамай
тын өзгешеліктері болады. 
Шығармашылық диктант балалардың тілін дамыту үшін 
де өте қолайлы, өйткені оқушылар мәтін құрауға белсенді 
қатысады, сөздерді де өздері ойлап табады. 
Сөйлемді немесе мәтінді балалардың өздері құрастыратын 
болғандықтан, мұны шығарманың кіріспесі деуге де болады. 
Мұғалім тақтаға қажетті сөздерді жазады. Кейде сурет 
немесе бір сериялы картина беріледі: балалар бір тақырыпқа 
сөйлемдер құрайды. Шамамен қолданылатын ережелер 
беріледі (еске түсіріледі). Балалар сөйлемдегі сөздердің дұрыс 
тұлғада тұрғантұрмағанын байқайды, қажет болса, өзгертеді. 
Графикалық (сызба) диктантын сөйлемдегі сөздердің 
байланысын сызба арқылы көрсету, керісінше, берілген сызба 
бойынша сөйлем құрау сияқты түрлі нұсқада жүргізуге бола
ды.
Ескерту диктантында мұғалім мәтінді тұтас оқып 
шығады. Балалар жақсылап тыңдап отырады. Сонан кейін 
түсініксіз деген сөздердің мағынасы түсіндіріледі. Мұғалім 
әрбір сөйлемді қайта оқып шығады, оқылған сөйлемдер 
балалардың қатысуымен талданады. Сөйлемді жазбас бұрын 
мұғалім балалардың зейінін ондағы қиын сөздердің жазы
луына, өтіліп отырған ережеге аударады. Оқушылар тиісті 
дыбыстарды көрсетеді, ережесін айтып береді, олардың 
қателескен жері болса, түзетіледі. Осындай жұмыстардан 
кейін ғана балалар сөйлемді жазуға кіріседі. Алғашқы кез
де әрбір сөйлем оқылып, талданып барып жазылады. Кейін 


6
балалар жұмыстың бұл түріне дағдыланған кезде, бірнеше 
сөйлем бірден оқылып, олардың ішінен мағынасы түсініксіз 
сөздер мен жазылуы қиын деген сөздер ғана талданады, ал 
онан әрі мәтін тұтас оқылады да, сөздер іріктеліп, талдана
ды, сонан соң мұғалім әр сөйлемді оқып, балалар жазады. 
Егер балалар белсенділік көрсетіп, сөздердің қалай жазы 
луын, талдануын сұрап, сөздіктен қарайтын болса, онда ескер
ту диктантының тиімді болғаны. 
Ескерту диктанты көлемі, орфографиялық емле, сөздік 
қоры жағынан бақылау диктантына жақын келеді. Мұнда осы 
уақытқа дейінгі өтілген барлық материал түгел қамтылып
оқушыларды бақылау диктантына тікелей әзірлейді.
Бақылау диктанты бұрын өтілген материалдарды оқу
шылар қандай дәрежеде меңгергенін және сауаттылық дең
гейінің қандай екенін анықтау мақсатымен жүргізіледі. Мұнда 
оқушы өзі білетін ережені қолданып, өз күшін өзі байқай ала
ды. Мұғалім қандай да болмасын бір орфографиялық ережені 
оқушылардың қалай меңгергендері жөнінде мәлімет алады. 
Қандай ережені қайталау керек, кімге қандай көмек керек – 
соны анықтайды. Егер диктанттың нәтижесі бүкіл сынып бо
йынша нашар болса, қайталау диктанты жүргізіледі. Мұндай 
жағдайда сол мәтіннің өзі қайтадан алынады немесе соған 
ұқсас мәтін алынып, қайталанады, диктант жаздырылады.
Бақылау диктанты белгілі бір бөлімді оқып бітіргеннен 
кейін және тоқсанның, жылдың аяғында өткізіледі.
Ол төмендегіше жүргізіледі:
а) диктант тақырыбы тақтаға жазылады да, алғашқы 
сөйлемнің бірінші сөзі жаңа жолдан басталатыны ескертіледі. 
Диктант мәтінінде кездесетін жазылуы қиын немесе ережелері 
өтілмеген сөздерді мұғалім үзіліс кезінде тақтаға жазып қояды;
ә) диктант мәтінін мұғалім екі рет дауыстап оқып, жазы
луы қиын сөздерді тақтадан қарап алу керектігін ескертеді;
б) егерде диктант мәтіні жеке сөздер мен сөз тіркесінен неме
се байланысты сөйлемдерден құралған болса, мұндай мәтіндердің 
әрбір сөзі мен сөйлемін мұғалім үш рет қана қайталап оқиды. 
Осыған орай диктантты жазар алдында оқушыларға әрбір сөзді 


7
немесе сөйлемді көңіл қойып тыңдап, олардың мағынасын ұғып 
алғаннан кейін ғана жазуға кірісу керектігі ескертіледі. Мұғалім 
оқушылардың түгелдей жазып отыруын қадағалап, ең баяу жа
затын оқушы бітісімен, келесі сөйлемді оқиды. Бірақ ол жаңа 
сөйлем екені айтылмайды;
в) оқушылар диктант мәтінін түгел жазып болғаннан 
кейін мұғалім мәтінді бастанаяқ тағы бір рет оқиды. Осы кезде 
оқушылар өз жазғандарын мұғалімге ілесе отырып тексереді. 
Қатесі болса түзетеді. 
Мұғалім диктантты бір орында тұрып оқиды.
Бастауыш сыныпта алынатын бақылау диктантының 
көлемі төмендегідей:
2сыныпта – 25–30;
3сыныпта – 35–50;
4сыныпта – 55–70 сөзден аспауы керек.


8


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет