Ә. Е. Жұмабаева, Г. И. Уайсова, А. Т. Тұралбаева Қазақ тілі диктанттар жинағЫ 1-бөлім



Pdf көрінісі
бет3/18
Дата19.04.2023
өлшемі215.29 Kb.
#472463
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
ДИКТАНТТАР ЖИНАҒЫ.2 сыныпpdf

ӨЗІМ ТУРАЛЫ
Тіл және сөйлеу
 
Сөздік диктант
Сөйлеу, ауызекі, мұқият, түсінісу, монолог, диалог, ком
пьютер.
Өздік диктант
Адамдар бірбірімен сөйлесуді өте ерте заманда бастаған. 
Олар тамақ табу үшін аң аулауға, суықтан қорғану үшін баспа
на салуға мәжбүр болды. Мұның бәрін бірлесіп істеген оңай еді. 
Сондықтан адамдар бірбірін көмекке шақыра бастады. Осы
лайша ауызекі сөйлесу пайда болды.
***
Сөйлеу тіл арқылы жүзеге асады. Тілдің көмегімен адам
дар қоршаған орта туралы көп нәрсені біледі. Олар оқиды, ой
ланады, өз ойларын ортаға салады, білгенін айтады, бірбірімен 
қарымқатынас жасайды. 
Терме диктант
1. Жанар мен Ардақ ұзақ әңгімелесті. 2. Оқушы тақпақ 
айтты. 3. Балжан атасына хат жазды. 4. Дәурен мәтінді дауыс
тап оқыды. 5. Оқушылар терме диктантын жазды.
• Ауызекі сөйлеу жүзеге асырылған сөйлемдерді теріп 
жаздыру.
Шығармашылық диктант
Адамдар ғана ... алады. Ал жанжануарлар тек ... 
шығарады. Сөйлеу әрекетіне ..., ..., ..., ... жатады.
Керекті сөздер: дыбыс, тыңдау, айту, оқу, жазу, сөйлей. 
• 
Көп нүктенің орнына керектіі сөздерді қойып жаздыру.


9
Есте жоқ ерте заманда адамдар бірбіріне керней тартып, 
дабыл қағып, от жағып, түрлі түсті шүберек бұлғап хабар 
беретін еді. Қазір...
• Мәтінді әрі қарай жалғастырту.
Графикалық (сызба) диктант
• Сөйлеудің ауызекі және жазбаша түрі бар.
• 
Сөйлеу түрлерін сызбамен көрсету.
У дыбысының дауысты және дауыссыз болып айтылуы 
У әрпінің жазылуы
Сөздік диктант
Сәукеле, Зәуре, уық, әуен, сусын, зәулім, улапшулап.
• У-дың дауысты, дауыссыз екенін дәлелдеу.
***
Дәуір, елеуіш, қауын, жуу, бауыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет