Қорытынды
Диссертациялық зерттеу жұмысымыздың нәтижесі бізге төмендегідей тұжырымдар жасауға мүмкіндік берді.
1. Бүгінгі қоғам дамуының талабына сай оқушыларға «Этномәдени білім беру» категориясы тарихи қалыптасқан әлеуметтік мәдени феномен, ол өзіне түрлі этностардың педагогикасын алады, базалық ұлттық құндылықтар негізінде білім беру кеңістігінде бір-бірімен өзара әрекет етеді және әр халықтың тәлім-тәрбиелік дәстүрлері қайталанбастығын бейнелейді. Мағынасы жағынан жақын «халықтық педагогика», «этникалық педагогика» ұғымдарынан бөлек этномәдени білім берудің ұғымдық-категориялық сипаттамасы, өзіндік құрылымы бар екендігін анықтадық. Оған:
-
Қазақстанда этномәдени білім берудің базалық құндылықтары (руханилылық, діни, дәстүрлілік т.б.);
-
Қазақстанда этномәдени білім беру дәстүрлері (тәрбиенің оқытудан басымдылығы негізінде этномәдени білім беру идеалын іздеу; этномәдени білім беру мазмұнында жалпы мәдениет пен этномәдениет компоненттерінің үйлесуі, халық педагогикасына және оқыту мен тәрбиелеудің дәстүрлі формаларына иек арту);
-
Қазақстандағы этномәдени білім берудің басқа халықтардың педагогикасына қатынасының бағыттылығы жатады.
Этномәдени білім берудің әдіснамалық және теориялық тұжырымдары мен қағидаларының мәні мыналар болып табылады:
- этностық мәдениет пен білім берудің жұртшылықтың оқу-тәрбие саласындағы этностық-мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатындағы өзара кірігуі (интеграциясы);
- жеке тұлға және ұлттар мен ұлыстардың этностық-мәдени сәйкестілігін сақтап, дамытуын қамтамасыз ететін дәстүрлер парадигмасы;
- этномәдени білім беру жүйесі әлеуметтік бағыттылығы, көптұғырлығы, күрделі қызметтік жан-жақтылығымен ерекшеленеді.
2. Этномәдени білім берудің қалыптасуы мен даму кезеңдерін айқындаудың тұжырымдамалық тұғырларын және даму процесін анықтау бізге Қазақстанда этномәдени білім беру идеяларының даму генезисін дәл көрсетуге мүмкіндік берді.
Қазақстанның этномәдени білімі тарихи бастауын еліміздің аумағында мәдени-әлеуметтік құбылыстар пайда болған кезеңнен алып, күні бүгінге дейін желісі үзілмей келе жатқан тарих. Қазақ халқы осы тарих пен мәдениеттің заңды мұрагері. Қазақстандық этномәдени білімнің генезисінде халқымыз бастан кешкен көшпелілер өркениетінің, түркі мәдениетінің, ислам дүниесінің, Еуразия әлемінің, әлемдік құндылықтардың қалыптасу, даму кезеңдерінің мәні мен мазмұны бар.
3. Халықтың тарихи-тәрбиелік ой-пікірі мен іс-тәжірибесі, сақ-ғұн және ұлы Түркі қағанаты дәуірлеріндегі рухани-мәдени құндылықтар, ортағасырлық Орта Азия мен Қазақстан ойшылдарының, ақын-жырауларының тәлімгерлік мұрасы Қазақстанда этномәдени білім берудің қалыптасуының тарихи-педагогикалық алғышарттары болып табылады.
4. Зерттеу проблемасы аясында жүргізілген әдіснамалық және теориялық талдаулар нәтижесінде біз мәдени-этникалық білім берудің қалыптасуы мен даму кезеңдерін айқындаудың төмендегідей тұжырымдамалық тұғырларын негізге алдық:
- этномәдени білім берудің эволюциясын зерттегенде педагогикалық, оның ішінде этномәдени, этнопедагогикалық ой-пікірлердің пайда болуы мен дамуының тарихи-қоғамдық алғышарттарын анықтап алудың маңызы зор, себебі идеялар қоғамның тарихи-әлеуметтік жайына тәуелді;
- этномәдени білім берудің нақтылы бір кезең мен қоғамдағы эволюциясының үрдісін (тенденциясын) анықтау да маңызды, өйткені, ғылым, білім беру мен мәдениеттің даму тарихын қоғамның тиісті кезеңдегі даму процесімен ұштастыра қарастыру керек;
- этномәдени білімнің генезисін анықтағанда қазақ елінің даму тарихын халықтың әр кезеңдегі қоғамдық құрылысын, саяси-экономикалық ерекшеліктерін ескеру қажет, себебі, қай елдің болмасын ғылымы мен мәдениетінің дамуы тарихтың әр кезеңінде әртүрлі болады;
- этномәдени білім берудің тарихын, әдіснамалық, теориялық және практикалық негіздерін зерттегенде дерек көздері мен құжаттарды кешенді әрі толық қолдану, басқа тектес пәндердің де теориялық-әдіснамалық әдістерін қолданып, ғылыми-педагогикалық талдау жасау маңызды, бұлай етпеу халықтың сан ғасырлық тәлімдік тәжірибесі, ғұлама ғалымдарымыздың тәрбиелік ой-пікірлері, еліміздің басынан өткен қилы заман толық ескерілмей, нәтижесінде тарихи ақиқатты бұрмалауға әкеліп соғуы мүмкін.
Зерттеу проблемасы аясында жүргізілген кешенді талдаулар барысында біз Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім берудің қалыптасуы мен даму кезеңдерін шартты түрде үш кезеңге бөліп сипаттауға болады:
1 кезең: Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім берудің пайда болуы (ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХғ. басы);
2 кезең: Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім берудің қалыптасуы (ХХ ғасырдың 20-90 жылдары);
3 кезең: Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім берудің дамуы (1991 жылдан бергі кезең).
Бұл кезеңдер Қазақстанда этномәдени білім берудің түп тамыры қазақтың ұлт болып қалыптасуы, тұтасып бірыңғай халық болып даралануы, оның өзіне дейінгі әлеуметтік-тарихи тәжірибені санасына орнықтырып, тұрмыс-тіршілігіне пайдалана білуі арқасында іске асырғандығын зерделеуге, елімізде этномәдени білім берудің бүгінгі ахуалын анықтап, ертеңін болжауға мүмкіндік береді.
Бүгінгі күн талабынан туындап отырған этникалық толерантты тұлғаны қалыптастыруды біртұтас үздіксіз тарихи педагогикалық процесс ретінде қарастырдық.
5. Зерттеу жұмысында Қазақстанда этномәдени білім беру теориясы дамуының негізгі үрдістерін ашып көрсетуге тырыстық. Оның басты бағыттары: этномәдени білім берудің қалыптасуы мен дамуы жалпыадамзаттық және ұлттық қатынастың диалектикасы арқылы анықталды; әр тарихи кезеңде білім мазмұнын сол кезде басым болған этностық мәдениет құндылықтары (халықтың тәрбиелік тәжірибесі, ойшылдардың тәлімдік идеялары, ұлттық дүниетаным, т.б.) құрады; этномәдени білім беру этностың базалық құндылықтарына (ана тілі, төл мәдениеті, тарихи жады, салт-дәстүрі т.с.с.) негізделді; этномәдени білімнің тарихи-мәдени және педагогикалық негізіне қашанда халық педагогикасы мен ұлттық тәрбие алынды т.б.
6. Біз зерттеуімізде Қазақстан орта мектептеріндегі этномәдени білім беру практикасының даму ерекшеліктері мен динамикасын көрсетуге тырыстық. Мұсылмандық мектептер мен медреселер этномәдени білім беру мектептерінің бастау бұлағы деп есептейміз. Одан әрі этномәдени білім беру Ы.Алтынсарин ашқан мектептерде, орыс-қазақ, алғашқы қазақ мектептерінде, кеңестік мектептерде өзінің жалғасын тапты. Егемендікке қол жеткен дәуірде этномәдени білім берудің ғылыми-теориялық тұрғыдан қамтамасыз етілгендігіне көз жеткіздік.
Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім берудің қалыптасуы мен дамуына тарихи-педагогикалық тұрғыдан талдау жасай келе, оқушыларға этномәдени білім беруді жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар беруге болады:
- ортағасыр ғұламаларының еңбектерін жалпы білім беретін мектеп өміріне этномәдени білім берудің қайнар көздері ретінде енгізу;
- қазақ хандығы тұсындағы жыраулық поэзияның ірі өкілдерінің елдік пен ерлікті, азаматтық пен адамгершілікті жырлаған өршіл өлең-жырлары, туған жер-ата қоныс, ел тағдыры, өмір өткелдері мен қоғам жайлы философиялық толғау-тұжырымдары өскелең ұрпақтың рухани мәдениетін арттыруда, этномәдени білім беру тәжірибесінде кеңінен пайдалану;
- Ресей империясына қосылған тұстағы халқымыздың демократ-ағартушылардың ілімдерін оқушыларға этномәдени білім беруде басшылыққа алу;
- Алаш қайраткерлерінің, кеңестік кезеңдегі қазақ зиялыларының ұлттық тәлім-тәрбие туралы ойларын, білім беру мекемелерінде тірек ретінде тәжірибеде қолдану;
- этномәдени білім беру теориясы мен әдіснамасының негізін салған ғалымдар еңбектерінің негізгі қағидаларын оқу-тәрбие жұмысында кеңінен қолдану;
- Қазақстан мұрағаттарында ауыл-селодағы, қалалардағы этномәдени үрдістерді бейнелейтін кинофонофото айғақтарды жүйелеп, құжатты фильмге айналдыру керек. Ол республикамыздағы ұлтаралық келісім мен азаматтық үйлесімді одан әрі нығайтуға қызмет ететін факторлардың біріне айналары сөзсіз.
Біз өз зерттеуімізде мәселені барлық қырынан, толыққанды қарастырдық деген ойдан аулақпыз. Аталмыш мәселе көпжақты, күрделі болғандықтан, зерттеудің перспективалық үрдістері мынада:
- Қазақстанда этномәдени білім беруді әрі қарай жалғастыру үшін этносаралық қарым-қатынасқа байланысты зерттеулер жүргізу керек;
- «Қазақстанның ел бірлігі» доктринасының басты қағидаттарын жүзеге асыруға байланысты ғылыми және қолданбалы бағдарламалар әзірлеу қажет;
Қазақстанда этномәдени білім беру тұжырымдамасында атап көрсетілген, көптілді тұлға даярлау мақсатына орай – «Тілдердің үш тұғырлығы» стратегиялық тұжырымдамасын дайындау және т.с.с.
Диссертация мазмұны мынадай басылымдарда жарияланды
-
Қазақ халық ауызекі шығармашылығын педагогикалық пәндерді оқытуда пайдалану // Қазақстандағы тарихи-мәдени үдерістердің өткені, бүгіні мен болашағы: Марғұлан оқуларының ғылыми жинағы.– Жезқазған: ЖезУ, 2000. –Б.156-159.
-
Халық қазынасының тәлімдік тағылымы. Оқу құралы / Жезқазған: ЖезУ баспасы, 2000.- 154 б.
-
Қазақ халық ауызекі шығармашылығының бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу мүмкіндіктері туралы // Білім жүйесін реформалау жағдайындағы этнопедагогика: халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. (13-14 қараша) – Жетісай, 2000.-Б. 189-193.
-
Педагогикалық практика процесінде студенттердің этнопедагогикалық даярлығын қалыптастыру туралы // Этнопедагогика және білім жүйесіндегі дарынды балалар проблемалары: Халықаралық ғылыми-педагогикалық конференция материалдары. (8-9 қараша)– Алматы, 2000. – Б. 147-152.
-
Жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеу – Ы.Алтынсариннің педагогикалық идеяларының өзегі // Ы.Алтынсариннің мұрасы және педагогика ғылымының көкейкесті мәселелері: ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Қарағанды: ПК «Элек», 2001. - Б. 30-31.
-
Бастауыш сыныптарда қазақ тілінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар. Оқу құралы // Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2004. – 77 б. (А.О.Мұхаметжановамен авторлық бірлестікте).
-
Халық мұрасы – тәрбиенің қайнар көзі // ІV – Байқоңыр оқулары: халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. - Жезқазған: ЖезУ баспаханасы, 2004. - Б. 42-47.
-
Қазақ ойшылдары шығармаларындағы адамгершілік тәрбие мәселелері // ІV – Байқоңыр оқулары: халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. (21-22 қазан). - Жезқазған:ЖезУ баспаханасы, 2004.- Б. 265-273.
-
Студенттерді халық шығармашылығын пайдалануға даярлау туралы // Бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби даярлау мәселелері және келешегі: аймақтық ғылыми-педагогикалық конференция материалдары. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2004. - Б.70-74.(К.Ә.Айдарбековамен авторлық бірлестікте).
-
Ауыз әдебиеті – тәрбиенің қайнар көзі // Бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби даярлау мәселелері және келешегі: аймақтық ғылыми-педагогикалық конференция материалдары. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2004. - Б.74-79. (Б.Қ.Әбілдинамен авторлық бірлестікте).
-
Жүсіп Баласағұни мұрасындағы отбасы тәрбиесі мәселелері // Бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби даярлау мәселелері және келешегі: аймақтық ғылыми-педагогикалық конференция материалдары. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2004. - Б. 83-90.(Қ.Ш. Исаковамен авторлық бірлестікте).
-
Абай шығармаларындағы адамгершілік мәселелері // Бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби даярлау мәселелері және келешегі: аймақтық ғылыми-педагогикалық конференция материалдары.– Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2004. -Б. 90-93.( А. Какабаевамен авторлық бірлестікте).
-
Методические рекомендации по выполнению контрольных работ по дисциплине методика преподавания русского языка» для студентов заочной формы обучения специальности «ПиМНО» / Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2004. – 17 б.( Т.Н.Панченкомен авторлық бірлестікте).
-
Педагогикалық факультеттің ПжБОӘ мамандығы бойынша сырттай оқу бөлімі студенттеріне арналған қазақ тілін оқыту әдістемесінен бақылау жұмыстары және оларды орындауға әдістемелік нұсқаулар / Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2004. – 18 б.(Т.Н.Панченкомен авторлық бірлестікте).
-
Нравственно-этические и просветительские проблемы в произведениях М.-Ж.Копеева // Вестник КарГУ. 2004. - №4 (36). С.183-187.(К.С. Исахановамен авторлық бірлестікте).
-
Академик Е.А.Бөкетовтың өмірі мен қызметі – патриотизмнің үлгісі // Академик Е.А.Бөкетов – ғалым, оқытушы, ойшыл: Халық. ғыл.- тәж. конф. матер. (23-24 наурыз 2005ж.) Т. – 1. / ҚарМУ. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2005. – Б. 32-36 .(Г.К. Белгібаевамен авторлық бірлестікте).
-
Диплом жұмысын орындауға әдістемелік нұсқау // Қарағанды: Қарағанды ғылыми-техникалық орталық баспасы, 2005. – 37 б. (А.І. Омарбековамен авторлық бірлестікте).
-
Структура развития оценочной кометенции будущих учителей начальных классов в условиях многоуревневой системы образования с использованием новых информационных технологии // Вестник КарГУ. 2005. -№2 (38) – С. 67-72. (Ж.К. Ахмадиевамен авторлық бірлестікте).
-
Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту теориясы және технологиясы.Оқу құралы / Қарағанды: ҚарҒТАО, 2005. – 175 б.
-
Балаларға патриоттық тәрбие беруде эпостық жырлардың алатын орны // ҚХҚжӘТУ хабаршысы. «Педагогика ғылымдары» сериясы. – Алматы: ҚХҚжӘТУ хабаршысы баспасы, №4 (11) 2005. - Б. 141-146. (Г.Қ. Белгібаевамен авторлық бірлестікте).
-
Патриот ұрпақ мектебі // Бастауыш мектеп. - 2006.- № 7. - Б. 3-6. (Г.К.Белгібаевамен авторлық бірлестікте).
-
Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Зияткерлік меншік обьектісін мемлекеттік тіркеу куәлігі №353, 2 қазан, 2006.
-
Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру технологиясы. Зияткерлік меншік обьектісін мемлекеттік тіркеу куәлігі №353, 2 қазан, 2006. (А.О.Мұхаметжановамен авторлық бірлестікте).
-
Бастауыш сынып оқушыларын байланыстырып сөйлеуге үйрету технологиясы (мазмұндама) // Қарағанды: Гласир баспаханасы, 2007. - 80б. (К.Ә.Айдарбекова, Ж.Д.Нұхридиновалармен авторлық бірлестікте).
-
Халық педагогикасы – құнды қазына // Әрқилы биологиялық деңгейдегі физиологиялық бейімделу және санокреатологияның өзекті мәселелері:І-халықаралық ғылыми-қолданбалық конференцияның жариялымдары. – Қарағанды, 2007. – Б. 490-496. (Г.Қ.Белгібаева, С.О.Темірғалиевалармен авторлық бірлестікте).
-
Ұлттық тәрбие мәселесіне арналған эксперименттік жұмыстар // Қарағанды университетінің хабаршысы. «Педагогика» сериясы. - 2006. - №4 (44)-Б. 157-162. (М.К.Құрсабаевпен авторлық бірлестікте).
-
Жалпы білім беретін мектептерде оқушыларды этникалық мәдениетке баулу жолдары // Тіл саласында білім беруге арналған Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. - Қарағанды, 2007. - Б. 248-251.(С.А.Бакарамова, Б.Қ.Абильдина, Қ.А.Бакарамовалармен авторлық бірлестікте).
-
Шоқан және ұлттық мұра // Шоқан тағылымы – 13: Халықаралық ғылыми – практикалық конференция материалдары. – Көкшетау, 2008. – Б. 24- 27.
-
Подготовка школьников к профессии педагога-музыканта посредством казахского музыкального фольклора // Наука, образование и культура: состояние и перспективы инновационного развития: материалы международной научно-практической конференции. – Мозырь, 2008. – С.177-179. (Ф.Ж.Абдихаевамен авторлық бірлестікте).
-
Гендерный аспект исторического изучения положения женщины в Казахстане // Наука, образование и культура: состояние и перспективы инновационного развития: материалы международной научно-практической конференции. – Мозырь, 2008. – С. 179-181. (М.Т.Баймукановамен авторлық бірлестікте).
-
Қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы пәнін оқытуда электронды оқулықтарды пайдалану ерекшеліктері // Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан халқына жолдауында» (2008ж. 6-ақпан) Қазақстан халқының әл-ауқатын көтерудің негізгі бағыттарын жүзеге асыру: халықаралық ғылыми -тәжірибелік конференция материалдары. - Алматы, 2008. - Б. 75-79.
-
Этномәдени білім беру идеясын жүзеге асыру мәселелері // Көпсалалы университет: болашақ мамандардың отансүйгіштігі, көпмәде- ниеттілігі мен бәсекеге қабілеттілігі. VIІІ Халықаралық Байқоңыров Оқулары материалдарының жинағы. Екі кітап. Бірінші кітап. – Жезқазған: «ЖезУ» АҚ, 2008.-Б.149-153.
-
Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім беру тарихы.(Оқу құралы) Қарағанды: Гласир баспаханасы, 2008. - 79 б.
-
Шағын комплектілі бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту технологиясы. / Қарағанды: Гласир баспасы, 2008. - 112б.
-
Шағын комплектілі бастауыш мектепте оқыту. Зияткерлік меншік обьектісін мемлекеттік тіркеу куәлігі №536, 26 қараша, 2008.
-
Білім беруді дамытудағы бағдарламалық құжаттардың этномәдени бағыттылығы // Жоғары мектеп жүйесінде көптілді білім беру: өзекті мәселелері мен болашағы. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2008. -Б. 332-336.
-
Ұлттық мектепте оқытудың этномәдени аспектісі // Наука и вызовы времени: материалы международной научно-практической конференции.-Алматы: НЦ НТИ, 2008. - Б. 266-269.
-
Қазақстандағы музыкалық тәрбие беру ісінің дамуы // Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің хабаршысы «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы №4 (19), 2008. –Б. 39-43. (Ф.Ж. Абдихаевамен авторлық бірлестікте).
-
Толерантность как условие формирования планетарной идентичности будущего педагога // Реальность этноса. Роль образования в формировании этнической и межконфессиональной толерантности: Сборник статей по материалам ХІ Международной конференции.(Санкт-Петербург, 2009г.) /Под научн. ред. И.Л.Набока.-В 2-х частях. – Часть 2. - СпБ.:Астерион, 2009. - С.803-806. (Ш.М. Мухтаровамен авторлық бірлестікте).
-
Этномәдени білім беру кеңістігіндегі тіл мәселесі // Қарағанды университетінің хабаршысы. «Педагогика» сериясы.-2008.-№4 (52). - Б.233-239.
-
Халық даналығы. Зияткерлік меншік обьектісін мемлекеттік тіркеу куәлігі №401, 22 мамыр, 2009. (А.М.Корановамен авторлық бірлестікте).
-
Диктанттар жинағы / Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2009. - 88б. (Ж.Д.Нұхридиновамен авторлық бірлестікте).
-
Педагогика тарихы Оқу құралы / Қарағанды: Гласир баспасы, 2009. - 236 б.
-
Этномәдени білім беру мәселелері // Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына арналған жолдауындағы қоғамды модернизациялаудың негізгі басымдықтары: Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Алматы, 2009. – Б. 450-455.
-
Этномәдени білім беру мазмұны // Білім әлемінде. - 2009. - № 5 (5). - Б.18-20.
-
Этнопедагогика құралдары арқылы оқушылардың оқырмандық қызығушылығын қалыптастырудың педагогикалық жүйесі // Білім әлемінде.-2009. - № 6 (6). - Б. 9-12. (Н.Н.Ниеттуллаевамен авторлық бірлестікте).
-
Оқушылардың экологиялық мәдениетін сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастыру // Білім әлемінде. - 2009. - №6(6). - Б.27-29. (А.А.Нұрмағанмен авторлық бірлестікте).
-
Оқушылар тұлғасын қалыптастырудағы этномәдениеттің орны // Павлодар мемлекеттік университетінің хабаршысы. Педагогикалық серия. - 2009. - №3. Б. 9-17.
-
Этнолингвистика және ұлттық мінез-құлық мәдениеті // Қазіргі заманғы маңызды мәселелер. Халықаралық ғылыми журнал. «Педагогика» сериясы.-2009. - №10 (44). - Б. 12-15. (Г.Н.Рамашова, Ж.А.Есказиновалармен авторлық бірлестікте).
-
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін 12 жылдық мектепке даярлаудың кейбір мәселелері // «Болашақ мамандарды 12 жылдық оқытуға көшу жағдайында даярлау мәселелері мен келешегі»: Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. - Алматы, 2009. - Б 41-46.
-
Оқушылардың ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың этнопедагогикалық негіздері // Ұлт тағылымы. - 2009. - №4. - Б. 26-32.
-
Қазақтың ұлттық ойындарын этномәдени білім беру үрдісінде пайдаланудың тиімділігі // Бағдарлы мектеп және кәсіптік білім. - 2009. - № 5 (20). –Б .3-5. (К.А.Айдарбековамен авторлық бірлестікте).
-
Этномәдени білім беру тарихының кейбір мәселелері // Қазақстан мектебі. - 2009. - №12. - Б. 71-74.
-
Қазақстанда этнопедагогикалық ойлардың даму тенденциясы. Зияткерлік меншік обьектісін мемлекеттік тіркеу куәлігі № 874, 28 желтоқсан, 2009.
-
Алаш арыстарының педагогикалық мұралары.- Зияткерлік меншік обьектісін мемлекеттік тіркеу куәлігі №875, 28.12.09. (У.К.Зейнетоллинамен авторлық бірлестікте).
-
Алаш азаматтарының еңбектеріндегі этномәдени білім беру мәселелері // Оңтүстік Қазақстан ғылымы мен білімі. Республикалық ғылыми журнал.-2009.-№5(78).Б.19-23.
-
Халықтар ассамблеясының этномәдени білім берудегі өзіндік орны // Ізденіс. Гуманитарлық ғылымдар сериясы. - 2009. - №4 (2). - Б. 197-201.
-
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің этномәдени құзырлығы мен толеранттылығын қалыптастыру // Білім әлемінде. - 2010. - № 1 (6). - Б. 24-26. (С.Н.Қалиев, А.О.Мұхаметжанова, К.А.Айдарбекова, Б.Т.Сәдірбековалармен авторлық бірлестікте).
-
Қазақстандағы кеңестік мектептер және этномәдени білім беру мәселесі. Бастауыш мектеп. - 2009. - № 12. - Б. 74-76.
-
On ethnocultural orientation of education in republic or Kazakhstan // Бъдещето проблемите на световната наука – 2009: материали за Ү международна научна практична конференция. - 2009. - С. 23-26. (Ш.М.Мухтаровамен авторлық бірлестікте).
-
Ұлтаралық қарым-қатынас және оның әлеуметтік-педагогикалық маңызы // Этносаралық қатынастар мен конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісі: қазіргі жағдайы мен болашағы: халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарының жинағы. - Алматы, 2009. - Б. 247-250.
-
Этномәдени білім беру теориясының кейбір мәселелері // ҚазХҚжӘТУ хабаршысы. «Педагогика ғылымдары» сериясы. – Алматы, 2009. №2 (21) .- Б. 38-46.
-
Этномәдени білім мен тәрбие-ұлттық патриотизмді қалыптастыру негізі // «Қазіргі әлемдегі жаһандану тенденциялары мен әсері: мәдени қарым-қатынас» халықаралық ғылыми-практикалық дистанциялық конференция материалдары. - Ақтөбе, 2009. - Б. 49-50.
-
Teachers willingness to implement innovation // Education in the context of modernization: International Experience / International Scientific Publications / September 2009, London, UK.
-
Қазақ интелегенциясының этномәдени білім беру идеялары // Білім беру жүйесіндегі этнопедагогика. - 2009. № 05-06 (29-30). - Б.44-48.
-
Development reader s interest of junior schoolchildren with means of ethopedagogics // Education and science without borders. Journal volume 1. № 1 / 2010. - C. 69-70.( Nietullaeva Nurbike).
-
Педагогика тарихы бойынша атлас. Оқу құралы./ Қарағанды: Гласир баспасы, 2010. - 265 б. (В.И.Коркинамен авторлық бірлестікте).
-
Современность педагогического наследия Ж.Баласагуни // «Опыт как важнейшая составляющая социализации субъектов образовательного процесса»: Материалы международной научно-практической конференции. - Саратов, 2010. - Б 463-468. (А.С.Дандыбаевамен авторлық бірлестікте).
-
Этномәдени білім беру арқылы экономикалық мәдениетті қалыптастыру // Ұлттық тәрбие.-Алматы, 2010. №3. - Б.110-112.
РЕЗЮМЕ
Абильдина Салтанат Куатовна
Становление и развитие этнокультурного образования школьников
в Казахстане
13.00.01 – Общая педагогика, история педагогики и образования, этнопедагогика
В Казахстане проживают представители более 120-ти национальностей. Этим обусловлена их потребность в сохранения родной культуры, родного языка каждой нации, повышения интереса к изучению их национальных традиций и обычаев, стремления усвоить их. Одним из основных принципов Доктрины национального единства Казахстана является «...укрепление и развитие национального Духа Нации, объединяющего и укрепляющего начала». Национальный дух – неотъемлемая часть народного сознания, опирающегося на многовековые традиции, ценности, культуру и язык.
Сегодня на повестке дня стоит проблема формирования всесторонне развитого в этнокультурном отношении субъекта этноса, адаптированного к поликультурной среде, обладающего высокой творческой способностью, подготовленного к жизни в условиях конкуренции и рынка, обладающего национальным сознанием.
Главной задачей успешной реализации этнокультурного образования на сегодняшний день выступает определение тенденций развития позитивного опыта в истории народа. В связи с чем все более яснее определяется актуальность изучения идей, истории становления и развития теории и практики этнокультурного образования в Казахстане.
Достарыңызбен бөлісу: |