Е. Ш. ДҮсіпов, Т. Е. Уразымбетов



Pdf көрінісі
бет2/127
Дата19.12.2023
өлшемі2.91 Mb.
#487147
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127
Сот-риторикасының-негіздері

УДК 347.9 (075.8) 
ББК 67.7 я73 
ISBN 978-601-216-205-9 
© Дүсіпов Е.Ш., Уразымбетов Т.Е., 2014 
© КАО баспа бөлімі, Талдыкорган, 2014 


3
АЛҒЫСӨЗ
Қазіргі заманда өзінің қайта жаңғыру кезеңінен басынан өткеріп 
отырған, әрине дәстүрлік сөз сөйлеу өнері. Бүгінгі таңда риторикаға деген 
қызығушылық, соның ішінде сот риторикасына, шешендік туралы ілімге 
ғана емес, сонымен қатар қазақтың ұлттық әдет-ғұрпының, салт 
дәстүрінің құнды туындысына деген бет бұрушылық күннен-күнге артып 
отыр. Өйткені сөзді шебер пайдалану еркіндігі сөз сөйлеу мәнерін 
игеруді ғана емес, сондай-ақ шешендік жеке бейнені нысандау және өз 
ойын дәлелдеу қабілеттігін игеруді де қажет етеді. Бұл пәнді оқу құралы 
ретінде анықтап, оны зерттеудің арнайы пәні есебінде оқу 
бағдарламасына енгізу, заңгердің жалпы көпшілік алдындағы сөз сөйлеу 
мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Оның басты мақсаты 
шешендік көзқарастың дұрыстығына көз жеткіздірту және сол арқылы 
дәлелдеу негіздемесін нығайту. 
Заңгердің көпшілік алдында сөз сөйлеу мәдениеті сот риторикасы 
ғылымының пәні болып саналғандықтан, оның мақсаты сөз шешені өзінің 
көзқарасының шынайлығын мойындата отырып, оны дәлелдеу 
процесінде дұрыс пайдалану болып табылады. Бұл ғылымның теориялық 
және тәжірибелік бағытының өте терең тарихи тамыры бар. 
Риторика iлiмнiң атасы саналатын Протогордан бастап, Аристотель, 
Демосфен, Цицерон, Әл-Фараби, Ломоносов, Апресян, Байтұрсынов, 
Садырбаев сынды шешендер мен ойшылдар, ғалымдар еңбектерiндегi 
«саясат шешен сөз», «саяси-әлеуметтiк шешендiк сөздер», «шешендiк дау 
сөздер», «тұрмыс-салтқа байланысты айтылатын сөздер» немесе 
«социально-политические 
красноречие», 
«богословно-церковное 
красноречие» деп iшкi үлгiлерге жiктеу жоғарыдағы зерттеудiң 
фольклорлық қағидаттарынан туындап отыр. Сонымен қатар шешендiк 
сөздердi фольклорлық мұра деп қарастырған күннiң өзiнде де, оны сөз 
өнерi туындысы ретiнде әдеби мұра тұрғысынан талдаудың қажеттiгi бар 
деп есептейміз. Әдеби дәстүр мен жаңашылдық мәселелерi де осыны 
нұсқап отыр. Сатылы даму барысында зерттеудiң, әсiресе, жанр 
мәселесiнде, 
әуелi 
фольклорлық, 
кейiн 
әдеби 
қағидаттардың 
туындайтыны заңдылық. Д.С.Лихачевтiң: «Для русской литературы чисто 
литературные принципы выделения жанров вступают в силу в основном 
в ХVII в », - деп орыс әдебиетiндегi жанрлар тарихын зерттегенде, бұл 
орайда белгiлi бiр уақыт мөлшерiн анықтауы ойымызды нақтылай түседi. 
Қаншалықты шешендiк сөздер мағынасын тек пен түр категориялары 
арқылы анықтағанымызбен шешендiк сөздерге көпшiлiк жағдайда 
шешендiк өнер тұрғысынан, сөйлеу мәдениетi ретiнде жалпылама 
қызмет түрiндегі ғана түсiнiктер жасалған. Ал, бұның өзi риторика 
iлiмiндегi оның iшiндегi қазақ шешендiк өнерiнде күнi-бүгiнге дейiн 
шешендiк өнер және сот шешендiк сөз (сот шешендік жанр) 
мағыналарының жете ажыратылмағандығын көрсетiп отыр. Генетикалық 


4
жағынан алып қарағанда, шешендiк сөздер тiкелей шешендiк өнер, 
сөйлеу мәдениетінің қажеттiлігiнен туындайды, басқаша айтқанда, 
шешендiк өнер сот процесінде сөз сөйлеудiң бiрден-бiр ажырамас тетігі.
Жоғарыда атап кеткендей бүгінгі таңда шешендік өнерге деген
қызығушылық күннен-күнге артып отыр. Бұл әрине заңды да. Өйткені
кез келген қоғамдық жүйені ырықтандыру адам құқығы мен еркіне деген 
көзқарасты жандандыратыны сөзсіз. Ал мұның өзі сөз бостандығын 
туындатады. Сот риторикасы ғылымын түбегейлі және жетік зерттеу 
үшін көбіне өзі негіз алатын риторика және заң риторикасы, сөз сөйлеу 
өнерінің мәдениеті секілді ғылым ілімдерінен бастау алатыны орынды 
деп есептейміз. 
Ғылым, әрине ілімнің негізінде жасалады. Сондықтан да сот риторикасы 
ғылымы жалпы көпшілік алдында сөз сөйлеу тәжірибесінде заңгердің 
коммуникативті дағдысын дамытуға көмек беруді алдына мақсат етіп 
қойып отыр. Болашақ заңгердің заңи ойлау қабілетін, кәсіби әрекеттерінің 
тәлімділігін дамыту, заңи диалог шеңберінде тиімді және нәтижелі 
қатынас жасай білу қабілетін жетілдіру. 
Жоғары оқу орындарында «Сот риторикасы» курсын оқытудың 
ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы объективті деректерге 
негізделе отырып, төмендегі мәселелерді шешуге бағытталып отыр.
Біріншіден, сот риторикасы мемлекеттегі сот процестеріндегі сөз сөйлеу 
заңдылықтары мен тәртіптерін қамтамасыз етудің негізгі жолдарын 
нақтылап, оларды барынша жетілдіру мүмкіншіліктерін көрсету.
Екіншіден, сот-құқықтық реформаларын нәтижелі, жүйелі және талдаулы 
қажеттілікпен жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында құқық қорғау 
органдарының қызметкерлерінің этикалық сауаттылығын жетілдіру. 
Сот риторикасы пәнін оқып-білу нәтижесінде білімгерлер төмендегі 
мақсаттарды игеруі тиіс:
-сот процесінде сөз сөйлеу өнерінің әдістемелік негіздерін, сот 
процесіндегі шешендіктің заңдылықтарын, сөйлеудегі сөз мазмұнын; 
- сот риторикасы пәнінің негізгі қағидаттарын; 
- оқытудың әдістемелік негіздерін; 
-сот процесінде сөз сөйлеу өнерінің іргелі идеяларын, заңдылықтарын, 
тұжырымдамаларын саралай білуге; 
- соттағы сөздің мәнін, заңдылықтарын, мазмұнын, пішіндері мен 
әдістерін; 
- курс бойынша алған білімдерін тәжірибеде өз бетімен қолдануды; 
- сот процесінде сөз сөйлеуді жобалау мен жүзеге асыруды жетік білу. 
Пәнді 
оқыту жалпы мамандық және аралас пәндердің 
мазмұндарымен тікелей байланысты, олар: «Құқық негіздері», «Рим 
құқығы», «Мемлекет және құқық тарихы», «Мемлекет және құқық 
теориясы» «Заңгердің кәсіби этикасы», «Адвокаттық қызмет» және де т.б. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет