78
түстеу, мәселен, Майқы би, Аяз би, Мөңке би, Әйтеке би, Бала би
т.б.деп атау қалыптасқан.
Би атауы-әлгіндей емес, белгілі бір мақсатқа, мемлекеттік
мүддеге қызмет ететін, жалпы шешендіктен салыстырмалы түрде тар
арнаға ыңғайланған шешендердің тобын көрсететін атау.
Бұдан билердің рөлі тек қоғамдық мәселелерді шешу үстінде қана
айрықша да, одан былайғы тұста шешендік
сипаты жойылады деген
ой туындамауы керек. Би дегеніміз - ел-жұрттың әдет-ғұрпын, салт-
дәстүрін, өткен-кеткен көне шежіресін, тарихын, қоғамдық даму
барысын, айнала қоршаған табиғаттың, жан-жануарлардың сан алуан
қасиеттерін, құпияларын жетік білетін, бүгінгіге баға беретін,
болашаққа болжам жасап, адамдардың көкірек
көмбелеріне ой көзімен
қарап көре алатын, қырлы-қырлы мінез-құлықтарды айтқызбай – ақ
доп басатын, ғылым-білімнен хабардар, кемел пікірлерін шешен
тілмен жеткізіп беруде дара қасиеті бар біртума жандар.
Сонымен шешен деген тұста бұл ұғым біздің жадымызда көне
Грек пен Римнің сот залдарында алқалы жиындарда тоқтаусыз ағыл-
тегіл сөйлеп, аудиторияны сөзіне ұйытып, айтар ойына мүлгітіп
тұрған оратор түсінігінде ассоциациаланады да, би
ұғымы заңдық,
билік күші бар судья болмысы арқылы көрінеді. Осы екі ұғымды, екі
болмысты, табиғатты жақындастыратын, жанастыратын қалып-
шешендік, шешендік сөйлеу процесі. Шешендік өнер ілімі (риторика)
ерте қалыптасқан антикалық Грек пен Рим теоретиктері, іргелес орыс
теоретиктері шешендік өнерді сөйлеу процесі тұрғысынан мейлінше
жан- жақты талдады, ілгері еңбектер жазды. Риторика ілімнің көне
және орта дәуірінде Протогор, Демосфен, Цицерон,
Аристотель,
Квинтилиан, Марк Антоний, Луций Крам қайта өрлеу дәуірінің
көрнекті өкілдері Кампонелла, Томас Мор, Петрарка, Данте, Рабле,
Шекспир, орыс шешендік өнерінің теориясында Макарич, Усачев,
Ломоносов, Рижский, Мерзляков, Галюч,
Коменский, Сперанский
есімдері тарих бетінде жарқырап қалды.
Біздің қазақ сот шешендік сөздерге ғылыми түрлендірулер жасау
үстіміздегі ғасырдың 20-шы жылдарынан басталған.
Шешендік сөздерді ауыз әдебиетінің жеке саласы ретінде
қарастырған бұл тұстағы зерттеулер А.Байтұрсынов, М.Әуезов,
С.Сейфуллин есімдерімен тығыз байланысты. Алдыңғы тарауларда
аталмыш
ғалымдардың
еңбектеріне
көп
орайда
жүгініп
отыратындықтан, бұл ретте зерттеулерге арнайы тоқталмаймыз.