Е. Н. Соколова материалтану. ОҚыту әдістемесі


КЕШЕНДІ САБАҚ ӚТКІЗУ ЖОСПАРЫНЫҢ



Pdf көрінісі
бет17/56
Дата31.03.2023
өлшемі2.45 Mb.
#471483
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   56
foreign 788

КЕШЕНДІ САБАҚ ӚТКІЗУ ЖОСПАРЫНЫҢ 
ҮЛГІСІ 
 
Осыдан бұрын біз сабақтың негізгі түрлерін белгілеп ӛттік (2.1- 
бӛлімді қарау). Кешенді сабақ бастауыш кәсіптік білім беру жүйесінде 
ең кең таралған сабақ түрі болып табылады, ӛйткені берілген жүйедегі 
мамандарды дайындау бағдарламасы оқушылар тек теориялық 
қабілеттерді ғана емес, сондай-ақ тәжірибелік дағдыларды да белгілі 
бір деңгейде меңгеретіндей құрастырылған. Сабақ жоспарын құру 
барысында тақырыпты теориялық оқу мен білімді тәжірибе жүзінде 
бекіту арасындағы тығыз байланысты ескерген жӛн, себебі тәжірибе 
оқушыларға белгілі бір материалды ӛңдеу ерекшеліктерін ӛз кӛзімен 
кӛруге және түсінуге мүмкіндік береді. Мысалы, темір-кӛміртекті 
қорытпаларды оқуды оқушылар металл кескіш білдекте металдарды 
ӛңдеуге кіріспей тұрып жоспарламаған жӛн. 
24
2.3.


Сабақ жоспары оқу жоспарына сәйкес барлық сабақтардың 
тақырыптары жазылған күнтізбелік-тақырыптық жоспарға қатаң сәйкес 
келу керек. 
Сабақты ұйымдастырушылық бӛлігінен бастаған жӛн, ӛйткені бұл 
топта тәртіп орнатуға ӛз септігін тигізеді. Одан кейін сабақта бар 
оқушыларды 
белгілеу 
керек. 
Ұйымдастырушылық 
бӛлікті 
орындағаннан кейін оқушыларға сабақ тақырыбын айтып, олардың 
назарын бұрын ӛткен материалға аудару керек. Одан кейін үй 
жұмысын тексеруге кірісу керек. Тексеру түрлері әртүрлі болу мүмкін. 
Жұмыс дәптерлерін тексеруге жинап алуға болады, оқушыларға үй 
жұмысының тақырыбы бойынша сұрақтар қоюға болады, оқушыларды 
тақтаға шақыруға болады және т.б. Бұл жағдайда оқушылар ӛздерінің 
еңбегінің нәтижесіне қызығатындай шығармашылық әдіс тапқан жӛн. 
Олардың бірі ретінде бір оқушының ӛзгенің жасаған жұмысын 
талдауды алуға болады. Мұндай жағдайда жұмысты жан-жақты 
қарастыруға (жағымды және жағымсыз), барынша әділ баға қоюға 
мүмкіндік беретін бірқатар түрлерін табуға болады. Оқушыларға 
ӛтілген материалды еске салып, тақырыптың негізгі тұстарын қысқаша 
айтып берген жӛн, сӛйтіп олар жаңа материалды қабылдауға дайын 
болады. 
Оқушылар ӛткен материалды еске түсіріп, оны бекіткен кезде
оқытушы жаңа материалды баяндауды бастай алады. Сонда жаңа 
тақырып та жақсырақ қабылданады. 
Материалды баяндау барысында кӛрнекі оқу құралдарын, үлгілерді, 
ТОҚ құралдарын қолданған жӛн. Бұл оқушыларға болып жатқан 
үдерістерді толығырақ елестетуге мүмкіндік береді. Кӛрнекі оқу 
құралдарын жай айтып беру мүмкін емес «Болат пен қорытпаларды 
термиялық және химия-термиялық ӛңдеу» тақырыбын оқу кезінде 
қолдану аса маңызды. Оқушылардың танымдық әрекеттерін 
ынталандыру үшін сабақ барысында ӛтіп жатқан тақырыппен тікелей 
байланысты сұрақтар қою керек (мысалы, «Түрлі түсті металдар мен 
қорытпалар» тақырыбын оқу кезінде оқушылардың назарын 
металдардың айрықша ерекшеліктеріне аударуға болады). Сабақ тек 
танымды ғана емес, түсінуге де оңай болу керек. 
Жаңа материалды баяндап біткен соң, оқытушы оқушыларда пайда 
болған сұрақтарға жауап беріп, түсініксіз тұстарын қосымша анықтап 
беруі керек. 
Айтылған материалды бекіту үшін жұмыс дәптерін қолдануға 
болады немесе оқушыларға тақырып бойынша бірқатар сұрақтарға 
жауап беру ұсынысын жасауға болады. Әрқашан белсенді 
оқушыларды сұрай бермеу керек, ӛйткені олар әдетте сабақты жақсы 
оқиды және әрқашан жауап беруге дайын. Сәл нашарлау оқушыларға 
да назар аударған жӛн, себебі олардың кӛңілі жиі ауып кету мүмкін 
немесе ӛздерінің психологиялық мүмкіндіктеріне, сондай-ақ ӛзге 
себептерге байланысты топ ішінде жауап бере алмайды. Сондықтан 
оқушыға осындай кемшіліктерді жеңуге кӛмектесу керек. 
25


Кешенді сабақ оқушылардың оқулықпен, жұмыс дәптерімен, 
үлестірме материалмен және т.б. құралдармен ӛз бетінше жұмыс 
істеуін қамтиды. Ӛзіндік жұмыстарға әрбір жеке оқушының жасауға 
шамасы 
жететіндей 
тапсырмалар 
таңдаған 
жӛн. 
Қиынырақ 
тапсырмаларды дайындығы басымырақ оқушыларға ұсыну керек, 
ӛйткені арасындағы дайындығы тӛмен оқушылардың шамасы жетпей
жұмысқа деген қызығушылығын жоғалтады. 
Сабақта алынған мәліметтерді жалпылап, тақырыптағы негізгі 
сӛздерді, аса маңызды тұстарды белгілеп ӛткен жӛн. 
Сабақ соңында оқушыларға үй жұмысын тарату немесе тақтаға 
жазу керек. Үй жұмысы оқушыларға айқын әрі түсінуге оңай болу 
керек. Егер оқушы тапсырманың мәнін түсінбесе, онда оған түсініксіз 
тұсты айқындап беру керек. 
Артта қалған оқушылармен жұмыс сабақтан тыс консультацияға 
бӛлінген уақытта жүргізілу керек. 
Оқуға ынтаны кӛбейту үшін оқушыларға шығармашылық жұмыс 
орындайтын әдісті қолданған жӛн, бұл оларға ӛз бетімен қарапайым 
ғылыми жұмыс орындауға мүмкіндік береді. Үлгі ретінде реферат 
жазуды, оқытушы ұсынған немесе ӛз бетімен таңдалған тақырыпқа 
баяндама дайындауды келтіруге болады. 
Шығармашылық жұмысты қорғау кез келген түрде ұйымдастырыла 
алады: 
академиялық 
кӛрсету, 
оқушылардың 
сабақ 
ӛткізуі, 
дидактикалық ойын және т.б. Қорғауға тек берілген топтың 
оқушыларын ғана емес, сондай-ақ ӛндірістік оқытудың шеберлерін, 
ӛзге топ оқушыларын, арнайы циклдің ӛзге пән оқытушыларын 
шақыруға болады. 
Кӛрсетуден кейін авторларға сұрақтар қойылады, одан кейін 
қатысушылар ӛз пікірлерін білдіреді, оқушылар мен оқытушылардан 
тұратын сараптау тобы жұмысқа баға береді. 
Шығармашылық жұмысты бағалау келесі параметрлер бойынша 
жүргізіледі: шығармашылық деңгейі, жаңашылдығы, ерекшелігі, жеке 
үлесі, қисындылығы, безендірілуі, сұрақтарға жауаптардың дәлелділігі, 
қатысушыларды қызықтыра алу, еңбек сыйымдылығы, жұмыстың 
пайдалылығы және т.б. Әрбір критерий бойынша сараптау топ 
оқушыға үш-бес немесе он баллдық шкала бойынша баға береді. 
Жиынтық тізімдеме кез келген формада бола алады. 
Шығармашылық жұмысты қорғау жазбаша рәсімделу мен екі, 
оқушы мен оқытушыдан алынған, рецензия болған жағдайда рұқсат 
етіледі. 
Шығармашылық жұмысты келесі жоспар үлгісі бойынша 
рәсімдеуге болады: 
■ 
оқушының, оқытушының тегі, аты, әкесінің аты, курс, топ; 
■ 
шығармашылық жұмыстың тақырыбы; 
■ 
жұмыс мақсаты, проблемасы; 
■ 
жұмыс жоспары, оның негізгі мазмұны; 
■ 
туындаған проблемалар, қиындықтар, олар қандай жолдармен 
26


шешілген; 
■ 
жұмыстың негізгі қорытындысы, оның мақсаты мен қолданысы; 
■ 
ӛз жұмысын талдау: не түсінді, қалай жұмыс істеді, не үйренді және 
т.б.; 
■ 
ӛзін-ӛзі бағалау; 
■ 
жетекшінің пікірі; 
■ 
екі жазбаша рецензия. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет