Еңбек ақыны ұйымдастырудың теориялық негіздері



бет2/7
Дата16.06.2016
өлшемі0.69 Mb.
#138910
1   2   3   4   5   6   7

З = Зч х Т немесе З = Зн / Нв (7)

мұнда: З - өнім бірлігінің немесе операцияның расценкасы;

Зч - жұмыс разрядына сәйкес келетін сағаттық тариф ставкасы (теңге);

Т - уақыт нормасы, сағат;

Нв - бір сағатта орындалатын жұмыс нормасы.

Жұмысшының бір айда немесе басқа есепті кезеңіндегі кесімді жалақысын анықтау үшін, кесімді расценканы жасалған өнім санына көбейтеді.



Кесімді-прогрессивті жүйеде - тура кесімді расценкалар нормасы аясында есептелінеді, ал нормадан тыс өндірілген өнім жоғары расценкамен есептелінеді. Расценканың көтерілу деңгейі арнайы шкаламен шектеледі, онда негізгі расценкадан қанша өнім үшін қаншалықты көтерілетіндігі пайыз түрінде көрсетіледі. Мұнда базалық көрсеткіш ретінде соңғы 3 айда орындалған норма алынады, бірақ ол бекітілген нормативтен төмен болмауы тиіс.

Кесімді-сыйақы жүйесінде – жалақы тура кесімді расценкамен және сандық, сапалық көрсеткіштерді артығымен орындағаны үшін берілетін сыйақыны қосу арқылы есептейді. Сыйақы көлемі есепті кезеңдегі негізгі жалақы көлеміне байланысты болады немесе үнемдеудің көлеміне байланысты болады.

Жанама–кесімді жалақы жүйесі - өнім өндіруге тікелей қатыспайтын жұмысшылардың еңбек өнімділігін арттыруды ынталандыру үшін қолданылады. Бірақ, бұл жұмысшылардың еңбектері негізгі жұмысшылардың жұмыстарына тікелей қатысы бар. Бұл жүйемен станоктарды жөндейтіндердің (наладчиктердің) жалақысы, сонымен қатар, завод ішіндегі транспорт жұмысшыларының еңбектері төленеді. Жанама–кесімді жалақы – қосалқы көмекші жұмысшылардың еңбек өнімділігі мен сапасы негізгі жұмысшылардың еңбек өнімділігін арттыруға жағдай жасаған уақытта тиімді болады. Жанама расценканы алу үшін, жанама–кесімді жалақы алатын жұмысшының күндік тарифтік ставкасы оған белгіленген қызмет көрсету нормасына немесе жұмысшылардың күндік өнімділік нормасына бөлу арқылы есептелінеді.

Ұжымдық (бригадалық) кесімді жалақы - жұмысты ұжымдық формада ұйымдастырғанда, яғни өндіріс процесін бірнеше жұмысшы немесе бригада жүргізгенде қолданылады, бұл жұмысшылардың арасында толық еңбек бөлінісі болмауы тиіс, сонымен қатар, олар бірін-бірі қиындықсыз алмастыра алулары тиіс. Бұл жүйе бригаданы өнім өндіруді арттыруға ынталандырады, өзара көмек беруді күшейтеді, жұмысшылардың біліктілігін көтеруге ықпалын тигізеді. Ұжымдық жалақы әрбір жұмысшының жеке қосқан үлесіне қарай бөлінеді.

Жеке жалақыны есептеудің бірнеше әдістері бар. Ағымдық линияларда бригаданың өндірген өнімі көлеміне қарай есептелінеді. Жеке расценка болса, жеке жұмысшының тарифтік ставкасы мен бригадалық өнімділік нормасымен есептелінеді. Жалақыны есептеудің басқа әдісі де бар, онда жұмысшының жалақысы оның жұмыс уақытымен және біліктілік деңгейімен анықталады, ол жалпы бригадалық жалақыдан алынады.

Бригаданың еңбек нәтижесіне қай жұмысшының қаншалықты үлес қосқанын дәл анықтау үшін, бригада мүшелерінің келісімімен еңбекке қатысу коэффициенттері (коэффициент трудового участия) қолданылады. Еңбекке қатысу коэффициенттері (ЕҚК) әрбір жұмысшының еңбегінің саны мен сапасын, жұмысының күрделілігін, бригада мүшелеріне қаншалықты көмек көрсеткенін, еңбек және өндіріс тәртібін қаншалықты сақтағандығын есепке алады.

ЕҚК қолданып, төмендегілерді бөлуге болады: сыйақыны, жалақы қорынан үнемдеуден түскен үстемені.

ЕҚК белгілеу мен қолдану тәртібі бригаданың жалпы жиналысында қарастырылады, оны кәсіподақ ұйымының келісімімен кәсіподақ басшысы бекітеді. Түнгі уақытта істелетін жұмыстарға, мейрам күндеріндегі жұмыстарға, уақытша жұмысқа жарамсыздыққа байланысты төленетін төлемақылар, жаңашылдық пен өнертапқыштыққа төленетін сыйақылар бригаданың жалпы жалақы құрамына кірмейді.

Кесімді форманың ерекше түрі болып аккордты жалақы саналады. Оның мәні мынада: жеке жұмысшыға немесе бір топ жұмысшыларға белгілі өнім мөлшеріне бекітілген жалпы жалақы қоры беріледі. Аккордты жалақы мөлшері осы жұмысқа арналған расценқалармен және кәсіпорында бекітілген нормалар негізінде анықталады. Жалақыны жеке жұмысшылар арасында кесімді жалақы секілді бөледі.

Жалақының мерзімді формасында жұмысшының жұмыс істеген уақыты мен оның біліктілік деңгейіне қарай жалақы төленеді. Бұл форманы еңбекті нормалау экономикалық жағынан тиімсіз болғанда қолданады. Мұнда өнімділік бекітілген технологиялық режиммен анықталады және өнімнің жоғары сапалы болуына басты назар аударылады. Мерзімді жалақы - қарапайым-мерзімді және мерзімді-сыйақылы жалақы болып 2-ге бөлінеді. Қарапайым-мерзімді жалақы біліктілік деңгейі есепке алынып істелген жұмыс уақытымен төленеді. Мамандар мен қызметкерлер лауазымдық жалақы алады, ал жұмысшылар тарифтік ставкамен есептелінетін жалақы алады. Мерзімді-сыйақылы жалақыда – жұмысшылар өздерінің тарифтік жалақысына қоса, белгілі бір сандық және сапалық көрсеткіштерге жеткені үшін сыйақы алу мүмкіндігі бар. Бұл жүйе еңбектің саны мен сапасын арттыруға материалдық ынтаны күшейтеді.

Көптеген кәсіпорындарда жеке және бригадалық жалақы төлеу элементтері аралас қолданылады. Мамандар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеудің ерекшеліктері бар. Кәсіпорынның мамандары мен қызметкерлері ұйымдастырушылық, экономикалық және техникалық басқаруды жүзеге асырады. Олардың жұмыстары, әрине, нормалауға келмейді, сондықтан, өз міндеттерін бекітілген талаптарға сай орындап, мерзімді жалақы алады. Әр түрлі біліктіліктегі лауазымдық жалақыларды толық есепке алу үшін, жасалатын жұмыстың күрделілігіне қарай, біліктілікті категориялау қолданылады (экономист, 2 – категориялы экономист, 1 – категориялы экономист, бас маман). Әрбір маманға жеке категория беріледі, ол оның нақты біліктілік деңгейін, оның еңбегінің нәтижелілігін, іскерлік қасиетін, тапсырылған жұмысты уақтылы, шығармашылықпен орындауын көрсетеді. Квалификациялық категориялар аттестациялау арқылы беріледі, ол 3 жылдан аспайтын мерзімде жүргізіледі.

Кәсіпорын жұмысында жоғары көрсеткіштерге жетуге ынталандыру мақсатында сыйақы төлеудің бірнеше түрлері қолданылады.

Барлық категориядағы жұмысшыларды, мамандар мен қызметкер-лерді марапаттау ережелерін кәсіпорынның өзі бекітеді (мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындардан басқалары). Жұмысшылардың барлық категорияларына сыйақы беру-пайданың өсуіне, өзіндік құнның төмендеуіне, отын-энергетикалық және материалдық ресурстарды үнемдеуге, өндірілген өнімнің сапасы мен техникалық деңгейінің жоғарылауына байланысты беріледі. Берілетін қосымша төлемдер мен сыйақылар тізімі Еңбек кодексінде және Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құжаттарында көрсетілген. Мемлекет оның ең төменгі мөлшерін белгілейді.

Бұл еңбеккерлерге өздерінің жұмыс тиімділігі артқан жағдайда қосымша сыйақылар алуына кепілдік береді. Қосымша төленетін төлемақылар компенсациялық және ынталандырушы болып 2-ге бөлінеді. Компенсациялық төлемақыларды (кешкі және түнгі уақыттарда жұмыс істеу, жұмыс жағдайының қалыпты жағдайдан ауытқуы) кәсіпорынның өзі белгілейді, бірақ олар мемлекет бекіткен мөлшерден төмен болмауы керек. Ынталандырушы төлемақыларды (жоғары біліктілік үшін, кәсіптік шеберлігі үшін төлемдер мен сыйақылар) кәсіпорынның өзі белгілейді, олар қолда бар қаражат шеңберінен аспауы тиіс.

Еңбекақының әртүрлі жүйелеріндегі жалақы есептеудің бірнеше мысалдарын қарастырып көрейік.

Аккордтық жүйедегі жұмысшы жалақысын есептейік. Берілген нормалар мен расценкалар бойынша аккордтық тапсырма - 2000, тапсырма 10 күнде орындалған, ал тапсырманы орындау мерзімі – 15 күн, ал аккордтық наряд бойынша мерзімді әрбір пайыздық қысқартуына 2 % сыйақы қарастырылған. Біріншіден мерзімді қысқарту %- ын есептейміз:


.
Жұмысшының кесімді-сыйақы жалақысын есептейік, мұңда жоспарды орындаған жағдайда 20 % , ал әрбір артық орындалған % - ға жалақының 2 % көлемінде сыйақы қарастырылған. Жоспар 100 % - ға орындалғанда, жұмысшының кесімді жалақысы - 800.
З/п = 800 + .
Мерзімді-сыйақылы жалақы жүйесімен жалақы алатын жұмысшы-лардың жалақы мөлшерін анықтайық. Жұмысшының сағаттық тарифтік ставкасы – 10. Келісім-шартта көрсетілгендей, ай сайын 30 % сыйақы төленеді. Ай бойына істеген толық жұмыс сағаты - 112. Алдымен 112 сағатқа мерзімді жалақыны анықтаймыз: 112 с : 10 х 112 = 1120. Сыйақы мөлшері (1120 х 30) / 100 = 336. Сонымен, жұмысшының айлық толық жалақысы = 1120 + 336 = 1456.

Тарифтік жүйе кәсіпорындар мен ұйымдарға әрбір жұмысшының жеке қосқан үлесін есептеп, жалақы төлеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, оның мамандығы мен біліктілігі есепке алынады. Жұмысшыларды тарификациялау Бірыңғай тарифтік – біліктілік анықтама (БТБА) және біліктілік анықтамалармен (БА) жүргізіледі.

Әртүрлі мамандық – біліктілік топтарындағы жұмысшылардың тарифтік ставкалары мен лауазымдық жалақыларын кәсіпорында бекітілген 1 разряд ставкасымен анықтайды, ол үкімет бекіткен кепілді ең төменгі жалақы мөлшерінен төмен болмауы керек. Сонымен қатар, бірыңғай тарифтік сеткамен бекітілген тарифтік - біліктілік коэффициенттерімен анықталады. Тарифтік ставка жұмысшылардың еңбек ақысын белгілі уақыт бірлігінде (сағат, ай және т.б.) разрядына сәйкес белгілейді.

Тарифтік - біліктілік разряд жұмыстың күрделілігін, жұмысшының оны орындай алу мүмкіндігін, оның біліктілігін көрсетеді. Жұмыстар мен жұмысшылар мамандықтарының тарифтік - біліктілік анықтамасы - жұмысты тарифтеуге және жұмысшыларға разряд беруге пайдаланылады, ол жұмыс түрлеріне қарай топталған барлық мамандықтардың тарифтік - біліктілік сипаттамаларының жиынтығы болып табылады. Лауазымдардың біліктілік анықтамасы - лауазымдарды күрделілік деңгейіне қарай және біліктілік деңгейіне қарай дифференциациялайды. Бұл анықтамаларды біліктілік комиссиялары жұмысшыларға біліктілік разрядын беруде қолданады. Ол жұмысшылардың атқаратын жұмыстарын олардың мамандығына, біліктілігіне қарай бөледі. Анықтамалар бір орталықтан бекітіледі, олар бірыңғай және салалық болып бөлінеді. Олардың негізінде нақты өндіріс орнының жұмысшыларына арналған жергілікті маңыздағы анықтамалар құрастырылады.

Тарифтік сеткалар – еңбектің күрделілігіне (біліктілігіне) қарай еңбек ақыны дифференциациялау құралы болып табылады. Ол әртүрлі топтағы жұмысшылардың еңбек ақыларының шкаласы түрінде болады, онда разрядтар саны мен оларға сәйкес тарифтік коэффициенттер көрсетіледі. Қандай да болмасын разрядқа сәйкес келетін тариф ставкасын – 1 разрядты тариф ставкасын қажет разрядтың тарифтік коэффициентіне көбейту арқылы табады.

Материалдық салада еңбек ететін адамдар мен бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдарда жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысы деңгейлерін жақындастыру үшін жаңа Бірыңғай тарифтік кесте белгіленді. Ол экономиканың барлық саласының қызметкерлерін қамтиды. Бұл орайда разрядтар аумағы бұрынғысынша қалды - бірінші разрядтан 21 разрядқа дейін, алайда тарифтік коэффициенттер айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Мәселен, 2 кестеге сәйкес бұрын Бірыңғай тарифтік кестедегі бірінші разрядтың тарифтік коэффициенті - 2-ге, ал жиырма бірінші разряд — 13,08-ге тең болса, жаңа тарифтік кесте бойынша олар тиісінше — 1 және 4,24-ті құрайды.


Кесте 2.

Бірыңғай тарифтік сетка


Еңбек ақытөлеудің разрядтары

Тарифтік коэффициенттер

Еңбек ақы төлеудің разрядтары

Тарифтік коэффициенттер


1

1,0

12

2,20

2

1,07

13

2,37

3

1,15

14

2,55

4

1,24

15

2,74

5

1,33

16

2,95

6

1,43

17

3,17

7

1,54

18

3,41

8

1,66

19

3,67

9

1,78

20

3,94

10

1,91

21

4,24

11

2,05






Бірыңғай тарифтік кестенің негізіне еңбекке ақы төлеудің принципті жаңа жүйесі алынған.

1993 жылдын 1 қаңтарынан бастап, бірыңғай тарифтік тор халық шаруашылығындағы қызметкерлердің барлық дәрежесіне қосылған болатын.

Бірыңғай тарифтік торда бірінші разрядтағы жұмысшылардан басталып, басшылардан аяқталатын, қызметқерлер разрядтарының тарифтік коэффи-циенттерінің мәтіні көрсетіледі.

Бірыңғай тарифтік торда 21 тарифтік разряд бар. 21 тарифтік разряд халық шаруашылығында жұмыс жасайтын барлық қызметкерлерге таратылады. 21 тарифтік разряд шаруашылыктағы жүргізу нышанына, меншік нышанына және бюджеттік ұйымдарға тәуелсіз барлық кәсіпорыпдарға арналған:


  • 1-8 разрядтар бойынша - жұмысшыларға төлемдер;

  • 6-15 разрядтар бойынша - сызықтық кызметкерлер;

  • 4-11 разрядтар бойынша - орта білімді мамандар;

  • 7-15 разрядтар бойынша - жоғары білімді мамандар;

  • 10-20 разрядтар бойынша - кәсіпорынның басшылары, бөлімдердің, функционалдық кызметтердің басшылары;

  • 9-21 разрядтар бойынша - ғылыми қызметкерлер.

Жұмысшылардың дәрежесі халық шаруашылығының барлық саласындағы еңбек процесінде орындалған жалпы қызметтердің бағдарына байланысты болған соң, жұмысшылардың дәрежесі бір топта көрсетіледі.[18].

1.3 Кәсіпорында еңбек ақы қорын пайдаланудың тиімділігі

Еңбек ақыны ұйымдастыруды пайдалану тиімділігі мыналарды қарастырады:



  • Кәсіпорын меншігіне белгілі бір нәтиже алып келетін , жақсы еңбек ақы жүйесін ұйымдастыру;

  • Қалыптасқан диспропорцияларды жою;

  • Жұмысшыны әлеуметтік қорғау;

  • Еңбек ақының мөлшерін , жүйесін , нысандарын анықтауда еңбек ұжымның және әкімшіліктің толық жауапкершілігі;

  • Нақты көрсеткіштердің жоспардағы көрсеткіштерден жоғары болуы;

Кәсіпорында еңбек ақыны ұйымдастыру келесі негізгі элементтерден тұрады:

  • Еңбек ақы қорын қалыптастыру;

  • Еңбекті нормалау;

  • Тарифтік жүйені орналастыру;

  • Еңбек ақы жүйесін және нысанын анықтау;

Көптеген кәсіпорындарда еңбек ақыны ұйымдастырудың келесі принциптері бар:

  • Еңбектің саны мен сапасына байланысты ақы төлеу;

  • Еңбек ақының дифференциациялығы жұмысшының біліктілігіне , еңбек шартына , кәсіпорынның саласы мен орналасу аймағына байланысты.

  • Реалды еңбек ақының жүйелік көтерілуі;

  • Орташа еңбек ақының өсу қарқындылығында еңбек өндірісінің қарқындылығын өсіру;

  • Әділдік , яғни көрсетілген еңбекке тең еңбек ақы төлеу;

  • Ауыр және зиянды еңбек ақыны есепке алу;

  • Адал және сапалы еңбекке мақсат қойғызу;

  • Міндетіне , яғни жұмысына жауапкершіліксіз қарағанға материалды жауапкершілікке тарту;

Еңбек ақыны ұйымдастырудың әрбір элементтерін жеке-жеке қарастырайық.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-да еңбек ақы екі нысанда жүзеге асырылады- кесімді және мерзімді. «ММГ» АҚ-да еңбек ақының жүйесі және нысаны ұжымдық келісімшартпен және жұмыс берушінің актісімен анықталады.Өндірістің ұйымдық-техникалық шарттарының әрбір жағдайына сай еңбек ақының жүйесі мен нысаны қолданылады және бұл еңбек қызметінің жақсы нәтижесіне алып келеді.

2008 жылдың 1 маусымынан қызметкерлер мен жұмысшылардың айлық оклады 15 %-ға өсті және оның нәтижесінде алдынғы жылмен салыстырғанда тарифтік ставка , қызмет айлығының төлемдері өсті (сонымен бірге түнгі уақытта жұмыс жасағаны үшін , мереке және демалыс уақытта жұмыс жасағаны үшін , белгіленген уақыттан тыс жұмыс жасағаны үшін төлемақы , жұмыстың өндірістік нәтижелері үшін сылық ақы , еңбек демалысына өтемақы ). 2008 жылы жұмысшылардың еңбек ақысы маусымның бірінен көтерілді , ал 2007 жылы шілденің бірінен алдынғы жылмен салыстырғанда бір ай бұрын) , сол үшін нақты анализ жасау үшін 2008 жылдың екінші жарты жылдығын және 2007 жылдың екінші жарты жылдығын салыстыру керек. Сөйтіп жұмысшылардың тарифтік ставка мен қызмет айлығы бойынша есептелген еңбек ақы 2008 жылдың екінші жарты жылдығында 2007 жылдың екінші жарты жылдығымен салыстырғанда 16.5 ға өсті және ол 2007 жылы 1604723,9 мың теңге болса, 2007 жылы ол «1307070,9 мың теңге құрады. Ал тарифтен алынған орташа айлық еңбек ақы сол уақыт аралығында 113,4 %-ға өсті, яғни ол 2007 жылы 53203 теңге болса , 2008 жылы ол 46897 құрады.

Кәсіпорындағы еңбек ақы жүйесі жұмысшылардың еңбек ақысын олардың қызмет нәтижелеріне еңгізген салымдары бойынша дифференциациялайды, яғни мұнай өндіру процесіне нақты және тікелей қатысуы арқылы және де олардың квалификациялары бойынша. Мысалы 2008 жылы барлық деңгейлердің жетекшілерінің орташа айлық жалақылары 148947 теңге құрады, ал біліктілігі жоқ жұмысшылардың орташа айлық жалақылары 50213 теңге құрады. Ең жоғары және төменгі жалақының айырмашылығы 98734 теңгені құрайды.

Экономика жағынан қарастырғанда кәсіпорын жұмысшыларының еңбек тиімділігі еңбек өндірісінің деңгейі және оның сапасымен анықталады. Еңбек өндірісінің көрсеткіші еңбектің соңғы нәтижелерін салыстыру негізінде көрініс табады (мысалы , тауар айналымының көлемі , қызмет көрсетуден түскен түсімнің көлемі) , еңбектің өндірістік шығындарымен ( жұмысшылар санының орташа тізімімен сипатталады). Кәсіпорындағы еңбек өндірісінің өсуіне бірнеше факторлар әсер етеді. Оларға:


  • Тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру;

  • Жүк тасу және жүк түсіру жұмысының механизациялық деңгейін арттыру;

  • Прогрессивті жоғары өнімді техника мен технологияларды еңгізу;

Бірақ осы қарастырған экономикалық факторлардан басқа кәсіпорынның еңбек өндірісіне басқа да факторлар әсер етеді . Оларға психологиялық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық және басқа да факторлар жатады. Негізінде еңбек өнімділігі көбінесе адамның әрекетіне, оның тәжірибесіне, біліктілік деңгейіне, біліміне тікелей байланысты болады. Кәсіпорындағы жұмысшылардың еңбек өнімділігін арттыратын тағы бір маңызды факторлардың бірі болып жұмысшыларға материалды стимул жасауды ұйымдастыру және оның деңгейін арттыру, қызмет перспективасының болуы және қызметтік мансапта әрі қарай көтерілуі. Осы айтылған фактор рыноктық қатынастардың қалыптасуында шешуші рөл атқарады. Тірі еңбек өнімділігінің өсуі бөлек жұмысшы өндірмесінің артуына негіз болады, яғни жұмысшының жалақы деңгейінің артуы және де жалпы өмірлік деңгейінің артуы. Еңбек өнімділігінің өсу қарқыны еңбек ақы өсу қарқынынан үнемі алдында озып жүруі тиіс. Осы жағдайда халықтың өмір деңгейінің өсуі, кәсіпорын өндірісінің өсуі және еңбек ақы деңгейі қалыпты жағдайда болады.

2008 жылы еңбек өнімділігінің өсуі 2007 жылмен салыстырғанда орташа айлық еңбек ақыдан 9,9 %-ке артық , яғни ол пайда алып келетін кәсіпорын деп шешуге болады. Бұл келтірген анализден кәсіпорында еңбек өнімділігінің өсуі орташа еңбек ақы өсу қарқынынан үнемі алдында жүретінін байқауға болады (немесе өнім өдіру көлемінің өсу қарқыны тұтыну қор өсу қарқынынан алда жүреді). Нәтижесінде өндіріс тиімділігін арттыру үшін пайданы максимизациялау принципі жүргізіледі. Бұл принциті ұстану « Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның гүлденуі мен дамуына жол береді.

Жұмысшыларды өндіріс тиімділігінің сапасын арттыруға қызықтыру үшін, мұнай өндіру бойынша өндірістік жұмыстарды атқарғаны үшін, әр кварталда жұмысшыларға атқарған жұмыстары бойынша сый ақы беріледі.

Сонымен қатар 2008 жылы кәсіпорында басқа да ақылар көтерілді, оларды еңбек ақы қорына еңгізгенде 49,2 млн. теңгені құрайды . Негізінде бұл өзгерістер статьялар бойынша пайда болған, яғни зейнеткерлерге, Ұлы Отан Соғысының және еңбек фронтының ардагерлеріне арналған жеңілдіктердің болуы. Сонымен қатар бұл өзгерістер іссапар куәлігі бағасының жоғарлауы, уақтылы еңбекке қабілетсіздігіне байланысты төленетін ақылар, жүктілік және туу бойынша берілетін демалысқа ақылар, берілетін жұмыс киімдерінің, аяқ киімдерінің және басқа да жеке заттардың бағалары.

Бір айта кететін кемшілік ол атқаратын қызметіне және де өндірістік жоспардың құрылуына қатысу деңгейіне қарамастан «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-да барлық жұмысшыларға берілетін сый ақылар айлықтың 30 %-ын құрайды.

Кәсіпорында болатын зиян жағдайлар есепке алынады, бірақ жеткілікті мөлшерде емес. Мысалы үшін ,мұнай кәсіпшілігінде вахтамен жұмыс жасайтын жұмысшылардың орташа айлық жалақыларын оператор , машинист және басқа мамандармен салыстырғанда төмен болып келеді . Сәйкесінше бұл да кәсіпорынның еңбек ақыны ұйымдастыруда бір кемшілігі болып табылады.

Кәсіпорынның еңбек ақыны ұйымдастыруда тағы бір айта кететін кемшілік бұл жұмыс уақытының жоғалуының көп болуы, ол сәйкесінше еңбек өнімділігінің, өндіріс көлемінің, өткізілген өнім көлемінің кемуіне алып келеді.Осындай уақытта таза пайда төмендейді.

Жалпы қарағанда «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының еңбек ақыны ұйымдастырудағы жағдайы жоғары деңгейде тұр , бірақ қалайда әлі де бітпеген жұмыстар бар және олар кәсіпорынның әрі қарай дамуына өз кедергісін тигізіп тұрады.



2 «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ мысалында өнеркәсіптік кәсіпорында еңбек ақыны ұйымдастыруды талдау.
2.1 «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның техника-экономикалық сипаттамасы.
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ - Қазақстан Республикасындағы мұнай-газ өндіретін ірі кәсіпорындардың бірі болып саналады. Компанияның басты офисі Ақтау қаласында, Батыс Қазақстанда Каспий жағалауында орналасқан. «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы – Қазақстан Республикасындағы ең ірі мұнай-газ өндіретін кәсіпорындардың бірі. Бұл компания Маңғыстау облысы Ақтау қаласында орналасқан.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бүкілодақтық Халық шаруашылық Кеңесінің 1963 жылғы 7 қыркүйектегі №53-12 және Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1963 жылғы 5 қарашадағы, сондай-ақ Батыс Қазақстан халық шаруашылығы Кеңесінің 1963 жылғы қараша айының 27 жаңасындағы №280 Қаулыларымен мемлекеттік кәсіпорын – өндірістік бірлестік ретінде құрылды. Сол тарихы күнге дейінгі бірнеше жылда түбектің мұнай, газ кен орындарын зерттеп, барлап, ашуда және жеделдете игере бастауда ұланғайыр жұмыстар жүргізіліп үлгерген еді.

«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы – Қазақстанның мұнай саласында ең сенімді, ең ірі мұнай өндіруші компания мәртебесіне ие болды. Қазыналы өлкедегі кең қанат жайған бұл жетекші өндіріс саласының даму тарихы, бүкіл облыстың индустриялды өркендетілуі ең әуелі осы кәсіпорыннан бастау алады

Негізгі тауар өнімі бекітілген талаптарға сай өңделген мұнай және ілеспе газ болып табылады.

Атқаратын қызметтердің негізгі түрлері:


    • көмірсутегі шикізаттарының кен орындарын барлау;

    • мұнай-газға іздеуші, құрылымдық, пайдаланылатын ұңғымалар

бұрғылау;

    • мұнай-газ кен орындарын абаттандыру, құрылыс - монтаж және жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізу, автомобиль жолдарын салу және жөндеу;

    • мұнай мен газ өндіру;

    • мұнайды жинау, тасымалдау және тұтынушыға жіберер алдында кешенді дайындықтан өткізу;

    • мұнай өнімдері республика мұнай өңдеу зауыттарында өңделгеннен кейін, тұтынушыларға өткізу;

    • мұнай өндіруде пайдаланылатын ұңғымаларға қызмет көрсету және жөндеу, бақылау

    • өлшеу приборларын және өндіріс процесстерін автоматтандыру құралдарын, байланыс құралдарын орнату және пайдалану;

    • мұнай шикізаты мен мұнай өнімдерін өткізетін сыртқы және ішкі рыноктарды зерттеу, маркетинг жүргізу;

    • тауарлар мен қызметтерді экспорттау және импорттау операцияларын жүргізу, өзара тиімді сыртқы экономикалық байланыстарды нығайту, шетел фирмаларымен сауда – экономикалық және ғылыми – техникалық ынтымақтастық орнату;

    • кен орындарын іске қосу процесстеріне ақпараттық – есептеу қызметтерін көрсету.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ республиканың мұнай өндірісінің 11 % қамтамасыз етеді. Қазақстанның қор биржасының ( КАSЕ) мәліметтері бойынша, 2007 жылдың 1 қаңтарында акциялар пакетінің 30 % Ansdele Development Ltd компаниясының үлесінде. Бұл компания Британияның Виргин аралында тіркелген. Қазіргі кезде «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ баланстық қоры 969 млн. тонна болатын 15 мұнай және газ кен орындарында жұмыс жүргізуде. Негізгі өнеркәсіптік нысандары – Қаламқас және Жетібай кен орындары саналады. Бүгінгі күні «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ жылдық мұнай өндірісі 5 млн. 660 мың тоннаны құрайды. (35. 55 бет). «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ барлық өндіретін мұнайдың 60%-ын Қазақстанның ішкі рыногына өткізеді, ал қалған бөлігі экспортталады. Ішкі рыноктағы мұнайдың негізгі тұтынушылары Атырау және Павлодар мұнай өңдеу зауыттары. Экспортталатын мұнай ТМД елдері мен алыс шетел мемлекеттеріне сатылады. 1998 жылдан бастап «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ өндірістік қызметі пайдалы (табысты) болып саналады. (31. 87 бет).

1996 жылдың маусым айында компания көмірсутекті шикізат өндіру мақсатында 8 кен орнын 25 жыл пайдалану лицензиясын алды, оның ішінде 3- еуі газ- мұнай кен орындары (Асар, Қаламқас және Шығыс Жетібай), 2- уі мұнай- газ ( Бурмаш, Оймаш); 2-уі мұнай кен орны (Алатөбе, Солтүстік Қарақия) және мұнай газ конденсатты Жетібай кен орны. 1996 жылы қараша айында «Маңыстаумұнайгаз» АҚ-на Оңтүстік Жетібай мұнайгаз конденсат кен орынында 25 жыл мұнай өндірісін жүргізуге лицензия берілді. 1997 жылдың желтоқсан айында компания көмірсутегі шикізатын барлауға және өндіруге, Бектұрлы, Придорожное , Атамбай, Сарттөбе мұнайгаз конденсаты кенорындарына Ащыағар, Айрантақыр, Солтүстік Аққар мұнай кен орындарына (барлық лицензиялар 31 жылға) сонымен қатар Оймаш газмұнай кен орнына 25 жылға – барлығы 7 лицензия алды. (23-87 бет).

2000 жылы Қазақстан Үкіметі «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның меншігіне Павлодар мұнай өңдеу заводының ( қуаттылығы жылына 7,5 млн. тонна) акция пакеттерінің 51% берді. Бұл завод этильденбеген бензин, реактивті двигательдерге арналған отын, қыстық және жаздық дизель отынын, мазут өндірілді. Акция пакеттері заводтың бұрын тұтынған мұнай төлемі ретінде берілді. Павлодар мұнай - химия заводының қалған 49 % акциялары мемлекеттің қарауында. Завод мұнайды отын нұсқасында өңдейді, қайта өңдеу сапасы 80- 85 % құрайды, бұл мұнай өңдеудің әлемдік деңгейіне сай.

Мұнай өңдеу мынадай процесстерді қолдану арқылы жүзеге асырылады:



  • Мұнайды электрлік сусыздандыру және тұзсыздандыру;

  • Электросусыздандырылған және тұзсыздандырылған мұнайды қайта айдау;

  • Реактивті, дизельді отынды және бензинді гидротазарту;

  • Бензин фракцияларын каталитикалық реформинттеу;

  • Каталитикалық крекинттеу;

  • Газофракциялау;

  • Мұнай битумдарын өндіру;

  • Кокс өндіру

  • Күкірт өндіру

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ 2007 жылы 5 млн 255 мың тонна мұнай өндірген болса, 2008 жылы – 5млн. 660 мың тонна өндірген, яғни 2007 жылмен салыстырғанда 7,7 % артық өндірген. Жоспарлы тапсырма – 5,4 млн. тонна., мекемеге мерзімінен бұрын «Тәуелсіздік күніне» орай орындалды. Компания құрамындағы «Қаламқасмұнайгаз»- 1.5 млн. тонна мұнай өндірген. 2008 жылдың соңына дейін 250 мың тоннадан астам мұнай жоспардан тыс өндірілді.

2008 жылдың қорытындысы бойынша табиғи газ өндірісі 2/3, 654 млн. кубометрге жетті, ал 2007 жылы 166, 131 млн. кубометр газ өндірілген еді.

2008 жылдың желтоқсанында мұнай өндіру көлемі 486,1 мың тонна болды, ал 2007 жылы осы кезеңімен салыстырғанда 4,2 % артық. Ал, газ өндірісі 2008 жылы – 19, 369 млн кубометрге жетті, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 36,7 % артық.

2008 жылы компания жоспар бойынша 5 млн. 640 мың тонна өндіруді және жоспардан тыс 110 мың тонна мұнай өндіруді жоспарлаған.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ үлкен жобаларды іске асыруды жоспарлаған. Мысалы, Қаламқас кен орнында электр энергиясын өндіретін станция саласында және жерасты суларын жанайтын қондырғылар орнатылды. Асар кен орнында Жетібай кен орнын сумен қамтамасыз ету үшін 7 ұңғыма бұрғыланды.

Өндіріске жаңа техника мен технологиялар ендірілуде. Осы мақсатқа жыл сайын 15 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды. Әсіресе, тереңде винттік насостарды қолдану мен жер қыртысын гидроайыру (гидроразрыв) тәсілдерін қолдану жақсы нәтижелер берді. Жерқыртысын гидроайыру тәсілі 2001 жылдан бастап Жетібай кенорнында қолдана бастады. Бүгінгі күнге дейін 160 ұңғыма – операциялары жүргізілді, соның нәтижесінде қосымша 650 мың тонна мұнай өндіруге қол жеткізілді. Биылғы жылдың 1 тоқсанының жоспарын «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ 58 мың 400 тоннаға артық орындады (мұнай өндірісін 4,9 %-ға арттырды ).

Түбектің барлық аймақтарында орналасқан «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғам электр энергиясымен сенімді қамтамасыз етілген. Қаламқас және Жетібай учаскелерін қоса санағанда, Маңғыстауэнергомұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 500-ге жуық адам жұмыс істейді.

Акционерлік қоғамда сенімді коммуникация жұмыстарын жүргізетін «Мұнайтелеком» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қазіргі заманға сай байланыс құралдарымен жабдықталған. Барлық өндірістік және технологиялық процесстер толық компьютерленген және автоматтандырылған. Автоматтандыру, ақпараттық технология мен байланысының басқармалары жұмыс істейді. Кен орындарын ғылыми зерттеу мақсатында арнайы құрылған ғылыми- өндіріс орталығы жұмыс істейді.

2003 ж классикалық құбырлар өндірістін завод құрылысы аяқталып пайдалануға берілді. Маңғыстау обылысының климат жағдайында болат құбырлар пайдалану прйесінде сырқы және ішкі коррозиялар әсерінен тез қозғалыстан шығады. Ал, жаңа технология мен пласталған әйнекпластикалық құбырлар, біздің климат жағдайында 15 тен 50 жылға дейін шыдайды. Әйнек пласт құбырлар болат құбырлармен салыстырғанда 4 есе жеңіл. Тағы да 2 артықшылықтары – жоғары беріктілігі көрсеткіштері мен төмен жылу өткізгіштігі. Сондықтан оларды пайдалану өндірістін тиімділігін арттырады. Завод аймағында 2 цех орналасқан. 1 цехта диаметрі 300 милиметрге дейін құбырлар өндіреді, ал 2 цехта диаметі 300 милиметрден 500 милиметрге дейін құбыр өндіріледі. Сондықтан қатар, заводта әйнекпласт құбырды жалғайтын, бекітетін детальдар өндіріледі. Терендікте жұмыс істейтін мұнай насостарын жөндейтін және тексеруден өткізетін «Техно Трейдинг» жауапкершілігі шектеулі серіктес кәсіпорыны құрылған.

«Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармаында 2005 жылы мұнайды даярлау және қайта айдау цехының екіншісі кезегі пайдалануға берілді, ал бл цехтын кезегі 1988ж п пайдалануға берілген болатын. Цехтын жобалық қуаты- жылына 3 млн. Теңге мұнай өңдеу «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамда мұнай кен орындарында үлкен маштабты бұрғылау жұмыстарын жүргізуге арналған перфоратлық платикалық құбырлар өндіретін завод құрылысы аяқталады.

«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы негізгі инвестициялық жобаларын жүзеге асыру үшін жылына 30 млн. доллар шамасында қаражат қажет.

Келтірілген 3 кестеде көрсетілгендей, кәсіпорынның активтері өткізілген өнім көлемі менншікті және таза көлемі жылға артуы, 2006 ж өткізілген өнім көлемі 2003 жылмен алыстырғанда 5,87 есе, ал таза пайда 5,7 ессе өскен. Бұл көрсеткіштер «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамын жоғары рентабльді, табысты, даму үстіндегі өнеркәсіп кәсіпорыны ретінде сипаттайды.

Кесте 3



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет