Е. Т. Акимбеков физика пәнінен дәрістер курсы нұр-Сұлтан 2020



бет28/57
Дата04.03.2024
өлшемі3.65 Mb.
#494228
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   57
fizika darister kurs . oku kural . akimbekov e.t.

Бақылау сұрақтары
1. Электрстатикалық қорғаныс деген не?
2. Электрстатикалық индукция құбылысын түсіндіріңіз.
3. Конденсатор деген не, құрылысын түсіндіріңіздер.
4. Өткізгіштің электр сыйымдылығының физикалық мағынасын
түсіндіріңіздер.
5. Электр сыйымдылығы өткізгіштің қандай параметрлерінен тәуелді болады?
6. Конденсаторларды тізбектей және параллель жалғау ережелерін түсіндіріңіздер.
7. Электрстатикалық өрістің энергиясы.
8. Электрстатикалық өріс энергиясының көлемдік тығыздығы.


Тақырыпты пысықтауға арналған тапсырмалар

1. Конденсатор дегеніміз:


A) жұқа диэлектрик қабатымен бөлінген екі өткізгіштен тұратын жүйе
B) ток өткізбейтін зат
C) тұрақты токты айнымалы токка айналдыруға арналған құрал
D) айнымалы токты тұрақты токка айналдыруға арналған құрал
E) электр энергиясын және электр зарядтарын жинақтау үшін
қолданылады

2. Электрстатикалық индукция:


A) сыртқы электр өрісінде диэлектриктегі оң және теріс зарядтардың қайта таралып орналасуы
B) электрстатикалық өрiске енгiзiлген өткiзгiште зарядтардың қайта
орналасу құбылысы
C) электрстатикалық өрiстегі өткiзгiште зарядтардың жойылуы
D) сыртқы электр өрісінде диэлектриктегі зарядтардың жойылуы
E) электр өрісіндегі өткізгіштің ішіндегі электр өрісінің кернеулігінің
нольге теңелуі

3. Электр өрісіндегі өткiзгiштезарядтардың қайта таралып орналасуы:


A) электрстатикалық индукция құбылысы
B) диэлектриктің поляризациясы
C) электрмагниттік индукция құбылысы 
D) суперпозиция құбылысы
E) зарядтың сақталу заңы

4.  Сыртқы электр өрісінде диэлектриктегі оң және теріс зарядтардың


қайта таралып орналасуы
A) электрстатикалық индукция құбылысы 
B) диэлектриктің поляризациясы
C) электр зарядының сақталу заңы
D) суперпозиция құбылысы
E) электрмагниттік индукция құбылысы 

5. Диэлектриктің поляризациясы:


A) сыртқы электр өрісінде диэлектриктегі оң және теріс зарядтардың
қайта таралып орналасуы
B) электрстатикалық өрiске енгiзiлген өткiзгiште зарядтардың қайта
орналасу құбылысы
C) электр өрісіндегі өткізгіштің ішіндегі электр өрісінің кернеулігінің
нольге теңелуі
D) сыртқы электр өрісінде диэлектриктегі зарядтардың жойылуы
E) электрстатикалық өрiстегі өткiзгiште зарядтардың жойылуы

6. Сыртқы электр өрісіндегі өткізгіштерде орындалмайтын шарттар:


A) сыртқы электр өрісінде диэлектриктегі оң және теріс зарядтардың
қайта таралып орналасуы
B) электростатикалық өрiске енгiзiлген өткiзгiште зарядтардың қайта
орналасуы
C) Электр өрісіндегі өткізгіштің ішіндегі электр өрісінің кернеулігі
нольге тең
D) Өткізгіш бетіндегі кез келген нүктедегі электр өрісінің кернеулігі
өткізгіш бетіне нормаль бағытталады
E) Өткізгіш беті эквипотенциал бет болып табылады

7. Өткізгіштің электр сыйымдылығы өзгермейтін жағдайды көрсетіңіз:


A) Өткізгіштің электр сыйымдылығы оған зарядталмаған екінші
өткізгішті жақындатқанда артады;
B) Екінші өткізгішті жерге жалғау бірінші өткізгіштің электр
сыйымдылығын арттырады;
C) Диэлектриктің қалыңдығын азайтса, өткізгіштер жүйесінің
сыйымдылығы артады;
D) Диэлектриктің диэлектрик өтімділігі артқанда, жүйенің
Электр сыйымдылығы артады;
E) Диэлектриктің қалыңдығын арттырса, өткізгіштер жүйесінің
сыйымдылығы артады;

8. Молекуланың құрылысына қарай диэлектриктердің поляризациясы:


A) протондық;
B) кемтіктік;
C) бейтарап;
D) ядролық;
E) нуклондық;
F) бағдарлық;
G) электрондық;
H) иондық.

9. Конденсатордың сыйымдылығы 2 ф, ал астарларының потенциал айырымы 4 В. Конденсатордағы зарядты анықтаңдар


A) 7 Кл; B) 8 Кл; C) 9 Кл; D)10 Кл; E) 6 Кл.

10. Конденсатор батареясына U=200В кернеу берілген кезде жүйеге берілген заряд шамасы q=610-4 Кл болды. Конденсаторлар батареясының сыйымдылығы:


A) 3мкФ; B) 3000 нФ; C) 310-6 Ф; D) 120мФ; E) 120пФ; F) 3Ф; G) 12Ф; H) 99Ф.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет