77
қымбат» (Сократ), болмаса «Шешеннiң парызы - шындықты айту»
(Платон).
Сондай-ақ қазақ қоғамындағы шешендiк өнердiң, билердiң ролiн
пайымдау мақсатымен жазылған ХIХ ғасыр шенiндегi Ш.Уәлиханов
пен Құрбанғали Халидтiң еңбектерiн атап өткен орынды.
Ш.Уәлиханов «Сот реформасы жайындағы жазбалар» дейтiн
еңбегiнде аталмыш өнер аясының билiк-кесiм айтылатын дау-дамайда
туындайтынын дұрыс пайымдай келе, бұл өнердiң бүтiндей бiр елдiң
билiк жүйесiн атқарып тұрған заңдық күшi
бар көшпелi өмiрге
мейлiнше лайықталған қасиеттi өнер екендiгiн айтады. Бұл орайда
Шоқаннан көп кейiнде қазақ оқымыстылары шешендiк өнердiң билiк,
заңдық сипатын жоққа шығара қойған жоқ. Мәселен, Ә.Қоңыратбаев
шешендiк сөздердi заңдық, нақылдық, философиялық, сатиралық деп
жiктейдi.
Ыбырай Алтынсариннiң замандасы Құрбанғали Халидтiң
«Тауарих хамсасында» қазақ даласындағы билiк өнердiң сипатын
көрсетумен қатар, бiрқатар билер жөнiндегi деректер бар. Б.Ысқақов
бұл жөнiнде: «Автор сондай-ақ ертедегi
қазақ елiнде әдiл билiк
айтумен аты шыққан Майқы би, Төле би, Қаз дауысты Қазыбек,
Әйтеке билердi де әңгiме етiп кетедi», — деп атап көрсетедi.
Достарыңызбен бөлісу: