Еңбекшіқазақ ауданында аз қамтылған азаматтарға шартты әлеуметтік көмек көрсету Қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»



бет1/4
Дата09.06.2016
өлшемі0.55 Mb.
#124413
  1   2   3   4
(ЖОБА) Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2015 ж. «Еңбекшіқазақ ауданында аз қамтылған азаматтарға шартты әлеуметтік көмек көрсету Қағидаларын бекіту туралы» шешімі

Еңбекшіқазақ ауданында

аз қамтылған азаматтарға

шартты әлеуметтік көмек көрсету

Қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6–бабының 2-3 тармағына, «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту және «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджеттен халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 ақпандағы № 97 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 82 қаулысына және «Өзара міндеттемелер қағидаты негізінде аз қамтылған азаматтарға шартты әлеуметтік көмек көрсету бойынша өңірлік пилоттық жобаларды іске асыру туралы» Алматы облысы әкімінің 2015 жылғы 20 мамырдағы № 309-ө өкіміне сәйкес, Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Еңбекшіқазақ ауданында аз қамтылған азаматтарға шартты әлеуметтік көмек көрсету Қағидалары бекітілсін.

2. Аудандық мәслихат аппаратының бас маманы Джелдикбаева Айкерим Алчиновнаға осы шешімді әділет органдарында мемлеккеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурстарында жариялау жүктелсін.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың «Әлеуметтік сала, білім, мәдениет және ұлтаралық қатынастар жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихат хатшысы

47-сессиясының төрайымы

_____________Г.Құраметова ______________Ә.Талқамбаев


«КЕЛІСІЛДІ»

«Еңбекшіқазақ ауданының жұмыспен

қамту және әлеуметтік

бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік

мекемесінің басшысы Айсина Қалдыкүл Оспанәліқызы

27 мамыр2015 жыл


«Еңбекшіқазақ ауданының экономика

және бюджеттік жоспарлау бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің басшысы Жакеев Ермек Ильянұлы

27 мамыр 2015 жыл

Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының

2015 жылғы 27 мамырдағы

«Еңбекшіқазақ ауданында аз қамтылған

азаматтарға шартты әлеуметтік көмек

көрсету Қағидаларын бекіту туралы»

№ 47-2 шешіміне қосымша

Еңбекшіқазақ ауданында аз қамтамтылған азаматтарға шартты әлеуметтік көмек көрсету Қағидалары
Осы аз қамтылған азаматтарға шартты әлеуметтік көмек көрсету Қағидалары ( бұдан әрі- қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту» және «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2014 жылғы 17 ақпандағы № 97 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 82 қаулысына және «Өзара міндеттемелер қағидаты негізінде аз қамтылған азаматтарға шартты әлеуметтік көмек көрсету бойынша өңірлік пилоттық жобаларды іске асыру туралы» Алматы облысы әкімінің 2015 жылғы 20 мамырдағы № 309-ө өкімінесәйкес әзірленді.


  1. Жалпы ережелер

1. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) арнаулы әлеуметтік қызметтер – өмірде қиын жағдайға тап

болғанадамға (отбасына) туындаған әлеуметтік қиындықтарды еңсеру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін және олардың қоғам өміріне қатысуына басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған көрсетілетін қызметтер кешені;

2) ассистенттер – шартты ақшалай көмек алу үшін кент, ауыл, ауылдық

округ әкіміне (бұдан әрі – ауылдық округ әкімі) жүгінген үміткермен консультациялар өткізу, әңгімелесу, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын іске асыру кезеңінде адамды (отбасын) сүйемелдеу, атқарылған жұмыс туралы мониторинг жүргізу және есеп жасау үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі шарт негізінде тартатын адамдар;

3) әлеуметтік бейімдеу шаралары – арнайы әлеуметтік қызметтер сапасы негізінде әлеуметтік орта жағдайына бейімдеу мақсатында көрсетілетін, олардың жеке мұқтажына байланысты сондай-ақ жергілікті бюджет қаражаты есебінен қарастырылған (тұрғын үй көмегі, жергілікті атқарушы органның шешімімен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетілетін әлеуметтік көмек) ықпал ететін заңнамада көзделген өзгеде шаралар.

4) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар – шартты ақшалай көмек

алу үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүгінген үміткермен консультациялар өткізу, әңгімелесу, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын іске асыру кезеңінде адамды (отбасын) сүйемелдеу, атқарылған жұмыс туралы мониторинг жүргізу және есеп жасау үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі шарт негізінде тартатын, халықты әлеуметтік қорғау, ауыл шаруашылығы органдары мен ұйымдарының және өзге де ұйымдардың мамандарымен өзара іс-қимыл жасайтын адамдар;

5) әлеуметтік келісімшарт – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің

мемлекеттік шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен айналысатын және табысы аз азаматтары қатарындағы жеке тұлға мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;

6) жан басына шаққандағы орташа табыс – отбасының жиынтық

табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

7) жүгінген күні – барлық қажетті құжаттармен уәкілетті органға немесе

ауылдық округ әкіміне шартты ақшалай көмек тағайындауға өтініш берілген ай;

8) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – атаулы әлеуметтік

көмек) – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалада, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен жеке тұлғаларға (отбасыларға) мемлекет ақшалай нысанда беретін төлем;

9) отбасыға көмектің жеке жоспары (бұдан әрі – жеке жоспар) – уәкілетті

орган өтініш берушімен бірлесіп әзірлеген жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу бойынша іс-шаралар кешені;

10) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты

«Өрлеу» жобасына қатысу үшін отбасы атынан әрекет ететін еңбекке қабілетті жеке тұлға мен уәкілетті орган арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;

11) отбасының жиынтық табысы – Қазақстан Республикасы Еңбек және

халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 28 тамызда № 5757 болып тіркелген) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу ережесіне сәйкес есептелетін, шартты ақшалай көмек тағайындауға жүгінген айдың алдындағы 3 айда ақшалай, сол сияқты заттай нысанда алынған табыстың жалпы сомасы;

12) «Өрлеу» жобасы – отбасының (адамның) еңбекке қабілетті

мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуы және қажет болған жағдайда, еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, отбасы мүшелерінің (адамның) әлеуметтік бейімделуден өтуі шартымен отбасына (адамға) шартты ақшалай көмек беру бағдарламасы;

13) өтініш беруші – «Өрлеу» жобасына қатысу үшін өз атынан және

отбасы атынан өтініш білдірген адам;

14) уәкілетті орган – шартты ақшалай көмек тағайындауды, отбасының

белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын әзірлеуді, жасасуды және сүйемелдеуді жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы;

15) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген

адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнайы комиссия;

16) үміткер – «Өрлеу» жобасына қатысу үшін өз атынан және отбасы

атынан жүгінген адам;

17) шартты ақшалай көмек – отбасының белсенділігін арттырудың

әлеуметтік келісімшарт талаптары бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен жеке тұлғаларға немесе отбасыларға мемлекет беретін ақшалай нысандағы төлем.

2. Аз қамтылған азаматтарға шартты әлеуметтік көмек көрсетудің мөлшері


2. «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті енгізуге берілетін

ағымдағы нысаналы трансферттер:



  1. шартты ақшалай көмек төлеуге;

  2. әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар мен ассистенттердің қызметтеріне ақы төлеу;

  3. баспасөз өнімдерін, оның ішінде ақпараттық-түсіндірмелік сипаттағы өнімдер дайындауға пайдаланылады.

3. Уәкілетті орган келіп түскен нысаналы трансферттерді 025 «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті енгізу» жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша қарасатырады. Аталған бағдарлама бойынша осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген шығыстар жүргізіледі.

4.Шартты ақшалай көмек еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің (адамның) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуы және қажет болған жағдайда, еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, отбасы мүшелерінің (адамның) әлеуметтік бейімделуден өтуі шартымен отбасына (адамға) беріледі.

Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартты қолданылатын және шартты ақшалай көмек төленетін кезеңде атаулы әлеуметтік көмек төлеу тоқтатылады.

5. Отбасының әрбір мүшесіне (адамға) арналған шартты ақшалай көмек мөлшері отбасының (адамның) жан басына шаққандағы табысы мен облыстарда (республикалық маңызы бар қалада, астанада) белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Бұл ретте жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен отбасына (адамға) шартты ақшалай көмек мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

1) отбасының жан басына шаққандағы табысы мен облыстарда (республикалық маңызы бар қалада, сатанада) белгіленген кедейлік шегінің арасындағы айырма – жергілікті бюджет қаражат есебінен;

2) облыстарда (республикалық маңызы бар қалада, астанада) белгіленген кедейлік шегі мен ең төменгі күнкөріс деңгейнің 60 пайызы арасындағы айырма республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылады.

6. Жан басына шаққандағы орташа табыс шартты ақшалай көмек тағайындауға жүгінген айдың алдыңғы 3 айда алынған жиынтық табысы отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы ескептеледі және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзім ішінде қайта қаралмайды.

Отбасының құрамы өзгерген жағдайда, шартты ақшалай көмек мөлшері көрсетілген мән-жайлар орын алған кезден бастап, бірақ оны тағайындаған кезден кейін ғана қайта есептеледі.

7. Шартты ақшалай көмек отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзімге беріледі және үміткердің өтініш бойынша ай сайын немесе үш ай үшін бір мезгілде төленеді.

8. Шартты ақшалай көмектің біржолғы сомасы бұрынғы қарыздарды өтеуге, тұратын жылжымайтын мүлік сатып алуға, сондай-ақ сауда саласындағы қызметтерді жүзеге асыруға арналған шығындарын басқа, әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттерді орындауға байланысты іс – шараларға ғана, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (үй малын, құсын және тағы басқаларлды сатып алу), жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға тиіс.
3. Аз қамтылған азаматтарға шартты әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
9. Үміткер «Өрлеу» жобасына қатысу үшін жеке өзінің немесе отбасының атынан тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға немесе ол болмаған жағдайда ауылдық округ әкіміне жүгінеді.

10. Уәкілетті орган, ауылдық округ әкімі не ассистент үміткерге «Өрлеу» жобасына қатысу шарттары туралы консультация береді және үміткер қатысуға келісім берген жағдайда әңгімелесу жүргізеді.

Әңгімелесу жүргізу кезінде:


  1. үміткердің шартты ақшалай көмек алуға құқығы;

  2. отбасы мүшелеріне олардың жеке мұқтаждықтары ескеріле отырып көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің түрлері;

  3. жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шаралары айқындалады.

Әңгімелесу нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес әңгімелесу парағы ресімделеді.

11. Әңгімелесу парағына қол қойған үміткер «Өрлеу» жобасына қатысуға өтінішпен осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша отбасылық және материалдық жағдайы туралы сауалнама толтырады, оған мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша отбасы құрамы туралы мәліметтер;

3) отбасы мүшесіне (қажет болған кезде) қамқоршылықтың (қорғаншылықтың) белгіленгенін растайтын құжат;

4) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат немесе мекенжай анықтамасы немесе ауылдық округ әкімінің анықтамасы;

5) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы мәліметтер.

12. Егер өтініш беруші жүгінген кезде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы алушы болып табылса, сондай-ақ оларда қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған кезде осы Қағидалардың 12-тармағының 3), 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

13. Осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген құжаттар:

1) ауылдық округ әкіміне жүгінген кезде – салыстырып тексеру үшін төлнұсқасы және көшірмелерді ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады;

2) уәкілетті органға жүгінген кезде – төлнұсқасы ұсынылады, олар сканерленеді және өтініш берушіге қайтарылады, ал электрондық құжаттар уәкілетті орган қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.

Осы Қағидалардың 11-тармағының 2), 5) тармақшаларында көрсетілген өтініш беруші толтыратын құжаттардың төлнұсқасы ұсынылады.

Уәкілетті орган құжаттардың электрондық көшірмелері мен мәліметтердің сапасын және олардың өтініш беруші ұсынған құжаттардың түпнұсқасына сәйкестігін қамтамасыз етеді.

14. Өтініш беруші тиісті құжаттарды ұсынғаннан кейін оның қатысуымен уәкілетті органның қызметкері өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес мемлекеттік ақпараттық жүйелерге сұрау салуды қалыптастырады.

Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар сұратылған мәліметтерді растайтын электрондық құжаттарды ұсынған кезде уәкілетті орган өтінішті осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналға тіркейді, содан кейін өтініш берушіге құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар үзбелі талон беріледі.

15. Уәкілетті орган немесе ауылдық округ әкімі құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде іс макетін қалыптастырады және «Өрлеу» жобасына қатысуға үміткер өтініш берушінің материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияларға береді.

16. Учаскелік комиссиялар құжаттар келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушінің материалдық жағдайына тексеру жүргізеді, осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тексеру актісін жасайды, осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша учаскелік комиссияның қорытындысын дайындайды және оны уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне береді.

17. Ауылдық округ әкімі өтініш берушілердің құжаттарын учаскелік комиссияның қорытындысымен қоса, олар қабылданған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға береді.

18. Уәкілетті орган:

1) құжаттарды ауылдық округ әкімінен немесе учаскелік комиссиядан алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде өтініш беруші ұсынған өтініштің, құжаттардың электрондық көшірмелері бар өтініш берушінің электрондық іс макетін қалыптастырады, отбасының әрбір мүшесіне арналған шартты ақшалай көмектің айлық мөлшерін айқындайды;

2) шартты ақшалай көмекке құқығы айқындалғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 23-тармағында көзделген жағдайларды және

1, 2-топ мүгедектерін, оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттарды және күндізгі оқу нысанындағы магистранттарды қоспағанда, өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар санатына жатқызылған өтініш берушіні және (немесе) отбасы мүшелерін «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуға әлеуметтік келісімшарт жасау үшін жұмыспен қамту орталығына жібереді не жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларына жолдама береді.

Бұл ретте, уәкілетті орган жіберілген адамдардың тізімін жұмыспен қамту орталығына береді. Жұмыспен қамту орталығы үміткерлердің тізімін алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей әлеуметтік келісімшарт (келісімшарттар) жасасады және әлеуметтік келісімшарттың (келісімшарттардың) көшірмесін уәкілетті органға жібереді;

3) әлеуметтік келісімшарттың (келісімшарттардың) көшірмесін алғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіні және (немесе) оның отбасы мүшелерін жеке жоспарды және денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласындағы орталық атқарушы орган бекітетін нысандарға сәйкес отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасау үшін шақырады;

4) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты жасалған күні осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шартты ақшалай көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды және шартты ақшалай көмек тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда, өтініш берушіге осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бас тарту туралы (себептерін көрсете отырып) хабарлама жібереді.

19. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шараларды қамтитын (отбасында осындай бейімделуге мұқтаж адам болған жағдайда) жеке жоспар өтініш берушімен және оның отбасы мүшелерімен бірлесіп жасалады және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартының ажырамас бөлігі болып табылады.

Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты тараптардың «Өрлеу» жобасына қатысу міндеттемелерін, сондай-ақ скринингтік тексеруден өтуге, әлеуметтік мәні бар аурулардан (маскүнемдік, нашақорлық, туберкулез) емделуге бейімділігі, жүктіліктің 12 аптасына дейін әйелдер консультациясына тіркеуге тұру және жүктіліктің барлық кезеңінде бақылауда болу бойынша міндеттемелерді қамтиды.

20. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты бір жылға, бірақ отбасы мүшелерінің әлеуметтік бейімделуін ұзарту қажет болған және (немесе) отбасының еңбекке қабілетті мүшелері кәсіптік оқуын аяқтамаған және (немесе) жастар практикасынан өткен және (немесе) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылған жағдайда бір жылдан асырмай алты айға ұзарту мүмкіндігімен жасалады.

Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты ұзартылған жағдайда, шартты ақшалай көмек мөлшері қайта қаралмайды.

21. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты екі данада жасалады, оның біреуі өтініш берушіге осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу журналына қол қойғызып беріледі, екіншісі – жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде сақталады.

22. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысу:

1) стационарлық, амбулаторлық емделу (тиісті медициналық ұйымдардан растайтын құжаттар ұсынған кезде) кезеңінде;

2) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын негізгі үміткерден (үміткерлерден) басқа, адамдардың үш жасқа дейінгі балаға, он сегіз жасқа толмаған мүгедек балаға, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, сексен жастан асқан қарттарға күтім жасауды жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін міндетті шарт болып табылады.

23. Уәкілетті орган шартты ақшалай көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімдердің негізінде алушыға шартты ақшалай көмек төлеуге қоюды жүзеге асырады.

24. Шартты ақшалай көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама өтініш беруші уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне өзі келген кезде беріледі.

25. Шартты ақшалай көмек төлеуді уәкілетті орган алушылардың банктік шотына аудару арқылы жүзеге асырады.


4. Аз қамтылған азаматтарға шартты әлеуметтік көмек көрсетуді

тоқтату және қайтару үшін негіздемелер


26. Уәкiлеттi орган шартты ақшалай көмек төлемдерін осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шешімнің негізінде тоқтатады.

Шартты ақшалай көмек төлемдерін тоқтату мынадай жағдайларда жүргізіледі:

1) «Өрлеу» жобасына қатысушының отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты мен әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындамауы;

2) жалған мәліметтер беруіне байланысты отбасының белсенділігін арттыру әлеуметтік келісімшартының бұзылуы;

3) алушының банктiк шоты бойынша үш айдан астам қозғалыстардың болмауы;

4) шартты ақшалай көмек алушылардың Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге тұрақты тұруға кету фактісі туралы мәліметтердің, оның ішінде «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорынан анықталуы;

5) жеке басын куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімінің өтіп кетуі;

6) қамқоршылықтан (қорғаншылықтан) босатылған және шеттетілген адамдар туралы мәліметтердің түсуі.

Бұл ретте, шартты ақшалай көмекті заңсыз тағайындауға әкеп соқтырған жалған мәліметтер ұсынғаны анықталған жағдайда адамға (отбасына) шартты ақшалай көмек төлеу оның тағайындалу кезеңіне тоқтатылады. Артық төленген сомалар ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.
5.Қорытынды
27. Ассистенттер ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейін осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша отбасының белсенділігін арттыруды әлеуметтік келісімшартын сүйемелдеу туралы есепті уәкілетті органға ұсынады.

28. Уәкілетті орган «Әлеуметтік көмек: атаулы әлеуметтік көмек, мемлекеттік балалар жәрдемақысы, шартты ақшалай көмек» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен, әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінен, жұмыспен қамту орталығынан алынған ақпараттардың, сондай-ақ ассистенттерден алынған есептердің негізінде жасалған отбасының белсенділігін арттырудың келісімшарттары мен әлеуметтік келісімшарттарға, сондай-ақ азаматтардың шартты ақшалай көмекпен қамтылуына ай сайын мониторинг жүргізеді және облыстың уәкілетті органына ақпаратты осы Қағидаларға 15, 16, 17-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша есепті айдан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей ұсынады.

29. Осы Қағидалармен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының

2015 жылғы 27 мамырдағы «Еңбекшіқазақ

ауданында аз қамтылған азаматтарға

шартты әлеуметтік көмек көрсету

Қағидаларын бекіту туралы»

№ 47-2 шешіміне 1- қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет