Е. Жұматаева жоғары мектепте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту



бет12/12
Дата23.02.2016
өлшемі1.24 Mb.
#9653
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

ҚОРЫТЫНДЫ
Әдістеме ғылымының шығуы әлемдік педагогиканың даму қарқынына тікелей бағынышты. Қоғамдық кезеңдер алдымен жалпы жұртты қауымдастырды. Сол себепті алғашқы қауымдық құрылыста әдістеме ете қарадүрсін, қарапайым, тек тамақ табу мен үстіне лыпа жабу үрдісіндегі әрекет дәрежесіңде көрініс береді;

Рулық формацияда білім мен тәрбие кіріккен формада өмір сүріп, тәрбиенің әдістері приоритет болады.

Құлдық қоғамда мемлекет деңгейінде тәрбие мен білім игеру мүмкіндігі туады. Тәрбие басымдық рөлін жоймайды.

Феодалдық қоғамда білім мен тәрбие қосылып діни тұжырым да болып келеді. Діни жорықтар, діни бағыттағы ұстанымдар ғылыми және прагматикалық, фанаттық деңгейліктерге жіктеліп, алдыңғы қоғамдарға қарағанда, әдістің ішкі доминанты дидактиканың пәлсапалық негіздері осы қоғамда қаланады.

Әдістеменің алғаш рет толыққанды пайда болуы, оның дидактикасының қоғамына, уақыты мен кеңістігіне сәйкес діни жаңа пәлсапалық тұжырымның пайда болуы Джон Локтан басталады. Нақтылап айтсақ, ойлау операциясының жинақтау, топшылау, деректермен дәлелдеу, қорыту, ұғымдардың іліктестігі (бернелеу), нысандарды тұтастықта сақтау, кіші бөліктерді бір тарауға қосу сияқты әрекеттерге ғылыми мән, айқындама беріледі.

Мұнан кейін, еңбегімізде алгоритммен берілген барлық әлемдік педагог-данышпандардың әдістеменің дидактикалық пәлсапасы жайлы ой-түйіндері салыстырмалы, аналитикалы тәсілмен талданады (назар аударыңыз).

Нағыз ұлы дидактиканың ішкі құрылым-жүйесінің заңдылықтары мен қағидаларын зерттеп, тәжірибеге енгізген, әлі күнге дейін әлемдік педагогика сол желіден қол үзіп кете алмай жүрген құдірет иесі – Я.К. Коменский.

Әдебиетті құр технология құрылымына вербальді әдіспен бағдарлап өткізуге болмайды. Ол үшін әдеби нысаналардың құндылық деңгейін, парадигмасын шығарып алу көзделеді. Бір сөзбен айтсақ, әдебиеттің қисынын, әдебиеттің тарихын, әдебиеттің сынын бірлікте алып, дидактикалық пәлсапасының тағылымын сұрыптау қарастырылады. Осы мұратты айқындау мақсатьшда әдебиетті оқытудың дидактикалык пәлсапасы жай әдістерге бағынбайтыны аңғарылады. Олай болса, мұның теориясы – педагогикалық технология мен бүгінгі модернизацияны өмірге әкелуге басты қозғаушы күш.

Аталған тағылым мен қисынның моделі тек әлемдік педагог-даналардың еңбектерінде ғана емес, ол ұғым-пайымдарды, дидактиканың пәлсапалық негізіне бағындыра отырып, өз шығармашылығымен бүкіл әлемге мәшһүр болған, ата Мұра – асыл мұра бабаларымыздың еңбектеріне технология қағидасымен аналитикалы тәсілмен талдау жасалып, әдістемелер мен педагогикалық технологиялар нысаналардың дидактикалық пәлсапасынсыз тұл екеніне оның ешбір мәнінің жоқтығына көзімізді жеткізеді. Былайша айтқанда, субъектінің құр технологиялар мен әдіс-құрамдардың әдістерін прагматикалық (меңгерген теориялық білімін іс-тәжірибесінде қолдану) мақсатта қолданғанымен, нәтижеге жете алмайды. Меңгертуге тиісті пәнін, ілімін оқытушы субъект жан-жақты теориялық тұрғыда өзі меңгерген сәтте және оның дидактикалық пәлсапасы бар ма? - деген сұрақ қою мүддесінде қарастырылғанда ғана сенімді нәтиже болады.

Бүгінгі мен кешегі уақыт пен кеңістікке орай өмірде қолданылған әдіс-тәсілдер мен педагогикалық технологиялардың әдістерге, оқу мен оқытуға қатысты тұстарына талдау жасалып, аналитикалы пайым-тұжырымдар сұрыпталады. Мұнда әрі теорияның, әрі прагматикалық дәйекті дәлелдер сараналады, салыстырылады, кезекті мәселелердің шешу мәселесіндегі зерттеу жобалары мен нақты сараптаудан өткен іс-тәжірибелердің топтамалары беріледі. Олар: педагогикалық технологиялардың теориялық маңызы, тәжірибеде қолданым аясы, тұжырымдардың үлгісі, талдаулардың моделі, мақалалардың жанрлық құбылу мәністері, қабылдаушы субъектінің психологиялық ішкі құбылыстарын айқындайтын жалпы, ұлттық, әлемдік психофизиологиялық үрдістердің пайымға әсерінің болуы жайлы түйіндер т.б.

Еңбегімізде дискретті секірістер жоқ. Түсінікті тілмен айтсақ, бұл нысананың бастауы көзі. «Қазақстан майдангер жазушыларының шығармалары арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие беру» тақырыбымен қорғалған кандидаттық диссертация (1995 ж.). Мұнда технология қағидасымен диссертация жазылып, ұлттық патриотизм мен патриотизмнің моделі айқындалды. Осы пайым мен ұсталым дамытыла, жоғары иерархияға бағыттала келіп «Ерлік – елдік туы» деген кітабымызда Бауыржан Момышұлының ерлік жайлы ғылыми тұжырымдары мен ашқан жаңалықтары сұрыпталып, оның классикалық мәні ешқашан өшпейтіні жайлы болжам жасалды.

Аталған екі еңбегіме жетекшілік жасаған, әлі қалыптаспаған пайымдарыма қамқорлық көрсеткен п.ғ.д. профессоры С.Ұзақбаева ханымға профессор М.Мырзахметов мырзаға, профессор Н.Сағындықоваға, жығылғанда сүйеген, торыққанда жұбатқан Бақытжан Момышұлы мырза мен Зейнеп Ахметова ханымға, ф.ғ.к. доцент Балқия Касымова ханымға алғысымды білдіремін.

Кейбір түсініксіз пайымдарды тізбелегеніме қарамай, алға қойған оймен кетіп қалған еңбектерімнің баспадан жарық көруіне ерекше көмегі мен қол ұшын берген баспаларға А.Иасауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы тарих-этнография ғылыми зерттеу орталығына (Ерлік – Елдік туы, 1998 ж.), Алматы қаласының Ы.Алтынсарин атындағы қазақтың білім Академиясының Республикалық баспа кабинетіне (Гимназияда оқу-тәрбие жұмысын басқару, 1998 ж.), Әдебиетті оқытудың кейбір мәселелері, Ата Мұра (бесінші сынып оқулығын оқытудың ғылыми оқу құралы, 2001 ж.) баспаларының алдында бас иемін.

Міне, бұл еңбек аталған кітаптардағы қисындық-прагматикалық желі бұрынғы пайымдарды дамытудың нысаналары. Сол пайымдардан бұл еңбектегі әдебиетті оқытудың қисыны туды демекпін.


Пайдаланылған әдебиеттер
1 Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы. Алматы: Мектеп, 1984.

2 Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы. Алматы: Мектеп, 1984

3 Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы. Алматы: Мектеп, 1984.

4 Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы. Алматы: Мектеп, 1984.

5 Психология. Словарь. М.: Изд-во полит. л-ры, 1990. с. 16

6 Бес ғасыр жырлайды. Алматы: Жазушы, 1989. – 92-б.

7 Психология. Словарь. Дидактогения. М.: Изд-во полит. л-ры, 1990.

8 Аймауытов Ж. Психология. Алматы: Рауан, 1995. – 114-б.



9 М.Е.Массан. Мавзолей Ходжа Ахмет Ясави. Ташкент, 1930, стр.4. 1

10 М.А.Гордлевский. Ходжа Ахмет Ясави. Избранные сочинения. 3 том. М. 1962. стр. 367.

11 Шарафаддин Ғали Иазди. Задгар-нама. Ташкент, 1972. – 2974 б.

12 Қожа Ахмет Иасауи. Диуани Хикмет. Алматы, 1993 ж., 19 б.

13 Қожа Ахмет Иасауи. Диуани Хикмет. Алматы, 1993 ж., 20 б.

14 Қожа Ахмет Иасауи. Диуани Хикмет. Алматы, 1993 ж., 21 б

15.Қожа Ахмет Иасауи. Диуани Хикмет. Алматы, 1993 ж., 23 б.

16 Қожа Ахмет Иасауи. Диуани Хикмет. Алматы, 1993 ж., 25 б.

17Қожа Ахмет Иасауи. Диуани Хикмет. Алматы, 1993 ж., 28 б.

18 Қожа Ахмет Иасауи. Диуани Хикмет. Алматы, 1993 ж., 31 б.

19Қожа Ахмет Иасауи. Диуани Хикмет. Алматы, 1993 ж., 39 б.,

20 Қожа Ахмет Иасауи. Диуани Хикмет. Алматы, 1993 ж., 42 б.,

21 Қожа Ахмет Иасауи. Диуани Хикмет. Алматы, 1993 ж., 46 б.,

22Қожа Ахмет Иасауи. Диуани Хикмет. Алматы, 1993 ж., 47 б.,

23 Қожа Ахмет Иасауи. Диуани Хикмет. Алматы, 1993 ж., 48 б.,

24Қожа Ахмет Иасауи. Диуани Хикмет. Алматы, 1993 ж., 58 б.,

25Қожа Ахмет Иасауи. Диуани Хикмет. Алматы, 1993 ж., 62 б.,

26 Қожа Ахмет Иасауи. Диуани Хикмет. Алматы, 1993 ж., 66 б.,

27Қожа Ахмет Иасауи. Диуани Хикмет. Алматы, 1993 ж., 71 б.,

28 Қожа Ахмет Иасауи. Диуани Хикмет. Алматы, 1993 ж., 74 б.,

29 Қожа Ахмет Иасауи. Диуани Хикмет. Алматы, 1993 ж., 89 б.,

30 Қожа Ахмет Иасауи. Диуани Хикмет. Алматы, 1993 ж., 103 б.

31 Қожа Ахмет Иасауи. Диуани Хикмет. Алматы, 1993 ж., 255 б.

32 Қожа Ахмет Иасауи. Диуани Хикмет. Алматы, 1993 ж., 244 б.,

33Қожа Ахмет Иасауи. Диуани Хикмет. Алматы, 1993 ж., 249 б.,

34Қожа Ахмет Иасауи. Диуани Хикмет. Алматы, 1993 ж., 254 б.,



35Қожа Ахмет Иасауи. Диуани Хикмет. Алматы, 1993 ж., 255 б.

36С.Н. Лазарев. Диагностика кармы. Академия Парапсихологии. Санкт-Петербург. 1997 г., 142 стр.



37С.Н. Лазарев. Диагностика кармы. Академия Парапсихологии. Санкт-Петербург. 1997 г., 32 стр.

38Қожа Ахмет Иасауи. Диуани Хикмет. Алматы, 1993 ж., 60 б.

39Хилл Н. Думай и богатей. Москва, 1997 г., Изд. Гранд. 13 с.

40Хей Луиза. Целительные силы внутри нас. Москва «Олма-пресс». 1997. с. 5-6.

41 Қожа Ахмет Иасауи. Диуани Хикмет. Алматы. 1993 ж., 18 б.

42Қожа Ахмет Иасауи. Диуани Хикмет. Алматы, 1993 ж., 28 б.

43 Қожа Ахмет Иасауи. Диуани Хикмет. Алматы, 1993 ж., 42 б.,

44Қожа Ахмет Иасауи. Диуани Хикмет. Алматы, 1993 ж., 45 б.,

45 Қожа Ахмет Иасауи. Диуани Хикмет. Алматы, 1993 ж., 47 б.,

46Қожа Ахмет Иасауи. Диуани Хикмет. Алматы, 1993 ж., 61 б.

47 Қожа Ахмет Иасауи. Диуани Хикмет. Алматы, 1993, 61 б.

48Сон Қожа Ахмет Иасауи. Диуани Хикмет. Алматы, 1993 ж.да, 62 б.,

49Қожа Ахмет Иасауи. Диуани Хикмет. Алматы, 1993 ж., 65 б.,

50 Қожа Ахмет Иасауи. Диуани Хикмет. Алматы, 1993 ж., 67 б.

51С.Н. Лазарев. Диагности кармы. Академия Парапсихологии. Санкт-Петербург, 1997 г., 112 с.,

52Н.Хилл. Думай и богатей. Изд. Гранд. Москва, 1997 г., 7 с.

53Қожа Ахмет Иасауи. Диуани Хикмет. Алматы, 1993, 516 б.

54Жүсіп Баласағұни. Құтты білік. Алматы. «Жазушы», 1986. Ауд. А.Егеубаев.

55Қазақ ССР тарихы. Алматы. 1979, ІІ том. 182-б.

56Уәлиханов Ш. Таңдамалы. Алматы. 1985. – 124-б.

57Зобов Р.А., Мостапенко А.М. О типологии пространственно-временных отношений в сфере искусства//Ритм, пространство и время в литературе и искусстве. Л., 1974. с.11

58 Неклюдов С.Ю. Время и пространство в былине//Славянский фольклор. М., 1972. с.13

59 Бахтин М. Вопросы литературы и эстетики. М., 1975. с.234.

60 Назарбаев Н.Ә. Абай туралы сөз. Алматы: Рауан, 1995. 60 б.

61 Сонда. 8 б.

62Назарбаев Н.Ә. Абай туралы сөз. Алматы «Рауан». 1995. 38-б. Психологиялық сөздік. Москва: Издательство полит. литературы, 1990

63М.Әуезов. Абайдың жарияланбаған материалдары. Изд. «наука» Каз.ССР Алма-Ата. 1988. 192 б.

64М.Әуезов Әдебиет тарихы, Алматы, «Ана тілі», 1991. 231 б.

65 М. Әуезов. Әдебиет тарихы, Алматы «Ана тілі». 1991. 231 б.

66 Абай. Қара сөз. Поэмалар жинағы. Алматы, 1993. 87 бет.

67 Абай. Қара сөз. Поэмалар жинағы. Алматы, 1993. 87 бет.

68 Белинский В.Г. Таңдамалы шығармалар. Қазақтың біріккен мемлекет баспасы. Алматы. 1948. 2-бет.

69 Белинский В.Г. Таңдамалы шығармалары. Қазақтың біріккен мемлекет баспасы, Алматы. 1948. 2-б.

70 Шәкәрім. Өлеңдер мен поэмалар. Жалын, Алматы. 1988. 168-б.

71 Қабдолов З. Сөз өнері. Қазақ университеті, 1992. – 290-291 бб.

72 Аймауытов Ж. Психология. Алматы. Рауан. 1995. 22-б.

73 Аймауытов Ж. Психология. Алматы. Рауан. 1995. 154-б.

74 Аймауытов Ж. Психология. Алматы. Рауан. 1995. 160-б.



МАЗМҰНЫ





Кіріспе

3




І ТАРАУ




1.1

Әдістеме ғылымының шығу тарихы

6

1.2

Әдістеме ұғымының пайда болу тарихы

8

1.3

Әдебиетті оқытудың дидактикалық тірегі – пәлсапа

13

1.3 а.

Екінші ұстаз Әл-Фарабидің интеллект (сөзінің) мағынасы жайындағы пайымдамасы - дидактиканың негізі

15

1.3 ә.

Қожа Ахмет Иасауи шығармаларындағы дидактиканың пәлсапалық негізі

19

1.3 б.

Хас Хажиб Жүсіп Баласағұни еңбегіндегі дидактиканың пәлсапалық негізі

29

1.3 в.

Бұхар шығармашылығындағы дидактиканың пәлсапалық негізі

39

1.3 г.

Шал ақын шығармаларындағы дидактиканың пәлсапалық негізі

48

1.3 д.

Абай Құнанбайұлы шығармаларындағы дидактиканың пәлсапалық негізі

56

1.3 е

Мәшһү-Жүсіп шығармоларындағы дидактиканың пәлсапалық негізі

67

1.3 ж.

Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығындағы дидактиканың пәлсапалық сипаты

77

1.3 з.

Жүсіпбек Аймауытов шығармаларындағы дидактиканың пәлсапалық негізі

103

1.3 и.

М. Әуезов шығармашылығындағы дидактиканың пәлсапалық негізі

127




ІІ ТАРАУ




2.1

Педагогикалық технологияның ғылыми негіздері

133

2.2

Педагогикалық технологиялар жайлы тұжырым-түйіндер

135

2.3

Оқытудың ыңғайлану жүйесі

139

2.4

Електі жоспар және өздігінен есептің графигі

142

2.5

Оқытудың әдістері

146

2.6

Педагогикалық технологияның негізгі тірек көзі, қисыны (әдебиетті оқыту үрдісінде)

151

2.7

Проза туралы түсінік

159

2.8

Прозаны оқытудың қисындық заңдылықтары

163

2.9

Прозаны оқытудың тиімді жолдары

169













ІІІ ТАРАУ

ПРАГМАТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ КӨРІНІСІ




3.1

Педагогикалық технология – санатты оқудың кепілі

182

3.2

Әдіснамалық сапасы

183

3.3

Студенттер өткенді білсін десек...

184

3.4

Маржан жырдың мәнін ұқтырған

186

3.5

«СОРОС – Қазақстан» қорының «Жазу және оқу үрдісінде сыни ойлауды дамыту» атты бағдарламасымен өтілген лекция сабағының нұсқасы

189

3.6

Зертханалық жұмыстың үлгісі

211

3.7

Оқу уақытының дидактикалық маңызы

214

3.8

Дидактикалық материалды ұстаздың қызметте пайдалануының алгоритмі

215




Қорытынды

217




Пайдаланылған әдебиеттер

220

















Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет