Метр (м)-жарықтың вакуумдағы 1/299 792 458 с уақыт ішінде жүріп өткен жол ұзындығы.
Килограмм (кг)-килограммның халықаралық прототипінің масасына тең масса.
Секунда (с)-цезий-133 атомының аса жұқа екі деңгейлерінің арасындағы өтуге сәйкес келетін сәуле шығарудың 9 162 631 770 периодына тең уақыт.
Ампер (А)-вакуумда бір-бірінен 1 м ара қашықтықта орналасқан, қимасының ауданы өте аз және шексіз ұзын екі параллель түзу өткізгіштерден өткен кезде осы өткізгіштер арасында ұзындықтың әрбір метріне 2·10-7 Н-ға тең күш тудыратын өзгермейтін тоқтың күші.
Кельвин (К)-судың үштік нүктесінің термодинамикалық темпера-турасының 1/273,16 бөлігі.
Моль (моль)-массасы 0,112 кг12 С нуклидте қанша атом болса, сонша құрылымдық элементтері бар жүйенің зат мөлшері.
Кандела (кд)-жиілігі 540·1012 Гц болатын монохрамат жарық шығаратын, сол бағыттағы энегетикалық жарық күші 1/683 Вт/ср-ға тең жарық көзінің берілген бағыттағы жарық күші.
Радиан (рад)-доғаласының ұзындығы радиусына тең шеңбердің екі радиусының арасындағы бұрыш.
Стерадиан (ср)-денелік бұрыш.
Бақылау сұрақтары
1. Физика ғылым ретінде нені зерттейді?
2. Физика ғылымынң басқа ғылымдармен байланысы қандай ?
3. «Физика» пәнінің басқа жаратылыс тану пәндеріне айырмашылығы неде?
4. Физикадағы заңдылықтар, заң және физикалық теория арасындағы айырмашылық.
5. Физикадағы таным әдісін қалай түсінесіз?
6. Физикадағы модельдер деген не?
7. Ғылымда модельдеуді не үшін қолданады?
8. Халықаралық бірліктер жүйесін түсіндіріңіз, мысалдар келтіріңіз.
2-дәріс. КИНЕМАТИКА НЕГІЗДЕРІ
Дәрістің мақсаты: Механикадағы қозғалыс түрлерін сипаттай білу; қозғалыстың негізгі теңдеулері мен кинематикалық сипаттамалын білу;
Кілттік сөздер: санақ денесі, санақ жүйесі, траектория, жол, радиус-вектор, тангенциал үдеу, нормаль үдеу.
Достарыңызбен бөлісу: |