Зерттеу нәтижелерінің талқылануы және жүзеге асырылуы: зерттеудің негізгі қағидалары мен нәтижелері зерттеу тақырыбы бойынша жарық көрген оқу құралдарында баяндалды, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің педагогика мамандығы бойынша бекіткен басылымдары (18) мен алыс және жақын шетелдердегі халықаралық ғылыми - практикалық конференциялар мен мерзімді журналдарда (Англия, Чехия, Ресей (Санкт-Петербург, Саратов), Белоруссия (Мозырь), Болгария), халықаралық ғылыми-әдістемелік конференцияларда (Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Талдықорған, Жезқазған, Көкшетау, Тараз – 2000, 2001, 2002, 2003, 2004, 2005, 2006, 2007, 2008, 2009), Республикалық және облыстық ғылыми-әдістемелік конференцияларда (Алматы, Қарағанды – 2001, 2004, 2006, 2009), жоғары оқу орындарының проофессор-оқытушыларының ғылыми-теориялық, әдістемелік, практикалық конференцияларында (Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, Абай атындағы Алматы ұлттық педагогикалық университеті, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Тараз педагогикалық мемлекеттік институты оқуларында) баяндалды, басылым көрген оқу және оқу- әдістемелік құралдарында, мақалалар мен тезистерде, Қазақстан-Қарағанды облыстық телеарнасының «Сіз бен біз» бағдарламасында (2005) баяндалды.
Зерттеудің көлемі мен диссертация құрылымы: диссертация кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде тақырыпты таңдау және оның көкейкестілігі негізделген, проблема, зерттеудің мақсаты, нысаны, пәні, ғылыми болжамы, міндеттер анықталған, зерттеудің әдіснамалық негіздері ашылып көрсетілген, ғылыми жаңалығы, практикалық мәнділігі берілген, қорғауға ұсынылатын қағидалар тұжырымдалған.
«Қазақстанда этномәдени білім берудің генезисі мен теориялық негіздері» деп аталатын бірінші бөлімде тақырып аясында негізгі базалық ұғымдардың қалыптасуына, этномәдени білім берудің қалыптасуының қайнар көзі ретінде қазақ халқының тарихи-тәрбиелік тәжірибесіне мазмұндық талдау жасалған, ежелгі және ортағасырлық Орта Азия мен Қазақстан халықтарының философиялық және этикалық-педагогикалық идеялары этномәдени білім беру тұрғысынан ашылып көрсетілген. Сондай-ақ, этномәдени білім беру генезисінде халық ауызекі шығармашылығындағы этномәдени білім сөз болады.
«Қазақстанда этномәдени білім беру теориясы мен әдіснамасының қалыптасуы мен дамуы» деп аталатын екінші бөлімде аталмыш мәселеге қатысты әдіснамалық көзқарастар тарихи кезеңдерге орайластырып қарастырылған. Қазан революциясына дейінгі кезеңдегі әдіснамалық көзқарастарды ашып көрсетуде Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтың педагогикалық идеяларына талдау жасалған. Кеңестік дәуірдегі әдіснамалық көзқарастарды ашып көрсетуде А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Х.Досмұхамедов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, т.б. тәлімгерлік мұралары; ғалымдар Т.Тәжібаев, Ә.Сембаев, Р.Г.Лемберг, Г.А.Уманов. Г.М.Храпченков, С.Қ.Қалиев, Қ.Б.Жарықбаев т.б. озық ойлары талданған.
Тәуелсіз Қазақстан жағдайындағы этномәдени білім беру әдіснамасы мен теориясының дамуын ашып көрсетуде этнопедагогика ілімінің әдіснамалық негізін салушылар С.Қ.Қалиев, К.Ж.Қожахметова, Ж.Ж.Наурызбай, С.А.Ұзақбаева, Ә.Табылдиев және т.б. іргелі зерттеулері талданып, этномәдени білім беру теориясының даму үрдістері ашылған.
«Қазақстанда этномәдени білім беру практикасының негізгі бағыттары» деп аталатын үшінші бөлімде Қазақстандағы мұсылман мектептері мен медреселерінен бастап еліміздің бүгінгі тәуелсіз өрлеуі кезеңіне дейінгі аралықта мектептердің дамуы мен ондағы этномәдени білім беру мазмұнының ерекшеліктері, дамып-жетілу динамикасы анықталған.
Қорытындыда зерттеу жұмысының нәтижесіне негізделген тұжырым мен ұсыныстар берілген, көкейкесті мәселенің даму болашағы көрсетілген.
Қосымшада зерттеу жұмысының нәтижелерінің тәжірибеден арнайы курс ретінде бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының бакалавриат, магистратура бөлімінде өтілгендігін растайтын анықтамалар мен әр типтегі мектептердің құрылымдық ерекшелігіне сай түзілген оқу бағдарламалары, оқылатын пәндер тізбегін көрсететін кестелер жиынтығы, мұрағаттарда жұмыс жасалғандығын растайтын анықтамалар беріледі.
Негізгі бөлім
Оқыту мен тәрбиенің этномәдени бағыттылығы Қазақстан Республикасының қазіргі білім беру саясатындағы басты бағыттардың бірі болып отыр. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұжырымдамада елімізде тұратын барлық халықтар мәдениетінің өзіндік ерекшелігіне тиісті көңіл бөлінетіндігі, кез келген мәдениет қайталанбас, теңдесі жоқ қазына екендігі және қай халық болмасын өзін дүние жүзіне сол арқылы танытатындығы айтылған.
Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім берудің қалыптасуы мен дамуын сөз етпес бұрын, «этнос», «мәдениет», «этномәдениет», «білім беру мазмұны», «ұлт», «ұлттық құндылықтар», «салт-дәстүрлер», «этникалық сәйкестілік» және т.б. терминдердің ұғымдық деңгейлерін, қолданылу аясын анықтап алу қажет.
«Этнос» термині байырғы грек тілінде сөз орайына қарай «үйір», «топ», «тайпа», «халық» мағынасында қолданылған, ғылыми әдебиетте XVIII ғасырдан бергі кезеңде көріне бастады. Алғашқы кезде ғалым-зерттеушілер «этнос» сөзін «тайпа», «ұлт», тіптен, «нәсіл» мағынасында қолданды. Әсіресе, «этникалық» деп келетін туынды сөздің мән-мағынасы XIX ғасырдың соңына дейінгі ғылыми еңбектерде бір ізге түсе қойған жоқ. ХХ ғасырдың екінші жартысында әр салалы этнологиялық зерттеулер «этнос» сөзінің аясын едәуір кеңейтті. Атап айтқанда, этностардың тарихи типологиясы (С.А.Токарев), этникалық сана-сезім (М.Г.Левин), этностың биологиялық даралығы (Л.Н.Гумилев), этностың ерекшелігі (Н.Н.Чебоксаров), этнос мүшелерінің эндогамиялық тектестігі (Ю.В.Бромлей), этностың аумақтық және экономикалық байланысы (В.И.Козлов), этносаралық, синхронды және диахронды байланыстардың маңызы (С.А.Арутюнов), этносаралық кірігу немесе ассимиляция (В.К.Гарданов, И.С.Гурвич) т.б. тақырып өрістері «этнос» сөзінің мән-мағынасын анағұрлым тереңдетті.
«Этнос» сөзінің қазіргі ғылыми айналымдағы мән-мағынасын былайша тұжырымдауға болады: бір мекенде тарихи өсіп-өнген, ортақ және орныққан тілі, мәдениеті, психикасы бар, сондай-ақ өздерінің әрі біртұтастығын, әрі өзгелерден ерекшелігін сезінетін, сана-сезімі қалыптасқан, өзіндік атауға (этноним) ие адамдар қауымын «этнос» дейді.
«Мәдениет» терминінің де ғылыми еңбектерде анықтамасы алуан түрлі. Әсіресе, мәдениеттің жергілікті, аймақтық, ұлттық және халықаралық аядағы мәні мен болмысы туралы пікірлер сан сала. Тек қана ағылшын тіліндегі әдебиеттерде 50-ші жылдардың бас кезінде «мәдениетке» 160-тан астам анықтама беріліпті. Ал жалпы, батысеуропалық әдебиеттерде мәдениеттің 250-ден астам анықтамасы бар екені айтылады. Мәдениет терминінің көп мәнді, алуан мағыналы екені сонша, жарық жалған, кең дүние деңгейіндегі ұғымдардан бастап, тұлғаның тал бойындағы қасиетіне дейін қамтитын алуан түрлі тұжырымдарды білдіреді. Мәдениет адамзат әрекетінің құралы, адам қолынан шыққан нәрсе сияқты қарапайым пікірлерден бастап, қоғамдағы адамның қоршаған ортаға бейімделуі тудырған биологиядан тыс құралдар мен механизмдер жиынтығы деп анықтайтын таза абстракциялық тұжырымдар мәнінде де кеңінен қолданылып жүр.
Мәдениет ұғымына берілген анықтамалар мен пікірлердің көптігіне қарамастан, барлығына тән ұқсастықтары оның мазмұнының сабақтастығынан, оның құндылықтары ұрпақтан ұрпаққа ауысып, жалғасып жатқандығынан, тұрақтылығынан көрінеді.
Сөйтіп, мәдениетке адамдардың бірлесе ғылыми, моральдық-әлеуметтік, көркем және техникалық құндылықтар жасаудағы қарым-қатынастар жиынтығы деген тұжырымды құптауға болады. Мәдениеттің мәні адамның дербес еңбегіне байланысты туындайтын дүние деп санаймыз.
Этникалық мәдениет – мәдениеттің базасы және құрамдас бөлігі, ол белгілі бір қызмет атқарады және өзіне тән мазмұндық компоненттері бар.
Этникалық мәдениет тарихи қалыптасқан іс-әрекет тәсілі, соның нәтижесінде түрлі халықтардың өздерін қоршаған табиғат пен әлеуметтік орта жағдайына бейімделуін қамтамасыз етеді.
Этникалық мәдениет бір этносты екіншісінен ажыратып тұратын, әлеуметтік өмірдің күрделі де көп аспектілі құбылысы, оны тек жалғыз элемент арқылы ғана сипаттау мүмкін емес. Сол себепті, қарапайым этникалық белгі жоқ немесе болуы да мүмкін емес. Этностың ерекшелігі оның мәдениетінің барлық деңгейлерімен анықталады. Этникалық мәдениет көне заманнан бүгінгі уақытқа дейінгі түрлі дәуірлердегі мәдениетті қамтиды.
Білім беру – қазіргі кезде тек дидактикалық категория ғана емес, ол ғылымаралық мәнге де ие болды. Табиғаты жағынан өте күрделі және көп қырлы. Сондықтан, білім беру түсінігіне оқытудың нәтижесі ретінде білім, іскерлік, дағдыларды ғана емес, оқушының іс-әрекет пен қарым-қатынасының үздіксіз жүруі барысында мінез-құлықтық ұстамдарында сындарлы ойлау, әрекет жасау, бағалау біліктерін де қалыптастыруға назар аудару керек.
Білім беру дегеніміз қоғамның мәдени мұрасын адамға жеткізу тәсілі мен танып-білу (интериоризация) арқылы адамды мәдениетке жақындастыру процесі, әлеуметтендіру, сонымен бірге адамның дене және рухани жағынан қалыптасу құралы.
Жүргізілген ғылыми-ұғымдық талдау зерттеуге алған тақырыбымыздың басты категориясы – «этномәдени білім беру» түсінігінің анықтамасына тоқталуға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңдағы ғылыми әдебиеттерде қазіргі этномәдени білім беруді сипаттайтын анықтамалар туралы қалыптасқан түрлі көзқарастарды саралап, ұғымдық-терминологиялық аппарат жүйесін жасадық.
Біз этномәдени білім берудің құрылымдық бөліктеріне мыналарды жатқызамыз:
-
өзінің төл мәдениетін саналы, сыни тұрғыдан игеру нәтижесінде оқушыларды мәдениетаралық толеранттылыққа тәрбиелеу;
-
этномәдени дәстүрлерді танып-білуде бейнеленген жеке тұлғалық мәнге ие болуын қамтамасыз ететін оқушылардың әлеуметтік ортада өзін-өзі танып-білуі мен өзін-өзі жүзеге асыруы;
-
тұлғаның этномәдени сабақтастығының траекториясы мен оны мәдениетаралық диалогқа дайындау жағдайында педагогтар мен балалардың педагогикалық, әлеуметтік өзара әрекеті.
Этномәдени білім берудің сипаттамасы және оның негізгі категориялары: этномәдени даму, этномәдени тәрбие, этномәдени оқыту. Оларға берілген анықтамаларды қоштай отырып, этномәдени даму дегеніміз баланың мәдени ортаға ену процесі деп санаймыз, онда тұлғалық жаңа құрылымдары бірнеше мәрте қайта жаңғыртылады және бекітіледі, соның негізінде тұлғаның тұрақты этникалық құрылымы жеткілікті дәрежеде қалыптасады.
Сонымен, оқушыларға этномәдени білім беру балаларға ана тілін, төл мәдениеті мен ұлттық құндылықтарын, жалпыадамзаттық мәдени қазынаны игерте отырып, олардың мәдениетаралық ұлттық сана-сезімі мен этномәдени сәйкестілігін қалыптастырып, төзімділігін тәрбиелеуге бағытталған білім беру жүйесі болып табылады.
Кез келген этнопедагогикалық құбылыстар мен фактілерді оқып-зерттеу мен оларға сипаттама беру үшін теориялық-әдіснамалық аппаратты қолданбай іске асыру мүмкін емес.
Әрбір ғылымның негізгі тұғыры – әдіснама екенін ескере отырып, мектеп оқушыларына этномәдени білім берудің әдіснамалық негізін айқындау барысында философтардың, психологтардың, педагогтардың, әлеуметтанушылардың, мәдениеттанушылардың т.б. берген ғылыми ой- тұжырымдары біздің зерттеу жұмысымыздың әдіснамасын ашуға негіз болды. Этномәдени білім беруді әртүрлі әдіснамалық тұрғыдан қарастыруға болады.
Мәдениеттанушылық тұрғыдан қарастыратын болсақ, этномәдени білімнің дамуы түрлі өркениет пен мәдениеттердің күрделі өзара әрекеті жағдайында өтеді. Сонымен қатар ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан тіл, салт-дәстүр, ұлттық мәдениет этномәдени білімнің негізі болып табылады. Бесік жырынан басталатын ұлттық мәдениетке баулу дәстүрлері түркі халқына тән негізгі салт болып саналады.
Аксиологиялық тұрғыдан талдасақ, этномәдени білімді ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырған заңдылық тұрғысынан да қарастыруға болады. Ол этникалық мәдениеттің құндылық әлеуетін анықтап, этномәдени білім беру проблемаларын ұлттық құндылықтар тұрғысынан қарастыруға мүмкіндік береді. Көптеген ұлттар мен ұлыстар тұратын мемлекетте және әлемдік қауымдастықта этникалық топтардың ұлттық-мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндіктерін әлеуметтік - мәдени феномен тұрғысынан оқып - үйренуге бағдар береді.
Өркениеттілік тұрғыдан келсек, Қазақстан халқы әлемдегі көпэтносты халықтардың бірі болып табылатындықтан, жалпыәлемдік және ұлттық мәдениеттердің кірігу процесінде дамып, әлемдік кеңістікте тәуелсіз Қазақстан халықтар бірлігі өркениеттілігінің биік тұғыры тұрғысынан айқын көрініс береді.
Тұлғалық ықпалдылық тұрғыдан – әр тұлғаға оның жас ерекшелігімен қоса мінез-құлқы, психологиялық жаратылысына байланысты әрекет ете отырып, оның бойындағы құндылық қасиеттерін дамытуға ықпал ету.
Жүйелілік тұрғыдан алсақ, оқушыларға этномәдени білім беруде этномәдени білім мазмұны жүйелі және бірізділікпен берілуі оқушының ұлттық санасы мен танымын қалыптастыруға әсер ету.
Әлеуметтік тұрғыдан ықпал ету тұғыры - әлеуметтік орта мен тәрбиелік кеңістікті орнықтыру, тұлғаны әлеуметтендіру үрдісі, әлеуметтік қарым-қатынас негізінде тұлғаның этномәдени құндылығын қалыптастыруға бағытталады.
Біздің зерттеу мәселеміз – этномәдени білімнің қалыптасуы мен дамуының теориялық-әдіснамалық тұжырымдамалары тұлғалық, іс-әрекеттік, әлеуметтік, аксиологиялық, мәдениеттану, өркениеттік, жүйелілік тұрғыларда сараланып, теориялық тұрғыда негізделгендігіне көз жеткіздік.
Диссертациялық зерттеуіміз үшін біз әдіснамалық-теориялық негіз ретінде қарастыратын, шетелдерде кеңінен тараған заманауи философиялық, мәдениеттанушылық және педагогикалық тұжырымдамалардың маңызы зор.
Көп мәдениетті ортада тәрбиелеу тұжырымдамаларын дамытуда ғалымдар Дж.Бэнкс, Э.Сепир, Б.Уорф, Уиллард Куайн, А.Тойнби, К.Г. Юнг, Э.Б.Тэйлор және т.б. қомақты үлес қосты.
Бұл ғалымдардың ғылыми тұжырымдары зерттеліп отырған мәселенің әр түрлі қырларын ашып көрсетуге көмектеседі. Оларда негізгі ұғымдар, мақсат пен принциптер нақтыланған, көп және мультимәдени білім беру мазмұнының моделі тұжырымдалған, осындай білім беруді тәжірибеде іске асыру жолдары, көпмәдени ортада оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдері, мұндай білім берудің тиімділік өлшемдері белгіленген.
Шетелдерде, оның ішінде Ресей Федерациясы мен АҚШ-та кейінгі жылдары кеңінен тараған ғылыми-теориялық тұжырымдамалардың әдіснамалық әлеуетін өз жұмысымызда ескере отырып, біз бірінші кезекте осы бағыттағы отандық зерттеулерге ден қойдық.
Осындай маңызды құжаттың бірі – 1996 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңес талқылап, бекіткен, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Өкімімен мақұлданған «Қазақстан Республикасындағы этникалық-мәдени білім» тұжырымдамасы (авторы Ж.Ж.Наурызбай).
Біздің зерттеу жұмысымыз үшін әдіснамалық тұғыр ретінде ғалым С.Қ.Қалиевтің халық тәлімінің тарихи кезеңдері туралы тұжырымы аса маңызды. Автор қазақ халық педагогикасының тарихын адамзат дамуының қоғамдық құрылыс кезеңдеріне сай сегіз кезеңге бөліп қарастыру қажет деп санайды.
С.Қалиевтің тағы бір әдіснамалық ұстанымын өз зерттеуімізде этномәдени білім берудің қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін анықтауымызға теориялық тұғыр ретінде басшылыққа аламыз. Белгілі ғалым: «Тарихи-педагогикалық зерттеулерге (оның ішінде этнопедагогикалық зерттеулерге де) қойылатын маңызды методологиялық талаптардың бірі – деректердің бәрін кешенді түрде пайдалану, солар арқылы бір-бірін тексеру, толықтыру, барлық деректерді салыстыра отырып жинақтау, оларды зерттеуде шектес ғылымдардың (антропология, тарих, этнология, фольклористика, логика, психология, социология, археология) зерттеу әдістері жиынтығын кешенді пайдалану, сөйтіп, деректерді талдап, педагогикалық тұрғыда түсіндіру қажет»,- дейді.
Этномәдени білім беру эволюциясын зерттеудің тұжырымдамалық тұғырларын анықтауда біз П.В.Плеханов ұсынған әдіснамалық қағидаларды ұстанамыз:
-
Идеялардың (ой-пікірдің) қоғамның әлеуметтік даму үрдісіне тәуелді екендігін анықтау.
-
Ғылымның, әлеуметтік психологияның, әдебиеттің, өнердің даму тарихын қоғамның даму үрдісімен ұштастыра қарастыру.
-
Тарихтың әр кезінде ғылымның даму барысы біркелкі болмайтынын және әр елдің саяси, экономикалық, кәсіби, мәдени, психологиялық өзіндік ерекшелігі бар екенін ескеру.
Жүргізілген ғылыми ізденіс пен отандық және шетелдік зерттеулерге жасалған талдау этно және полимәдени білім берудің теориялық негіздері жан-жақты қарастырылғанын анықтады. Бірақ, сонымен қатар, Қазақстанда этностық-мәдени білім берудің генезисі арнайы диссертациялық зерттеуге арқау болмағандығын көрсетті.
Әр халықтың мәдениеті, сан ғасырлық тәрбие-тәжірибесі, педагогикалық ойлары дамып, қалыптасуын оның өмірінің әлеуметтік-тарихи және мәдениеттанушылық контексінде қарастырмайынша, ол мәселелер мүлдем түсініксіз болар еді. Бұл тұжырымның біздің қазақ халқының этномәдениетінің зерттелуіне де қатысы бар.
Қазақстан өзге халықтармен шектескен аумақ болып табылады, онда ежелгі дәуірден бастап шоғырлану мен агрессия, этностардың ішке енуі мен сыртқа қоныс аударуы, нәсілдік және лингвистикалық үдерістер байқалды. Қазақ халқының этнопедагогикасын, онда этномәдени білім берудің дамуы мен қалыптасу тарихын оқып-үйренуге бұл жағдайдың тікелей қатысы бар. Қазақ халқының этногенезінің қайнар көздері, оның мәдениетінің дамуы, қалыптасу ерекшеліктері мен даму бағыттары өте күрделі және көпфакторлы, сондай-ақ ол Азия, Еуропа, Африка және т.б. елдердің тарихымен де байланысты.
Түркі тектес халықтардың барлығына ортақ алғашқы педагогикалық ойлардың дамуы VІ-ІХ ғасырлардан бастау алады, бұл қоғамдық сананың алғаш дүниеге келу кезеңі (Орхон-Енисей жазу ескерткіштері, Қорқыт ата тағылымдары т.б.) болып табылады. Орхон ескерткіштері – түркі халықтарына ортақ этномәдени білім берерлік асыл мұра. Жырлардың негізгі тәрбиелік мәні мынада: түркі руларын біріктіру, сыртқы жаулардан қорғау, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін қастерлеу, ананы құрметтеу.
Түркі тектес халықтардың ежелгі тарихын, байырғы тұрмысын, әдет-ғұрпын, салт-санасын, дәстүрін танытатын этномәдени құндылығы жоғары мұра – «Қорқыт ата кітабы». Қорқыт ата тағылымдары деп Сырдария бойын жағалаған Оғыз-Қыпшақ тайпаларының мемлекетінде өмір сүрген, оғыздар арасынан шыққан әйгілі күйші, музыкант, жыр алыбы, аңыз кейіпкері Қорқыттың тәлім-тәрбие туралы ойларын айтамыз. Қорқыт ата кітабы – Орта Азия, Қазақстан және Әзірбайжан халықтарының аса көрнекті ортақ жазба ескерткіші.
Арнайы тоқталуды қажет ететін мәселе – халықтың сол замандағы тәлім-тәрбиелік тәжірибесі. Қазақ халқы ата-тегінен қалған мұраны сақтап қана қалған жоқ, олардың болашақ жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге, этностың рухани-адамгершілік бейнесіне, мәдениетке, тұрмысқа, әлеуметтік қатынастарға тигізетін әсерін терең ұғынып, оны әрі қарай дамытуға тырысты. Халықтың тәрбиелеу, білім берудің өмірлік тәжірибесінде қолданған педагогикалық формалары мен құралдары алуан түрлі әрі мол. Осының нәтижесінде ұлтымыздың жас ұрпағы сол замандағы қоғамның даму деңгейіне сәйкес, жеткілікті деңгейде ақыл-ой, дене, еңбек, эстетикалық, адамгершілік тәрбиесін алды. Көшпенді қазақ халқының тіршілігі мен еңбек әрекеті табиғатпен, жануарлармен тығыз байланысты. Балалар тәрбиесі табиғатпен ұштастырыла жүргізілді.
Тарихи жағдайлар мен рухани мұралардың барлығы халқымыздың этномәдени білімдері өте ерте заманнан басталғанын, тарихы терең екендігін дәлелдейді. Бұл рухани, этномәдени асыл мұраны ортағасырлық ойшылдардың тәрбие, білім беру туралы идеялары және халық тәлімі мен ауызекі шығармашылығы одан әрі байытты.
Қазақ халқының этномәдени білім беру негізін ортағасырлық Қазақстандағы философиялық және этикалық-педагогикалық идеялар құрайды. Қазақ халқының этнопедагогикалық ойлары қалыптасуына халық тәрбиесі, діни сенімдер, т.б ықпал етті. Сонымен қатар, Орта Азия мен Таяу Шығыс, Қытай, кейінірек Ресей халықтарының тәжірибесі мен білімдік-тәрбиелік идеялары да өз әсерін тигізді.
Қазіргі Орта Азия мен Қазақстанды мекен еткен түркі халықтарының тарихында Х-ХІІ ғасырлар қоғамдық дамудың жаңа кезеңі болды. Бұл кезде өз қауымын айдай әлемге танытқан ғұламаларымыз тарих сахнасына шықты. Атақты ғалым Ф. Копрулузаде тілімен айтқанда: «Түркі халықтарының қоғамдық-мәдени даму тарихында Қайта өрлеу - Ренессанс дәуірі болды». Өйткені, мемлекетті басқарудың исламға негізделген әлеуметтік-этикалық нормаларын белгілеу қажет болды. Осы қажеттілікті өтеу үшін әл-Фарабидің «Әлеуметтік-этикалық трактаттары», ибн Синаның «Даныш-намесі», «Білім кітабы», әл-Бирунидің «Хикметтері» («Даналық сөздері»), Ахмет Иүгінекидің «Хибатул хакаийк (Ақиқат сыйы») дастандары, Ахмет Иасауидің «Диуани хикметі» («Даналық кітабы»), Сүлеймен Бақырғанидың «Ақырзаман кітабы», Құрбанғали Халидтың «Тауарих хамса» («Бес тармақты тарих») т.б. шығармалар өмірге келді.
Қазақ халқының құрылуы этникалық территорияның қалыптасуымен қатар жүрді. Көптеген этникалық-саяси және шаруашылық факторлардың әрекеті нәтижесінде Қазақстан аумағында негізгі этникалық – территориялық бірлестіктер – Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз құрылды. Қазақ хандығының пайда болуы – Қазақстан территориясында ХIV-XV ғасырларда болып өткен әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестердің заңды қорытындысы. Тарихи әдебиетте Шығыс Дешті Қыпшақтың көшпелі тайпаларының бір бөлігі Жошы ұрпағы Керей мен Жәнібектің басшылығымен Шу мен Талас өзендерінің жазығына көшуі Қазақ хандығының құрылуының бастауы деген пікір бар.
Қазақ халқы өз алдына тәуелсіз мемлекет болғанға дейін талай күресті бастан кешіргені хақ. Атап айтқанда, араб, моңғол, жоңғар басқыншыларынан өз атамекенін қорғап қалғандығы тарихтан белгілі.
Бұл кезең ХV-ХVІІІ ғасырлар аралығын қамтиды. Осы аралық қазақ елі үшін ауыртпалығы мол болғанымен, халықтың тәлім-тәрбиелік дәстүрі қалыптасып, дамуы осы кезден басталады.
Қазақтың ХV-ХVІІІ ғасырлар аралығындағы тәлім-тәрбиелік ойларының бастауы болған Орхон-Енисей ежелгі жазбалары, оны жалғастырған, қазақ жерінде дүниеге келген әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашқари сияқты аса ірі ғұлама-ғалымдар мұрасындағы тәлімдік ойлар Өтебойдақ Тілеуқабылұлы, Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайри сияқты ойшылдардың туындыларынан көрініс тапты. Өз еңбектерінде олар адам, ел басқару мұраттарын, этикасын, тәрбие мәселесін, жалпы адамгершілік пен ізгіліктің бастау бұлағын ата-баба салт-дәстүрлерінен, діни наным-сенімдерден, ғылымның халықтық бай тәжірибеге негізделуінен іздестірген еді.
Қазақ хандығы тұсындағы этномәдени білім көрінісін халықтың ауыз әдебиетінен табамыз. Осы кезеңде халық арасынан шыққан талантты адамдар –ақындар, салдар, серілер, жыраулар болды. Жастарды отансүйгіштікке, патриоттыққа, қайырымдылыққа, ұжымшылдыққа, еңбекті қадірлей білуге тәрбиелеуде, үлкенді сыйлап, әдепті, кішіпейіл, елгезек, мейірімді болу сияқты жақсы қасиеттерді олардың санасына сіңіріп, бойына ұялатуда Асан қайғы, Шалкиіз, Доспамбет, Ақтамберді, Бұқар т.б. ақын-жырау шығармаларының үлкен маңызы бар.
Қазақстанның Ресейге қосылғанға дейiнгi этномәдени білім беру практикасын сөз етсек, бұл дәуiрде көбiнесе конфессионалдық дiни мектептер мен медреселер, кейiн орыс-қазақ мектептерi қатар қызмет жасап, этномәдени білім беруде олардың өзіндік маңызы болды.
Біз этномәдени білім беру идеяларының алғышарттарын ғылыми тұрғыдан негіздеуге талпыныс жасадық (Кесте 1).
Кесте 1 – Қазақстандағы этномәдени білім беру идеяларының тарихи-педагогикалық алғышарттары
№/№
|
Этномәдени білім
идеялары
|
Этномәдени білім беру идеяларының өкілдері
|
Этномәдени білім беру идеялары баяндалған еңбектері
|
Этномәдениет түрлері
|
1
|
Ұлы түркі қағанаты, Қорқыт ата мұрасы, араб-шығыс мәдениетінің ықпалы
(VI-XV ғғ.)
|
Әбу Насыр әл-Фараби (870–950),
Жүсіп Баласағұни (ХІғ.),
Махмұд Қашқари (ХІғ.),
Қожа Ахмет Иасауи (1103–1166) т.б.
|
«Әлеуметтік-этикалық трактаттары», «Бақытқа жету жайында», «Азаматтық саясат», «Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері» т.б.
«Құтты білік»,
«Даналық кітабы»
|
Қалалар санының өсуі: олардың Жетісу аймағында пайда болуы, Қолөнерінің дамуы (қыштан жасалған ыдыс-аяқ, темір ұсталық, металл өңдеу, т.б.).
Сәулет өнерінің ансамбльдері, кесенелер мен мешіттер
|
2
|
Қазақ хандығы тұсындағы этномәдени білім беру идеялары (XV–XVІІІ ғасыр )
|
Өтебойдақ Тілеуқабылұлы (1388–1483),
Мұхаммед Хайдар Дулати (1499–1551)
Қадырғали Жалайыр (1555–1607)
Асан қайғы (XVғасыр )
Қазтуған (XV ғасыр)
Бұқар Жырау(1697–1787)
Шал (Тілеуке) Құлекеұлы (1748–1819)
т.б.
|
«Шипагерлік баян»
«Жамиғ ат-тауарих»
«Тарих и Рашиди», «Жаһаннаме»
Ақын-жырау шығармаларының мақсаты жастарды отансүйгіштікке, патриоттыққа, қайырымдылыққа, ұжымшылдыққа, еңбекті қадірлей білуге тәрбиелеуде, үлкенді сыйлап, әдепті, кішіпейіл, елгезек, мейірімді болу сияқты жақсы қасиеттерді олардың санасына сіңіріп, бойына ұялату
|
Халықтың тарихы, салт-дәстүрлері, әдет-ғұрпы, дүниетанымы, мінез-құлқы, сана-сезімі туралы білім. Өсиет, ғибрат сөздер, тәлімдік-тәрбиелік, танымдық сөздер, жырлар, ертегілер т.б.
|
Тарихи педагогикалық процестерді дәуірге бөлу оны санадан өткізуге, ұғынуға көмектеседі, оның ішкі заңдылықтарын анықтауды жеңілдетеді, ғылыми қорытынды жасап, оны заманауи құбылыстармен байланыстыруға мүмкіндік береді. Мектеп және педагогика тарихын дәуірлерге бөлмей, зерттеу қиын. Дәуірлерге бөлу - жалпы адамзаттың немесе аймақтың, елдің, белгілі халыққа тән тарихи педагогикалық үдерістердің қалыптасу және даму кезеңдерінің негізгі мазмұнын мәндік анықтау болып табылады.
Дәуірлерге бөлудің күрделілігі жалпыәлемдік тарихи - педагогикалық үдерістің, сондай-ақ, оның аймақтық немесе аумақтық тарихына негізделген бөліктерге бөлудегі қажеттіліктерді қанағаттандыруға қабілетті бірыңғай өлшемдерді тұрақтандырудың қиындығына байланысты.
Кезең – кез келген тарихи педагогикалық құбылыстың, үдерістің дамуындағы уақыттың белгілі аралығы.
Біздің зерттеу проблемамыз Қазақстанда этномәдени білім берудің қалыптасуы мен даму тарихына байланысты болғандықтан, біз қазақ тарихы, педагогика тарихы, қазақ халық педагогикасы тарихына байланысты кезеңдерге бөлу проблемасын зерделеп, оның басты қағидаларын басшылыққа алдық.
Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім берудің эволюциясын кезеңдерге бөлуде төмендегідей тұжырымдамалық тұғырлар басшылыққа алынды:
-
Қазақстанда этномәдени білім берудің қалыптасуының тарихи-педагогикалық алғышарттары анықталынды.
-
Этномәдени білім берудің әртүрлі кезеңдерінде қоғамның тарихи-әлеуметтік даму процесіне талдау жасалды.
-
Этномәдени ой-пікірлердің, халықтық педагогиканың тәлімдік құндылықтарының қалыптасуы мен дамуы ұлттық ғылым мен мәдениеттің тиісті кезеңдердегі жай-күйімен ұштастыра зерттелді.
-
Зерттеу материалдарын ғылыми-педагогикалық талдауда этномәдени білімнің маңызды компоненттері этнологиялық, этнопсихологиялық, этнофилософиялық және этномәдениеттану ғылымдарының әдіснама-әдістерін ескере отырып, дерек көздерін кешенді пайдалануға үлкен мән берілді.
Қорытындылай келгенде, Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім берудің қалыптасуы мен дамуын төмендегідей шартты кезеңдерге бөліп көрсетеміз:
1 кезең: Қазақстанда этномәдени білім берудің пайда болуы (ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басы);
2 кезең: Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім берудің қалыптасуы (ХХ ғасырдың 20-90 жылдары);
3 кезең: Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім берудің дамуы (1991 жылдан бергі кезең).
Біз шартты түрде ұсынып отырған, Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім берудің қалыптасуы мен дамуының ғылыми маңызы аса зор үрдістері мен кезеңдері өз бастауын ХІХ ғасырдан алғанымен, қазақ халқы тарихының ежелгі дәуірдегі жалпы этникалық мәдениетінің алатын орнын жоққа шығармаймыз.
Түрлі әдебиет көздері мен мұрағат материалдарын талдау негізінде Қазақстанда этномәдени білім берудің қалыптасуы мен даму кезеңдерінің салыстырмалы-мазмұндық сипаттамасын төмендегі кестеде береміз (Кесте 2).
Кесте 2 - Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім берудің қалыптасу мен даму кезеңдеріне салыстырмалы-мазмұндық сипаттама
№/№
|
Этномәдени білім берудің қалыптасу мен даму кезеңдері
|
Этномәдени білім беру идеялары, теориясы мен әдіснамасының өкілдері
|
Этномәдени білім беру сипаты
|
Этномәдени білім беру ұйымдары, оқу-тәрбие мекемелері
|
Этномәдени білім беруге бағытталған оқулықтар мен бағдарламалар, тұжырымдамалар
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1
|
Ресей құрамындағы Қазақстанда этномәдени білім беру (ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басы)
1-кезең -этномәдени білім берудің пайда болуы
|
Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев және т.б.
|
Сауда, өндіріс капиталының пайда болуы, Қазақстанның шикізат аймағы болып қалуы.
Ұлттық байлықты Ресей орталығының иеленуі.
Саяси-әлеуметтік алғышарттар:
1 .Ресейдегі саяси және революциялық ахуалдар.
2. Отаршылдыққа қарсы әрекеттер.
3.Ақпан және Қазан революциялары кезіндегі ахуалдар.
|
Діни мектептер мен медреселер,
орыс-қазақ, тұңғыш қазақ мектебі т.б.
|
М.Нұрбаев «Қазақша әліппесі»,
З.Ерғалиұлы «Қазақ әліппесі»,
И.Аралбаев, Х.Сәрсекеев «Әліппе яки төте оқуы»,
М.Малдыбаев «Қазақша ең жаңа әліппесі»,
Қ.Қожықов «Әліппе»,
К.Серғалин «Қазақша әліппесі»,
А.Байтұрсынов «Букварь для киргизов», «Оқу құралы»,
Ғ.Сулейманов «Тәнтану» (анатомия),
Ғ. Сулейманов Табиғаттану» т.б.
|
2
|
Кеңестік Қазақстандағы
этномәдени білім беру (ХХ ғасырдың 20-90жылдары).
2-кезең этномәдени
|
Ә.Бөкейханов ,
А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев,
М.Дулатов,
Ш.Құдайбердиев ,
Ж.Аймауытов ,
|
- Алаш қозғалысы.
- Кеңестік империя саясаты.
- Қазақ халқына сапалы білім беру.
- Қазақ газет-журналдарын шығару.
|
Бастауыш, жетіжылдық, сегізжылдық, орта мектептер.
|
А.Байтұрсынов «Әліп-би», «Тіл құралы», «Сауат ашқыш»,
М.Дулатұлы «Есеп құралы», «Қирағат»,
Ә.Қасымұлы «3- жылдық есеп құралы», «4-ші жылдық есеп құралы», «2-ші есеп құралы»,
|
№ 2 кестенің жалғасы
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
|
білім берудің қалыптасуы
|
С.Сейфуллин,
Х.Досмухамедов,
Ы.Оршыбеков,
М.Ғабдуллин,
Б.Момышұлы,
Б.Адамбаев,
М.Әлімбаев т.б.
|
- Қазақтың ұлттық мектебін ашу
- Төл оқулық, оқу құралдарын жазу
- Қазақтың ғылыми тілін қалыптастыру
ХХ ғасырдың
70-жылдарынан бастап этнопедагогикалық зерттеулер қолға алына бастады.
|
|
М.Жұмабаев «Педагогика»,
Ж.Аймауытов «Психологи», «Тәрбиеге жетекші»,
1960ж. төл оқулықтар жазу Е.Бекмаханов, Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, І.Кеңесбаев, А.Ысқақов, Т.Қордабаев, М.Ғабдуллин т.б.
|
3
|
Тәуелсіз Қазақстан жағдайында этномәдени білім беру, (ХХ ғасырдың 90-жылдарынан бастап қазірге дейін)
3-кезең -этномәдени білім берудің дамуы
|
М.Х.Балтабаев,
Қ.Бөлеев,
Қ.Б.Жарықбаев,
С.Қалиев, К.Ж.Қожахметова, М.Құрсабаев,
Ш.М.Мухтарова
Ж.Ж.Наурызбай К.Оразбекова Т.Табылдиев,
С.А.Ұзақбаева
т.б.
|
Этномәдени білім беру теориясы мен әдіснамасы қалыптасты. Ғылыми теориялар жарыққа шықты.
Іргелі ғылыми зерттеулер жүргізілді.
Ұлттық тәлім тәрбие қағидаларына негізделген ғылыми-тәлімдік бағдарламалар оқу-тәрбие жұмысына енгізілді.
Қазақ тілі ғылым тіліне айналды.
|
Ұлттық мектептер,
этномәдени мектептер,
аралас мектептер
|
Қазақстанда этникалық -мәдени білім беру тұжырымдамасы (1996ж),
М.Х. Балтабаев «Педагогическая культурология»,
С.Қалиев «Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы»,
К.Ж. Қожахметова «Казахская этнопедагогика: методология, теория, практика»,
Ж.Ж.Наурызбай «Ұлттық мектептің ұлы мұраты»,
С.А. Ұзақбаева «Тамыры терең тәрбие»,
Ә.Табылдиев «Қазақ этнопедагогикасы» т.б.
|
Қазақтың ұлы ағартушыларының тәлімгерлік еңбектері Қазақстанда этномәдени білім берудің бастауы, бірінші кезеңі. Бұл Қазақстанның Ресей құрамында болған дәуірге сәйкес келеді. Еліміздегі этномәдени білім беру идеялары XIX ғасырдың II жартысында қазақ халқының ұлы ойшылдарының әлеуметтік-саяси, философиялық, педагогикалық, психологиялық көзқарастарымен өзекті байланыста дамыды. Қазақстанда этномәдени білім беру идеялары Ш.Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А.Құнанбаев есімдерімен байланысты.
Ш.Уәлихановтың ағартушылық-халықшылдық көзқарасы, Ы.Алтынсариннің тәлімгерлік мұралары, Абайдың философиялық-педагогикалық көзқарастары Қазақстанда этномәдени білім берудің негізін қалауға прогрессивтік ықпал етті.
Кеңес дәуіріне дейінгі кезеңде қоғамдық философиялық және этномәдени білім беру идеясының, педагогикалық ойдың дамуына Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мухаммед Салим Кашимов т.б. қазақ оқымыстылары үлкен үлес қосты. Бұл кезеңде ұлы ағартушылар ісін Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Халел Досмұхамедов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев т.б. жалғастырды.
Қазақстанда этномәдени білімнің тууы мен қалыптасуына Орта Азия ойшылдары идеяларының да ықпалы болды. Солардың ішінде Махмудходжа Бехбуди, Убайдулла Завки (Өзбекстан), Тоглок Молдо (Қырғызстан), Ахмад Дониш (Тәжікстан), Мола Кылыч (Түркменстан) және т.б.
Сонымен қатар осы кезеңде қазақ ағартушылары мен қайраткерлерінің демократтық-гуманистік көзқарастарына Ресейдің озық ой-пікірдегі оқымыстыларының (Ф.М.Достоевский, В.Затаевич, П.Э.Михаэлис, Г.Н.Потанин, В.В.Радлов, Т.Шевченко, А.Янушкевич т.б.) әсері болғандығын да айта кету керек.
Ресей империясы құрамындағы Қазақстанда этномәдени білім беру теориясына жасаған тарихи талдау мынадай тұжырымға келуімізге мүмкіндік берді:
- Қазақстанды Ресейдің отарлау саясаты Қазақстанның экономикасына ғана емес, әлеуметтік-мәдени өміріне де өз ықпалын тигізді;
- орыстандыру саясаты арқылы халықты өз дінінен, тілінен, мәдениеті мен тарихынан алшақтатпақшы болды;
- осы кезеңде Қазақстанда этномәдени білім беру идеясының негізін қалаушылар Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев т.б. болды. Олардың еңбектері мен атқарған педагогикалық қызметтері, ғылыми зерттеулері, әдеби шығармалары этномәдени білім беру негізін қалады.
Қазақ топырағында этномәдени білім идеясының туын алғаш көтерген Ш.Уәлиханов. Ағартушы этномәдени білім беру мазмұнында қазақ халық ауыз әдебиетін жинақтау арқылы балалар мен жастар тәрбиесінің әлеуметтік – тарихи тәжірибесін әсерлі көрсете білді. Ол: «Халықтың тұрмысы мен әдет-ғұрпы,- деп жазды, - бәрінен де артық тілден көрініс табады. Өткенді қастерлеу және аңыздардың молдығы - терістік және Орта Азия көшпелі халықтарының ерекше қасиеті. Қазақ тілінде араб тіліндегідей жасама бояу сөздер жоқ, ол нағыз таза тіл».
Ы.Алтынсариннің пікірінше, оқу-тәрбие процесінде халық шығармашылығын пайдалану балаларды ата-баба салт-дәстүрлерін сыйлауға, адамдардың ойлары мен әрекеттерін дұрыс түсінуге үйретеді, адамгершілік сапаларының, эстетикалық талғамдарының және т.б. қалыптасуына септігін тигізеді. «Қазақ баласы ортаны ғылыми танып-білмеді; алайда ол өзін қоршаған табиғат құбылыстары туралы көп білді, Сарыарқа даласында жақсы бағыт ала білді; ол атқа жақсы шапты, садақтан дәл атты, аңшылыққа, ақындар айтысына қатысты; ертегішілерді тыңдады. Қазақ баласы ұтқыр мақалдарды, ертегілерді, жұмбақтарды, ойындарды, адамгершілік үйретулерді қабылдап, естерінде сақтады».
Абайдың этномәдени білім беру идеяларындағы басты нысана - «Атаның баласы болма, адамның баласы бол... жақсы көпке ортақ, пайдаң еліңе, халқыңа тисін», – деген гуманистік ой-пікірді қуаттау болды. Абай адамды тұтас жеке тұлға ретінде қабылдады, «толық адам» идеясын ұсынды.
Біз зерттеуімізде аталған бірінші кезеңде этномәдени білімнің пайда болуына септігін тигізген тұңғыш газет-журналдарға талдау жасадық және мынадай қорытындыға келдік:
-
Қазақ тіліндегі педагогикалық баспасөз қазақ халқының жалпы мәдениетін көтеруге бағытталған құнды дүние. Сол кездегі ұлтшылдық деген сынға қарамастан газет, журнал беттерінен этномәдени білім беруге байланысты, яғни тіл, мәдениет, салт дәстүр, әдебиет, ұлттық тәрбие мәселелері бой көрсетіп отырды.
-
Баспасөз материалдары қазақ мектептері үшін үлкен педагогикалық және әдістемелік көмек көрсету қызметін де абыроймен атқарды.
-
Алғашқы қазақ газет - журналдардың қай-қайсы болмасын, Қазақстандағы педагогикалық баспасөздің және педагогикалық ой - пікірлердің қалыптасуына, еліміздегі этномәдени білім беру мен оқу-ағарту ісінің тарихына елеулі үлес қосты.
Кеңестік дәуірде елімізде аса маңызды, тіптен сан ғасырлық тарихқа пара-пар, халық тағдырын, ел болашағын анықтаған оқиғалар болып өтті: Алаш қозғалысы, күштеп ұжымдастыру, аштық, саяси қуғын-сүргін, демографиялық апат, Ұлы Отан соғысы, Қазақстанға депортацияланған халықтар тағдыры, 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі, ұлы арман - тәуелсіздікке қол жеткізу. Бұл кезең - қазақ ғылымы мен мәдениетінде, білім беру жүйесінде де үлкен өзгерістер уақыты.
Сонымен, зерттеуіміз көрсетіп отырғандай, Қазақстанда этномәдени білім берудің екінші, қалыптасу кезеңі еліміздің Кеңес Одағының құрамында болған дәуірге сәйкес келеді. Осы бір қарама-қайшылыққа толы, қасіреті мен зұлматы жетіп-артылатын 70 жылда қазақтың халық педагогикасы, ұлттық тәлім-тәрбиесі ұмытылудың шақ алдында қалды.
Бұл кезеңді шартты түрде екіге бөліп қарауға болады:
1. Этномәдени білімнің қалыптаса бастауы – 20-30-жылдар. Ұлттық мәдениет, ғылым, білім беру ісінің қарқынды дамуы (сауатсыздықты жою, оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлеу, кадрлар даярлау, ғылыми зерттеулер жүргізу, т.с.с.). Бұл кезде халықтың білім беру саласындағы этностық-мәдени, тілдік қажеттіліктерін қанағаттандыруда алаш ардақтыларының еңбегі шексіз. Ж.Аймауытов, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Х.Досмұхамедов, М.Жұмабаев, М.Шоқай, т.б. дүниетаным, сана-сезім, салт-дәстүр, тәлім-тәрбие туралы ой-пікірлері қазақ мәдениеті мен педагогикасының алтын қорына айналды. Идеологиясы кеңестік сипатта болғанымен халқымыздың біртуар зиялылары О.Жандосов, С.Меңдешев, С.Сейфуллин, С.Сәдуақасов, Т.Рысқұлов және т.б. тәлімдік-өнегелік мұраларының да маңызы аса зор.
2. Бір ғана мәдениет пен тілге бағыт ұстаған білім жүйесі (30-жылдардың ортасы – 90-жылдарға дейін). Білім мазмұнынан ұлттық ерекшеліктің, халықтың қасиет рухының бірте-бірте аласталуы (бірыңғай оқу жоспары, бағдарламалар мен оқулықтардың орыс мәдениеті мен Ресей тарихына негізделуі, ұлттық мектептердің жабылуы, жазу-сызудың кириллицаға көшуі т.с.с.). Этномәдени білім мазмұнына байланысты бұл кезеңді де екі сатыға бөлуге болады:
- Ұлттық педагогика ғылымының тоқырау жылдары (30-жылдардың ортасы – 60-жылдар). Қанды қырғын репрессия, екінші дүниежүзілік соғыс және олардың ауыр зардабының әсері. Ғылыми зерттеу мәселелерінде көрнекті ғалымдар Ш.Әлжанов, Т.Тәжібаев, Ә.Сыдықовтың еңбектері этномәдени білім мазмұнын байытуда үлкен рөл атқарды;
- Кеңестік мазмұн мен коммунистік идеология бағыттарының үстемдік етуіне қарамастан қазақ ғылыми педагогикасының даму уақыты (70-90 жылдар). Этностық-мәдени білім мазмұнын қарастырушылар қатарында бірінші кезекте Қ.Бержанов, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, К.Қ.Құнантаева, Ә.Сембаев, Г.М.Храпченков т.б. ғылыми-зерттеу еңбектерін атап өту керек.
Бұрынғы Кеңес Одағының құрамына енген Қазақ Советтік Социалистік Республикасы 1991 жылдың 16 желтоқсанында өз тәуелсіздігін ресми түрде жариялап, дербес мемлекет болып танылды. Бұл Қазақ елінің тарихындағы теңдесі жоқ аса зор тарихи оқиға болды.
Біздің пікірімізше, Қазақстанда этномәдени білім берудің үшінші – дамуы кезеңі осы кезден басталды. Қазақстандық педагогика ғылымы тәуелсіздігімізді нығайту, ана тіліміз бен төл мәдениетіміздің өркендеуі, ұмыт бола жаздаған тәлімдік-өнегелік құндылықтарымызды оқыту мен тәрбие жүйесіне қайта оралту, ғаламдану үдерісінде ұлттық діліміз бен сана-сезімімізді сақтап қалуымызға қызмет етіп отыр. Бұл істің қазіргі кезеңде берік әрі жан-жақты құқықтық-нормативтік және ғылыми-теориялық және қолданбалы базасы жасалғанын айту керек.
Құқықтық-нормативтік негіз. Қазақстан Республикасының 1995 жылы бүкілхалықтық референдумда қабылдаған Ата заңы қазақ халқының, елімізде тұратын басқа да этностар мен этностық топтардың білім беру саласындағы ұлттық-мәдени және тілдік мүдделерін іске асыруға барлық құқықтық жағдайды жасайды.
Мемлекеттің ұлттық тілдерге деген қамқорлығына байланысты нормалар ҚР «Тіл туралы» заңында жалғасын тапқан. Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясат принциптері ҚР «Мәдениет туралы» заңының баптарында белгіленген. Этномәдени білім берудің мазмұнын анықтауда ҚР «Білім туралы» заңының, оның ішінде «Білім беру жүйесі» және «Білім беру мазмұны» тарауларының маңызы зор.
Мемлекеттік – ресми және реттеуші құжаттар. Ел Президентінің ұрпаққа ұлттық тәлім - тәрбие берудің негізгі бағдарлы идеяларын жүзеге асыру мақсатында бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңес бекіткен: Әлеуметтік-мәдени даму (1993); Гуманитарлық білім беру (1994); Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат (1995); Тарихи сананың қалыптасуы (1995); Этникалық-мәдени білім (1996), тұжырымдамалары, солармен қатар Жоғары мектеп студенттеріне этнопедагогикалық білім беру тұжырымдамасы (1998), «Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірдің қалыптасып, даму тарихын педагогикалық жоғары оқу орындарына арнайы пән ретінде енгізу туралы» (1991), «Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар тәрбиесі» (1995), «Жалпы білім беретін мектептердің дамуы» (1997) ресми құжаттары жарық көрді.
Әдіснамалық-теориялық негіздер. Тәуелсіздік алған жылдан бастап жан-жақты жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Қазақстанда этномәдени білім беру мен осы саланы зерттейтін ғылым - қазақ этнопедагогикасының әдіснамалық-теориялық негіздері қалыптасты.
Тәуелсіз елімізде оқушыларға этностық-мәдени білім берудің әдіснамалық, теориялық және практикалық мәселелерін шешуде «Қазақстан Республикасындағы этникалық - мәдени білім» тұжырымдамасының маңызы зор болды.
С.Қалиевтың «Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы» еңбегін қазақ этнопедагогикасы тарихын бір жүйеге келтірген тұңғыш құнды зерттеу деуге болады.
Қазақ этнопедагогикасының әдіснамалық-теориялық мәселелерін терең қарастырған ғалым К.Ж.Қожахметова этнопедагогиканың бағыттау негізі педагогиканың әдіснамасы екенін ашып көрсетсе, қазақ этнопедагогикасының ғылыми-теориялық, әдіснамалық негіздерін қалаушылардың бірі ғалым С.А.Ұзақбаева халықтық педагогиканы халық бұқарасы білімінің, іскерліктері мен дағдыларының жиынтығы ретінде мектептегі оқу-тәрбие процесінің әдіснамалық негізі тұрғысынан қарастырған.
Н.Елікбаев қазақ халқының ұлттық психологиясының қалыптасуы мен заңдылықтарын, оның өзіндік табиғатын, құрылымын, тарихы мен әлеуметтік-мәдени негіздерін анықтай келе, тарихи сана мен ұлттық мәдениет – ұлт рухының өзегі, қазақстандық патриотизм мен ұлттық тәрбие – рухани топтасудың тірегі екенін, елімізде этникалық қарым-қатынас мәдениеті мен келісімін жетілдіру арналарын анықтаған.
Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім беру теориясының негізін қалаған Ж.Ж.Наурызбай Қазақстан Республикасында оқушыларға этномәдени білім беру тұжырымдамасы мен моделін, тіл саясаты тұжырымдамасын ұсынып, оқушыларға этномәдени білім берудің ғылыми-теориялық негіздерін, мақсаты мен міндеттері, құрылымы мен жүзеге асыру принциптерін айқындап берген.
Талданып отырған кезеңде тағы бірқатар кең ауқымды тұжырымдамалар өмірге келді.
Этнопедагогика жеке оқу пәні ретінде. Қазіргі таңда этнопедагогика, жеке оқу пәні ретінде әдіснамалық, теориялық және практикалық жағынан негізделіп, білім стандарттары жасалып, бағдарламалары әзірленіп, оқулықтары жазылып, оқу орындарына ендірілді.
Бұл мәселені жан-жақты зерттеген ғалым Ш.И.Джанзакованың «Этнопедагогиканы жеке пән ретінде құрудың ғылыми негіздері» атты еңбегінде философия мен ғылым әдіснамасындағы ғылыми және оқу пәндері арақатынасының әдіснамалық негіздері анықталған, этнопедагогиканың ғылыми пәндік моделі компоненттерінің мазмұны нақтыланған, жеке оқу пәні мәртебесіндегі этнопедагогиканың болжамдық моделі қарастырылған, этнопедагогиканың құрылымдық-мазмұндық-қызметтік компоненттерінің сипаттамасы берілген.
Ш.М.Мұхтарова «Жоғары педагогикалық білім мазмұнының этностық компонентін қалыптастырудың теориялық негіздері» атты докторлық диссертациясында «жоғары педагогикалық білім мазмұнындағы этностық компонент» түсінігінің мәні ашылған, сонымен қатар зерттеліп отырған феноменнің жаһандану жағдайындағы рөлі мен орны педагогикалық идеяларды және қоғам дамуы тарихындағы позитивті тәжірибені ғылыми рефлексиялау негізінде анықтаған. Ғалым болашақ педагогтың полимәдени тұлғасын қалыптастырудың заманауи тәжірибесін талдаған және ұрпақтарды этностық және этносаралық әлеуметтендіру процесіндегі мұғалімнің рөлін терең зерттеген.
Р.Қ. Дүйсембінованың «Қазақ этнопедагогикасын мектептің оқу-тәрбие процесіне ендірудің ғылыми-педагогикалық негіздері» атты ғылыми еңбегінде қазақ этнопедагогикасын мектептің оқу-тәрбие процесіне ендірудің әдіснамалық-теориялық негіздерінің мазмұны жасалған, қазақ этнопедагогикасының функциональдық мүмкіндіктері айқындалған, қазақ этнопедагогикасын мектептің оқу-тәрбие процесіне ендірудің тұжырымдамасы жасалған, шарттары мен өлшемдері анықталған.
Тарихи-педагогикалық, этнопедагогикалық, этнопсихологиялық, ұлттық философиялық, мәдениеттанушылық негіздері. Этномәдени білім - білім беру теориясы мен тарихы, мәдениеттану, философия, этнопсихология, этнос теориясының іргелі негіздеріне сүйенетін күрделі педагогикалық құбылыс. Оқушыларға этномәдени білім беру проблемасы қазақстандық ғалымдармен қатар, ТМД елдері ғалымдарының назарынан тыс қалмаған (Л.В.Кузнецова, Д.Н.Латыпов, Ф.Ф.Харисова және т.б.).
Этномәдени білім беру эволюциясының осы кезеңінде елімізде ғылыми зерттеулерден басқа этномәдени тәрбиенің авторлық бағдарламалары өмірге келді («Атамекен», «Сенім», «Кәусар бұлақ», «Қыздар әліппесі», «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» және т.б.).
Этномәдени білім берудің әдіснамалық-теориялық негіздерін жан-жақты зерттеу монографиялар, оқулықтар мен оқу құралдарын жазуда да оң көрініс табуда.
Сонымен, Қазақстанда этномәдени білім берудің даму кезеңі еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізіп, халықтың ана тілі, ұлттық мәдениеті, төл тарихымен толыққанды қауышуға мүмкіндік алған тарихи кезеңнен, яғни өткен ғасырдың 90-жылдарынан басталып, бүгінгі күнге дейінгі, әзірге қысқа да болса ғасырларға бергісіз аралықты қамтиды. Отбасына, мектепке ұлттық тәрбие қайта оралды, қоғамда халықтық тәлім-өнегеге бетбұрыс басталды, бұл үдеріске қазақстандық педагог-ғалымдар да өз үлестерін қосуда. Соның нәтижесінде:
-
Этномәдени білім, этностық педагогиканың әдіснамалық-теориялық негіздері жасалды (С.Қалиев, К.Ж.Қожахметова, Ж.Ж.Наурызбай, С.А.Ұзақбаева т.б.).
-
Этнопедагогика жеке оқу пәні болып қалыптасты (Ш.И.Джанзакова, Р.Қ.Дүйсембінова, Қ.Б.Жарықбаев, Ш.М.Мұхтарова, Ә.Табылдиев т.б.).
-
Этностық-мәдени білімнің тарихи-педагогикалық, этнопедагогикалық, этнопсихологиялық, этнофилософиялық, мәдениеттанушылық негіздері зерттелуде (М.Х.Балтабаев, Ш.К.Беркімбаева, Қ.Бөлеев, С.Ғаббасов, Қ.Б.Жарықбаев, Е.Ө.Жұматаева, Б.А. Жетпісбаева, К.Ж.Ибраева, С.Т.Иманбаева, Қ.А.Сарбасова, Р.Қ.Төлеубекова т.б.).
-
Ұлттық тәрбие, этномәдени білімнің ғылыми-теориялық мәселелерінің терең де жан-жақты зерделенуіне тәлімдік бағдарламалар (З.Ахметова, К.Адамова, А.Қыраубаева, М.Құрсабаев, Л.С.Сырымбетова, т.б.) мен оқулықтар авторлары (З.Әбілова, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Ә.Табылдиев т.б.) үлкен үлес қосты.
Зерттеу мәселемізді практикалық қырынан зерделегенде де Қазақстанда этномәдени білім берудің қалыптасуы мен дамуының біз жоғарыда ұсынған кезеңдерді басшылыққа алдық. Қазақстан Республикасында оқушыларға этномәдени білім беру практикасының негізгі бағыттарын білу мақсатымен Қазақстан жерінде қалыптасқан медреселер мен мектептер, ондағы оқу-тәрбие үдерісінің ұйымдастырылуы, оқу жоспарлары мен оқу бағдарламарына талдау жасап, мұсылман мектептері мен медреселердегі, орыс-қазақ мектептеріндегі, кеңестік дәуір мектептеріндегі, тәуелсіз Қазақстан жағдайындағы мектептердегі оқушыларға этномәдени білім беру жайына сипаттама бердік.
Мұрағат материалдары мен түрлі әдебиет көздеріне талдау жасай келе, Қазақстан территориясында этномәдени білім берудің бірінші кезеңінде мектептер мен медреселер, орыс-қазақ мектептері, сан жағынан шамалы арнайы оқу орындары жүйесімен сипатталынатынын анықтай отырып, мынадай қорытындыға келеміз:
-
қазақ топырағындағы мектептер мен медреселер этномәдени білім беру тәжірибесінің бастауы болды;
-
мектептер мен медреселерде халық педагогикасының таңдаулы элементтері қолданылды;
-
жаңа әдісті медреселерде ана тілінде оқытуға көп көңіл бөлінді.
- сол кезеңдегі мектептерде ұстанған ұлттық педагогикалық қағидалар бүгінгі және келешек қазақ мектебі үшін пайдалануға боларлықтай асыл мұралар деуге болады, олар басшылыққа алған қағидалар мыналар: оқу баланың туған тілінде болуын; мектепте берілетін білім мен тәрбие ұлттық негізде бағытталуы; оқулықтардағы оқу материалдарында халықтық педагогика элементтері қамтылуы; мектеп оқулықтарын жазуда бала жанына жақын, тартымды болуын негізге алу т.б.
Бүгінгі күнге жеткен мектептердегі мұралар қазақ өлкесіндегі осы уақытқа дейінгі мектептерде этномәдени білім беруге қатысты мәліметтерден хабардар болуымызға септігін тигізді.
Қазақстанда этномәдени білім берудің екінші кезеңінде жалпы білім беретін мектептердегі оқу үдерісі негізінен кеңес өкіметінің идеологиялық ұстанымдарына сай жүргізілген, бірыңғай білім беру саясатының аясында ұйымдастырылды. Бір орталықтан басқару мен бірыңғай білім беру жүйесі салдарынан ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, мектептердің ұлттық сипатта дамуына еркіндік берілмеді.
Жалпы алғанда, осы кезеңдегі мектептерде этномәдени білім беру жайына талдау жасай келе, анықталған кемшіліктерді төмендегідей топтарға жүйелеуге болады:
-
Барлық оқу пәндері бойынша оқу-әдістемелік жүйенің ұлттық
республикалар үшін біркелкілігі;
-
Педагогика ғылымы мен мектеп тәжірибесінің қоғамдық-әлеуметтік сұранысты және рухани қажеттілікті толық мағынада қамтамасыз етпеуі;
-
Ұлттық және аймақтық құндылықтар мен ерекшеліктердің білім беру мазмұнында, оқу үдерісінде ескерілмеуі;
-
Әрбір баланың өз халқының ұлттық, этникалық ерекшелігін тереңірек тануына, ұлттық дүниетанымының қалыптасуына ықпал ететін этнопедагогика ұстанымдарының жүзеге асырылмауы;
-
Қазақ мектептерінде оқу үдерісін ұйымдастыруға ұлттық тілде дайындалған қажетті оқу-әдістемелік құралдар, дидактикалық құралдар мен материалдар болмауы.
Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері Қазақстанның білім беру жүйесі мен педагогикалық ғылымы (үшінші кезең) әлемдік білім кеңістігінен өз орнын алып, қарқынды дами түсуде.
Этномәдени білім беру бағытында төмендегідей игілікті істер атқарылды:
-
оқу құралдары мен оқулықтар, ұлттық тілдегі терминдер сөздігін шығару ісі жалғасуда;
-
балалар үшін мәтіні үш тілде қатар берілген суретті кітаптар шығарылуда;
-
тілашарлар мен тілді өздігінен үйренетін кітапшалар шығарылуда;
-
радио мен теледидардан тіл курстары мен ел, жер тарихынан мағлұматтар беретін хабарлар берілуде Президент Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес қазақ тілінде «Балапан», «Мәдениет», «Білім арнасы» т.б. телеарналары ашылды;
-
мемлекеттік тіл мен басқа этникалық топтар тілін дамытуға бағытталған әдістемелік оқу құралдарын шығару ісі жалғасуда;
-
жалпы білім беретін мектептерде «Қазақстан халықтарының тарихы мен әлем тарихы», «Қазақстан халықтарының мәдениеті мен әлем мәдениеті» т.б. біріккен курстар енгізілуде.
Мұның барлығы көпұлтты мемлекетімізде этномәдени білім беру проблемаларын өз мәнінде шешіліп жатқандығының айғағы. Ал бұл, өз кезегінде Қазақстан Республикасында этникалық-мәдени және мемлекеттік сәйкестілікке қол жеткізеді.
Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері этномәдени білім беру тәрбие жұмысында қатты қолға алынған.
Біз диссертацияда Қазақстан осы үшінші кезеңде оқушыларды ұлттық мұра арқылы тәрбиелеуге бағытталған бағдарламалар мен тұжырымдамаларды жүйелеп, оларға мазмұнды сипаттама бердік.
Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім берудің қалыптасуы мен даму тарихын болашақ педагог-мамандарға оқып үйрету мақсатында жоғары оқу орындарының оқу үдерісіне «Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім беру тарихы» атты элективті курс енгіздік (Кесте 3).
Кесте 3 – «Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім беру тарихы» элективті курс бағдарламасының мазмұны
№/№
|
Тақырып атауы
|
Лекциялар
|
Семинарлар
|
СОӨЖ
|
СӨЖ
| -
|
Кіріспе
Арнайы курс бағдарламасының мақсаты, мазмұны, міндеттері. Этномәдени білім берудегі базалық ұғымдар.
|
1
|
1
|
3
|
3 3
| -
|
Халықтың көне тарихи-тәрбиелік тәжірибесі – этномәдени білім берудің қайнар көзі
|
1
|
1
|
3
|
3 3
| -
3
|
Ортағасырлық Орта Азия мен Қазақстан халықтарының тәлімдік ой-пікірлері - этномәдени білім негізі
|
2
|
2
|
3
|
3 3
| -
4
|
Қазақ хандығы тұсындағы этномәдени білім идеялары (XV-XVІІІ ғасыр)
|
1
|
1
|
3
|
3 3
| -
|
Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім берудің қалыптасу және даму кезеңдері
|
2
|
2
|
3
|
3 3
| -
|
Қазақтың ұлы ағартушыларының тәлімгерлік еңбектері – Қазақстанда этномәдени білім берудің бастаулары (ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басы)
|
2
|
2
|
3
|
3 3
| -
|
Қазақстанда этномәдени білім берудің қалыптасу кезеңі (ХХ ғасырдың 20-90 жылдары)
|
2
|
2
|
4
|
3 4
| -
|
Қазақстанда этномәдени білім берудің даму кезеңі (ХХ ғасырдың 90-жылдарынан бері)
|
2
|
2
|
4
|
4
| -
|
Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім беру практикасының негізгі бағыттары
|
2
|
2
|
4
|
4
| -
|
БАРЛЫҒЫ: 90 сағат
|
15
|
15
|
30
|
30
|
Элективті курстың мақсаты – Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім берудің қалыптасуына әсер еткен әлеуметтік-педагогикалық алғышарттарды болашақ мұғалімдерге ашып көрсету, оларда этномәдени білім беру теориясы мен тарихы бойынша білім, іскерлік, дағыларын қалыптастыру.
Этномәдени білім берудің демократиялық және гуманистік стратегияларын түрлі мәдениеттің өзіндік ерекшеліктерін ескермей жүзеге асыру мүмкін емес. Қазіргі қоғамның маңызды сипаттының бірі азаматтардың ұлттық формалар мен нышандар арқылы жеке тұлғалық және топтық деңгейде дербес мәдениетті сақтауға ұмтылысы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |