Е. Ш. ДҮсіпов, Т. Е. Уразымбетов



Pdf көрінісі
бет40/127
Дата19.12.2023
өлшемі2.91 Mb.
#487147
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   127
Сот-риторикасының-негіздері

XVII 

XIX ғасырдағы Қазақстан сот шешендігінің 
спецификасы 
ХҮІІ – ХІХ ғасырлардағы Қазақстандағы сот шешендігінің 
ерекшелігі билер сотымен айқындалған. Бірқатар шешімдерге 
қатысты сот билігі халық соттарының еншісінде болған, яғни билер 
мен қазыларда. Оны 1871 жылы Торғай облысының губернаторы 
Л.Ф.Баллюзектің жариялаған қазақтың қарапайым құқықтары 
жайындағы 
деректер 
дәлелдейді, 
сонымен 
қатар 
өзіндік 
ерекшеліктерін көрсетеді: би соттары ауызша және ашық бұқара 
халық алдында өтуіменен, кішкентай елеусіз қылмыстар мен ең ауыр 
кісі өлтіру қылмыстары да ешбір қаламсыз, қағазсыз өтуімен 
ерекшеленеді. Билердің шешімдері, дәстүрлі құқығы – адат және 
ислам дінінің шариғатына негізделген. Шариғат құраннан алынған. 
Құранның бір сүресінде былай жазылған: «Мұхаммед, біз саған бір 
кітап жібердік. Ішінде шындық жазылған. Сен соныменен адамдардың 
дауын шешесің». Шариғат, әсіресе отбасылық, некелік қарым – 
қатынастарда көп қолданған. Қазақстанда ХҮ–ХІХ ғасырларда 
хандық билік кезінде көптеген даулы жағдайларда шариғат пен 
адаттың қосындылары шешетін. «Сібір қырғыздары» (1822 ж) туралы 
жарлық шыққанға дейін билер соты ешқандай шектеусіз жұмысын 
атқарған. Аталған жарлық бойынша сайлау жүйесі енгізіліп, билер 
сотының құқықтары шектелді. ХІХ ғасырдың аяғында Қазақстандық 
сот құрылымы «Түркістан мен дала өлкесін басқару ұстамына сәйкес» 
(1886-1891 жж) империялық соттар қалыптаса бастады, сонымен 
қатар «халық сотын» қалыптастыру да қарастырылды. Билер сотын 
қарастырғанда міндетті түрде оның бұрыңғы халықтық формасын 
атап өту керек. Билер соты алқа сотына ұқсас жеке сипатта болды. 
Мысалы, айыпкерге қатысты ешқандай тура айғақ болмағай, бірақ 
үлкен күмән туғызған жағдайда билер адал руластарының көмегіне 
жүгінуге мәжбүр болатын, олар өздерінің кезектерінде айыпкерді ант 
бере отырып кінәләді немесе ақтады. «Алқа билердің» саны бұндай 
жағдайларда қарастырылып отырылған істің маңыздылығына 
байланысты болатын. Соттың өзі жария түрде және тек ауызша 
өткізіліп, барлық жағдайларда қорғаушы қатыстырылатын. Формальді 
қатынаста билерді ешкім ресми түрде сайламайтын және бекітпейтін. 


74
Олардың шешімдерінің мағынасы жеке беделдеріне байланысты 
болды. Егер екі жақ та бидің руластары болып жалғыз сотты таңдаған 
болса, шешім жалғыз бидің шешімімен шығарылуы да мүмкін еді. 
Л.В. Валлюзектің еңбектерінде: «Соттың міндеттері билердің қолында 
болды. Бұл мәртебе халықтың санасындағы табиғи ойшыл және 
шешендік өнері бар, елдің әдет – ғұрыптары мен олардың тарихын 
жетік білетін адамдар». Би болу құқығына лайықты адам шешен және 
сот негіздерін терең білуі керек болатын. Сот негіздерінің терең 
білімділігі дәстүрлі шариғат құқықтарын және қазақ заңдарының 
негізі жеті жарғының жақсы білуі керек болған. Жеті жарғы ХҮІІ 
ғасырдың 70-жылдарында Тәуке ханның бастамасымен шығады. Ол 
үш жүздің билерін шақырып алып, солармен ақылдасып, солардың 
көмегімен заңдастырады. Екінші бір жағдайда, хан Тәуке Құмтөбеге 
жеті биді шақырып алады және сол билер Қасым хан мен Есім ханның 
заңдарын жаңартып береді. Осы заңның мәтінінде (А. Левшиннің 
жазуларында орыс тілінде) әкімшілік, азаматтық, қылмыстық 
нормалары көрініс тапқан. Бірінші орында кек қайтару заңы тұрған: 
қанға қан, жанға жан. Ұрлыққа, тонауға, зорлыққа, зинақорлыққа өлім 
жазасы кесілген. Осы жарғыға байланысты өлген адамның туыстары 
өлтірген адамды өлтіруге құқылы, қол, аяқ, құлақ және т.б. мүшелерді 
кескен адам дәл сол мүшесінен айырылуға тиіс. Алайда бұл жаза екі 
жақтың келісуімен немесе сот үкімімен жеңілдетілуі мүмкін, бұл 
жағдайда қылмыскердің жазасы сол жазаға белгіленген құнды 
төлеумен шектеледі. Міне осындай дауларды дала заңдарымен әділ 
шешу үшін халық арасында нақ солардың мойындауымен сөзге 
шешен адамдар шығып олар би атанып отырды. Мұнда шешендер 
өздерінің барлық қисынды ойларын алға салып істің ақ-қарасын 
табуға жол салып отырған.
Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиетінің күрделі де көркем бір 
саласы болып табылады. Қазақтың дәстүрлі шешендік сөздерін: 
шешендік толғау, шешендік арнау, шешендік дау деп шартты түрде 
үшке бөлуге болады. Шынайы шешендік қиялдан тумайды, өмірлік 
оқиғалардан, табиғи құбылыстардан туады, көп жылдық тәжірибе мен 
сан рет қайталау арқылы сыннан өтіп халық мойындаған қағидаға, 
даусыз ақиқатқа айналады. Оның үстіне әр дәуірдің әртүрлісөз 
шеберлерінің талғамынан, толғауынан өтіп шешендік сөз «тілге жеңіл, 
жүрекке жеңіл» тиетін сүйкімді үн мен ырғаққа ие болады. Шешендік 
сөздер үш түрлі болады: кеңесу, билік және салтанатты сөз. Ал 
құрылысы жағынан кіріспе, баяндау және қорытынды болып бөлімнен 
тұрады. 
«Өнер алды–қызыл тіл» деп қазақ бекер айтпаған. Жоғарыда 
айтып кеткендей қоғам тарихына көз салсақ, қай халықтың болмасын 
күрделі қоғамдық, мемлекет қайраткерлері, қолбасылары, ғалымдары 
ойға шебер, тілге шешен болғанын байқаймыз. Қоғам қашан да 
дарынды, қабілетті адамдарға мұқтаж. Дарынды адамдар қатарын 


75
көбейту үшін олардың сөйлеу тілі және танымын дамыту керек. 
Сондықтан біз мұның негізі халқымыздың даналықпен айтқан 
шешендік сөздерінде жатыр деп қарастырдық. Қазіргі кездегі оқу-
тәрбиенің міндеті осы тың жатқан дүниені, даналыққа құрылған 
қанатты сөздерді, мақал-мәтелдерді, шешендік өнерді жас ұрпақтың 
бойына қалыптастырып, сол арқылы рухани байлығын арттыру. 
Қазақ жұрты – жаратылысынан шешендік өнерге бейім халық. 
Оның қиыннан қиыстыра, төтеден төге сөйлейтін тапқыр да ақылды, 
бейнелі де бедерлі, аталы да баталы, нақыл, қомақты ойлары жөнінде 
өзіміз де, өзгелер де таңдай қағып айтудамыз. Қазақ шешендік өнері - 
атадан мирас болып, алтын баулы желісі үзілмей келе жатқан ардақты 
өнер. Теңіз тербеп тереңінде шайқалған інжу - маржандай ғасырлар 
бойы халық жадында сақталып, жұпталып көптің көкейіне орнаған 
шешендік сөздер шешендердің даналық сөздерінде ашылады, 
айқындалады, ал шешендер әлденеше ұрпақтың сана сезімін аралап
көптің көкейіне қонақтаған ойлы, сырлы сөздерді жаттап, жадында 
сақтайды керекті, келеңді жерінде жаңартып кәдеге жаратады. 
Қазақ шешендік өнерінің піспегі – шешен билер де, күбісі – 
халық. Ел есінде жүрген шешендік нұсқалардың туындыгері – шешен-
би. Халық заманы озған сайын әлгіндей сөз үлгілерін талқыға салып, 
қырлап, өңдеп, құлпыртып әкеліп, кейде тіпті сан-саққа жүгіртіп 
әркімдердің (шешен-билердің) атынан айтады. Осындай әдеби-
халықтық, фольклорлық сұрыптаулардан кейінгі біздің заманымызға 
келіп жеткен шешендік сөздер шымырқанған қымыздай жұтылған, 
таңдай татарлық дүниелер болып келеді. Қазақ ауыз әдебиетіндеде 
ерекше бір жанр болып табылатын - шешендік өнер, яғни 
риторикалық. Халқымыздың даналығының үлгісі шешендік сөздер - 
ғасырлар бойы халық сынынан ерекшеленіп өткен құнды мұра, асыл 
қазына. Дүние жүзіне әйгілі ерте заман шешендері Пратогор, 
Демосфен, Цицерон, Квинтилиан сияқты өз заманының мемлекет 
қайраткерлері, ел аузына қараған ойшылдары болған. «Риторика» 
ғылымы 
өнердің 
падишасы 
ретінде 
ерекше 
бағаланған. 
М.В.Ломоносовтың 1748 жылы басылып шыққан «Шешендікке 
қысқаша кеңес» атты еңбегі бұл өнердің Ресейде дамып, 
қалыптасуына түрткі болды. Біздің қазақ даласында осы аталған 
өзіміздің ғылым, көрші Ресей еліндегідей мұқият ғылым ордаларында 
зерттелмесе де, қазақ халықтық минталитетімізге тән сөз сөйлеудің 
жоғарғы сатыдағы деңгейі қалыптасқан. Дегенмен, қазақ шешендiк 
өнерi жайындағы ғылымның тарихы да шешендiк өнер тарихы секiлдi 
арыда жатыр. Бұл ретте: «Ұлттық шешендiк өнер ғылымының тарихы, 
әлбетте, «Шығыстың Аристотелi» атанған Отырарлық оқымысты Әбу 
Насыр әл-Фарабиден басталады». Ол «Риторика» атты күрделi 
трактатында ғылыми-теориялық топшылауларын алдымен кәдiмгi 
тәжiрибелiк iс-мақсаттан, қолдану аясынан туындатады», - деп жазады 
шешендiк өнер хақында жүйелi еңбек жазған ғалым С.Негимов. Ол 


76
мың жылдан астам уақыт өтсе де әлі күнге халқымыздың ауыз 
әдебиетімен, өзге мұсылман елдеріндегі жазба еңбектерімен із 
қалдырып және де нақ осы риторика ғылымын түбегейлі зерттеген, 
тұңғыш біздің халқымыздан шыққан данышпан ғалым. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет