ОҚЫТУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ
«Материалтану» арнайы цикл
пәндерінің бірі болып табылады,
сондықтан
оқытушы
оқу
орнында
дайындық
жүргізілетін
мамандықтардың біліктік мінездемелерімен танысу керек, ӛйткені бұл
пәнді оқып білу мамандықпен тығыз байланысты.
Оған қоса,
Мемлекеттік
білім
беру
стандарттарымен,
стандартты
оқу
бағдарламасымен және оқу жоспарымен танысу қажет, ӛйткені
оларға
негізделе отырып, ӛзіндік жұмыс бағдарламасын құрастыру керек
болады. Құрастырылған бағдарламаның
талаптарын еске ала отырып,
оқытушы жаңа оқу жылының жақындағы жарты жылдығына арналған
жиынтық күнтізбелік-тақырыптық жоспар жазуға міндетті. Келе жатқан
оқу жылында құжаттарды дайындаумен қиындықтар тумас үшін бұл
жұмысты алдыңғы оқу жылы аяқталған кезде бітірген дұрыс. Дегенмен,
жеке пәндер бойынша жоспарларға белгілі бір түзетулер
енгізу
қажеттігі туындау мүмкін, ӛйткені әртүрлі жағдайларға байланысты
оқытушының жұмыс мӛлшері ӛзгеріп отырады.
Оқу жылы басталмастан бұрын оқытушы
оқу және материалдық
жабдықтарды: қажеттігі болған жағдайда жӛндеуге тура келетін
кӛрнекі
оқу құралдарын, техникалық оқыту құралдарын (ТОҚ),
жабдықтар мен аспаптарды, материалдарды және т.б. дайындау керек.
Педагогикалық және
арнайы әдебиеттің жаңалықтары туралы да
ұмытпаған жӛн, ӛйткені
ғылым бір орында тұрмай, серпінді түрде
дамуда.
Сондай-ақ, пән бойынша оқушыларға арналған тапсырмалардың,
зерттеу және тәжірибе жұмыстарын
орындау бойынша әдістемелік
нұсқаулардың,
үлестірме
материалдардың,
бақылау
жұмыс
нұсқаларының бар болуын тексеру керек. Егер жеке компьютер
кӛмегімен жұмыс жасауды ұйымдастыру мүмкіндігі болса, онда
оқушылардың сол тапсырмаларды
орындауын қамтамасыз ететін
материалды дайындау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: