Е. Ш. ДҮсіпов, Т. Е. Уразымбетов



Pdf көрінісі
бет22/127
Дата19.12.2023
өлшемі2.91 Mb.
#487147
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   127
Сот-риторикасының-негіздері

білмейтіндігімді »/ деп айтуға қорықпады. Тек Сократ қана адамды 


45
оның 
тілінен 
тануға 
болады, 
тіл 
адамның 
зияткерлік 
(интеелектуалдық) суреті деп қанатты /«Менің сені көруім үшін 
сөйлеп көр »/ нақыл сөзге (афоризмге) сыйғызды:
Замандастарының естелігінен белгілі болғандай, Сократ кедей, 
аяқ киімі де жоқ, жалаңаяқ, жұпыны кеткен жарлылардың киімін киіп 
жүріп, оқытқан адамдарынан ақша алмайтын адам болыпты. Ақы 
алған оқытушы, оған кім ақша төлесе соған ләззат сыйлаушы салдақы 
әйелді есіне түсіретін. Сократ ақы төлеуші шәкірттерге босқа 
уақытын жібергісі келмеді, ол кімде талап болса, сонымен қана
сұхбаттасты, /« жан толғамы барлармен »/және кімнің рухы мен ой 
талғамы /« жұмыс »/ істегендермен. Міне осындай адамзат тарихында 
ғажап риторлық өнері бар тұлғалар өмірден өткен. Сондықтан да 
олардың бейнелерін әлі күнге дейін үлгі есебінде тұтып, олардың 
айтқан сөздерін, жүріс-тұрыстарын бүгінгі күндегі сот шешендерінің 
риторлық 
тәсілдеріне 
талап-ереже 
етудеміз.
Софистердің 
риторика 
ғылымына 
сіңірген 
еңбегін 
әдебиетші ғалым былайша бағалайды: «Олар риториканы-шешендік, 
эвристиканы-тартыс өнері, диалектиканы - дәлелдеу өнері 
дәрежесіне жеткізді» - дейді. 
Шешендік өнер 
теориясына 
айтулы 
үлес 
қосқан 
грек 
философтары: Платон мен Аристотель болды. Платон шешендік 
өнердің пәні мен мәнін: «Шешендік - сендірудің шебері, оның маңызы 
мен мақсаты осында» - деп анықтайды. 
Шешендік өнер теориясының бүтін бір дәуірін тудырған атақты 
грек ойшылы, алыптардың алыбы, жаратылыс, логика, этика, 
психология, педагогика, тарих, саясат, эстетика ғылымдарының түп-
тамырын қозғап зерттеген Аристотель шығармашылығы. 
Шешендік өнер табиғатын жасай отырып, Аристотель риторика 
пәнінің ауқымын өзіне дейінгі бұл мәселеге қатысты көзқарастармен 
салыстырғанда кеңейте түсті. Аристотельдің айтуынша, риторика 
жекелеген пәннің арнасында қалып қалмауы керек. Ол сендірудің 
құралы мен жолдарын шартты түрде барлық пәндерден таба алады. 
Осы қасиетімен ол дәрігерлік, арифметика, геометрия т.б. арнайы 
ғылымдардан ерекшеленеді. Шешендік өнердің жалпылық мәнін, 
мақсатын тиянақтаған соң, Аристотель шешеннің мақсатқа жету 
жолында нені меңгеру керек екендігін үйретеді. 
Шешеннің сөйлеу 
барысындағы 
нандырудың 
амалдарын
қарастыра отырып, Аристотель өзінің «Риторика» еңбегін үш 
бөлімінен түзеді.
Бірінші бөлімде шешеннің тыңдаушыларын тыңдауға мәжбүр ететін 
қағидаттары сараланады.
Екінші бөлімде тындаушының сеніміне кіріп мақсатқа жету үшін 
қажетті шешеннің жеке бас қасиеттері мен ерекшеліктері 
сипатталады. 


46
Үшінші бөлімде Аристотель шешендік өнердің техникалық жақтарын 
сөйлеу процесінде пайдаланатын ойды жарыққа шығарудың 
амалдарын, сөйлеу мәтіндерінің құрлысын қарастырады.
Ол сөйлеудің алғы сөз, әңгіме, дәлелдеме, қорытынды секілді 
төрт түрлі бөлшегін бөліп көрсетіп, әрқайсысының нандыруға
сендіруге қажетті маңызын жан-жақты негіздейді. Мұны кезінде 
ежелгі грек шешендерінің қатарындағы Демосфен де құптайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет