Ә. Е. Жұмабаева, Г. И. Уайсова, А. Т. Тұралбаева Қазақ тілі диктанттар жинағЫ 1-бөлім



Pdf көрінісі
бет9/18
Дата19.04.2023
өлшемі215.29 Kb.
#472463
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
ДИКТАНТТАР ЖИНАҒЫ.2 сыныпpdf

Шығармашылық диктант
1. Атасы бір қызық ә...гіме айтты. 2. Бөлме іші қара...ғы 
екен. 3. Бұл – Әлияның со...ғы хаты. 4. Әсияның үйі клубтың 
төме...гі жағында.
• Көп нүктенің орнына н, ң әріптерінің тиістісін жаздыру.
Ескерту диктанты
Ләйлә мен Райхан орманға жидек теруге келді. Олардың үлкен 
себетін көріп, жидектер тығылып қалды. Шырша бұтағына көбелек 
ұшып келді. Қыздар көбелекті қуып кетті. Себет жерде қалды. Бәрін 
байқап отырған тиін себетке жидек тере бастады. Қайта оралған екі 
дос себеттің жидекке толы екенін көрді. Олар қатты қуанды.
***
Атасы қаладан келді. Талаптың ұзақ күткен сыйлығын 
әкелді. Бұрандалы трактор. Кілтін бұраса, тракторы дырылдап 
жүреді. Қуанып, досы Рахатқа көрсетті. Ол тракторға қатты 
қызықты. Талап тракторын бір күнге ойнауға берді. Атасы 
немересінің ісіне риза болды. 
«Балдырған» журналынан
Бақылау диктанты
Екі дос
Раушан мен Іңкәр – дос. Олар бір сыныпта оқиды. Екеуі 
де ибалы, тәртіпті. Сабақтарын үздік оқиды. Қос жұп бос 
уақыттарын бірге өткізеді. Аптасына екі рет тоғызқұмалаққа 
барады. Оларға балалар қызыға қарайды. (30 сөз.) 
***
Ержүрек Әлия
Қардай бораған оқ. Жауынгерлер бас көтере алар емес. 
Әлия орнынан ұшып тұрды. Жалынды ұранмен жауынгерлерді 


23
шабуылға көтерді. Жау бекінісі алынды. Осы ұрыста Әлия 
жауынгерлерді алты рет шабуылға бастады. (28 сөз.)
«Ақжелкен» журналынан
***
Қамқорлық
Балалар мұзайдынын жасап жатты. Олар алаңның қарын 
күреді. Бірнеше рет су әкеліп құйды. Су қатып, мұзайдыны 
дайын болды. Серік сырқаттанып, бұл жұмысқа араласа алма
ды. Жақып Серікті ойнауға шақырды. (30 сөз.)
Мәдіхат Төрежанов 


24


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет