Ә. Е. Жұмабаева, Г. И. Уайсова, А. Т. Тұралбаева Қазақ тілі диктанттар жинағЫ 1-бөлім



Pdf көрінісі
бет14/18
Дата19.04.2023
өлшемі215.29 Kb.
#472463
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
ДИКТАНТТАР ЖИНАҒЫ.2 сыныпpdf

МЕНІҢ ТУҒАН ӨЛКЕМ
 Лепті сөйлем
Көру диктанты
Кенге толы қойнауы
Анамыздай тілеуі ақ,
Төлге толы жайлауы
Отан бізде біреуақ,
Ол – біздің Қазақстан! 
Ол – біздің Қазақстан!
Мұзафар Әлімбай
• Өлеңді жатқа жаздыру.
Өздік диктант
Жұмбақ
Қуану, ренжу, өкіну,
Мақсатым – соны сездіру.
Ұранды да айтамын,
Қарқындап барып қайтамын.
• Жұмбақ шешуіндегі сөз туралы мәтін жаздыру.
Шығармашылық диктант
1. … әкем келді! 
2. … кеше келсемші! 
3. … әдемі сурет! 
4. ... көркем табиғат! 
5. ... жерананың құдіреті! 
6. ... туған жерімай! 
• Сөйлемдерді алақай, қап, қандай, неткен, паһ шіркін, 
беу сөздерінің тиістісін қойып жаздыру.
***
Ертіс – үлкен өзен. Оның бойына сәулетті қалалар салынған. 
Ертіс жағасының құнарлы топырағы жылда мол өнім береді.
• Бірінші сөйлемді лепті сөйлемге айналдырып жаздыру.


33
Терме диктант
Қаратайға әкесі малақай сатып алып берді. Малақай 
балақайға ұнады.
– Алақай, малақайым әдемі! – дейтін ол.
Сөйтіп жүргенде ауылдан әжесі келді. Қаратай оның 
алдынан жүгіріп шықты.
– Алақай, әжем келді! – деді ол.
– Айналайын, Қаратайым, – деп әжесі немересінің бетінен 
сүйді.
– Әже, мені біреулер Алақай деп атайды, – деді балақай.
– Алақай деген жақсы сөз, балам. Қуанғаныңды білдіреді. 
Қуанып, шат болып жүрсең, тез өсесің. Айтса, айта берсін, – 
деді әжесі.
Қаратай кәдімгідей қуанып қалды. Қуанып, шаттанған соң 
бұрынғыдан да бойы өсіп, есейе түскендей көрінді.
Қ. Шотбасов
• Мәтіннен лепті сөйлемдерді теріп жаздыру.
***
Жарас жазғы демалысында үлкендерге көмектесуді ұйғар
ды. Сөйтіп ол хат тасушы болды. Хат, газетжурнал толы 
сөмкені велосипедінің арт жағына қойып, мықтап байлап ала
ды да, жайлауға қарай тартып отырады. Әнеміне дегенше са
лып ұрып жетіп келеді.
Шопандар қарқ болып қалады.
– Міне, жігіт!
– Көп жаса!
Өркенің өссін, қарағым!
– Қатарыңның алды бол! – деп, алғыстарын үйіптөгеді.
Ғ. Тәшімбаев
• Мәтіннен лепті сөйлемдерді теріп жаздыру.


34


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет